жағдайларын да жақсартқандардың дүниесіне көз алартып, дінді ақирет қуанышымен емес дүние қайғысымен өлшеп жын-перінің жетегіне еріп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді менсібей, оны дәріптегендерді соттатып, қудалап шежіре тамырларыңа балта шауып, жалған даналықтарыңмен бүкіл халық алдында ұялмай мақтанасыңдар. «Әй, опасыздар! Осы күнәкар дүниемен достасу Құдайға қастық екенін білмейтінбе едіңдер? Осы дүниемен дос болғысы келген әркім Құдайдың жауына айналады. «Өмірімізден орын алған Құдайдың Рухы (аруағымыз) жалғыз Оны ғана сүйіп, Оған тереңдей бағышталуымызды аңсайды» деген бекерге жазылған деп санайсыңдар ма? Ал Тәңір бізге арам құмарлықтарымызға қарсы тұруға рақымын ағыл-тегіл молынан сыйлайды... Бауырласты жамандағандарың не үкімдегендерің Құдай өсиетін (рухын,батасын) қорлап үкімдегендерің. Ал өсиетті (батаны) үкімдегенде оны орындаушы емес сотаушы болып табыласыңдар. Өсиетті шығарушы да, сотаушы да-Біреу-ақ. Ол құтқара да, құрта да алады. Маңайыңдағыларды үкімдейтін соншама сен кімсің?» (Жақыптан; 3-4 тарау) Болашақта өзіне қол жұмсап және азапқа ұшыраған бүлікшіл бауырларымыздың аруағын азықтандыратын рухани ата салттық дәстүрлі дініміздің «ақиреттік бухгалтериямызды» құдай қаласа, әлемге де ұсынбақпыз. Сол кезде төрт парызды да толық меңгермей, бесінші түйінін шеше алмай, 3-саты ғылымының баспалдағын таба алмай жүргендер кім екенін, құлшылықтың 8-қырын, жан ғылымының 1-сырын әлем алдына таныстырамыз. Сонымен Абай атамыздың ескерткен рухтың үш түрлі бақшасынның біріншісін; махаббат жемісінің бақшасы деп, екіншісін мейрім мен шапағат бақшасы деп, Үшінсін енді әділеттің, ата заңымыздың бақшасы болып алдағы басылымдарда үшінші бақшамызды да аралап, діншілердің пәтуасымен салыстырып және осы бақшаларды «харам» атап және аруағынан жиреніп кіре алмай жүргенді әрі қарай талқылап алтын арқалаған дүниеге, қулыққа «ЕС»-ті, оймен, заңды «ЕК»-кіш «..қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен...Малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен..» (5-сөз) деген «ЕС»-ке «ЕП»-ті жапарқұлдар мәселесіне қайта ораламыз. Әзірше Абай атамыздың мынандай философиялық астарлы ақиқатымен бұл бөлімді аяқтағанды жөн көрдім. Пайғамбарымыздың; «Үш рет анаңа жақсылық яғни құлшылығыңды арна!» деген ескертуі үш рухтың негізгі бақшасы жер ананың, су ана, хау ананың рухына тағзым жаса дегені деп түсінгеніміз абзал. Барлық адамзат тіршілігі жер ананың рухынан басталып ол бақшаны құранда «Фатиха» аналарың деп ескертеді. Яғни иман да бір, барлық рухани қазынаң жиған да бір! Сол бірлеріміздің нәтижесі ана қанында діл болып, сол діл бақшасынан өсіп-өніп, өлім жетіп, жер бақшасынан қайта бәйшешек болып көктеп шығады екенбіз. Абай атамыз жеміс беретін «жер бесік түйеміздің» рухы жер ананың киелі жерлерін қорғамақ түгіл қорлайтын ұрпақтарының пайда болып «Киелі жерден ат үркер» деген мақалына қайта ит болып киелі жерлерін былғайтын, дін бауырластықтың жоғалуын қазақтың дін-иманын; «Кім екен деп келіп ем түйе қуған, Қатын ғой күлдәрамен белін буған(аруақ, рұқ). Төркініңнің бергені жауыр айғыр, Бауырыңнан(намазхан Кәрім) ұрайын бірге туған.» деп бәйшешек болып гүлдейтін әйел затымыздың және мұсылмандық бесінші қарызын жоғалтқан, шежіре тарихың дін-жаның шиге айналар деп беспен (әйелдік сан) белгілеп; «Түңлікбайдың (намазхан отырушы, сопы) қатыны, атың-Шәріп(адам баласының шерігі, 5-қуат), Байға жарып көрмеген сен бір кәріп. Сен-шыққан жол үстінде (дәстүрлі дін, зиярат) жалғыз түп ши, Көрінген ит кетеді бір-бір сарып.»
Басылымға андатпа. Бұл басылымды әрбір тақырыптың басын бір шалып аталарымыздан қалаған аманаттардың есігін ғана ашып кетуді жөн көрдім. Және бұл басылым муфтият дінші қауымға да және білімді аталған, төреліктің төбесіне шығып, өздерін төмендегілермен, біздермен салыстырып биік бағалап, еменге айналған қауымға да арналмайды. Оған себеп өзіңді жақсылармен салыстырып бағаламай, тек жазылғын кітап арқылы білімсіз қауымнан сәл ғана жоғары тұрған ақпараттарға ғана сеніп, ал дін-жаныңның кітабын көріп, оқып яғни түс, аян ерекшеліктерін ажыратып, жорып іс қылмаған қандай да бір хазірет, ғұлама, ғалымның да жүрегі көкірек көздері жабылып, растықтан қашықтап, керісінше тылсымға, таза дінге, ғылымға жүректерінде қарсылық пайда болады. Оған дәлел жын, шайтан, пері, серік туралы жан сырының қарапайым ұғымдары өлшемдері санадан шығып, жастарымызды сол көмес нәрселермен қалай күресуді үйретудің орнына, керісінше мешітке, намазға тығылуды үйретіп жатқанымыз қазақ елінің психология, философия ғалымдығының зұлымдыққа ұшырап, орға құлағанын көрсетеді. Төбеде отырған төрелер бұл ғылымдарды өздері толық меңгермейінше діннің зұлымдығының, апиынға айналып, халықты теріс бағытқа бұру ешқашанда тоқтауы мүмкін емес! Керісінше енді осындай ел басқарған, ғалым, дінші пенделеріне де азап, сынақтар мен өмір жастарының қысқаруы және жан ұяларына түрлі сынақтар түсе бастайды. Жеті түрлі дәрігерлердің өздері де ауыратын аты жаман ауру есік қағып тұр. Сонда түсінер «заңсыз ем» деп ойдан заң шығарған заңгерлер. Денсаулық сақтау саласына үлкен сынақ келеді. Жан киімі, «бойы, үш ағашы» жоқ, жалаңаш арсыз-ұятсыз қатындардың жыныс сулары жоғалып, қоректік сулары ашып; мәңгүт, кеміс балалармен, іш тастауы ай сайын еселеп арта бастайды. Өзіне өзі қол салу мен төтеннен келген ажалдың еселеп артуымен жасына жетпейтін өлімнің артуын туындатады. Аяқтан, буындардан мешел болу мен қан азуы, тері аурулары, қотыр, алапес т.б әлемде алғашқы орынды иемденіп және тағы белгісіз дерттердің туындауынан ауру ата заңымыздың арқасында құдайдың берген жазасы мен азабын үкімет пен дәрігерлерден көріп, соттасумен көптеген пенделер тағынан айрылып, жазаланатын болады. Заман талабына сәйкес келмейтін ақпараттық рухани мешеулікті қалыптастыруға құралған масһабымыз, құран сырларының ғасырлар бойы ашылған құпияларынан байланысты күнәлардың да еселеп артқанынынан туындаған қара күштердің, жын-шайтанан болатын зұлымдықтарды тоқтата алмай, керісінше орта топтық «намазхандық» қылығымыз жын-шайтанмен жүктелуге себепші болып, ғалым діншілеріміздің өздері мен жан ұяларынан да азап қамшысымен, көктен жындардың түсіп, тозақтың баурауы басталады. Құранды босқа жатқа алған жастарымызда ақыл-ойы жетіспей түрлі ағымдарға және зұлымдықтарға ақымақтық әрекеттерге түсе бастайды. Бұл сыннан тек әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік дінімізді үкіметімізде, ғалымдарымызда жалпы халық болып насихаталуымен ата жолымызды, салтымызды, ғұрпымызды қайта аяғынан тұрғызып, ұлтық шариғатымызды ата заңымызбен достастырып, дін -жанымызды ғылым-біліммен, жаратқанан беріліп жатқан хикметті істермен тазарту арқылы ғана әлемге келген бұндай сынақтардан, қасіреттен аман-есен аз ғана шығындармен өте аламыз. Егер бұл мақаларым төрелердің жүргізіп жатқан саясатына, мүфтият ғалымдарының шала діндарлығына және солардың құзырынан шықпайтын басылымдарына сәйкес болса демеуші де, қолдаушы да табылып халық арасына жапай оқуға, сабырға шақыратын жарияланбаған халықтың жүрегіне жақын көптеген мақаларды да таныстырып үгітеуге мүмкіндік болар еді. Өкінішке орай ондай екі жүзділік ұстанымдарға қарсы болғандықтан «білдімандардың» тартпасынан, суырмасынан ары бармай қалуы даусыз. Бір жағынан сондай пенделердің осындай әрекеттеріне аруақтарының қозғалыс болып, жаратқаннан пәрменмен сынақ түсуіне, себепті азаптарының жеңілдетуіне жәрдемі тисе де жарар. Сондықтан бұл ақпараттар жүзін-шариғатын ұлтық төрт 25-ін меңгерген, және барды жоқ деп екі жүзділікке ұшырап, қазақша ойы мен тілі бөлінбеген қожалығын да, тектілігін де жоғалтпаған, бірақ белгілі жағдаймен күресерге дәрмен жоқ, сабыр сақтап биік мансаптың буына түспеген орта топтағы ақын, жазушы, тілші және қазақтық салтын ұстанып, жан- діннен ажырамаған ғалымдар мен көк жиекті көре білетін дін жолындағы жастарымызға және «атасының емес адамның баласы болуға» талаптанған дін қандастарымызға мүмкіндігімізше ұсынып, әліміз жеткенінше таратып көрудеміз. Алда дәлелденетін көптеген асулар, құранның терең құпия ашылатын ғылымдық сырлары бар. Ал, тек діншілермен, жалпы ғалымдардың аталарымыз меңгерген жан сыры мен дін сырының белгілі болған жайтарын ғана шолып шығу үшін ғана алда екі-үш басылым шығу керек. Сонан кейін ғана Ясауи бабамыздың көрген, білген құпияларынан әлем таң қалатын нақты ғылыми деректерді береміз және ата жолының нақты мақсаты ғылымын құран және киелі кітаптармен, тура жолдың қандай болатынын ашып көрсетуге мүмкіндік туары сөзсіз. Әзірге қазақ еліндегі болып жатқан дін қозғалысы інжіл түскендегі елшілерге тәураттықтар мен үкімет басшылырының қарсы тұрып қудалануы мен, Мұхаммед пайғамбарымыздың екі жүзділермен соғысы және қазақ еліне арап т.б мемлекеттер тарапынан түрлі діндердің соғысын қайталануы жүріп жатыр. Тек ерекшелігі бұрын мүлде сауатсыз, надандар арқылы іске асырылса енді білімді мен біліктінің өз ара қайшылығымен іске асырылуда. Інжілді тарату кезінде Саул деген білімді, тәураттық ілімді жетік меңгерген сауатты кісі Ғиса пайғамбарымыздың көмекшілерін заңмен қудалап, ел аралап іздеп жүріп түрмелерге тоғытып ақырында Құдайдың қаһарына түсіп, соқыр болып қалып, оны рухтың әмірімен бір елші ем жасап жазып, кейіннен інжілге, Ғиса пайғамбарымызға иман келтірген ең сауатты, қажырлы, рух әмірін орындаушы елшілердің бір болып шығады. Бұндай жағдай енді осы ата жолын заңмен де басқалайда қудалаған, ілімді, білімді топтың арасына сынақ келіп, зұлымдықтарға ұшырап, болашақ ата-жолының ең жоғарғы елшілік дәрежелеріне көтерілетін қазақ азаматтарының шығуымен қайталануы даусыз. Сондықтан қазіргі жүріп жатқан ақпарттық надандық пікірлерге келесі басылымдарда Абай, Шәкәрім және аталарымыздың қалдырған аманаттары арқылы, сондай адамдардың жазылған еңбектерін және амал жоқ аттарын атап, сынаумен, салыстыру арқылы ғана қазақтың жан ғылымының «аруақ өмірінің», күнәдан ақталу заңдылығын киелі кітаптар арқылы дәлелденетіні ақиқат. Аталарымыз екі игіліктің, қадым мен құс ілімінің басын қосуға шақырып; «Бақ қарасын қыдыр дарысын!» деп бата берген екен. Бақтарыңыз бұлбұл болып төбеге ұясын салып, қыдырыңды іздеп, киелі ойпат жерлерді кезіп тау-тасты аралауды аралауды нәсіп етіп, табандарыңнан таза нәсіл әл-қуат болып даруды нәсіп етсін! Келесі басылым бетінде көріскенше күндеріңіз шуақты, діндеріңіз қуатты бола берсін!
Қазан айы. 2011 жыл. Алғабас ауылы. Бейбітшілік көшесі №6 үй.