Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар



бет12/14
Дата29.01.2017
өлшемі2,37 Mb.
#8215
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Барымта мен партия-Бәрі мастық, жұрт құмар. Сыпыра елірме, сұрқия, Көп пияншік нені ұғар? Татулықты, тыныштықты Қоңыр көрер, кем көрер. Ұрлық пенен қулықты Қызық көрер, өңі енер.» Енді «зайырлықты» немесе «светский государство» дегендерді сөзден ұялмайтындардың, құдайдан қорықпағандардың өздері білсін деп ақырын тосамыз да. Әйтеуір бір уақытта ар-ұждандарынан хабар жібер деп жаратқаннан тілейміз ондай пенделеріне. Ал негізгі діншілердің шопандығы енді болашақта жылдар бойы жырлауға қашан тіл, ой мүкістерінің қайта қалыпқа келуіне ақын, жазушы малшы, қойшы, егінші, ұсталарымыз түгелдей жабылмасақ жуық арада төрелеріміз бой бермейді.

Сөз сарасы ой мен тілдің арасы.

«Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы, Мінәжаты уәлилердің зар наласы. Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, Әрбірі келгенінше өз шамасы... Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы?..Мақтан қуған, мал құмар нені ұға алсын, Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап...Ынсап, ұят, ар намыс, сабыр талап-Бұларды керек қылмас ешкім қалап. Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап...Су жұғар ма, Сөз ұғар ма, Сыпыра жылмаң желбуаз? Айтты –көндім, Алды-бердім, Ендің өкіндім-өзіме аз.» деп Абай атамыздың ескерткен қазіргі таңдағы ой мен тілдің арасы екі өзеннің жағасына айналды. Ортасында ескексіз қайық мінген, біресе ойға, біресі тілдің қырына жүзген қазақ атты ел келеміз. Жоғарыда бұл мәселеге аз ғана мысал беріп кетсек енді мешіттің құтпа оқыған дін ғұламалары біздерге пайғамбарларымыз бан нәбилердің мұң зарын қалай түсіндіріп жүр екен әзәрше аз ғана мысалдар бере кетейік: Құлшылық-деп жаратқанның бүкіл Адам-атамыздан бастап түсіріліп келе жатқан, насихат, үкім адамгершілік, мұсылмандық қарыздарды орындауды айтамыз. Сондықтан құлшылықты жаратқанға шайтан да, ібілісте жасайды. Олардың құлшылығы адамзатты азғыру, тозаққа түсіру. Енді барлық жан иелері періште болып саналып, әрбір періштелік дәрежеге берілген парыздары бар. Сол парыздарды үнемі белгілі мерзім, уақытқа байланысты қайталап орындау құлшылығын- намаз деп атайды. Кері орап белгілесек «заман» болып мезгілдік белгіге тәуелділікті көрсетеді. Енді арнаулы үн, күй тербелістермен, астарлы сөз құпияларымен, көркем сөздермен жалбарыну, жәрдем сұрау намазын сәжде, сәждеге жығылды деп атаймыз. Мұғалімнің оқушыларға күнделікті дәріс беруі, бірақ оған байланысты жалақы алатын болғандықтан намаз орындау болса, керісінше оқушының күнде үнемі қайталаумен жалақы сұрамай сабақ оқуы, адамгершілік жолындағы парызы намазын оқу болып есептелді. Себебі оған ол жалақыны болашақта жаратқаннан алады. Сол сияқты ересек адамның жаратқанға жалбарынып намаз оқуы да осындай ғана жағдай. Кезінде қазіргі таңдағыдай мектеп мешіттен бөлінбегендіктен жас баларды мешітке сабақ, білім оқуға бергенде намаз оқу деп атаған. Сондықтан пайғамбарымыз балаларды жас кезінен білім алуға, сабақты білім алу-намазын оқуға зорлаңдар деп ескерткен. Осындай ескі сөздің ғылымын зертеудің орнына ислам әлемі жастарды сабақ оқуға, білім алуға зорлаудың орнына ересектердің біліп, білмей істеген күнәларын кешіруін, және жаратқанан жәрдем сұрау намазын оқуға зорлап және ондай надандық салтты мақтан көру қазақтың да әдетіне айналды. Енді осындай астарлы сөздердің насихатын шешіп түсінігімен өз орнына қойып сөйлемеуден, пайдалана білмеуден тіл мен ойдың арасына жік түсіп намазды да құлшылық, құлшылықта намазға айналып тек дін рәсімдеріне тән сөзге айналып шыға келді. Негізінен адамзатқа берілген, өсіп-өнуге көбейуге байланысты мақсатты тіршілік заңдылығын, адамгершілік әдетке, кәсіпке айналдырып орындауды- құлшылық деп атайды. Сол мақсатты тіршілік істерінен, белгілі пайдалы әрекеттерді қайталап отыру амалын- намаз деп атап, құлшылықтан орындау жилігінің тұрақтылығымен бөлініп еншісін алғанымен жалпы тегі құлшылық болып есептеледі де, бірақ құлшылықтың бәрі намаз оқу немесе намаз орындау болып есептелмейді. Себебі кейбір құлшылық амалдары тіршілік барысында біреулерге қайта-қайта орындауға, кейбіреулерге тағдырына мүлде жазылмай орындауға мүмкіндігі болмай өмірден өтуі мүмкін. Мысалға біреулерге от басын құрып өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеу құлшылығы тағдырына жазылса ал тағы біреулерге ол тек арман болып қала бермек. Сол сияқты бір әйел затына өмір бойы күйеуінің орынбасары болып барлық іс әрекетеріне жәрдем беру құлшылығы жазылса, ал кейбіреулері бұндай ізгі амалға қолы жетпей өтуі де мүмкін. Сол сияқты адамзатқа жаратушыдан бұйырылған бүкіл құлшылық амалын бір ел бір түрін, екінші ел екінші бір түрін атқарып, нәтижесін бір ортақ қазанға жинап Алланың алдында есебін беріп отырады. Олай болса намаз- деп белгілі мерзім ішінде қайталанып отыратын ақылмен өлшеп жасайтын құлшылықтың адамзатқа ортақ парыздарын айтады. Ал адамгершілік, мұсылмандық қарыздардың, ізгілікті, хайырлы істердің адам баласының бір-біріне махаббатының, өмірінде бір рет болса да орындауға тиісті қарыз, парыздарының бәрін де құлшылық деп атаймыз. Әйелдің құдайға құлшылығы еркектің жәрдемшісі, тазартушысы болып өмірге ұрпақ әкеліп оған дұрыс тәрбие беру. Үнемі қайталап атқарып шықса орындаған намазы болып есептеледі. Сол сияқты зекет төлеу яғни ай сайынғы табысынан үкіметке салық төлеп отыру намаз орындау құлшылығына жатады. Ал хаж яғни зираттау мұсылмандық қарызға намаз орындауға жатады да оның да 78 сабағы бар. Ал өмірінде бір рет қана жағдайға қарай жасалынғандықтан, қажылық жеке құлшылық амалы болып бірақ намаз орындауға жатқанымен де бес парызға есептелмейді. Егер қажылық парыз болып жеке намаз орындау амалына жатса онда жылда бару міндет болады. Құранда да осылай ескерткен. Қажылық үнемі жылда қайта-қайта орындаған хаж амалдарына қосылып барып барып намаз орындауға айналады. Қажылықтың ғылымдық мәнінде Египетте 4- мұнаралармен көрсетіп алдына арыстан бейнелі адмды қойып қойған. Ол амалды Інжілде Ғиса пайғамбарымыз көрсетіп қажылықтың «Назереттің ант» деп аталып бұрынғы Ар, ғұн, сақтардан, номадтардан қалған үдіс екенін шежіреден білуге болады. Пайғамбарымызға да бірден қажылыққа жаратушымыз ұлықсат бермей әуелі хаж амалдарын, қасиетті, киелі ойпатарға қайта-қайта зияратауды орындатып барып Меккенің жолын ашқан. Бірақ ата-бабасына емес араптарға табынған діншілердің ойы, тілден ажырағасын осындай «серік қосу» пайда болды да көзімізді шел басып жатыр. Абай атамыз сөз ұғымы жоғалса; «Қаптаған соң көзді шел. Имансыздық намазда-Қызылбастың салған жол.» «Кейбірі пірге қол берген, іші залым, сырты абыз. Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап, Өтеген қашан ол қарыз?». Абай атамыз құранды жетік білмеген, дінді меңгермеген десеңіз құранды қазақшалап қайта-қайта оқып көрсеңіз көзіңіз жететіне уәде беруге болады. Ал енді ойшылдықтың даналықтың діншілер арасында өлгенін мұсылмандық бес парыз тек араптардан басталады деген жалпы дінге деген қастандық серік қосудың үлкені болып табылды. Оған бірден-бір себептің өзі бір парызды жоғалтып орнына қажылықты парыз қылып алуында тұр. Жалпы мұсылмандық қарыздардың орындалуы намаздар Нұқ (ғұн) пайғамбарымыздан басталғанын құранда ескертеді. Енді құлшылықтың бәрі намаз емес те, ал намаздың барлық түрі құлшылық болып аталады. Құлшылықтың дінге байланысты барлық мұсылмандық қарыздарын өтеуді, үмметік, шежірелік ерекшелігін сақтауды оның ішінде намазы да, намаз емес жәй құлшылық түрі де болып, белгілі бір әдет-ғұрып салт-дәстүрлік сипаттарымын ерекшеленген құлшылықтың сипатын оны-ғибадат деп атайды. Сондықтан ғибадаттың бәрі құлшылық ал құлшылықтың бәрі ғибадат емес. Ғибадат сөзінде үмметтік еркешелігімен ұлттық салттық, дәстүрлік ерекшеліктер болады да адамдық ақыл-ойдың негіздеріне және кейбір ұлтардың, бұрынғы нәсілдерден қалған қылықтар мен дін рәсімдерін орындауларымен және өздеріне келген жолбасшылыр, әулиелер ісінен ғибрат, үлгі алумен ерекшеленіп бағаланады. Сондықтан енді ғибалдатты құлшылық, ғибадатсыз құлшылық болып тағы айрылады. Адам баласының адамзатқа тән барлық игілік, ізеттілік істері бір-біріне қызметтері құлшылық болып табылғанмен арасында бес парызбен ұштастыра алмаса ғибадатсыз құлшылық болып есептеледі. Енді ғибадат амалы табынудың ерекшеліктеріне байланысты түрленеді де 72-түрлі ғибадат амалдары пайда болып, дінің 72-топқа бөлініп 73-ші негізде қайта бірігіп тура жол болып аталады. Ал хайуандар, жанды жаратылыс егелерінің бәрінің құлшылығын намаз немесе сәзжде деп аталғанмен ғибадат яғни өнеге, табынып ұқсау, үлгі алу, ғибратану мақсаты болмайды. Ғибадат- құлшылығы үш негізден құралады. Шүкірлік- деп әрбір адам баласына берілген жақсылықтарға, Алланың берген көрсеткен нығмет иелеріне рахмет айту амалдары болып табылады. Намаз оқу-ғибадаттың сенімді бекіту амалы болып барлық құлшылықтың ортасын белгілейді. Тәубе- бар құлшылық амалдарының басы болып болып негізінен 11-тәубе амалдарымен 3-кезеңнен барлығы 99-болып, жүзбен яғни 109-шы кітаппен нәтижеленеді. Енді діншілеріміз сөзбен тілдің арасына сына қағып ұғымдарын жоғалтқаны былай тұрсын дінді де бөлшектеудің амалын қарастырған; «Ғибадаттың ұлысы намаз» деп намаз оқуды тәубеден жоғары қойған кітапты жазған адамның хазірет шені барын білгенде «астапыралла!» деп жағаңды ұстауға тура келеді. Ғибадаттың өзі ақыл-ойдың жемісі және қылықтардың үлгісі болып, намаздарды түгел қамтып тұратын құлшылық болса, ғибадаттан туып, одан да (әкесінен) ұлы болып шығатын қандай намаз? Жалпы намаз оқу, жалбарыну адам баласының жеке жұмысы, ал ғибадат мұсылмандық қарыздан пайда болады. Намаз оқып құлшылық жасау деген ұғым Аллаға серік қосып, аяттарға ортақ қосу зұлымдық болып шығады. Ал құлшылық қылып барып намаз оқу дегеннің өзі алдымен тәубе амалдарын, хайыр жасау, садақа, зекет т.б амалдардан кейін барып «намазыңды оқы дегенді білдіреді. Енді ғибадаттың өзі тәуба мен шүкірлік амалдары болып екі сипатқа еге болса ортасын жалғап тұру үшін яғни әрі тәуба, әрі шүкірліктің кіші амалының бірлігі намаз оқуды айтамыз. Сондықтан жаратушымыз араптарды орташа үмет қылдым-деп ескерткен. Ыбырайым бабамыз; «Әрине олар шүкірлік етер» деп Аллаға дұға жасаған. Сондықтан аятта; «Пайғамбар; «Раббым! Рас менің елім бұл Құранды тастап қойды» деді» (25-30) Ал есептік жүйеге жүгінсек араптар 25+30=55-ші негізгі кітап Рахмандық құлшылық істерімен, үмметік ереже 30-кітапты орындаудан болашақта бас тартады да басқа елдерді де соған азғырады деген ескертуді көреміз. Ал бұл аятта көрсетілген 25-саны яғни 25-ші сүре «Фұрқан» (қан тазалығын сақтау) бүкіл әлемге түсірілген дін шариғаттарының яғни шүкірлік амалдарының кітабы болып саналады. Бұл кітаптың толық емес үзіндісін біздердің ұстанған масһабымыз яғни мүфтият ұсынған, үкімет қолдаған мемлекеттен «бөлек дініміз». Аталарымыз: «Қотыр атқа соқыр ат үйір болар» деп бекер мақалдамаған ау деп бас шайқайсың. Бұндай аяттардың есептік жүйесін меңгеріп, астарлы сөзді зерттемей, ғылымын тексермей тәпсіршілердің әйтеуір біреулерге еліктеуден немесе мақтан үшін сол қалпынында пайдаланудан Алла жолынан тосып, тура жолдың қисығына теріс табыну құлшылық әрекеті пайда болады және сондай жолға түсіпте алдық.

Мазһабтың талабы және діни жол

Жоғарыда басылым басында ескерткендей бұл басылымның мақсаты да ниетіміз де қазақ арасында дау туғызу емес кероісінше бірлесудің және елімізге келген жаратқаннан діни сынақтардан шығынсыз аман-есен өтіп «жүзге бөлінгеннің жүзі құрсын» деген дін қандастықтың бауырмалдық, сүйіспеншілігін қалыптастыру. Оған керекті басты шарт тек ғылым-білімнің жолы діни сауттылықпен халықтың көкірек көзін ашу. Ал, діни немесе басқалай философиялық, психологиялық, шығырмашылық, түрлі өнер ғалымдықтарының негізгі шартарының бірі пайғамбар өсиетерінің (хадистерінің) түсінігін осы заман білім ғылымының түсінігіне, шаруашылық әдістеріне пайдалы, пайдасыз жақтарын анықтаумен адамзаттың парасытын жетілдіру заман талабымен сәйкестендірумен анықталады. Ал біздің негізгі тәрбие бастауымыз дін ғылымыздың пікірлері бойынша барлық мәдениет парасатымыздың өркендеуін 10 ғасырдан да бұрын ислам ғылымдары біздерге көрсетіп бергенге ұқсайды. Мысалдармен дәлелдерге жүгінсек; «Қазіргі таңда хадис кітаптары алдымызда, қай хадистің сахих,ал қайсысының әлсіз екенін де белгілі. Олай болса, мәзһаб ұстанудың қажеттілігі жоқ-дейтін түсінік мүлде дұрыс емес. Біріншіден «фиқһта тек қана сахиқ хадистермен емес, кейде әлсіз хадистермен де амал етеді.» ( Дін мен Діл;21-бет) Осыдан кейін оқушының атақты муфтият ғалымы күдіктенбесі үшін; сахих, мутауатир, ахад деген хадистердің исламдық қабылданған сөз өлшемдік бірліктері мен ақылын өлшейтін 4-түрлі шарты бар екенін көрсетіп кетіпті. Бірақ ондай пайғамбар өсиеттерін адамзат және бүкіл әлемнің сөз ғылымының жетіліп кейбір түсініксіз болған аяттардың (хадистердің) болашақта ғылым білімі құранның үндерінің ашылу құпиясымен айқын болатынын ескермей әлем халқы үшін тек надандық дәуірлерде, қарапайымдап түсіндірілген сөз өлшемін ғана пайдалану керек екен. Бұл жерде философия, психология ғылымы да тек мазһабқа бағынбаса адасады деп түсіндіреді. Бірақ сүйікті пайғамбарымыздың асыл сөздерінің ғылыммен өлшеп ақ қарасын заманына қарай философиялық, психологиялық (жан сырлық) өлшемін сан арқылы белгілеп анықтау керек екенін мүлде ұмыттыруға тырысып, бөлшектеп қазіргі ақыл-ой жетістігімен салыстырғанда надандық бастауларға тірейтінін ескермеген. Және әрбір өлшемнің халық аралық шамасы болып хадистердің күшті, әлсіз, жарамсыз екенін арқанмен бе, шелекпен бе, әлде сумен бе, дауыспен бе, үнмен бе әлде ғылымдағы белгілі өлшем бірліктеріне жүгіну керек пе, екінші басына не қойып, кіммен, немен салыстырып пайғамбар өсиеттерін өлшейтінін жазбай кетіпті. Абай атамыздың ескерткеніндей; жақсыны жақсымен салыстырып қана ажыратады. Ал пайғамбар өсиетерін қандай онан да жақсы сөз ұғымдармен салыстырып айқындағандары белгісіз. Мүмкін өздерінің құпиясы шығар? Жақын білетіндеріңіз сұрап аларсыздар. Бірақ керісінше әлем ғылымдарына әзірше құпия, бірақ діншілерге белгілі өлшем бірлігі бар екен. «Тура тапқанға-екі, қателескенге бір сауап.» «Кімде кім иждиһад етудің нәтижесінде ақиқатты дөп басса, онда оған екі сауап беріледі. Ал қателессе, бір сауап беріледі.» (36-бет) Ақиқат деген қоян сияқты немесе шыбын сияқты екенде бірақ аяқпен қалай «иждиһад» жасап дөп басуға болады? Міне бақытты уайымсыз өмір деген, намаз оқып, мазһабты ұстанып жалаң аяқ, жалаңбас жүріп-ақ ақиқатты аяқпен боқ басқандай басып жүрсеңіз жанатқа кіретін кілтіңіз қалтаңызда, ұмытпай салып алатын дорба да ұстап жүру де керек шығар? Ең бастысы уайымнан құтылдыңыз, қателесіп күнә жасаңызда сауаптан құр қалмайсыз тек мешітті жағалап «намазхан» аталсаңыз болды. Енді құранан тікелей үгітін оқып, ақыл-ойыңыздың жетіліп ғалымдардың, аудармашылық, тәпсірші беделін түсірмеуіңіз үшін және ең басты сауап жинаудың исламдық әлем діндерінен бөлек әдісі; «Ең бастысы, Құран сөздерінің оқыған адамды жалықтырмауында. Мысалы, аударманы бірнеше рет оқыған адам жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін оқыған адам түсінбесе де ерекше рухани ләзат алады... Оқылған Құранның әрбір сөзіне, тіпте әрбір әрпіне сауап жазылатындығы көптеген хадистерде білдірілген. Ал кез-келген аударма Құранның дәл өзі болғандықтан, оның әрбір әрпіне сауап жазылу ерекшелігі де жоғалады (И.Ғалымхалы. 121-бет) Бұрын қызылбастардың ойшылдық философиясы енді сіздің де қолыңыз жетіп бірге жетісетін болдық. Исламдық адам баласына немесе қазаққа өз тілінде құранды оқып өзінің күнәсін, қателіктерін жете түсініп, ақылды құлдықтан, жамандықтан босатып тәубаға келіп құран үгітін, насихатын меңгеруге болмайды да, керісінше тек арап тілінде талғамай оқи берсең рухани ләзатқа бөлінуіңмен жасаған күнәңді ұмытылып, кешіріліп сауабыңда, ден саулығың да артады ақыл иманың өзі іздеп жетіп келеді намаз оқып отырған жеріңе. Ол үшін түсініксіз сөздерді қайталаумен, қиялдың жетегінде яғни үнемі бес сезімнің яғни шеріктердің, жынның ықпалында жүрген дұрыс екен. Осындай сезімнің жетегіне түсіп, қиялдың көлігіне мініп алып; «Міне осы кезде, қоңыр даусымен азаншы ыстық ықылысымен Аллаһқа бет бұрып, тәкбір айтады. Бұл бізді қатты толқытуға себепкер ең соңғы әсерлі де нұрлы сөздер еді. Дәл осы сәтте адамның жан дүниесі толқып, Аллаһ Тағалаға түгел беріліп жүзін бұрып, «Михрабым қайдасың» деп іштей терең жылай алмаса, ол адамда нұқсандық бар.» (99-бет) Яғни адам баласының ақыл-ойының еркіндігімен жаратушы хикметін ғылымен сезіп, жүрек көзімен көру маңызды емес. Керісінше бір музыкаға, үнге берілген «фанат» жастардың жынданып аласұрған түсініксіз сабырсыздық күйге түскендей халде болмасаңыз ақылыңызда нұқсан бар яғни есіңіз дұрыс емес болғаны. Демек «намазхан» болмағаныңыз. Сондықтан құранның үгітін меңгер, насихатын, ғылымын біл деген Раббымыздың нұсқауы қате болып, оны біздер сияқты ақылға, ойға салмақ салғандар, сабырмен орындағандар серік қосады екен. Демек құранның әрбір әрпіне сауап алған арап елі басқа планеталықтар сияқты дәрежесі, жасырын құпия ғылымы болып біздер тек соларға ұқсап қана жанатқа кітіп бақытты бола алатын түріміз бар. Ал шындығында михраб-тағдыр, себеп. Абай атамыз; «Масқаралап мені тағдыр, Қылды мазақ, не шара?..Менің үшін сен жауап бер, Сенде сөз жоқ-бишара. Михрабым сен, бас ұрамын, Тіл жете алмас ғұзіріме (себебіңе) Жетпедім, не жасырамын, Гауһарімнің қадіріне...» Адам баласына жол сілтеуші таза ақылды, ғылымды гауар немесе михраб деп атайды. «Сөз түйіні, ғибадатта негізгі мәселе, сыртқы форма емес, құлшылық болғандықтан, уақытымызды қолыңды олай байла, бұлай байла сияқты ұсақ-түйек нәрселерге кетірмей, тақуалыққа көркем мінезді болуға, жартқанды көріп тұрғандай, кәміл сеніммен ғибадат жасауға, халқымыздың иманына себеп болуға, жалпы еліміздің негізгі мұқтаж нәрселеріне жұмсасақ..» (Д.Д; 43-бет) Бұл жерде ең маңыздысы намазды оқуда болып намаз оқыған адам намаз үстінде жаратқанын көретіндей (астапыралла!) сезімге яғни жартқанның сипаты ақылға сыймайтындықтан бос қиялға салынып,(жынның жетегіне еріп) өзіңді тақуа, көркем мінездімін деген сезімге бөленіп, содан пайда болған ғайып, көмес, сағымға ұқсаған мал-дүниеңді Алла жолына яғни халыққа тарат деп түсіндіреді. «Тіпті ол өзін баураған кейбір сезім ирімдері арқылы көктер мен жерді бір-бірімен бірігіп кеткендей көріп, жерден ұзап, көке ұшып, періштелердің арасына кітіп, олардың әлемінде жүргендей сезініп, ашылып, кеңейіп «мекенсіз күй кешеді. Сонда ол өзін бейне бір түпсіз тереңдікке бойлап, шексіздікке жеткендей сезінеді... адам жаны қатты жеңілдейді де, ақыл мен жүрек бір-бірімен қосылып кетеді..» (И.Ғалымхалы; 245-бет) Осындай періштелер арсында күнде ұшып жүретін «әулиелердің» соңынан егер жасыңнан дұрыс білім алмай, жаратылыс сырынан хабарыңыз болмай және өмірлік тәжірибеңіз аз болса сондай түпсіз тереңдікке бойлап, қиялыңызға тұншығып малтып жүруіңіз әбден мүмкін. Ал жүрекпен ақылдың неге бөлек жүріп намаз оқып, құранды арапша оқығанан кейін ғана некелесетінін түсіне алмадым. Керісінше ақыл жүректен шығатын еді. Бұл да бір жаратылыстың тек діншілер білетін сыры шығар? Ал іште болатын сезімнің қалай сыртқа шығып кетіп, тәңірге айналып адамды орап алатынын және бұндай жорамал ойшылдыққа Шәкәрім атамыз; «Пәнші дейді; «қайда тәңір? Дінші дейді; «менде тұр!» Екеуі де сөзге нанды, Таза ақылдан жоқ сұрақ. Пәнші нанды бес сезімге Дінші адасты жолынан. Сал ақылға, дұрысы не? Дәлелін тап жақсырақ.» Ал Абай атамыз; «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе. Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?.. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме.» Енді дін ғалымдарына сену керек пе әлде әулие аталарымызға жүгіну керек пе? Деген сауал туындайды. Әрбір нәрсені зерделеп көру үшін әуелі өлшемдерін табу керек болмаса «боғы» шығатыны даусыз. Шариғат негізгі жаратушының тиым салған және парыз, қарыз орындайтын мұсылмандық міндеттерден адамгершілік шектеулерден тұратынын түсіндіріудің де керегі жоқ. Ал масһаб не үшін керек? Жаны жаннатта болсын хазіреті Имам Ағзам осы шараиғатты терең зертеп ғылым-білімін дамытып намаз орындау құлшылық істерін көрсетіп кеткен. Сондықтан дін рәсімдерінің білімі ретінде біздер Ханафи масһабын құлшылық істері негізіне алуымыз мәндетті. Себебі Ясауи бабамызда осылай істеген. Бірақ ғылым да білім де бір орында сол заманның өлшемінде тұрақтап қалған жоқ. Адамзат түрлі ақыл-ойдың бигіне көтеріліп құран сырларының ашылып, аяттардың түсінік насихаты әулиелерге, елшілеріне оқылған сайын дін білімі яғни діни сауттылық та жетіле түсу керек және жетілді де. Оған исламның өркендеп әлемге әйгілі түрік ғұламаларының шыңғуы дәлел болады және онымен қоса мұғжиза көрсеткен әулие-әмбилердің жүздеп атын атауға да болады. Ал енді құранға жүгінсек; шариғат негізінен сандық мәні 24-болып қазығы «Нұр» сүресімен жанға, нәпсіге патшалық жасауға берілген парыз үкімдер кітабы. Енді адамзаттың бәріне ортақ «Бір» кітабы дін білімін меңгеруін иман келтіру кітабы мазһабы болып табылады. Олай болса масһаб саны 25-шы кітап «Фұрқан» 77-буынмен байланысты құлшылық кітабы болыптабылады. 24-санды кітап құранға түскен пайғамбарлар санымен байланысты 24-түрлі дін істерін меңгерудің талабын көрсетеді. Орыс халқында; «Опят 25!» деген ақылға айтуға, істердің қайталануына байланысты ұғым бар. 25-санын зертеген амаерикалықтар кино өнерінде бір секунта 24-кадр өтетін болса 25-ші кадр бейнені «Пепсикола» деген жазуды құпия жазып кинаны көрсеткенде, кино біткенннен кейін халықтың бәрі осы сусынды іздеп кеткенін анықтаған. Демек сиқырлы адам иманына, жадына жазылатын естің басқарушы ақылыл-ойға құпия әсер беретін белгі. Енді құран араптарға 32-санымен оқылса онда 32-25= 7 саны пайғамбарымызға берілген 7-аятты яғни кітапты ескертеді. Бұл кітап яғни 7-үнді құранан өз мақамыңды, ақыл иманыңды кітабыңды яғни жеке «бірді» табуың керек. Әрбір сүре саны адам жасымен де байланысты болып 25 санын екінші мүшелмен ақылдың толысу, қалыптасуы кейдк ақыл тісі шығатын кезең деп ескерткен аталарымыз. Ал інжіл 18-жастан бастап кәмелетке толу және рухты меңгеру мен өлім т,б ақирет білімін меңгере бастау кезеңі болса, 23-санымен тәураттық ғылым-білім жаратылыс сырын меңгеру кезеңі басталып 27-жас зәбурлік ілімді жын-жайтанды басқару, қарсы тұру, бақсылық, емшілік істерін меңгеруду толысу кезеңін көрсетеді. Ал өзіңе тән құраннан мақам және сәжденің сыры мен құран насихатын меңгеру кезеңі 32-жастан басталады. Демек 25-жасқа дейінгі тәрбие мен білімнің әсері, немесе құранды теріске алу 32-жасқа дейін қауіпті жас болып, бүлікшілер мен өзіне-өзі қол салу да осы жасқа дейінгі кезеңдлі қамтиды. Сонымен қалаған 4-ті парыздарды орындау яғни Абай атамыз айтқан; «Руза, намаз, зекет, хаж-талассыз іс Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқа үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанымен татымды бермес жеміс.» Бәрібір бірімізді яғни иманымызды келтіріп бекітпей бұл төртен пайда жоқ жеміс бермейді екен. Міне ислам әлемінің осы төртің соңына түсір имандары жеміс бермей зұлымдыққа ұшырауын Абай атамыз «Қызылбастан келген намаз имансыздыққа бастар.» деп ескерткен әулиелігі орындалды. Ал менің шырылдап қорғап жүрген ата жолының да 70-пайызы да осы тек хаждың (зираттаудың) және кейбірлері төртеудің соңына түсіп иман жемісін көре алмады сондықтан «бірді» мақамын таба алмай дін ғылымы жайына қалып сандалып кетті. Ал кейбіреулеріміз қасиеті меңгеру жолындағы кедейлік, сабырлыққа баулу сынағын және қайрымдылық пен артық хайырды дүние табу жолына, мақтанағ айрбастап керісінше ата жолын жек көрнішті етіп насихатауға ғана шайтанға жәрдемге тұрып алдық. Оған үкіметіміздің мүфтиятымыздың ақылымен араға ши жүгіртіп, жалпы халытық ақталу заңдылығын мекемелерге кәсіпке айнадыдыруға, садақамен еселеніп жүктеліп, көкірек көздерінің жабылуына заңдар шығартып, шайтан әрі қарай орға жығуға осы кемшілікті өз пайдасына шешті де, енді әлем алдында ата жолымыз секта имансыздық, серік қосу жолы болып шыға келді. Құран аяттары мазақталып, дәстүрлі дін ұстанымымыз бөлшектеліп, тек рәсімдік надандық сипатқа өтіп сондықтан елімізге сынақтар түсіп онан ешқандай қазақтыңбаласы ұтқан жоқ. Өз ағайының, бауырың әлі сырын, білімін біле алмай жатқан аруақтарыңды яғни кісіні өлтіруге үлес қостың. Сондықтан кім бір жазықсыз бір кісіні өлтірсе бүкіл адамзатты өлтіргенмен бірдей. Кісі өлтіруге негізделген масһабты діни жол қылғандардың қылықтарының да нәтижеленетін күні жақын. Ал, діни жол деп Абай атамыз ескерткен 3-иман гүлін, жұбымен 6- бәйшешек бақшасын өсіруді шектеусіздікті айтады. Ал масһабта, шариғатта жол емес шектеулі шариғаттың намаз орындаудың соңғы төрттің білімі.


Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет