Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар


Рух- дінің бұлағы, иман- дінің жемісі. Ақыл- иман күзетшісі



бет7/14
Дата29.01.2017
өлшемі2,37 Mb.
#8215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Рух- дінің бұлағы, иман- дінің жемісі. Ақыл- иман күзетшісі.

«Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман-парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен. Және де әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек. Жә, біз ақылды еркіне жібермесек,(заңмен шектесек) құдай тағаланың ақылы бар кісіге иман –парыз дегені қайда қалады? «Мені таныған ақылмен таныр» дегені қайда қалады?» Дініміздің жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны (аруақты, рухты) ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, (жетілу, кемелдену, толысу) дінің өзі неден пайда болады? Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат (намаз) не болады? Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес, кедейлікті жаратқан-құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе-жоқ.» (28-сөз) Адамзаттың іздеген бостандығы, сенім еркіндігі тек ақылдың бостандығынан таза ақылдан нанымнан пайда болатынын, ал ақылды бостандыққа жеткізу үшін оның кемелденуін, жетілуін қамтамасыз ете отыра сол арқылы ғана иманды түзеу амалы яғни адамгершілік негізді, қасиеттерді меңгеру арқылы ғана діні жетіліп, сонан кейін ғана ғибадат жаса, намазыңды оқы болмаса ізгіліксіз ғибадат -дін емес деп түсіндіреді. Және көп діншілердің адам баласына келген жамандықтың, қиындықтың бәрі Алланың қалауы, тағдырдың жазуы дегенді теріске шығарады. Адам баласы тағдырын түзеуге жақсылық, ізгілік істер арқылы иманын түзеп бақытқа жетуге болатынын түсіндіреді. Діннің жасырын немесе жалғаны жоқ, оны ақылмен тануды ұсынады. Олай болса діншілердің адам баласының жаратушысымен тілдеспейді деген өтірік, жалған серік қосудың нағыз өзі болып табылады. Діншілір «серік»-сөзін қорқынышты, қауіпті жаман сөз, атау түрінде түсіндіріп, сауатсыз пендені тек әрбір сөзден, істен қаралай үркітуге пайдаланады. Ақылын орынды жұмсағанған ізгілікті адам баласына серік-иманы яғни барлық жасаған, сөйлеген сөздерінің санмен, өріспен бейнеленген көлеңке періштесі және жолдасы. Ал ізгіліксіз, надан, құдайсыз пендесінде ол, жын-шайтан яғни ібіліс әскері жолдасы болып түрлі хайуандамен, құбыжықтармен бейнеленеді. Енді жаратушыдан Абай атамыз ескерткендей осы адам баласына байланысты болатын жақсылық, жаманшылық, кедейлік т,б түрлі жаратылыс себептерінің ереже, қағидаларын білімін білмей, ой-жорып, діннің шартарын бұзып, аятарға, өсиеттерге өзгеріс енгізуге тырысып, жорамалдап сөйлеуді, иманға нұқсан келтіретін біліммен, амалдар жасауды -Аллаға серік қосу, немесе түсірген ақылдарына, сөз, аяттарына, өсиеттеріне теңдес жасау болып шығады. Негізгі иман қағидасының, ақылды қалыптастырудың философиялық тұжырымын жоғарыдағы Абай атамыздың 28-ші сөзінен ұғынуға болады. Жаратушымыз адам баласымен жаратылыстан дін , яғни сөз арқылы тұрақты түрде қатынаста тұрғандығы ақиқат. Қандай да бір адам баласының тәндік, қуаттық, денелік, ақыл-ойлық және мәдени, әдеби құндылықтарының жетіліп, дамуы тек белгілі берілген жол-жоба бағдарға яғни дінге тәуелді түрде дамыйды өсіп-өркендейді. Дін баста сөздердің белгілі үнінен басталып, өз ара ортамен әрекеттесу барысында уақиғаларға айналып, кітап болып жазылады. Енді бізді қоршаған әлемдегі барлық жанды нәрселерде діні (үні) яғни сөз бар. Сөз бар жерде белгілі бір жоба үн болуы айқын. Сол жанды нәрселердің өз-ара тіршілік қамынан адамзатқа керекті азықтық өсімдік, жан-жануарлар әлемінен әрбір халық өздерінің әдет-ғұрпына, салтына сай ішім жем арқылы рұқтың азық алып отырады. Бұл адам баласының тіршілік қамындағы күш –қуатын, өсіп өнімін қамтамасыз етсе, енді арнаулы жанға берілетін білім, ол үнемі ұйқы барысында оқылып жазылып отыратын таза рухани азығы болады. Осы әрбір пендесіне жүктелген рухани азық, екі дінді (мен) жетілдіріп, адамзат дамуының қажетті рухани қазынасына өркениетіне айналдыру үшін белгілі сүйікті құлдары арқылы оқылған, көрсетілген бағдарлама кітаптарын біз дініміз деп қабылдаймыз. Осы діндердің жалпы сан алуан ұлттардың жер бетінде біркелкі дамуын қалыптастыру үшін жаратушымыз тәндік қалыптасу шамасына қарай әртүрлі қуаттық шамалардағы діндерді міндеттеп, діні өркендегендерін төмен артта қалғандарымен арасында бір-бірімен сынақтар, соғыстар, аштықтар, апаттар арқылы бір-бірімен араласуына мәжбүрлеп, кейбір діні азған елдерді мүлде жер бетінен жоғалтып басқа нәсілдер ішінен қайта жаратып, адамзаттың өркендеуін діндерінің бірленуін қамтамассыз етіп отырады. Уақыттың айналадағы табиғат, жер әлемінің түрленуіне сай адам баласы осы белгілі берілген тұрақты діндер арқылы артығын тастап, кемісін толтырып дінін мәдениетін жетілдіріп отыру шарт. Болмаса басқа рухани дамыған елдердің мәдение ықпалдылығына түсіп, жұтылып нәсілдік өзгерістерге ұшырауы сөзсіз. Оған қарсы тағы адамзаттың ойлау жүйесін дінін қозғау үшін, теріс азғындыққа қара күшткердің ықпалына түсіп, теріс ойларды дамытуға бағытталған қарама-қарсылық діннің де болуы шарт. Діндердің барлығының екі негізгі мақсаты бар. Біріншісі адам баласының ойын, әртүрлі әрекеттерін белгілі бір шамада қалыптастырып тазартып отыруға бағытталған шектеулер, тиымдар белгілі қалыптасқан үлгілер арқылы заманына, ұлтық, жерлік өмір сүру ерекшелігіне сай жетілдіріп толықтырылып отыратын ата заңы яғни шариғаты болып табылады. Қазақтың ата заңға сәйкес өмір сүреміз дегеніміздің өзі осы дініміздің шариғатына сай тіршілік етеміз деген мағынаны береді. Бір өкініштісі ел басқараған саясаткерлердің, заңгерлердің ойлау даналығы мен сөз түсіну қабілеті жоғалғандықтан дінімізді екіге бөліп, рәсімдік жағын муфтият арқылы шығарылатын пәтуаға, ал шариғи заңдылығын депутаттарға беріп қойып, тұтас дінімізді екіге бөліп, біртұтас елдің партияларға, дін секталарына бөлшектеліп өз-ара сөз, заң қайшылығын соғысын қолдан қамтамасыз етіп қойғанбыз. Сонан қазақ мәдениеті де әдебиеті де бөлшек -бөлшек діндердің және халықтың аздыруға арналған кейбір қара күштердің ықпалына заңмен өз қолымызбен ұстатып қойғанбыз. Абай атамыздың жақсылық Құдайдан ал жаманшылық өздеріңнен болады деген серік қосуымыз осы. Екінші дінің саласы ақыл-ойды жетілдіруге адамзат баласының болашақпен байланыстыратын ғылым жетістіктерін, тың ойлардың қасиеттердің, гендік, тектік сапасын жетілдіретін тылсыммен тікелей хабарласып, аманаттарды орындау барысында жеке дін-жанын жетілдіретін, даналықтың ақ бұлағын яғни «Бұлақ көрсең көзін аш» деген, рухани бастаудың көзінен келетін ақылды, бабалар аманатын мүлде теріске шығарып бүкіл мемлекетімізбен Құдайға серік қосуымызбен аспанымыздағы рухани бұлақ көздері жабылып, нәтижесінде адам денесінде жаңа заман ақпараттарының, рух суының жетімсіздігінен, иманымыз жемісін бермей, ал соның орнына пайда болатын бос кеңістіктерді ұлтқа жат ақпарттармен толтырып, дінің бұрынға замандағы ескі, білімсіз жабайылықтан адамдық кезеңге, ғылым, білімді дамытуға өту бастауын қайта қалыптастырып жатқан жайымыз бар. Діннің өнімі тұрақты түрде даналық сөздерге, салтық үлгілерге, дәстүрлік шараларға айналып, адам баласына ортақ дүние танымын қалыптастыратын қағидаларға философиялық көз қарастарды қалыптастырып, заман өзгерісіне қарай білімін жетілдіріп, іліммен толықтырылып отыру шарт. Сондықтан әр елдің өзіне үніне, сөзіне сай ұлтық тілдік ерекшелегіне қарай тұрақты өмірлік ұстанымы мен әлемдік ойлау жүйесіне қосылып, елдің өркениеттілігін қалыптастыру керек. Халықтың философиялық ойлау мәдениетін, рухани дамуын қалыптастыратын өз араларынан шыққан пайғамбарлары, сосын елшілері- әулие-әмби, ғұлама ғалымдарының еңбектерін, негізгі ортақ діни ұстанымдармен салыстыра отыра өзіндік өркендеу бағытын қалыптастыру үшін жаратушыдан несібесін артығымен берілген бастықтарды, ел басқарушыларының, ақын жазушыларының, философ ойшылдардың, саясаткерлердің артынан ерген ой тұтастығын сақтай білген ел қашанда бостандыққа, еркіндіке жетуі керек. Енді еркіндік деген ол ойыма не келсе соны жасау қабілеті емес, керісінше ата заңымыздың, еліміздің негізгі тұрақты шариғатының (констутциялық заңының) аясында әрбір қоғам мүшесі сыртқы тәуелділіктен, рухани мұхтаждықтан азат болуымен ғана айқындалады. Егер елдің мәдениеті, ұлтық дін жоралғылары қандайда бір өзге елдің рухани құндылықтары мен сол елдің ішкі заңдарына, әдеттеріне, ақылына, біліміне байланысты болса ол еркіндікке жатпайды керісінше, сол дамыған елдің рухани отары болып табылады. Жеке адам баласының өмірі сыртқы ортаға басқа қауым және үнемі ел басшы, дін басшыларының ақылына және қылықтарын ойсыз қайталауға тәуелді болса, онда ол рухани азат, құдайдың құлы емес керісінше сол мүделі адамдардың құлдығына түскен болып есептеледі. Сондықтан ондай ішкі рухани еркіндігі жоқ адамдардан құрылған қоғамда үнемі кері тартпа пиғылдармен, түрлі ағымдардың тіршілік етуіне жағдай туады да мемлекетің ыдырап, өзге елдің ықпалына түсуіне рухани боданы болуға мәжбүр болады. Ал жалпы рухани азат ізгілікті қауымдық тіршілікті қамтамасыз етуге үкіметтің саяси, рухани ахуалы да сыртқы мемлекеттердің қандайда бір ойлау, дүние танымдық ықпалынан азат болғанда ғана мүмкін болмақ. Қазақ елінде керісінше дінді тек намаз және намаз оқу рәсімдері деп түсіндірумен араптардың тіліне, әдетіне ең сорақысы дүние танымына жетілмеген ата заңдары яғни шариғатына құлдыққа берумен айналысатын мекемелерді барысынша ашып беріп, асыл дініміздің, ата заңымызбен, салт-дәстүріміздің жоғалуымен ғана айналысып жатыр. Ал үкіметіміздегі саясатпен айналысатын зиялы қауымның өзге елдің ойына тәуелділікті қалыптастырып, тек шаруашылығы дамыған елдерге «бәрекелде» дегіземін деумен бүкіл жақсы –жаманын әдетін халыққа күштеп сіңіруге тырысып жатқан жайы бар. Ұлтық сана-сезімнің дербестігін қалыптастыратын мәдениет ошақтары осы жоғарыдағы екі түрлі саясатың жетегіне түсіп, екі жүзділік дүние танымды ұстанумен айналысады. Қаражаты барлардың тартатын сыбызғысына айналған. Онда біз қалай әлем алдына өз жетістігімізбен танылып жатырмыз, құрметтеуге де лайық болдық деген заңды сұрақ туындайды. Әрине қазақтың рухы толық жойылды десек онда күнәкәр боламыз. Қазақ рухын сақтап отырған орта топтың ақын, жазушы, ақсақалдардың және қарапайым қазақтың өз салт дәстүрін жоғалта қоймағандардың арасынан шыққан әкімдердің, ел басқарушы, дін саласында да қызметшілердің аруақ заңдылығын бірі ашық, бірі жасырын құпия, біреулеріміз әйтеуір аталарымыз осылай жасаушы еді дегендей, көргенділігімізді жоғалтпағандықтан, осындай салыстырмалы түрде ғана жетістіктерге жетуімен ғана мақтана аламыз. Қазақ елінің дінші қауымы да қанша мазһабпен шариғатпен шетелемін дегенмен бәрібір халықтың ырқына амалсыз көніп, тарихат, мағрипат амалдарын еріксіз үзіп жұлқып орындауына тура келеді. Және мазаһабтан бергі дін өркенитіндегі қалыптасқан ұғымдарды пайдаланып, бірақ өлшемей алғандықтан өздерінің қандай бағытта, қандай философиялық негізді ұстанып жүргендерін өздері де білмей әбден шатасқан. Оған басты бағдар беріп, қадағалаушы философиялық мектебіміздің мүшкіл халін, өз міндетін жоғалтқанынан үкімет басындағылардың және дін басқарушыларының да жалпы оқымысты қауымның адасуына себеп болды. Сондықтан діннің рухани бұлағы болып енді аяғын басып келе жатқан ата жолын бастан құрту керек еді деген әңгімелер көгілдір хабар арналардан қайталанып, қазақтың негізгі дін ұстаным ғұрпына, тура жолдың рухани бұлағына, ішкі еркіндіктерін қалыптастыратын, рухани сүндетелуіне, жан ғылымының қағидасына мүфтият басқармасының ашық қарсы екенін тек дінің тәндік сүндетелуін ғана ұстануды және тақсырлық (көзсіз, ойсыз бағыну, тәкледи иман) дін ұстанымын ғана қолдануға өз пікірлерін білдіріп және кітаптарында жазылып, халық сонымен үгітелуде. Жоғарғы оқу орындарында болашақ ел басқарушы, саясаткерлер дайындайтын философия мектебінің ұсынған оқулығы негізінен әлемдердің діндерінің ой танымдық тарихи шежіресін талқылағанымен және бұрынғы қазақтың дүние танымы мен дін ұстанымының ерекшелігін көрсеткеннімен, онан кейінгі ақыл-ой бұлағынан нәр алып, халқын дін-иманмен суарған даналар еңбегіне бағалап, жастарға, білім, ілім іздеушілерге жол-жобалық бағдар беріп ақ-қарасын ажыратудың орнына Абайдай даналықтың, діннің жоғарғы сұлтандық қабілетін меңгерген ойшылымызды дінші емес деп мазаққа айналдырған. Ал Абай атамыздың философиялық қазақтың дін-жобасын тану арқылы Шәкәрімдей әлемде теңдесі жоқ тиеологтың, сопы-ғалымның қазақ жерінде өмір сүргенін, еңбегін бағалап, халыққа ашып көрсетпек түгіл зертеген ғалымдарымызда еңбегін толық білмейді. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» деген бұндай қылықтарға дана бабаларымыз. Енді жоғары лауазымды саясаткер, ойшылдарымыз қазақтың дін өркениетін қалыптастыратын ; «Бір ұлт, бір дін» деген философиялық бағытты ұсынып отыр. Оған енді біздердің қарсы қояр ұстанымымыз, әлем діндер бірлігін қалыптастырып, біртұтас ислам туының астына жинайтын, ақыл-ойды иманмен өсіретін және болашақта әлемді апаттардан халықтың азғындығынан құтқаратын Ясауи ілімінің жалғасы «Бір ұлт ал ұстанымыз бүкіл халықтық біртұтастық дін!», Ата жолы –Абай жолы деген қазақтың салт-дәстүрге айналған дүние танымын зерделеп көруді ұсынамын.

Ислам діні-бастапқы және кітаптарды бірлеуші соңғы дін.

Ислам дінінің негізгі қағидасы мұсылмандықты меңгеру. Ақылмен иман келтіру. Құранда; «Бәдеуилер: «Иман келтірдік» деді. (Мұхаммед) оларға: «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбасыз Алла, аса жарылқаушы, тым мейрімді» де.» (49-14) Олай болса «Алладан басқа тәңір жоқ Мұхаммед оның елшісі!» деп куәлік беруіміз мұсылмандықтың негізгі шарты болып, қазақ муфтиятының ұсынған «мәсһабтық», бес парыздық- мұсылмандық шартымен иман жүрекке кіріп зейнетелмейді тек мұсылман болып қана аталамыз да аяттың 14-санының мәні де тағы 9-тәубелік амалдарды орындау керек екенін және ішкі мәнінде 59+14=73 санының құпиясын шешу керек. Ал бұл сандардың құпияларын шешу үшін Құранды арапша ерекше бір кітап деп қарамай қарапайым тарихи шежіре деп болған оқиғаларды мән жайын қазақша оймен түсініп оқып көрсеңіз, әлемдегі мұсылман болу тарихы Нұх пайғамбарымыздан яғни «хұндардан» (ғұндардан) басталады және негізгі қағидасын 71- ші сүремен аяттар шегін белгілеп қойған. Енді Нұх пайғамбарымыздың негізгі дін ұстанымы көк тәңіріне құлшылық ету, барлығын көк тәңірі жаратып басқарып тұрады деп түсіну. Олай болса Ислам мұсылмандықты қалыптастыру діні- тәңір діні! Себебі ислам қағидасы Бір аллаға құлшылық-деп аталса онда; «Алладан басқа Тәңір жоқ!» яғни Бір Тәңіріміз-Алланың бізге білдірген құдіретті сипаты. Сондықтан тәңірлік діндер жаратылыс басында да исламдық болып, сондықтан діндердің бәрі исламға бірігіп тәңірлік қуат- Бірге оралуы тиіс. Кейбір дін танытушылардың тәңірлік дінге құлшылық жасаған дұрыс емес және оның құлшылығының кітабы да қағидасы да жоқ деуі мүлде жалған негізсіз. Жалпы ислам дін ғалымдары негізінен дінді таратушы 23-пайғамбар екі елші бар деп есептейді. Енді Құранда негізгі пайғамбарларымыз Нұх, Ыбырайым, Жүсіп, Жүніс, Мұса, Һарұн, Дәуіт, Сүлеймен, Ғиса, Шұғайып, Салих, Ғұзайыр, Әлисақ т.б пайғамбарлардың бәрі мұсылман болып табылса ал, олар әкелген насихаттаған дін сонда мұсылмандық емес деп ойлаудың өзі серік қосудың, дінге қарсылықтың өзі болып шықпай ма? Ал ислам діні мұсылмандар Ыбырайым пайғамбар жолын ұстанушы болып онда Ыбырайым атамыз арилық тайпасынан шығып, көк тәңірінің жолын ұстанушы, бір тәңірге табынушы болған жоқ па? Сол сияқты құранда Ғиса пайғамбарымызды мұсылман деп жаратушымыз аятпен көрсетіп ескертіп кетсе қалай онда християн діні мұсылмандық яғни тәңірлік діннің бір тармағы болып есптелмейді? Абай атамыз: «Жұртың бәрі біледі өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қайта жібермейтұғынын. Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анық өз ойына, ақылына тексертіп нанбайды. Және һәмманы жаратқан құдай бар, ақиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа жарылқайды, жазғыруы да, жарылқауы да пендек ісіне ұқсамайды, бегірек есепсіз қинауы да бар, бегірек еспсіз жетістіруі де бар деп-бәріне сендік дейді.» мұсылмандықтың өлімге наныммен, ақирет өмірінің бар екендігіне, құдай сотының әділдігіне сенуді дін деп ескертеді. Олай болса ақирет, өлім туралы наным мен сенімді уағыздайтын діннің бәрі мұсылмандық, тәңірлік дін болып табылады. «Жоқ, онысына мен сенбеймін. Олар сендім десе де, анық сенген кісіге уайым ойлап не керек? Осы екеуіне лайықты жақсылықты өздері де іздеп таба береді. Егер де осы екеуіне (өліммен, ақирет өміріне) бұлдыр сеніп отырса, енді неге сендіре аламыз? Оны қайтіп түзете аламыз? Оларды мұсылман деп, қалайша иманы бар ғой дейміз?» (34-сөз) Бұл сөзбен Абай атамыз осы сөзімен, біздің қазіргі таңдағы діншілерімізбен, үкіметіміздің ұстанған екі жүзді сенім, нанымын көрсеткен. Ақирет бар деп сене отыра, адамның өлімнен кейін аруақ болып, жамандыққа есеп беріп, жақсылықпен ұрпақтарымен бөлісетінін жоққа шығарып және халыққа ақшаны босқа жұмсады деп дүние қайғысын уайымдатып және өлімді ойламауға шақырудан, ондай пенделердің иманын да жоғалтып, мұсылмандықтан да шығатынын түсіндіріп кеткен. « ..еш адамның көңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайғы –олар да бірдей болмайды. Мұндай екі нәрсені бірдей болады деп айтуға мүмкін емес. Олай болғанша, қай адамның көңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы ақирет қуанышынан артық болса-мұсылман емес» Міне бұл біздің муфтият діншілеріміздің, үкімет басшыларының халыққа ұсынған дін саясаты. Егер дінің қандай бір амалы дүниеге зиян келтіретін болса, немесе ақирет қайғысын, ақирет қуанышын іздеп ел кезу, зиратаумен айналысатын болса «секта» деген үйғарым шығарып халықты да солай сендіріп қойған. Сондықтан тек мешітке келіп тиын-тебен садақа беріп тек намаз оқып, ораза ұстап дүниенді шашпа алданба-деп, екі қуаныштыда, екі қайғыны да дүниемен, ақиретті қатар ойлауды ұсынып, тек бес парызбен жаннатқа төте жол тартасың деп сендіреді. Яғни мұсылмандық қарыздың хаждың орнына, қаж-ды парыз қылып, оған ақылы толмаған, бойы қалыптаспаған, наным, сенімі екісі-оң мен солы бекіп қалыптаспаған пенделерді алдап апарып, бұл дін ұстаным «мәсһабшылдықтан» мұсылмандықтан шығаруға ғана септігі тиеді екен. Қазақ халқының дін ұстанымында шежіре-тарихымызда жаратылыстан мұсылман болып, ақирет өмірінің қағидасын аруақ заңдылығын толық меңгерген ислам негізінің ірге тасы бабаларымыз сақтардан бастап болған және әлі де негізгі құндылықтар араптан көрі бізде толық сақталған. «Бес таңба» деген болашақта табылатын теріге жазылған кітабымыз да бар. Екінші адам рухы мен жанының тазаруына жетілуіне негізделген ислам дінінің бір ішкі тармағы құдайлық таным. Ол ежелгі тибет халықтарынан, индиялықтардан, кришналықтардан басталып оныңда тұрақты кітабымен әдебі қазақ халқында түрлі бақсылық, емшілік тазарту негіздерімен әдет-ғұрып болып сақталған. Осылай жер бетінде діндердің халықтардың ақыл ой шамасына қарай, қадым, құс ілімі болып түсіріліп, олар жаратылыс нәрселеріне бүкіл ғарыш, табиғат, жан-жануарлар әлеміне кітап болып жазылып, қайта жарық болып түсіп, азық болып өсіп, қуат болып өніп, әлем сол діндермен өсіп, өніп белгілі бір қатаң жүйелі есепке ақылға бағынады. Сондықтан сол діндердің тәңірлік қуаттарды меңгерудің жинағы Тәурат болып, ішкі сырын үнін, жан тазалығын меңгеру Зәбур болып, сөз сырын тылсым үнін толық меңгеріп тәңірлік қуаттарды сіңіріп, рухын басқаруға жету Інжіл болып кейінен осы кітаптардың негізгі ұстанымдарын ірге тасын көрсетіп, барлық жер бетіне түскен діндердің негізгі қағидасының бірлігін көрсеткен, тіршіліктің ақырына, қияметке дейін барлық діндерді адамзат рухына сіңіріп біріктіруге арналған Құран кітабы түсірілді. Араптардың арасына келу себебінің өзі бұрын араптарда тек тәңірлік ұстаныммен яғни тәураттықтардың теріс бағытқа бөлініп кеткен топтары болып, бірақ бір тәңір емес тек сыртқы тәңірлік күштердің, себептердің әсеріне ғана бағыну болды. Құран негізінен Тәуратты қайталайды-деп ескертеді. Ал Тәурат болса от және тау, тастар, өзендер, табиғи күштерді меңгеру арқылы рухани тазару амалдарын ұштастыруға негізделген көк тәңірлік ұстанымдарды біріктірген бір тәңірлік дін қағидасы болып табылады. Оған дәлел Мұса пайғамбарымыздың «Раббым (Ием) нұрыңды көрсет» деп жалбарынғанда көктен тауға найзағайдың түскенін, онан Мұсаның талып қалып, артынан кешірім сұрағанын, жаратушымыз мені көрем деп сұрамаңдар деп ескертуі дәлел болады. Ал Дін мен Діл кітабында мынандай мысал бар; «Менің бір күңім бар еді. Қойларымды Ұхұд пен әл-Жауания таулары жақта жаятын. Бір күні жайып жатқан қойлардың біреуін қасқырдың сүйреп жатқанын байқадым. Адам баласымын ғой, ел секілді мен де ашуланып, қайғырамын. Әлгі күңімді бір қойдым. Сосын пайғамбарымыздың жанына келдім. Ол маған бұл істің үлкен күнә екенін айтты. Мен: «Уа, Алланың елшісі! Күңімен азаттығын берейін бе?»,-дедім. Ол маған: «Күңіңді алып келші.»,-деді. Сөйтіп мен күңімді пайғамбарымызға алып келдім. Пайғамбарымыз оған: «Алла қайда?»,-деп еді, ол: «Аспанда»,-деп жауап берді. Пайғамбарымыз: «Мен кіммін?»,-деді. Ол: «Сен Алланың елшісің» деп жауап берді. Содан кейін пайғамбарымыз маған: «Басына азаттық бер, мұсылман екен», деді» Бұл өсиетпен «Алладан басқа тәңір жоқ Мұхаммед оның елшісі!» деген куәлікті яғни көк тәңірлік ұстанымды пайғамбарымыздың үлгі қылып кеткенін растайды. Енді үкіметіміз бен муфтиятымыздың мойындаған атақты дін ғалымыз; «Міне, осындай қым қиғаш кезеңде қарапайым мұсылмандардың санасына сызат, көңілдеріне күдік түсірмеу үшін философиялық пікірлерге ислами қисын жолмен жауап беру қажеттілігі туындады.»(133-бет) деп бұл хадис туралы пайымдауға сол замандағы, надандық дәуірлердегі пайғамбарымыздың дінді елдің сауатсыздығын ескеріп, қарапайым түсіндіргенін дін ғалымдарымыз қазіргі 21-ғасырлық адам баласының ғарыштық және атомныңның да ішкі нәзік сырларына сүңгіп ойлану, пайымдауларына тықпалауға ой жоруға тырысып баққан екен. «Пайғамбарымыз «Алла қайда?» деуі арқылы оның бір Аллаға сеніп, сенбейтінін анықтағысы келді. Яғни, барлық жаратылысты басқарып әрі барлық істі істеп тұрған жартушының жалғыз Алла екенін, намаз оқығанда кісінің қағбаға бет бұратынын секілді, дұға жасаушының тілегенде қолын аспанға көтеру арқылы мінәжат жасалатын бір Аллаға сеніп, сенбейтіндігін білгісі келді...Немесе пайғамбарымыз оның жердегі пұттарға табынушылардан болып, болмағанын білгісі келді. Ол: «Аспанда» деп жауап бергенін кейін оның пұтқа табынушы емсе, бір Аллаға сенетідігін айқындады.» (141-бет) Қандай ойшылдық!! Бұндай жарым ес пайымдаулар тек құлағы созылып кеткен біздің ел ағалары мен, дін ағаларына ғана лайық. Егер бұндай философиялық ойларды өзге европалық тілдерге аударса қазақ ел басшыларының қандай адамдарға табынып жүргенін білер еді. «Тәпсірші- деген атақ бар, Қарсы айтсаң, молда қақақтар. Анығын тапай айтылған. Тәпсірде талай шатақ бар. Ой-жотамен адасқан.» (Шәкәрәм ата) Бір Алла деп барлық бірліктердің нәтижесін яғни Алланың 99+1 жүзін айтатынын біздің философтарымыз жазып, бірақ түсіндіруді немесе құранды, пайғамбар хадистерін зертемегендіктен осындай ойымыздың тілден ғана емес сөзден де арасы алшақ кетіп, жапай құран аяттарына ортақ қосушы елміз. Алла деп таңбалағанмен түп негізді жаратушымызға әзір ақылымыз жетпейді де оны ғалымдар «черная дыра» яғни барлығын жұтып, жоғалтып жіберетін тұңғиық деп дәлелдейді. Ал Алла деп сол тұңғиық қуат негізінен жаратылыстың бәрін баурап, орап, өсіріп, өндіріп, бақылап тұрған тәңірлік негізгі қуаттың көрнісін айтамыз. Қазақтың дін ұғымында бәрін басқарушы көк тәңір деп онымен арадағы үкімдерін, істерін орындаушы періштелердің барлық аралық сипаттарын аруақ деп атаған. Аруақ- бір періштенің сипаты емес бүкіл қозғалыстың қолқабыстық егелері бүкіл жанды жаратылыс егелерін толық қамтитын ұғым. Енді кейінен киелі кітаптардың түсуімен жалғыз көк тәңірлік ұғымның аясы кеңіп, жер жүзіндегі барлық жанды қозғалыс егесін басқаратын таза ақыл иесі «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген түсінік қалыптасты. Тәңір ұғымына Бір яғни рух- таза ақыл-иман дегенді қосып Бір Тәңірге құлшылық қылу деген ұғым енді. Сол Бір Тәңір ұғымын қарапайымдап Құдай деп аталды. «(Өйткені) Яһудилер: «Ғұзайыр Алланың ұлы» деді. Және Християндарда: «Ғиса Алланың ұлы» деді. Бұл, бұрынғы кәпірлердің сөзіне ұқсатып, ауыздарымен айтқаны. Құдай атқырлар, қайтып алданып отыр» (9-30) Бұл аятпен жаратушымыз Алланың бір сипаты яғни рухы- Құдай дегенді ескертіп отыр. Енді Інжілден: «Құдайдың айтқандарын құр естіп қана қоймай, іске асырушы болыңдар! Әйтпесе өздеріңді-өздерің алдайсыңдар. Тәңірдің хабарын естігенмен, іске асырмайтын әркім айнаға қарап, былай шыға бере-ақ өз түрін ұмытып қалады.» (Жақыптан; 1-тарау) Аланың хабар беруші қуаты Тәңір, ал адам баласынымен тілдесуші, аян, түспен көрсетуші құдай деп түсіндіреді, құдай сенің түсіңде көретін жүрегіңнің айнасы, түсіңді жоры ұмытпа деп ескертеді бұл аятта. Олай болса «Бір Аллаға құлшылық қылу» дегеніміз бүкіл діндерге ортақ тәңірлік қағида деп түсінгеніміз ақылға да санамызға да сиымды болады. Бір Алла деп үнемі бірге айналған жандылардың қосылып кеңіп, үлкейіп, өсіп барлығын басқарушы ақыл, ғылым сипатын яғни жәннаттық көрнісін айтады. Сондықтан тәңірдің тозақтық қуаттарына емес жаннаттық көркем сипатына құлшылық, қызмет, табынумызды осы бір Аллаға сиыну деп атаймыз. Ал біздің дін ғалымдарымыз, теолог, философтарымыз тек араптарға қарапайымдап үгітелген негізді барлық діннің көрсеткіші етіп насихаттауды әдетке айналдырған. Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас. Алланы танытуға сөз айырмас... Замана, шаруа, мінез күнде өзгереді, Оларға кез-кезімен нәби келді. Қағида шариғаты өзгерсе де, Тағриф (философиялық түсінік) алла еш жерде өзгермеді.» Тағриф алла деп адамзатқа берілген ортақ көркем түсінік философиялық пайымдаулардың өзгермейтінен шариғатпен бірге сөзді де, ойды да қоса алмауымызды атамыз ескертіп, рас сөзді, өзіңнен яғни сөзіңнен ата-баба аманатынан ізде деп ескерткен. Сондықтан адам баласының дінінің жетілу үшін ішкі күштердің құдайлық қуаттардың да бар екендігін арап халқы бұрынғы ата-бабаларының әдет-қылықтарын қайталау әсерінен жан ғылымын толық мойындамай, философиялық дүние танымы толық жетілмеген тек діннің ортасын ғана ұстап қалған халық болып есептеледі. Оған ең басты себептің өзі аятта; «Мұхаммед олар сенен жан туралы сұрайды; «Ол, Раббымның әмірінен. Сендерге аз мәлімет берілді» де» (17-85) Осы аяттан арап аліне жан ғылымынан түсініктің және ол туралы құран үгіті мен пайғамбарымыздың өсиеттерінде толық мәлімет болмай және; «(Мұхаммед оларға) айт: «Әй Кітап иелері! (Хазірет, шейх, имам, ғалым-сопы, ойшыл, психологтар) Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгендерді (аян, уахи, түс және салт-дәстүр) толық орындағанға дейін дәнеңе емесіңдер! Әрине саған түсірілген Құран (хадис, сүннетер) олардың көбінің азғындығын, қарсылығын артырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) деп ескертуіндегі астарлы сырдың өзі, жан қағидалары туралы кітап берілгендерден үлгі алуды, насихаталуды арап дін ғалымдарына да ескерткендігі ашық дәлел. Пайғамбарымызға түсірілген шариғат істері бес кітап яғни бес парыз және тура жол қағидасы 68-кітап болып, 68+5 парызбен барлығы 73-кітап тура жолдың қағидасын қосымша беріліп оны араптардың көбі мойындап қабыл алмайтынын ескертеді. Ал қазақ елі бастан кітап берілгендер (тәурат, Забур, Інжіл) яғни 72-кітапты жынды меңгеруші бақсылар елі болып кейінен тек бес парыздық намаз оқудың бір кітабын араптардан алған және жанның тәңірлік қуат болып бәрін қозғаушы күш екеніне бұрыннан ақылмен иман келтірген елдердің негізі болып табыламыз. Ислам дінінің негізгі ірге тасы тән, жан және рух туралы мәліметтердің және тән ғылымының мед-тинаның жоғары дәрежеде дамыған емшілік істерін, түрлі ауру сынақтардан сақтану шараларын, ырымдарын толық меңгерген елдер қатарында болғандығымызға айқын белгілер әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді және ұмыт қалған шежірелік салтарымызды зертей білсеңіз толық мағлұмат алуға болады. Енді оған нақты бір мысалдардың бірі қазақтың ескі жырлары мен дастандары, аңыз, мысал әңгімелер мен емшілік, бақсылық, жұлдыз жорамалдық ауа райын бақылап соған сай амалдардың болуы мен табиғатқа, жан-жануарлар әлеміне қатысты істер, ырымдар айқын дәлел болады. Өтеубойдақ атамыздың 15-ші ғасырларда жазылған «Шипагерлік баянында» бұрынғы дін ұстанымыздың кітабынан мағлұмат беріліп кетіпті.; «Дүние бір қисық жол бұраңдаған, Бақ қайтса, басқа дәулет құралмаған. Басыңа таудай ауыр қайғы түссе, Несібі жазып қойған бір Алладан» деп аталарымыз ой қортындылаған. Сонымен бірге дәурендеуіш кезде де (жақсы замандар кезінде, алтын ғасыр) етектеуіш (ереже, жоба) салттық борыштар ибағаты (шариғаты) сақталған. Бұған ол 91-ді жеуден тиым, 85-ті теуден (терістеуден, жоққа шығарудан) тиым, 41-ге жұғыспау (бүлдірмеу, сақтау, қадірлеу) 7-ге тиіспеу, 12-ден айрылмау құтты түйін ел санаты (қадірлейтін дәстүр кітабы), күнби салтнамасы (Қазақ қаһаннан, алты алаштан бастап, Нұх пайғамбар заманынан) еді. Ислам діні өзінің Алла жаратқан қасиатымен (құранан өсиет, үгітімен) тыймдарымен (шариғатымен) 91-ді жеулен тиым, 85-ті теуден тиым хараммен һалалды айқындап, шектеп, тектеумен ескіріп, ауызға алынбайтын көнергіге айналыпты, тіпті ұмыт болыпты. Өзімде есіме түсіріп мандыта алмадым.» деп өкінішін білдіріп 7-ге тиіспеу, 41-ге жұғыспау, 12-ден айрылмау туралы толық болмаса да мағлұмат беріп кетіпті. Енді құранның сандық мәнімен келсек бұл жан, рух, тән бірлестігінің кітабы болып шығады. 85-санымен рух қағидасының куәлікте тұрудың «Бүруж» бұрынғы ұлы негізгі құранды сипаттайды. Ал 41 -санды «Фұссилат» сүресі адамзатқа берілетін ашық дәлелдерді растап қазақтың «Ғайып ерен қырық шілтен» атты ұстанымын растайды. 91-санымен тақуалық қабілетерді меңгеру және тән тазалығы туралы қағидаларды «Шәміс» 19-«Мәриям» сүрелері растайды. 12-санды «Юсуп» сүресі адам атадан бастап келе жатқан діннің негізгі қағидасы болып табылады. 7-санымен тылсымның жандар қағидасы «Аруақ» заңдылығын «Ағраф» сүресі растайды. Ал енді осы сүрелердің тылсымнан 58, 14, 21 болып оқылатынын және осыдан құрандағы көптеген сүрелердің аят есептерінің бір-біріне қатысты үгіттерінің пайда болатынын ескерсек онда құран бастан бар ол қазақ елінде болған. Құран негізінен «НАС» сүресімен нәтижеленеді. Ал нас-сан атаулары Бабыр Алым Бақанас ата, Анас (сан) сахаба, Сансыз баба, Сандыбат сарайы, Михсан ата, Ыбырайым ата, Дәуіт ата, Шұғайып ата, Құт баба, Салих ата т.б және құранның діңгегі «Бақ» пен «Ара» сақ дәуірінен келе жатқан түркілік төл сөздеріміз болып табылады. Кейіннен араптардан құран оқылуымен берге келген бес парыздық амалдар орындау жағынан жеңіл әрі тұрмыста ыңғайлы болғаннан кейін көп кітаптар әулие-әмби, би-абыз, хандарымызбен бірге көміліп ұмтылып отырған. Бірақ қазақта; «Өзі өлсе де әкеңнің көзі өлмесін» деген мақалдың бір сыры осы рух пен жанның «көзінің», ойдың бейнеленіп өлмейтінін онымен бірге таза ақылда қайта көрінетінін білдіреді. Осы негізгі ақпарттардың ғұламаларымызбен бірге жазылған кітаптардың құпияланып оны кез келген адам білмегендіктен тек көшірмесі Мұхаммед пайғамбарымызға Укаша сахабаның апарып оқытуымен араптардың шариғаты солай қарапайымдалып қалыптасқанын біле білмейміз. Енді оған бір дәлел Әл-Бұхари атамыздың пайғамбар өсиетерімен, құран аятарын бір деп алып оған осы 91+1 қосып 92-санды хадистер жинағын қалдыруы нақты дәлел бола алады. Бұл кітап негізінен тән мен жан бірлестігін, сүннетелуі қалыптастыруды баяндайды. Діннің тазалығы шежірені меңгерумен ақиқатын таза сақтаумен өлшенеді. Ал енді бүкіл ислам танушы ғалымдарымыз қазақ жерінен барып Мұхаммед пайғамбарымыздың қасында болып батасын тікелей алып келген көптеген сахабаларымызды былай қойғанда ислам тарихынан нақты орын алып, басы пайғамбарымыздың аяқ жағына жерленген атамызды ислам тарту тарихынан шығарғанымен бірге Арыстан бабамыздың да ең сауатты сахабаның бірі болып 33-дінді біріктірген және 450 жыл ел кезіп, сапар шегіп михнат көріп, ислам дінінің тазасын таратып және сол бұзылмаған қалпымен пайғамбарымыздың аманатын жеткізген тура жолдың жалғануын тарихтан сызып, исламдық намаз оқуды, құранды, дінді басынан емес беріден тарқатып дін тарихына ашықтан қарсы болып, өздері серік қосып аяттарға ортақ қосады. Сонда қалай пайғамбарымыздың тура жолды Укаша сахаба елі жалғастырады деген батасын қалай өтірікке ұйғарып мұсыманмын деп куәлік береді дінші қауым? Ал қазіргі таңдағы мүфтияттың ұсынып отырған бес парызы дегендері негізінен төрт парыз. Абай атамыз арап халқымен дін ұстанымен келеген шариғаттағы үлкен қателікті; «Ел жайын біліп, қансаңыз, Айтайын құлақ салсаңыз: Кейбіреуі дүрсіп жүр, Жер тәңірісін кер маңғаз. Кейбіреуі-зәкүншік, Оңдырмассып, берсе арыз. Кейбіреуі пірге қол берген, Іші залым, сырты абыз. Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап, Өтеген қашан ол қарыз?» Негізгі ислам бес парызының бір парызын жоғалтып орнына қажды парыз қылу осы біздің сауатты деген елдің несібесінен күн көріп елдің мұқтажын, дінін тазартуға аманатталған дін және философия абыздарымыздың тек сыртында ғана абыздық іштерінде не бар екенін өзіңіз байқап көріңіз оқушым. Жазған кітаптарынан, шығармашылықтарынан, ел алдында айтқан абыздық ойларынан барлық іштегі дүниелері көрінетін есте ұстасаңыз болды. Бұрынғы замандарда дінмен, ел мәдениетін қадағалайтын абыз, билеріміз өздері таңдап ханды да философиялық (ойшылдық) сынақтарынан өткізіп, сенім артатын болса ал қазіргі сауатты деген заманда шет елден дәреже беріп, сайланып келетін болды немесе халыққа көпшілікпен яғни біздермен, шаруалармен салыстырып өздерін ғалым, сопы, хазірет, дінші атап абыз, пір, философ, психолг атанып қазанның айналасынан ең болмағанда қақпағын күзететін орын алса болды елдің рухани қойын бағатын «Шопан» аталатын болды.

Ислам дінінің таңбасы туралы ғибратты әңгіме. Әрбір жаратылыс нәрселерінің мейлі ол жанды, жансыз болсыз белгілі бір кеңістікте бейнеленуімен басталып артынан өсіріп, кеңіп қандай бейнеге айналғанмен түп негізгі таңбасына тәуелді және бағынышты болмақ. Сөздің өзі түрлі тілде үн арқылы таңбаланғанмен түп негізі санға айналып сол санмен ұғымдары өлшеніп отыру шарт.Ал сол сияқты діннің де өзіндік таңбасы яғни мөрі болу шарт. Христян діні ағаш кресті өздерінің таңбасы ретінде қабылдап ал сол крест неден қалай пайда болған жаратылыс себептері мен түп негізнің ғылымын анықтаса, сол сияқты әрбір дін белгілі бір таңбалары мен ғылыми шарты мөрі болса қазіргі таңдағыдай қарам-қайшы пікірлердің бәріне жауап та табылар еді. Қайсысы қай діннен тарайтынын және қай діннің секта немесе жалпы жеке дін болып табылмайтынын білуге де болар еді. Ал секта деп саналып муфтият ғалымдарымен теріске шығарып, үкіметімізбен қудаланған Ата жолының құран сүресіне байланысты ғылыми бір мағына ұғымды білдіретін таңбасы, мөрін санмен есептеп сызықтық бейнесінің білімін анықтау әзір ешбір ғалымның да дінші теологтың да ойына да кірмеген шаруа. Енді басты ислам дінінің таңбасына келсек, жаңа басталған айдың сабы жоқ орақ тәрізді бейнесін исламның мөрі емес дейтін әлем бойынша мұсылман бола қоймас. Онда бұл таңба мұсылманның негізгі мөрі болып табылса, қандай мағына береді деген сұрақ туындауы сөзсіз. Оны негізінен зейнет деп аталып сөздің нұрға айналғанын немесе алғашқы Адам атамызды жаратқандағы үрленген рухтан пайда болған сөздің нұрын белгілейді. Немесе бір тамшы судың да сызықтық бейнесін көрсетеді. Ілім теңіз болса сол теңізден алаған бір тамшы білім. Енді қазақтың әлі түркі елі болып тұтастығын сақтап түрлі нәсілдерден және қазіргі арап елдері сияқты көптеген тайпалардан тұратын кезінде Александр Македонский немесе Ескендр Зұлқарнайынның әлемде дін тарту және шағын бытырап жатқан мемлекеттерді, тайпаларды бір орталықтан басқарып, өркениетті қалыптастыру соғысы түркі еліне қазіргі қазақ, түркімен, тәжік, өзбек жерлеріне де келіп жетті. Ондай қаруланған темірдей тәртіпке бағынған түрлі тайпалар соғысуға төтеп бере алмай, орталық аудандарға солтүстік бағытқа қарай бытырай көшіп қашып келе жатқанда алдарынан өз әскерімен қазіргі Тараз- Шу өлкелерінің патшасы, Құлтегін әулетінен тарайтын Амур Дария Забур патша алдарынан шығады. –Сендер сонша үрейленіп, ата-баба қоныстарыңды тастап кімнен қашып келе жатырсыңдар?-деп сұрағанда. Халық; -Екі мүйізді бір күшті патша шығып, жолында кездескен елдің бәрін өзіне бағындырып көнбегендерін қырып келеді –деп жауап береді. Оған Амудария Забур патша бір топ шоқтанып өскен ағаштарды нұсқап; -Анау ағаштағы құстың ұясын көрдіңдер ме, ол қандай құс екен?-деп сұрайды. Сонда халық шулап; -білеміз құрқылтайдың ұясы-дейді. Патша тұрып;-құрқылтай өзі кішкентай әлсіз құс болса да өрт болса да ұясын тастап қашқанын көрдіңдер ме?-деп сұрайды. Сонда халық бір ауыздан-Жоқ деп жауап беріпті. –Онда біздер, артық ақыл беріп жаратқан Құдайдың құлы бола тұра өз отанымызды тастай қашатындай не күн туды, келіңдер онан да жауға қарсы тұрып құрқылтай соғысын ашамыз-деп бытыраған халықты жинап, ішінен көріпкел, бақсы, жұлдызшы, тыңшылардың бөліп, жаудың бүкіл қозғалысын алдын ала болжап оңтайлы жерлерде қапысын жібермей соғыс ашып, Ескендір патша әскерін әбден титықтатып, шөлдерге қамап жеңілуге кейін шегінуге келісімге келуге мәжбір еткен екен. Сонда әбден титықтаған Ескендір патша –Мынау қандай ел, құдайдың еліне тап болған жоқпыз ба?-деп таң қалған екен. Сонда сақ ұрпақтарымен келісімге келген жер қазіргі Сары-ағаш ауданына қарайтын «Дарбаза» деген жер еді. Сол дарбазадан Ескендірдің қолына қойдың қисық қабырғасын ұстатып әскерін кейін қайтарған Амур Дария Забур патша атамыз Новаиде жерленген дерек бар. Ал Ескендір Зұлқарнайын патшаның жанында Аристотель сияқты ғұлама философ діншілер болған екен. Сол қабырғадан көп нәрсені түсінген Ескендір патша кешірім сұрап әскерін еліне қайтарып өзі Самарқан қаласын салып беріп, кейінен өзінің сүйегін де аманатпен сол жерде жерлеткен екен. Бұл сүйек туралы түрлі аңыз, хикаялар жазылған. Бірақ құдай қақпасының алдында алған бастың көз сүйегі деп айтылады. Мейлі ол да қабырға сүйекке ұқсас жарты ай ислам таңбасын белгілейді емес пе? Бұдан ислам таңбасы жартушымыздың Бақара сүресінде бір-біріңе қас болып түсіңдер деген жарты ай қастың сызықтық бейнесі яғни адам баласының ақирет несібесі зейнет сызығы ислам дінінің адамзатпен бірге жаратқаның дәлелі емес пе? Ал ислам дінің таңбасының негізгі мұрагері «қастардан» пайда болған «САҚ» нәсілі болып табылмай ма? Енді қисық қабырғадан Хау ана жаратылды деген дін тарихында түсінік бар. Құран үгіті бойынша адам баласының яғни еркектің ұрық суы төс және бел сүйектерінің арасынан пайда болады деп түсіндіреді. Ал төс сүйегі мен бел сүйегінің арасын қабырға сүйегі жалғап тұрса онда адам ұрығы сол оң жақ қабырға сүйектерден шығады. Олай болса Хау анамыз қабырғадан жаратылды дегеніміздің астарында атамыздың ұрық суынан жұмыртқа түрінде яғни қазіргі ғылымдағы қолдан ұрықтану тәсілі негізінде пайда болғанын көрсетеді. Енді таңбаға жүгінетін болсақ ислам бір тәңірлік дін болып жаратылыс басынан бастап, адамзатқа түскен бар діннің түп негізі, бір көк тәңіріне сиыну болып, оның басты мұрагерлері сақтың ұрпақтары қазақтар болып саналады. Тағы бір бұлтартпас дәлел: Қажы баба туралы қазақ елі діншілердің «серік қосу» деп дінді терістеуінің арқасында көптеген халық хабардар деп білемін. Қажы бабамыздың сүйегін шет елдің ғалымдары көріп, зертеп 10 мың жыл бұрын өмір сүрген деп шешім шығарыпты. Сондықтан қабірді тапқан азаматтардың Нұх пайғамбарымыз деп тұжырым жасауына себеп болған. Ал Алладан келетін аянды арапшыл діншілер және европалық білімшілер мойындамағанмен, есі толық қазақтың қай баласының да ақиқат хабар екеніне иман келтіру хақ. Аян бойынша негізінен 0037 жылдары қайтыс болған Дәуіт пайғамбар ұрпағы болып табылады. Сондықтан бұл мезгіл Інжілдің әлемге таралу уақытына сәйкес келеді. Ол кісінің өзін басындағы шырақшыға айқын түрін көрсетіп және; «Менің басыма мұсылман таңбасын қой!» деп аян беріп, шырақшы кісінің ислам таңбасын басына бекітіп қойғанын көрдім. Екінші ислам белгісі аттың тағасы! Бұл туралы бөлек әңгіме жазармыз. Ал енді бұдан қандай ғибарат алдыңыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет