жаңа ой қалыптасуда. Бірақ олармен бірге жүре алмайсың. Сондықтан оларға қарсы жүріп алдынан шығуымыз керек. Ислам өркениетінің орны қалай болу керек?- деген сияқты құран аяттарын талқылайтын бітпейтін таласқа түсіп кетіп жүруі мүмкін. Сондықтан 1) Этнос аралық, 2) Дін аралық 3) Әлеуметтік саланы қамтитын саясатты ұстануымыз керек..» (Ғ.Есім. сұхбатынан) Құранды халық өздері оқып адаспас үшін философтарымыз, абыздарымыз қалай ойлану керектігін өздері дайындап береміз дейді. Сондықтан тиелогиялық анықтамарға жүгінсек Этнос ұғымы адамзаттың нәсілдік белгісі яғни кісілігі болып табылады да адам баласының ұлттық тегімен өзге ұлттар арасындағы ұқсастықты қалыптастыратын көпір болу керек. Мысалға түрік тектес нәсілдер (этнос), арап тектес нәсілдер (этнос). « Ал соңғы зертеулер бойынша адамдар тоғыз нәсілге бөлінеді, оның үстіне 32-топтың ешқандай берілген схемаға енбейтінін аңғарылады..» (251-бет) Міне бұл нағыз құран ғылымын растайды. Жер бетінде Адам ата қауымынан барлығы 41-нәсілден яғни қазақша «Ғайып ерен 41-шілтенді» белгілеп тұр. Сонда Есім мырза бастаған философ қауымдастығы ғайыптан хабар алып, шілтендермен қатынас жасайтын болғаны ма? Әлде 9-ақ ұлтқа бірігуіміз керек болғаны ма? Егер этносты ұлт десеңіз онда; «Ұлт-бұл жан, рухани принцп...Жанды қалыптастыраты екі нәрсе бар.. Біріншісі-бұл ес пен жадының бай мұрасын игеру, екіншісі-шын келісім, бірге тұруға ұмтылу..» (257-бет) Яғни біздің даналарымыздың пікірінше жан біріншіден ақыл яғни рух. Сондықтан жыныс қатынас арқылы жан өнім берсе, ерекше ләззат сезіміне бөлену арқылы яғни нәпсіден ақыл бөлініп шығады деп түсіндіреді. Көмес кеңістіктегі өз орны бар ес пен немесе қанда жазылатын жадыны және ғайыптық сипаттарын меңгеру керек дейді. Ең бастысы ақыл-ой нәпсі арқылы пайда болатын болса құдайлық сипат нұрда тозақта өмір сүруі тиіс. Екіншіден кіммен қалай бірге тұрып және белгісізбен жыныстық қатынасқа ұмтылып, бірақ арасында неке болу керек пе жоқ па айтпай кетіпті. Абай атамызды оқып зертемегенін былай қойғанда, Шәкәрім атамыз; «Рух деген сөзді жан дейді, Адасқан дінді пән дейді..» деп ескертіпті. Демек қазақ философтары тек сөздің артынан қуған пәншілер екен. Енді жалпы діни ұғымға, інжіл, құранға қарсы шығып, Раббымыздың аят, үкімдерін қайта түзету мақсатында «Ұлт дегеніміз-бұл жалпы жермен (территориямен) және біртұтас мемлекетпен біріккен, экономикалық, конфессионалдық, тілдік айырмашылықтарды құрметтейтін және ақырында біртұтас мемлекеттің тілі бар, өзіндік санасы (діни ұғымы, қасиетері) мен патротизмге ие (?) азаматтардың қауымдастығы.» (258-бет) Қасиеттерде (емшілік, бақсылық, ұсталық, өнерлік, әншілік, ақындық, өнер тапқыштық т.б) ұлтық яғни тілдік сипат болып, қазақ ұлтының негізгі анықтамасы ана тілінде емес, мемелекет тілінде сөйлесе болды қауымдастықпен қазақстандық ұлт болады екенбіз. Жоқ қазақтың ойшыл бас қауымы біліп қойыңыздар; Ұлтық құндылықтың көрінуі де, сақталуы да үнінде, сөз байлығында, қандық ерекшелігі ділінде! Кришналықтардың «Ән құдіреті» деп табынатын амалында, музыкалық білімдерімізбен ерекшеленеді. «Ал ұлтар бұл кезімізден екі ғасыр бұрын ғана қалыптасты. Айырмашылығы айдан анық. Этностар өз-өзінен табиғи жолмен пайда болады. Ұлтар болса, саналы күш жігердің нәтижесі, көбіне олар арнаулы иделогиясыз өмір сүре алмайтын жасанды құрлымдар ретінде көрінеді.» (158-бет) 18-ғасырдан ғана бастап маймыл құсап табиғы жолмен пайда болған қазақ ұлты әрине араптың, европаның идеолгиясыз өмір сүре алмайтынынан әлі де сол елдерден алатын үлгіміздің шексіздігін ескертеді. Сондықтан негізінен керісінше сөзі, қылығы азған елдерді жаратқанның маймылға айналдырғаны сияқты қазақтың бар сөз өнерінің білімін маймылыдық «ым-дым» түсінігіне ширата білген атақты 12-ғұлама қол қойған осы кітапты жастарымызды болашақ ел басқару саясатына әзірлеп жатқан түрі бар. Ғ.Есім мырзаның ойлап тапқан жаңа бағыты «Әлеуметтік сала саясатын» кітапта; «Мысалы әлеуметтік өмір, адамзат баласының рухани-интелектуалдық өмірі (дін ерекшелігі), мәдениетің рухани мұрасы болып табылады. Осылайша адамзат әлемдегі өз болмысының жаңа тірегіне, жаңа инстанциясына ие, болды...Табыс көбіне адамның өзін рынокта қаншалықты жақсы сата алуына, оның «қорабының» (сырқы бейнесінің, жалаңаш тән сипатының) қаншалықты тартымдылығына, қандай клубқа (сектаға, ұйымға, хиттарға) жататынына, керек адамдармен ( басшылармен, заңгерлермен, продюсер, жұлдыздармен) таныстылығына байланысты. Адам өзінің өмірі мен бақыты туралы ойланбайды, қалай өтімді тауарға айналуын ойлайды. Ұтымды тауар сияқты адам да тұлға (жетілген адам) рыногында сәнді болуы тиіс! Ал сәнді болуы үшін тұлғаның (пайғамбарлық қасиеттің)қандай түрінің сұранысқа ие екендігі білуі тиіс. Мұндай үлгілер картинасын жарнама, газеттер, журналдар, кино, теледидар, радио береді. Қазіргі адам өзінің базардағы сатушы ретінде де, тауар (құлдықта, жезөкшелікте, рухани еріксіз)ретінде де қабылдағандықтан, оның өзін-өзі бағалауы өзінен тыс жағдайларға тәуелді. (Сырттан келген қалталы келімсектерді меңзеген) Егер ол үлгеріп қалса-құны бар, ал ондай болмаса-құнынан айрылады. Ол өзінің күш-жігерімен бірегей емес, өйткені оның қадеге асу кезіндегі өзін-өзі көрсетуі емес, сатылу кезіндегі табысы маңыздырақ. Ойлаудың мұндай типі қазіргі білім беру жүйесінде де өзінің терең ықпалын тигізеді. Оқытудың мақсаты ең алдымен нарық үшін пайдалы ақпартты барынша көп жинауға (сапасы да, мазмұны, бағыты маңызды емес көрінеді) келіп тіреледі. Студенттерге өте көп нәрсені білу керек, тіпті олардың ойлануға да күші мен уақыты жетпей қалады...» (157-ші, 301-ші беттер) Біріншіден жалпы әлем дініне, Құдайға қарсылық, екіншіден Абай-Шәкәрім, Фараби философиялық пайымдауына қазақ дәстүріне мүлде жат, талғамай алып, таңдамай жұтып рухани ауруға, елес ауруына, азғындыққа апарар жол. Үшіншіден бұл саясат өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің ойшыл қауымның жастарымызға берген үндеу ақылы яғни әлеуметтік саясатымыз егемендікпен бірге басталып, қазіргі жастарымыздың енді мәдениет саласында жасап жатқан лаңының бейнесін Абай атамыздың «Мақсұт» әңгімесіндегі көктен жауған улы жаңбырды ішкен елдің, дүние мастардың жынды биіне ұқсайды. Қандай әулиелік! Өздерінше талпынып ізденген жастардың сәл мүлт кеткен қадамын аңдып, қудалап, мәдениет орындарынан аластап тынып едік енді тағы қиялға негізделген саясат тағы бой көрсете бастады. «Бір ұлт-бір дін»- дегеніміз егер дүнетанымдық философиялық ұстанымызға сүйенсек, ұлтымыз қазақстандық болу керек болса, онда қандай дінді зорлықпен қабылдату ойларында бар ел басшыларының? Егер қазіргі негізгі қандық тұрақты этносты (нәсілді-47) ұлт деп алсақ онда қазақ ұлты ішінде, елінде, тілінде негізінен 9-діни ағым болып, тағы 38-секта жұмыс істеуі керек. Ал ұлт дегенді тілмен өлшесек 120-дан астам діни ұйым жұмыс істеуі керек екен. Егер тек ислам діні ғана деп арап түсінігімен қабылдасақ онда тағы «Өзің комсомолсың неге талқан жейсің?» деп атып тастайтын, болмаса жарып тастайтын, қазіргі арап елдерінің ұстанған дағдарыстық «нигилизм» және «кинизм» дін саясатына қайта оралу керек. Онсыз да елімізде жаратқанның адамзатқа түсірген несібелерін халал, арам деп енді ағайын арасындағы жасырын соғысқа келіп тірелдік. «Хиджап»деген сөзді сол қалпымен алып, оның алты райлық (уақтық) ерекшелігімен жалпы бүркеніш, болып; орамал, жаулық, бөкебай, киімшек, жамылғы т.б жасына қадіріне қарай киетін әйел киімдерін бет жабатын паражы ұғымына айырбастап, елді дүрліктіріп, ел басының да миын ашытуға себеп болған діншілерге тәйт дейтін қожаларымыздың, шешен, ділмар, сәуегей, би, хан, сұлтан, абыздарымыздың «философ» атын жамылған қой терісін жамылып халықтың ақыл-ойына (қойына) шапқан қасқырларға ұқсайды. Осылай кете берсек, орысша не болмаса арап тілімен сөзімізді шұбарлап, үнімізді жоғалтып, миымыз ашып, қанымыз сұйылып, ділі жоқ қазақстандық бір ұлтқа айналуымыз сөзсіз. «Аруақ» сөзінің ғылыми мәні бүкіл философтардың және киелі кітаптарда астарлы сөздермен беріліп оны психология, философия кітаптарына ойшылдардың растығын дәлелдеп жазғанына қарамастан, қазақ дін танытушыларының ғалымдары зертеп оқымақ түгіл халықтың жадынан шығаруға соғыс ашқанына бүкіл халық куә. Демек осындай халықтың сенім артып екі шылбырын (рух-жан) берген даналары, абыздары өздері жазғандарын өздері оқып, түсініп жарытпайды да біздермен қара халықпен салыстырмалы түрде ғана өздерін жақсы атайды. Бұндай ойшылдықтың ойынға айналған көрнісі қарапайым астарлы сөздермен құран астарлы ұғымдарын түсінуден алыстап кетіп бара жатқанымызды көптеген қазақтың жоғарғы мәдениет ошағының, басылымдарының кейбір жетекшіліктерінің аузынан естігеніңде қаралай жағаңды ұсайтын уақыттарың болады. Аз ғана мысал бере кетсек; Бір тіл жанашыры басылымның сондай жетекшісі алдына 3 жыл бұрын «Ат аттатырып сүйек сындырмайық ағайын.» деген мақаламды танысыңдар, ішіне қысқартып керегі болса өздеріңнің аттарыңнан да жариялап көріңіздер деп ұсынғанда ; Бұл мақаламен кімге қарсысың?-деп сұрады. Мен;-Жалпы қазақ салт-дәстүрлі дініне, тіліне қайшы істердің бәріне қарсымын дедім. Ол; -Мешітегілерге де ме?-деп сұрады. –Иә, олларға да,-деп жауап бердім. Сонда ол онда маған; -Осыныңды бір сөзбен түсіндірші?-деді. Мен «Әлиф лам мим» деп жауап бергім келіп, бірақ ол да үш сөзден тұратынын ескеріп, оған түсіндіре алмайтынымды, дауласқаннан пайда жоғын біліп; -Болашақта құдай қаласа халық алдына әйтеуір шығармын да –Халықтың тіл жанашырының жетекшісі тілін жұтып қойыпты –дегенді айтармын-дедім. Артынан тылсымнан аруақтан ескерту алып, ондай пенделердің алдына барудан қашатын болдым. Жақында шәкіртіммен беріп жіберген мақалама сондай «Мәдениет» басылымның Исабеков деген жетекші, сөз тәлімгерінің; -«Жаннат әйелдің аяғының астында» -деп жазған ұстазың құранды бұрмаламасын»-деп жазбамды оқудан да бас тартыпты. Астапыралла!.. Осындай пікірлерді сөз басшыларынан, қазақ тілінің тәлімгерлерінен естігенде жағаңды ұстамақа не амал бар? Құдайдың несібесін артығымен беріп, дәрежесімен сыналып жатқан құлдары, аяқтарыңның астына қарап, жер анаңнан яғни жанаттан пайда болғандарыңды ұмытпай; Шәкәрім атамыздың тек «Тіршілік жан туралы» ғана өлеңімен, Абай аталарыңның 27-ші сөзімен, 38-ші сөзін ғана біліп түсіне алсаңдар қарапайым шаруа баққан қазақ сіздерді әзірше өз орындарыңа, тақтарыңа лайық деп есептеп, болмаса ауылға келіп, табиғатпен жаратылысты зерттеп, оймен тілді, сөзді баққаннан, қой баққандарыңыз абзал, құдай алдында ақталуға да дұрыс болар еді демекпіз. Осындай күнәнің, азғындықтардың үстем болып құндылықтардың, қасиеттердің теріске шығарғанын «Құдай өлді!» деп жариялаған неміс философы Ф. Ницше. Құдайда, аруақ та мәңгі тірі; «Философия», сөз ұғатын даналық өлді қазақта! Сонан жан сыры (психоллгия) бақсыларымызбен, әулиелерімізбен бірге көмілді. Ғиса пайғамбардан ескерту; «Бауырластарым менің, бәрің бірдей ұстаз болуға ұмтылмаңдар! Иеміздің бізге, тәлім беретін ұзтаздарға, басқалардан гөрі қатаңырақ төрелік айтатынын білесіңдер. Бәрімізде көп қате жібереміз. Ал кім сөзінде қате жібермесе, сол денесін тұтастай меңгере алатын жетілген адам... тіл де дененің кішігірім мүшесі бола тұра, ғаламат нәрселермен мақтанады. От ұшқыны қанша майда болса да, қалың орманды өртеп жібере алады.! Тіл де от іспетті, әділетсіздік тудырғыш. Дене мүшелерінің арасында орналасқан ол бүкіл денемізді арамдап, өзі тозақ отынан тұтанып, бар өмірімізді де өртеп құрта алады.» (Жақып; 3-тарау) Бұрынғы замандарда аталарымыз өз руластарына өкпелеп, парсылар жаққа көшіп бара жатқан керейдің бір ауылына «Керей қайда барасың? Қызыл бастан қыз алсаң үн жоғалар, Үн жоғалса көкіректен сөз жоғалар!»-деп кейін қайтарған екен. Діннің, құранның әйел затында Шәкәрім атамыз жырлағандай; «Бәйшешек бақшасы» болып гүлденіп өнімін беріп, діл үннің әйел сүтімен келіп көкіректе ұясы болатынын, кеуде өлшемі мен бөксе өлшеміне; «келінің аяғына», «табанына» қатыстылығын, мөлшерін анықтауды діл заңдылығын меңгерген құйрықпен, бауырды қосып жеген аталарымыз бағзы замандарда біліпті. Жаннаттық болғың келсе өзіңдегі жерлік 19-ңа аруағыңнан 7-ні алып, жердің саны 26-ға айналдырып, қанға қосып, қан буымен жұбайың арқылы жеріңді өртеп атыңды жарыққа шығар. «Атың шықпаса жеріңді өрте!» деген астарлап, сауатсыз болған аталарымыз. Ондай сөзге тоқтап, ұялатын ел басқарған «Бөрікті Бас» қайда? Бастары барлардың бөркі болмай, жалаңбас, жалаңаш тақымы, қолы арамданған қатындарынан төсекпен де, тамақпен де алған сары сулары мен улары миға шауып, шатыры кетіп милары ашыған заман болды. Тілмен сөзді тауып, сөз бен ойдың бірлігін, дінін қалыптастыруға бұйырған ойшылдарымыз; «Мұндай жағдайда діни сұрақтарға жауаптар сенімге негізделуі мүмкін, өйткені Құдайдың өмір сүретінін біз дәлелдей де, теріске шығара да алмаймыз. Бірақ біздің сенуімізде мүмкін немесе сенбеуімізде мүмкін.» ( философия 48-бет) Дінге яғни тілмен сөздің ағайындығына, қанмыздың туысқандағы мен ана тілінің ділінің тазалығына біздің ойшылдығымыздың қатысы жоқ дейді сөзді ұқтыратын даналарымыз. Олай болса қазақта философия білімі бар болғанымен оны меңгерген философта жоқ деген ұғымды өздері де мақұлдап, мойындап және дәлелдеп отырған жоқ па? Енді бұл кітаптағы ақпарлар қазақ ойшылдарының сөзі емес, тек әлемдердің философия тарихы деп уәж келтірсеңіз онда құлақ салыңыз. Болмыстың жаңа стратегиясы яғни жаңа дініміз, тылсыммен қатынасымызды; «Сұхбатта (пікір таласы, мәдениет ақпарлары), коммуникацияда қатаң ғылыми, легитимді бекітілген гносеологиялық тұрғыда Ақиқаттың ашылуы маңызды емес, ал «Мен» және «Өзгенің» (мейлі арап, мейлі европалық, үнділік т.б) «әр түрлі жорамалдарды» тыңдау маңызды. Күнделіктің ойлау аурасына (бүгін ғана жақсы болу), тіршілік аурасына бет бұру болмыстың постмодеринистік стратегиясына тән сипат болып табылады... Әрбір мәтін (текст, аят) әр түрлі түсіндірілуі мүмкін, мәтінді түсіндірудің міндеті оның мәнін ашуда (ғылымын білуде) емес, кеңейтуде. (жатап алуда)» (171-бет) Бұндай сөз мағынасын толық аудармай тек сол қалпында пайдаланып және сол арқылы адам баласының жадын өсіру әдісі европа, үнділерде қара магияның, исламда түрлі арапша дұғалармен, мұсылман қорғандарымен және құранды талғамай жаттату арқылы теріс сандармен бойын толтырып, жүрек көздері жабылып, сонан ойлану еркіндігі шектелген, санасы жабылған, басқаруға оңай, мәңгүт өзінше пайымдауға есі жетпейтін, айдағанға көніп, айтқанға оңай көнетін, пенденің рухын өлтіріп, сөзбен сиқырлаудың тәсіл-амалдарына жатады. Студент, мұндай мың құбылған ойдың сиқырынан миын ашытпай баға алу үшін амал жоқ жатап алып жадына тоқып алады. Ібілістің негізгі мақсаты да осы. Толған ақпараттардың арасына түсініксіз сөз арқылы өз ұрығын, ұғымын (вирус) егуінде. Ондай еріксіздіктің, мәжбүрлену ықпалымен кірген ақпараттар енді тек өзіне тән ғана сөздерге, қылықтарға нәпсі көзін ашып қызықтырып қояды. Адам баласы әсіресе қырыққа келгенше ақыл толатын ерлердің санасында мағынасын ұқпай, құр жаттау түрінде сақталған мәтіндер, рухтың өсуіне байланысты өзін бой көрсетіп, адам санасын өз бағытына бұрып әкетеді. Сондай түсініксіз ұғымдарды босқа жаттаған жастардың, өсе келе аяқ астынан бүлікші немесе қылмыс әлеміне өтіп кетуі де сырттан дәстүріне сәйкес келмейтін, теріс білімді беру арқылы сол мемлекетті жаулап алу, жер бетінен жойып жіберу әдістерін қазіргі заманда өте жетік меңгергендер ел басқару, ақпарат тарату, әсіресе діншілер арасында жеткілікті. Сырттан салады, шайтан болып іштен өсіп шығады дегеніміздің дәлелі өзіміздің діни кітапатарымызда, оқулықтарымызда, мәдени ақпараттарымызда жағдайларын жасап қойғанбыз. Болмаса өзге елге сапарға апарып, киелі қауіпті жерлерінен ұлтқа жат ақпараттарды ниеттендіріп табанымен еріксіз алдыртып, 40-қа толмай қажы атандырып, жасы келгендеріміз жалаң аяқ, жалаң бас діннен өкшесіне, алғашқы даму сатыларына кері кейін қайтып, шайтанның қызметіне тұрады. Қажылық адам баласының еріп, сүйретіліп жүретін, 40-тан асқанша ақылмен өсетін, бой көлеңкесін (дене киімін) кестіру, қазақша піштіріп сүндеттеу. Сондықтан оның өсімінің жеті өлшемі бір рет кесуі болады. Енді қазір ақылы пісіп, жасы қырыққа толмақ түгіл түгіл, бір-екі мұсылмандық парыз орындатып, бойын қысқартып, ойын, нәпсісін кестіріп келіп, рухани әтек қажыларды дайындауға мемлекетіміз болып көмек беріп жатырмыз. Көп жастарымыз діншілеріміз сөз түсіну пәлсәпәсы болмағасын сақал қойып, мұртын алып тастап; сезімім жоқ «әтекпін» деген, тек мұрын арқылы искеп ләзатанушы, мұртым ластанбасын деп алып тастағанмын, етектің иісімен қоректенемін, «текемін»,- деп ұятсыз қылықты жарнамалап кетті. Жаратушымыз адамзатқа бар үлгіні табиғат жаратылыс егелері арқылы көрсетіп қойған. Дәретін үзбейтін, тазалықты жақсы көретін, сезімін жетілдіруші пенденің мысық сияқты мұрты болады. Иістен тазарушы деген белгі. Сондықтан алда үкіметіміз болып мақтап, қаржы бөліп таратып жатқан «Дін мен діл», «Ислам ғалымхалы» т.б кітаптардың ішінде Шәкәрім атамыз ескерткендей адам аулайтын аюдың тұзақтарының қалай құрылғанын «философиялық», «психологиялық» (жан-сыры) оқулықтарының, «тиеолгиялық» (өркениеттік) қателіктерін алда нақты дәлелдермен жазып көрсетуге тура келеді. Бірақ бұл талабымызда өкінішке орай ел басқаратын, мәдениет, дін саласындағы ойшылдарға түсініксіз болады ма деп қауіптенемін де мүмкіндігінше қысқа ғана мысалдармен, үлгілермен ғана шектелуге тура келеді. Оған себеп ел басқарған ойшылдарымыз, психолог, баспасөз, дін саласындағы түрлі сөз мамандарымыздың жүректері жабылып, құлақтары созылып сөзден ұялу яғни құдайдан қорқу қабілеттері өлген. Оған дәлел құран тиелогиясынан аз ғана құпия ақпарттармен 2006 жылы аз ғана данамен жарыққа шыққан «Ақиқат бастауы» кітабымды талай ғұламаларға апарып және сол жылы қыркүйек айының ортасында Ғ. Есім мырзаның өзіне де арнаулы апарып, ата жолының мақсатымен, ғылымдық негізін талқалауға уәдесін бергенімен осы уақытқа дейін бірде-бір ойшылдар мен тиелогтардың ешқайсысынан ләм-мим деген жауап болмады. Яғни олар әлде түсінбеді немесе мені бір жынды атады. Тек бір атақты ғалым ғана екі ай мен күн бар деп, туысқаның «қуып кетіпті» деп бір таныстан сәлем айтқан екен оған да көп рахмет, бірақ Абайын жынды атаған ғалымның кім екенін, болашақта кім болатынын құдайдың өзіне ғана тапсырайық. Абай атамызда; «...Екі ай мен күннен артық мағлұм тұрған жоқ па?»(38-сөз) деп сол ғылым толық дамымаған уақытта екі ай, екі күнің бар екенін біліпті. Болашақта батыстанда екінші күннің белгісі көрінгенде және айдың екінші жұбы анықталғанда қазақ халқының өзінде бар қазынаны өзгенің тозған біліміне кімдердің айырбастап азғырғанын білетін де күн туар. Сол сияқты көптеген мақалаларымды, жазбаларымды жоғары лауызымды ойшылдарға, дін басшыларының алдына жеткізіп таныстырғанмен 7-8 жыл ішінде бір де бір жауап та немесе арнаулы қарсылық та болмады. Демек ғалымдарымыз, діншілеріміз сөзден ұяла білмейді немесе аталы сөзді танудан әдейі бас тартады. Егерде қазақтың білім беру саласында «Тіл және философия» мектебі өз дәрежесінде міндетін атқарып, пікір таластардың, сынның, ақыл-ойдың дұрыс саясаты қалыптастырып, барлық білім, саясат саласындағы сөзді қолдану шешендік өнердің қадағалаушы, қалыптастырушысы болып, өз орнын таба білгенде, надан діншілермен, шалағай саясатшылардың бүгінгі таңдағыдай бүлігіне ұшырап, еліміз мұндай діліміздің азып, жасымыздың қысқарып, жастарымыздың мәңгүтенуіне жол бермес еді. Қарапайым ғана сауатсыз аталған дала философтары аталармыздың ғана меңгергеніндей, астарлы сөз құпясын білген мамандарымыз ел бастарында отырған болса және философиялық даналықтан, абыз бабаларымыздың дайындап беріп кеткен жан ғылымының дайын құндылықтарынан, заман біліміне сай ала арқанды өре білген ғалымдарымыз болған жағдайда, Халифа Алтай аудармасының құндылығының әлемде теңдесі жоқ екенін түсініп, бұндай халыққа келген надандыққа тосқауыл болатын, халықтың ойын бір бағытқа бағытайтын, үгіт алатын бір кітабына айналып және Бақара сүресінің 224-ші аятының жоқ екенін, екі онжылдан бері түзетіп, бүкіл қазақтың дорбаға салып ілетін кітабы емес, басына жастап жатып оқитын бір кітабына айналған болар еді деген арман ғана бар. Ондай жағдайда ілім іздеген білімділеріңмізбен, білім іздеген жастарымыздың құран үгітін ақылға теріс зиянына алған ата жолына қарсылық әрекеттерімен, кейбір жастарымыздың өзіне-өзі қол жұмсап, бүлік шығаруы да болмаста еді. Таураттықтарда кезінде кітаптың бір таңбасын кім өзгертсе немесе қалдырып қойса өлім жазасына кескен екен. Халқының ортақ оқитын қасиетті кітабын сақтап, қорғай білмеген қандай мәдениет, қандай дін, қандай философия мектебіміз бар деп мақтанамыз? Құранды тек қазақша үгітін түсініп оқығанда ғана ескі күнәнің өлетінін, таза рухтың тіріліп сананың ашылып, ақыл көкжиегінің кеңіп, түс түзеліп және ата салт-дәстүрімен, ана тілі мен сөзді түзеу арқылы ғана сананың, жүрек көздерінің ашылып, дін рәсімдерін толық таза орындау арқылы ғана құран аяттарынан ем шипа, рахмет түсіп ақыл азбауға кепілдік болатынын түсіндірмек болып 4-5 жылдан бері баспасөз, ақпарат орындарының есігін қағып мазалағанмен ештеме шықпағасын, енді құранның бір аятын тауып беріңдер деп жар салғанмен халықтан ұялуды былай қойғанда, Құдайдан шын қорқатын жазғыштарды да, әкім қараны да, дін ғалымдарын да көре алмадым. Қайта муфтият дін басшысының орынбасары ұялмақ түгіл; құранда тек араптар біледі, қазақтың намысын неге қорғайсың- деп желкемнен түйіп, бөлмесінен қарауылдарымен жабылып айдап шықты. Оған түк көрмегендей әйгілі дін ғалымы арашалауға, бір сөз айтуға да ерініп қасымнан өте шықты. Бұл қазақ дінінің бауырмалдығының, масһаб ұстануының жеткен жетістігі, дін айнасы және сенім артқан діншілерінің өзінің Алланың азабына ұшырай бастағаннының көрнісі. «Құранды теріске алғандарға ашу, ыза, азап берем» деген аяттың діншілер арасында болашақта үкімі орындала бастайды деген жаратқаннан белгі деп түсінгеніміз және оларды осы зұлымдықтарынан құтқаруға қам жасайтын уақыт туды. Ал білімді, сауатты аталған сөз майданына шыққан шығармашыл қазақ баласы, егер Абай- Шәкәрім философиясын түсінсе әлемдегі ең толық дінді түсіндірген жан ғылымының Ясауи бабамыздан кейінгі теңдесі жоқ философиясы мен тиеологиясы екенін тәпсірлесе діншілеріміз де, оқыған жастарымызда үкімет орындағы әкім қаралардың да ойлары азып, секталарға, діннің бөлшектенуіне жол бермейтін жарғылар шығарып, ата дініміздің іргетасын қалағанымен келістіре алмай жатқан қарапайым халықты жабылып, көшіміздің қисайған жүгін түзеп, сонда қазақ ата-салт дәстүрінің әлем діндері алдында салтанат құрары сөзсіз еді. Дінді білмейтін надан жазғыштарға; «Сендерден біреулеріңе өлім келіп: «Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам» деуден өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар.» (63-10) «Шын мәнінде малдарың, баларың бір сынақ. Әмірлерін (уахи, аян, түс, жол-жоба) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар (жорып іс қылыңдар) Сондай-ақ тиісті орындарға (киелі жерлерге зияраттап) мал жұмсаңдар (құрбан шалыңдар); сендер үшін қайырлы болсын. Кім нәпсінің сараңдығынан (дүние кеміп қалады деп қорқудан, хайыр жасаудан бас тарту) сақсынса, міне солар құтылушылар.» (64-16) Баларыңмен, малдарыңды сынақтан аман алып қалу үшін зират жасаңдар деп ескерткен Раббымыздың әмірін мазаққа айналдырып, казиноға ақша жұмсағаннан бетер байбалам салған елді теріс жолға сараңдыққа, дүниенің құлы болуға азғырған, ақпарат майталмандарын кім айдап салып отыр? Асылып өлген жастардың ата-анасының құрбандықтың қарызын өтеуге шақырған түсті, аянды, уахиды тыңдамағасын «Шақырғанға зар болып, асылынан айрылып жатқанын» кім түсіндіреді? Әлде осылай жастарымыздың сайтандардың азғыруының құрбаны болу ел басқарушыларына, діншілерге тиімді ме? Халықтың басын қосып ақталуға, тәубаға келіп өлімін кешіктіруге, ел тілегін көк есіктеріне жинастыруға шақырғандарды байып жатыр,- деп байбалам салып, тәңіріні әлсіретіп жатыр деп үркіту, ашық дәлелді, хикметті істерді және Алла ғылымын жалғанға шығару ібілістің лаңы екенін кім түсіндіреді? Тілші жазғыштардың, имамдардың сондай аққу , сұңқарлардың, емшілірдің жақсылыққа шақырғанын баюдың амалы деп құранның атын жамылып елді азғырудың өзі; «Жер жыртып жүрген өгіздің аузын бума!»- деген Мұса пайғамбар өсиетін мазаққа айналдырып және қазақтың дәстүрлі дінін мазақтағаны деп түсіну керек. Қазақтың діні-жаны, ата салт-дәстүрін толық меңгеру арқылы ғана салтанат құрары сөзсіз. Оған енді көместі зертеп, ақ –қарасын ажыратып бағасын беруді тегіне тартқан, көк жиекті (түс,аян, уахи) көре білетін ақын, жазушы қарапайым қазақ ағайындарымыздан ғана күтеміз. Тегімізді сақтау үшінде ата дәстүрлік ұлтық ойлау мәдениеті болу керек. Ондай жағдай тек зираттап, ата-баба рухын үнемі қадірлеп, ұлттық амалдарын ұдайы үзбей орындағанда ғана мүмкін болмақ. Керісінше ұлттық арқауымызды үзу үшін «даналарымыз», ойшылдарымыз болашақтың бағытын діндік ұстанымыздың, ұлтық саясатына өз пікірін білдіріп кетіпті; «
Достарыңызбен бөлісу: |