Шариғат төртеуді түгелдеу; Қысқаша шариғаттың есептік мәніне тоқтала кетейік. «Нұр» сүресі адам баласының тағдырына ана құрсағында үрленген төрт сөздің нәтижеленуі болып 20х4=80 санымен құпияланған кітап болып табылады. 4-тағдыр сөзі, ал 20-тәңірлік қуаттың көрнісі Абай атамыз ескерткен; «Екі сөзбен адамды тәңір атқан» немесе «Екі асылдың сынығы едің» дегендей ана қанымен әке шауқатының дәрежесі болып табылады. Енді әрбір адам баласында Алланың нұры болып, сол нұрдың әрбір сүреден өзіне тән жақысы жаманды аяттан жазулары болады. Адам баласының 24-жасқа дейінгі тәрбиесі дұрыс болса сүредер ішіндегі аяттарының да орындарын ауыстырылып, 25-жасқа жеткенше өз шамасына қарай «бірі» яғни иманы қалыптасу керек. Ол туралы құранда 12-сүре 76 аятта «...Сондай-ақ әр ілім иесі үстінде бір білуші бар.» деп ескерткен. Ілімнен екі несібе 12-сүремен байланысты яғни түс көру дережесімен екі-игіліктің «Бақ қарасын қыдыр дарысын» дегендей белгісін алуды ескерткен. Оны Абай-Шәкәрім аталарымыз; «Ақыл құсы аспанда шарықтаса» деп немесе «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», Бүркіт, қарға, күйкентай, әтеш, бұлбұл т.б көптеген құстармен ақылдың адам баласындағы сипаттарын суреттесе, Ғиса пайғамбарымыз «Бес торғайды екі теңгеге сатып алмайсыңдар ма?» деп астарлап ескерткен. Екі теңге адам баласындағы екі мені яғни екі ілімнің (қадым, құс ілімі) нәтижеленуімен 25 санын ескерткен. Алланың 8-сипаттық құдіретіне байланысты шариғаттыңда 8-түрі болып 9-түрлі кісілік қасиеттермен немесе 9-түрлі бұзықтыққа тиыммен мұсылман үмметінің; 8х9= 72-топтық сипаттардан, қылықтардан тұруы осы негізді білдіреді. Енді әрбір үмметтерге келген пайғамбарларға байланысты шариғат істері де алуан түрлі кітаптардан оқылады. Араптар үшін 43-ші кітап; 43-24=19 кітап негізінде інжілмен байланысты «мұсылмандық» шариғаттары қалыптасса, қазақ елі үшін 47-24=23 тәураттық негіз «мүміндікті» меңгеру болып табылады. Бұл жалпы халықтық ортақ ерекшеліктері ғана. Ал ішкі сыры күрделі болып 25-саны масһабымыз әрбір үмметтің ата заңы болып табылады. Арап елі ата заңын шариғаттан 24-тен негіз қылып алып сонымен тіршілік істерін жүргізсе, ал қазақ елі үшін бұл заңдылық мүлде жарамсыз. 24-сан құран ғылымы бойынша бастағы төрт сезім мүшесін; көру, есту, иісті сезіп, тілдегі дәм сезімін мен еріндегі сөз нәрін қалыптастыру, жетілдірумен байланысты. Ал 25 саны жалпы ойлау қасиетін яғни ми жұмыстары мен, төбедегі еңбек үсті шырыш қабықтаын жетілдірумен байланысты. Ал бас өзінше жетілмейді сондықтан тәнге берілетін барлық азықтармен, рухтың, қоршаған ортаның әсері және ұлтық, салтық ерекшелік әдет-ғұрыптарымызға шежіремізге, тарихымызға тікелей тәуелді болмақ. «Жақсы әйел жаман ерекектің басын, төрге шығарып ханзада қылар» деген мақалға жүгінсек неке тазалығымен, әйел затының қанына, жыныстық тазалық қуатына, қылығына еркектің басының жетілуі тәуелді болады. Олай болса ана тілінің тазалығы мен сөз байлығының, рухани азықтарының қазынасы- тарихатының қазақ шариғатына масхабының, михрабының 25-нің жетілуіне тікелей әсері бар. «Бас жоғары жаралған, мойы төмен, Қарашы дене біткен ретіменен. Істің басы-ретін танымақтық, Иман білмес тағатты қабыл демен.» Мойын әйел затынан келетін 13-түрлі қасиеттік қуатпен бекиді. Сол 13-ті қалай қанымызға сіңіруді көрсеткен Ясауи бабамыздың қалыптастырған ілімнің тарихат, мағрипат, ақиқат сатыларынан өткен қанымызда жазылған «Фурқанымыз» да «Нұр» сүресін толық меңгеріп пайғамбарымыз ескерткен 46-шы кітапты толықтай алып, ендігі масхабымыз 25+46=71-ші кітабпен, шариғатымыз да, масхабымызда ата заңымызда қалыптасу керек. 70-ші кітап Сани дәптерден оқылса, енді қайта «Бірімізді» толықтыруымыз керек. Ол үшін 24-тен оңға 24+23=47-ші кітап пайғамбар шапағатымен, 24+25=48-ші кітап Алла жолында соғысу мен ашық жеңістерге жетуді меңгеру үшін тағы оңға 24+21=45-ші кітапты өзіміздегі белгілерді, жер, су «Ғайып ерен қырық шілтенімізбен» қайта жалғануымыз керек. Сонда 46-шы кітабымыз «Алтауда араздастырмау» қағидасын меңгеру арқылы, ғылым-білімізбен, философия, психология жетістіктерімізбен саралап, тазарту арқылы 71-ші кітабымызды шамамызға қарай ала бастасақ сана-сезіміміз уақыт, заман талабымен ұштасып әлем алдындағы рухани бай, ден саулығы мықты, бақытты елдердің көшін бастайтынымыз сөзсіз. Шариғатта, масһабта керек. Онсыз діри рәсімдерді орындау ақылға да симайды. Бірақ қазіргі таңдағы жырым-жырым сауатсыз тәпсірлерден және надандық дәуірлердегі салтты түзеуге арналған шариғат емес тарих тезінен, сынынан өтіп әулие-әмбилеріміздің сөздерімен, істерімен бекіген шариғатымызды қайта сұрыптап қалыптастыратын ата заңымыздың «зайырлығын» түзеткен ақылға да, ар-ұят, парасатылығымызға лайық болар еді. Осы кемшіліктерді түзету үшін жаратқанан үкіммен кітабымыз ашылып, арамыздан елші тағайындалып, 21-жұлдызбен Айша анамыздың жалауы «Ұжданымыз, Ынсабымыз» 25-ші кітаптан тылсымнан хабар келіп, ұл, қыздарымыздың жүректерін ашу арқылы 21-ші кітап оқыла бастап еді, қазақтың шайтан адамдарының көмегімен, қалған төртті түгелдейтін 24-ші кітапты меңгеруге жәрдем беріп кемшілік, қателіктерін жабылып түзеудің орнына керісінше сайтанға айналып ши жүгірткен қылығымыз; Абай атамыздың 24-ші сөзі шариғатымыздың жағдайын; «Әй, не болсын! Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай таба ала ма?» Жүз қарамызды яғни малымызды бағатын шопандарымызды арапқа немесе, соларға табынған қазаққа бақтырып, екі жүзін татуластыратын кісісін өзге елден іздеген, алтауын жалғанға шығарып, артынан иттерін қосып, аулынан қуған әпенді дінші мен ғалымдардың еңбектерін, пәтуаларын Абай-Шәкәрім, әулиелеріміздің аманаттарымен салыстыра отыра, құран аяттарына мәсһабтық ұстаныммен жүздеген аяттарға серік қосып, жолпы дінге ортақ қосушы залымдар екенін дәлелденетін күннің де туатынын төбедегі, «бір» мен бөркіңіздей көріңіз егер бар болса, болмаса жоқ! Онда «Өзің үлкен қылығың бала-шаға мәз боп жүрсің бір күндік тамашаға».
Масһабшылар қателіктері және ата дәстүрі.
«Ең бастысы, Құран сөздерінің оқыған адамды жалықтырмауында. Мысалы, аударманы бірнеше рет оқыған адам жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін оқыған адам түсінбесе де ерекше рухани ләзат алады...» «Хадистердің бір мәселеде әр түрлі көзқарастарға себеп болуы, араб тілінің өте ерекше тіл құрлымына ие болуында. Мысалы, бір сөз араб тілінде әр түрлі қалыпта оқылғандықтан, мағыналары да оқылған формаға сай өзгеріп отыруына байланысты ғұламалар бір сөзден әр түрлі үкімдер шығарған.» (Ислам ғалымхалі. 27-бет) «Сондықтан кейбір сөздің «сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндайын деп тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны аудармада беру мүлдем мүмкін емес.» (121-бет) ... күнә жасау мен Аллаһ Тағаламен сөз таластыру арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бірі- күнә, бірі- күпір.» (И. Ғ. 41-бет) Муфтият дін ғалымдары және көптеген теолог ғалымдардыңда құран түгіл хадисті сауатты аудару қиын жауапты шаруа және көп еңбек етуді қажет ететінін мойындайды да сондықтан бұл ғылыми деректі өздерінің атақ беделіне астыртын пайдалану үшін құранды, хадистерді тек арап тілін білген адам ғана меңгеріп қалған халық солардың айтқанымен жүріп айдағанына көніп құдайындай имамдармен, дін ғалымдарына сенім келтіруді ислам әлемінің ең бір ақылға қақпан құрған хайуандық, адам аулайтын әрекетері болып табылады. Сондықтан құранды түсінбей жаттап алған және арап харіптерімен жүргізіп оқыған молда қандай да ғалымнан да жоғары тұру керек. Әлемдегі болып жатқан бүлікшілік әрекеттер мен өзіне қол жұмсау және ағайынын намаз оқымаса кәпір санап, «намазхан» яғни «тақуалық» жастардың бояма мақтанына айналып, ақыл-ой және ғалымдардың беделдерінің құндылығын түсіруге ат салысып жатақан мысалынан жоғарыда үзіндіні келтіріп кеттім. Абай атамыз; «Жатқа ал, ақырында босқа қал!» «Жұртың бәрі сөз сатқан, Сатып алып не керек? Екі сөзді Тәңір атқан- Шыр айналған дөңгелек» Екі сөз атаның шауқаты мен ананың қаны бірі аманат, екіншісі уәдеден адам баласы өмірге келеді сол екі сөз 20-санына дәрежелену үшін ана тілі мен ата баба аманатын сөзін, дәстүрін ұстанбаса тәңірдің ататынын ескерткен. « Кітапты молда теріс оқыр дағарадай болып сәлдесі. Малқұмар көңілі бек соқыр, Бүркіттен кем бе жем жесі?» Құранды ләзат үшін теріс оқығаннан ақыл құсы бүркітке айналып, тек өзінің нәпсісі үшін жұртың ақыл құсымен азықтанатынын ескерткен. Жас кезімізде үлкендер ұрысқанда; «Тауықтың миындай миың бар ма?» деуші еді. Енді жастарымызда торғайдың миындай ми пайда болса мешітке құтпаға жинап алған молдамыз бүркітін «ширик, серік» деп шақырып алады да қазақтың дәстүрін, дінін жоққа шығарып ақыл құсын аулап, жоғарыдағыдай бес сезімнің тұзағына түсіреді. Және бұл әрбір жұмада, көгілдір терезеден, басылымдардан және осындай кітаптардың ішіне байқатпай екі жүзді пікірлерді тықпалап, жетілмеген көк құрақ санасына теріс ақпарат алған жастарымыз жапай мәңгүтке айналдырып, енді жемісін көре бастадық. Демек муфтиятымыз біздердің жек көріп заңмен қудалаған діни ұйымдардың міндетін жеке өздері байқатпай атқаруды жөн көреді. Енді үкімет басшыларымыздың, ойшыл саясатшылырымыздың ақыл құстары тек боқ дүниені іздеумен қарғаға, сауысқанға айналып, жаратқаннан түсірген халықтың ірімшігін рухани азығын сыртан келген, ақылын, сөзін сатқан қу түлкілерге үлестіріп беріп жүр. Бұл жағдайға да Абай атамыз; «Сұм-сұрқия қу заман Гүл көрінен жігітке. Қызықты өмір жайнаған, Кеудесі толып үмітке... Сенісерге келгенде, Сене берер талғамай. Жұрты құрғыр сенгішке Тұра ма қулық жалғамай? Ары кеткен алдағыш, Мені –ақ алда, сөкпейін. Балы тамған жас қамыс, Ормасаңшы көктейін!» Ең болмаса 40-жасқа келмеген жастарды имам, қажы, сопы, намазхан атандырып рухын көктей солдырмаңдар деп ескертіпті аталарымыз. Енді масһабтың 24-кітап негізінде араптар елінің шариғат білімінің тәпсірі ескерсек, онда Ясауи бабамыздың алған 70-кітаптың 46-кітабын жоғалтқан, жасынға шығарған яғни пайғамбарлық жіптен, аян, түс көруден ажырап, оны жалғауға талпынған ата-жолын мазақтағанан осындай еліміздегі надандықпен, зұлымдықтардың себепшілері туралы Абай атамыз; Емен пен шілік деген мысал қалдырыпты. Сонымен Емен шілікке, қандай әлсіз ақылсыз, бейшарасың әттең менің жанымды өскеніңде саған қамқор болар едім деп оған шілік көнбеген екен. Ақырында дауыл соғып шілік бейшара олай құлап, бұлай құлап бірақ аман қалады да еменді дауыл тамырымен жұлып алған екен. Осы мысал Алатау бөктерінде болып, жаратқаннан ескерту түсті. Қаншама қайың, емен тектестер құлап, майда шіліктері аман қалды. Ғылыми ортада жүз жылға дейін қайтып келу қиын деген пікір туды. Сол сияқты үкімет басында, дін басында жүргендер емендер де абай болыңдар әйтеуір, үрім бұтақтарыңа жүз жылға дейін сынақ салам деген жаратқаннан белгі келді. Ондай рухани дауылдың да соғатын уақыты таяп қалды. әділ екеніне көп ұзамай шіліктердің де көзі жетеді. Тек күмән келтіре көрмеңіз! Құдайдың соты әділ де шындық!
Ой бағушы есепшілермен, сөз сатушы есекшілер. Бұл басылымды осындай тақырыппен бөліп, айтылған, жазылған мәселелерді қорытып алу үшін ықшамдау да керек деген шешіммен осы тақырыпты арнадым. Әрбір нәрсенің, ойдың да қозғалуы үшін бір себеп керек. «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс» деп Шәкәрім атамыз ескерткендей; Жаралыс басы біздердің қозғалысымызды жаратушы иеміз 4-періштемен яғни төрт қанатпен қамтамасыз етіп оны қозғай үшін екі бірді яғни дін негізін жаратқан. Осыдан барып ғылымның да негізі қозғалыс білімі туындайды. Әуелі бір пайда болмай 4-тің пайда болуы мүмкін емес. Сондықтан ғылымда барлық қозғалыс тақ санмен 1,3,5,9 сандармен қозғалысқа түсіп 11-санымен нәтижеленіп отырады. Біздің мінген көліктеріміз, ұшатын темір қанатты ұшақтарымыз бәрі тегіс осы заңдылыққа бағынады. Енді бұл заңдылық құран философиясында яғни құлшылық амалдарында да сақталған. Сондықтан осы тақтарды, яғни қозғалыс шеріктерін, серіктерін меңгеруді «тақуа» яғни тақты меңгеруші, естуші болып шығады. Құран сүресіндегі «Бақара» екі игіліктің бақтың толық ғылымы болып табылғанмен үшінші сүреден ғана пайда болады. Ал үш, екі бірдің яғни 11-дің көрнісі. Осындай шым-шытырық амалдарды адам баласы ойымен шешуі мүмкін емес, сондықтан жаратушымыз түсірілген кітаптарды үнемі заман өзгерістеріне, жанның жетістіктеріне қарай құпия сырын ашып, адам білімін жетілдіріп отыру үшін көмес кітап аян, уахи болып оқылып, естіліп, түс болып көрініп отырады. Осы екі игіліктің белгілі мен белгісіздің нәтижесінен керісінше үш құлшылық амалы туындап осы амалдар арқылы ғана 4-негізгі парызды намаз қылып, бесінші қарызды тауып қосу осы жазылып жатқан басылымның басты мақсаты болып шығады. Енді жоғарыда ескерткендей бар қозғалыстың бір себебі болады. Бұл басылымның 2007-жылы шығарған Құран сырларының жалғасы болып жалғануына қазақ елінде болып жатқан дінге түсірілген ақыл-ой сынағының ушығып түрлі қайшылық пікір таластардың туындауы себеп болды. Және қыркүйек айында «Хабар» арнасынан берілген «Сонымен солай дейік» деген сұхббатта муфтият бас діни ғалымы Қайрат Жолдыбайұлының; «Ата жолдың бухгалтериясын 15-жыл бұрын тексеру керек еді» тістеніп, өкінішін білдірген яғни осы діни ахуалға басты себепші болғандар қазақтың аруақшыл, құдайшыл қауымы болып, оларды үнемі қудалап, қадағалап отырмаса болмайтынын қаупін білдірді. Екіншіден муфтият ғалымдарынан басқа үкімет, т.б құзырлы баспасаз майталмандары есепті «бухгалтерияны» білмейтін есектерсіңдер 15-жыл оларға дүние жинатып, халықты қанатып қойдыңдар деген жазғыру деп біздерден діни сауатсыздардың солай түсінгеніміз рас. Енді бұл дін ғалымның сөзін жаратушымызда құран философиясын есепке құрылғанын ескертіп; есептеріңді көремін, есепшілердің ең жүйрігімін, есеп күні кездестіремін, есебіңді білдіремін, күнәларың, сөздерің есеппен өлшенеді деп; «Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына берді. Алла зор кеңшілік иесі. (4) Өздеріне Тәурат жүктеліп кейін оны игере алмағандарың мысалы; кітаптарды артқан есек тәрізді. Алланың аяттарын жасынға шығарған елдің мысалы (есекшілер елі) нендей жаман. Алла залым қауымды тура жолға салмайды.» (62-5) Бұл аят бойынша барлық діншілердің жалпы үмметтердің алдына қойылған бір шарт «Төртеуді түгелдеп, бесіншіні алу» яғни Мұса пайғамбарымыз меңгерген біліммен, хикметерді меңгеру пайғамбарлық қасиет болып есептеледі. Және бұл қасиеттің елдік, тілдік үмметтік орындау ерекшелігін де ескертеді. Алдағы басылымдарда бұндай Құран сырларына қайта-қайта оралып, ұғымдарды кеңітіп, талдап қайта ғылымын жүйелеп отырамыз әзірше қысқа ғана есек пен есекші болмаудың маңызына тоқтала кетейік. Құранның әрбір, аяты, сүрелері басқа сүрелермен жаратылыс қозғалысына түсу арқылы белгілі бір қуат, жаратылыс нәрселері көрнеу, көмес болып бейнеленіп, тұтыну, өңдеу барысында сол аят ақпараттар қайта оқылып түрленіп бірленіп, тазартылып отыру дүние тіршілігінің басты қозғалыстық шамасын қалыптастырады. Сол қозғалыс қолқабысының негізін аталарымыз «уақ» яғни қазіргі ұғыммен «нана» деп аталады. Уақ-алты түрлі шаманың араласуынан пайда болатын қозғалыстық, райлық, мезгілдік, замандық шама. Ыстық, суық, жарық, қараңғы, күндіз, түнің алты белгі шаманың бір сәтте кездесуінен «уақ» пайда болады. Сол сияқты жыл мезгілдерінің де райларының кездесетін сәті болады оны да «уақ» деп атайды. Арап елдерінде бұндай жағдай табиғатта кездеспегендіктен уақ ұғымының, білімінің болмауы діншілерді, тәпсіршілерді көптеген қайшылықтарға соқтырған. Және жан сырында да адамның өрістік, ақылдық өнімінің 5-қуаттың бір орында кездесуінен «Уақ» тағдыр уақыты пайда болады. Сондықтан аталарымыз; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп осы уақты қадірлеуді ескерткен. Әлқиса; таң атып келе жатқанда есек айдаған есекші керуеншілер бір жерге тоқтап дем алмақшы болады. Сонан есектерін бос жіберіп өздері ұйқыдан тұрса есектері түгел қырылып қалған екен. Яғн таңдағы алты шаманың кездесетін қауіпті уақытын ескеріп есектерін суытпағандықтан осындай жағдайға ұшырап, бұл уақытты «есекқырған» деп оның шығатын жұлдызын да белгілеген аталарымыз. Осындай тәулігіне алты рет уақтың мезгілі болып оның намаз оқуда да алты болатынын қазақта; «Бес»-«ін» және «екі»-«ін-ті»деп ал Абай атамыз; «Аларманда алтаусың, берермен бесеусің» десе Шәкәрім атамыз; «Ғылымға қанағатсыз болу керек Бес түгіл разы болмай алтыға да.» деп ескертеді. Бес парыз пайғамбарлық білімді меңгеру түгіл алтыға да қанағатсыз болуды ескертеді. Ал бұл «алтылық» яғни 33-санды ғылымды жүйелеген Ясауи бабамыз; «Отыз үш мың шариғатта қайран болып, Отыз үш мың тарихатта сайран болып, Отыз үш мың хақиқатқа қайран болып, Бұл дүниеге дидар үшін келдім достар.» Шариғатта «Ғылмул- иақын» (ғылым деректерін) сөйлеп өттім Тарихатта «Ғайнул-иақын» (Дерек көздерін) сөйлеп кеттім. Хақиқатта «Хаққул- иақын» (хақ туралы ғылым) көздеп өттім.» Әулие ғұлама бабамыз шариғаттың яғни масһабымыздың кітап білімі болып, тарихат уахимен берілетін ғылым көздері, хақиқатта жартылыстың құпия ғылымының ашылатынын, яғни көк мүліктерінің сырын ұғып, Ыбырайым жолын толық меңгеруді ескерткен екен. Бұндай діннің есебін ізденіп, талпынғандарды муфтият ғалымдары өздерінің білімдері жетпегесін дінді бұзған «секталар» атап білімінің шалалығын халыққа білдірмеуге білдімеуге жан талас сөз майданын ашып, ақылы толмаған жастарды белгісіз сөз атауларымен тұзақ құрып, аулап әзірге енді білімді, зиялы деген қауымның өзі соған сеніп құлақтары созылып кеткендіктен әзірге білімін жүйелеп талқылау ақымақтықты ғана туындатады. Енді осы ғылымдарды меңгеру үшін пайғамбарымыз миғражға шығып екі аятты және бес парыз намаз үкімін алып келгеніне ешкім дауласа қоймас. Ал бес парызды Абай атамыз; «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сенде сүй ол алланы жанан тәті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю имани гүл, Иманның асылы үш деп сен тахқиқ (айқын ақылмен) біл... Руза, намаз, зекет, хаж-талассыз іс Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқа үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанымен татымды бермес жеміс.» деп иманның бақшасын үш түрлі гүлден тұратынын тек сол гүлдерді алу арқылы қалған төртеуді түгелдеуді ескерткен. Енді бұл ескертудегі «ХАЖ» сөзін «қаж» деп түсінген діншілер сүренің саны мен мағынасына мән бермегендіктен пайда болған. Хаж-деп артық хайыр жасауды және жеке-жеке аманттарды орындауды атайды. Ал қаж туралы атамыз; «Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап Өтеген қашан ол қарыз?» деп жоғарыдағы төртеудің ішіне қажылықтың кірмейтінін және хаж сүресінде қажылықтың қағбаны тәуап қылудың 29-шы аятпен (3-ші тәуба амалы) белгілгеніне ешқандай шариғат ғалымдарының мән бергенін оқыған, естігенде емеспін. Енді Абай атамыздың ескерткен үш иман гүлін қалай өсіруді және пайғамбарымыздың миғраждан әкелген екі аятың; 285-15; 286-16; болып, 15-саны жүректің тазарып, ақыл бақшасының гүлденуін көрсетсе, 16-ұлтық дәстүрінің құлшылықтың, хайыр жасаудың бақшасын көрсетеді. Абай атамыз да, Шәкәрім атамызды бұл мәселеге көп көңіл бөліп насихаттап, үгітін тәпіштеп түсіндіріп кетіпті. Енді тек Шәкәрім атамыздың астарлы мысалдарынан ғана үзінді келтірсек. Атамыз адам ақылының, құран аяттарының ұжмақтық жемісін, гүлденуін әйел затына яғни ділге теңеп; «Бәйшешек бақшасы» деп атаған екен.
Жемісті, жақсы иісті бұл бәйшешек, Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық,
Аралайық, пайдасын көрем десек. Ақылдың шолғыншысы –ойқұмарлық.
Ұғымды, милы жастың ойын қозғап, Таза талап талпынып ойды айдаса,
Ұқтырар талай тәлім, талай есеп. Байқалар-көрнеу таса, жоқ пен барлық.
Болса да кейі ұсақтау, кейі кесек. Азат ақыл ойланбай мида жатса,
Тікенсіз гүл, жылансыз кен болмайды, Шіріп, тозып тартқызар ол бір зарлық.
Тікеннен жиіреніп жеміс жесек. Сырын сынар талапты ер табылғанда,
Жақсы мінез, жаман ой айқындалар, Бұл бақшада мысал көп ой қозғарлық.
Осыны ұғайық деп ентелесек. Өкініштің үлкені- ойы тарлық
Тәтті жеміс, нұрлы гүл керек қылмас Ондай да ақыл болмас жұбанарлық.
Боққа төккен саламға тойған есек.
Менің сөзім емес Шәкәрім атамыз өз бақшаңды, діліңді (ана тіліңді) меңгермей құр кітап қуып есепсіз, қасиетті меңгермегендерді жұрттан қалған қалдыққа тойған есек деп атаған. Енді таңдаусыз кітап болса көшіріп алып, өз ұлтының діл бақшасынан нәр алмаған қандайда бір дінші, ойшыл ғалымдарымыз да «кітап арқалаған есектер» деп атаған жаратқан иеміз де. Шәкәрім атамыз жаратушымыздың бәрін жұп қылып жараттым деген жарлығын және пайғамбарымыздың миғраждан алған Алла жолында мал жұмсау 16-санды аятты тағы да ділдің ұлтық намаз орындауы; «Бәйшешек бақшасы» деп атаған екен; «Атақты Атымтай жомарт алғашқы кезде, бір жұмада өңкей білгіш шешендерді қонақ қылып, келер жұмада жастарды қонақ қылып, ендігі жұмада қаріп-қасірлерді қонақ қылыады екен. Бір күні өңкей шешендерді қонақ қылып, әр қайсысы бір мағыналы күлкілі сөз айтып отырғанда, бір кедей кіріп үндемей отырыпты. Сонда қонақтың біреуі әлгі кедейге: «Сіз де бір сөз айтуыңыз жөн ғой»,-дегенде: «Мен сіздердей мағыналы сөз білмеймін, бір аз ғана жыр білуші едім. Соған разы босаңыз айтайын»,-депті. Сонда қонақ болып отырған жақсылардың бәрі де «айтыңыз, айтыңыз» деген соң, әлгі кедей айтыпты:
Мен сияқты бір кедей Тіленіп нанды жемегім,
Неше күндей аш еді. Ас емес, маған тас еді.
Арын сақтап үндемей, Бірің жомарт, бірің хан,
Көзінде мөлдір жас еді. Бәрің де шешен данышпан.
Ашығып, тоңып шаршаған, Хабарсыз біздей ғарыптан
Шығуға таяп шыбын жан, Не қылған қуыс бас еді?
Алдында тұрған дастархан Көлге жауса көп нөсер,
Үсті толған ас еді, Көгере ме тау мен қыр?
Нан алып же демейді, Шөліркеген ғаріптер
Келмеж қылды кедейді, Шөл далада қаңғып жүр.
Тоқ кісі не демейді, Кедейді нанға телміртіп,
Иесі өңкей мас еді. Аштыққа жүрек кеміртіп,
Сонда кедей сөйлейді, Тамам байды семіртіп,
Сөйлегенде не дейді: Жомарттық па осы тұр?
Қанағат еді көмегім, Ақсақ соқыр шолақ бар.
Еңбегім едің қорегім, Солар ма осы қонақтар,
Ақылға салып ойла бір!
Аятта; «(Мұхаммед) сондай дінді өтіріксігендерді көрдіңбе? (1) Міне сол жетімді қақпайлағанды, (2) Міскінді тамақтандыруға қызықтырмайды (3) Сондай намаз оқушыға нендей өкініш!» (107-4) «Қашан оларға; «Аланың сендерге берген несібелерінен тиісті орынға жұмсаңдар» делінсе, сондай қарсы болғандар; «Алла қаласа, тамақтандыратын (аруақтарды, өліктерді, ақиреттіктерді) біреулерді біз тамақтандырамыз ба? Сендер мүлде адасқансыңдар» деді.» (36-47) Сондықтан жаратушымыз: «Әй мүміндер Ғалымдармен машайықтардың көбі адамдардың малын бұзықтық арқылы (дінді бөлшектеп) жейді. Сондай –ақ Алланың жолынан тосады. (Мұхаммед) сондай алтын, күмісті жиып, Оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен шүйіншіле.» (9-34) Абай- Шәкәрім атамыз астарлы өлең, әңгімемен осы аятармен және осыған ұқсас көптеген аяттардың тәпсірін ақылға салуды ескертіп, көрсетіп кетіпті. Қаншама жыл орыс империясына бодан болып өмірден өткен ата-баба аруақтарымен, ескерусіз қалған әулие бастарын көтеріп құдайдың дастарғанын жайып шөлдеген, ұрыстардан, ақсақ, тоқсақ, соқыр және аштан далада өлген аруақтарға құранмен су бермекке, құдай тойына шақырған, халықты соған жұмылдырып көтерген азаматтардың дүниелік «бухгалтериясы» дұрыс болмай, осындай ата-жолының есеп білмейтін «ес»-ті «ек» аталғандардың атынан; муфтият, үкімет мазһабшыл, заңшыл, шешен, данышпан, өздерін біздердей момын, кедейлерге қарағанда ақылға, білімге бай және парасатты саналы санайтын қуыс бастарға Ғиса пайғамбарымыздың аманатын жеткізуді сұраймыз. «От ұшқыны қаншама майда болса да, қалың орманды өртеп жібере алады! Тіл де от іспетті, әділетсіздік тудырғыш. Дене мүшелерінің арасында орналасқан ол бүкіл денемізді арамдап, өзі тозақ отынан тұтанып, бар өмірімізді өртеп құрта алады. Әр түрлі аңдар мен құстар, бауырымен жорғалаушылар мен теңіз жануарларын адам өз еркіне бағындырып келді және бағындыруда. Алайда адамдардың ешқайсысы да өз тілін бағындыра алмайды. Тіл-бағындыруға көнбейтін жаман нәрсе кісі өлтіретін уға толы. Біз тілімізбен Жаратқан Ие-Құдай Әкеге алғыс айтып, Оны дәріптейміз, ал Құдай рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп жаратқан адамдарды сол тілімізбен қарғаймыз да! Осылайша алғыс та қарғыс та бір ауыздан шығады... Араларыңда қайсысың парасатты саналасыңдар? Сол онысын үлгілі мінез-құлқымен, парасатты инабаттылығымен көрсетсін. Ал егер жүректерің удай қызғанышқа толып, қара бастарыңның абыройын ойласаңдар, онда даналықтарыңа мақтанбаңдар, әйтпесе шындықты бұрмалайсыңдар. Мұндай жалған даналық көктен келмейді, ол осы күнәкәр дүниеге, өз бетімен жүрген ескі болмысымызға және жын-перілерге тән. Қай жерде қызғаныш пен қара бастың қамын ойлау болса, тәртіпсіздік пен зұлымдық атаулы сол жерде. Көктен келген даналық адамды ең алдымен пәк таза қылады, сонан кейін ынтымақшыл, төзімді, ымырашыл, қайрым мен игі істер жасағыш, ешкімдің алдамайтын әділ қылып, екі жүзділіктен арылтады. Татуластырушылар «тыныштық тұқымын» себушілер іспетті. Бұл тұқымның жемісі болып әділ мінез-құлық орнығады.» Біздер қара халық осындай өздерін парасатты, саналы атаған діншілермен, әкім қаралардың арасынан тыныштықпен, әділдікті көріп отырған жоқпыз. Оған еліміздегі ағайын арасындағы болып жатқан қастықпен, даулар айқын дәлел. «Бұлақ көзінен бір мезетте тұщы да, ащы да судың шығуы мүмкін бе? ..Ендеше араларыңдағы қастандық пен дау жанжал қайдан шығады? Бойларыңдағы соғысып жатқан арам құмарлықтарыңнан туады емес пе? Сендер бір нәрсені аңсап, иемдене алмайсыңдар; сонда кісі өлтіретіндей жек көріп, қызғанасыңдар, ал аңсаған нәрселеріңе қол жеткізе алмайсыңдар. Жанжалдасып төбелесесіңдер, бәрібір иемденбейсіңдер, өйткені оны құдайдан сұрамайсыңдар.» Құдайдан сұрап жолдарын түзеп,
Достарыңызбен бөлісу: |