«Құлыншақ» тобыI-кіші тобы «Балапан» тобы I-кіші тобы
(Шалқан ертегісі) (Бауырсақ ертегісі)
«Еркетай»тобыI-кіші тобы
(Саңырауқұлақ ертегісі)
Театр қойылымын ұйымдастыру (Әлеуметтік орта» білім беру саласы).
Білім беру саласында және кіші саланың әрбір жастық кезеңіне баланың біліктілік даму деңгейін қадағалау мақсатында индикаторлар жүйесі пайданылады.индикаторлар-баланың білім беру траекториясында жылжу көрсеткіші.
1.Индикаторлар педагогтарға жетістіктер маниторингін жүргізуге,баланың жеке даму жоспарын құруға және мынадай құрылымға ие болуға мүмкіндік береді:
Көрсеткіш-осы жас кезеңінде бала дамуының қалаулы нәтижесі.
Білім беру саласы туралы дәл түсінік беретін құрауыш. Баланың білікті дамуын бағалау жүйесі біліктілікті дамытудың үш шартты деңгейінің бар болуын болжайды.
1-деңгей-бала қандай да бір әрекетті ересекпен бірге немесе оның көрсетуімен жаңғыртады;
2- деңгей-бала өзінің не істеп отырғанын түсінеді,яғни белгілі бір білім қоры болады;
3-деңгей-бала өзі білетін және істей алатындарын ересектің көмегінсіз пайданылады.
Барлық деректер бес білім беру саласы бойынша әр балаға ашылған жеке карталарға кіргізіледі. Бұл карта әр балаға жеке жылына 3 рет толтырылады.
(қыркүйек,қаңтар, мамыр).
Әлеуметтену: жеке адамның қарым –қатынаста және іс-әрекетте жүзеге асырылатын әлеуметтік тәжірибені игеру,белсенді қайта жаңғырту процесі және нәтижесі.
Әлеуметтік бейімделу: Адамның қоғамға кіріктірілуі.оның нәтижесінде өзін тануы және ролдік мінез-құлқы, өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі қызмет етуінің,қоршаған адамдармен барабар байланыс жасау қабілеті қалыптасатын адамның қоғамға кірігу процесі.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы:
-даулы жағдайлардың оң шешілу дағдыларын меңгерген;
-баланың қоршаған ортаны оң қабылдауын қалыптастырады;
-ұтымды әлеуметтік қатынастар құрауда еліктеу үшін үлгі болады;
-бала пікірін құрметтейді,жол,эмпатия көрсетеді,
-әр баланы құрдастарымен қатынас жасата біледі,
-эмоционалдықт қолайсыздықты жеңудің нақты тәсілдерін біледі және үйрете алады;
-қазақтың және басқа халықтардың салт-дәстүрлерін,әдет-ғұрыптарын біледі және насихаттайды.
Қорытындылай келе, театр балаға тәртіп ,сөйлеу мәнері, тіл табысушылық тағы да басқа дағдыларды үйрете қоймай,ол қызықты да пайдалы ойын. Ертегіні драматизациялау,саусақ театры,сол сияқты қуыршақ театрының қойылымынан кейінгі балалардың жүзінде нұр,күлімдеген көздері, шат-шадыман күлкілері-балалардың осы театрларды қалай жақсы көретіндігінің дәлелі. Балаларды ертегі кейіпкерлерінің іс-әректін ажырат білуге,қалай басталып, қалай аяқталатындығын аңғарту.рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де, бір–бірімен міндетті түрде қарым қатынасқа түсіп,сөйлеседі.Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құралады.Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Ойын баланың көңілін өсіріп сергітіпқана қоймайды,сонымен қатар,оның таным-түсінігін де арттырады.Қазақ халықтың ауыз әдебиеті осы күнге дейін бірімізді орасын зор әсерге бөлеп, қазақ халқының салт-дәстүрлілері мен әдет-ғұрыптары жайлы көп тәлім-тәрбие мен рухани таусылмас байлық береді. Бақшадағы әрбір ісімізді еліміздің ертеңі,болашағы үшін арнау өзіміздің басты парызымыз деп санаймыз.Осы шеберлік пен шыдамдылықты қажет ететін күрделі үрдісте дер кезінде алынған мектепке дейінгі білімнің әрбір бала үшін,сонымен қатар еліміздің болашағы үшін өмірлік маңызы зор. Сондықтан біздің бүгінгі басты міндетіміз әлемге танылып отырған тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашақ бастауы болатын бүлдіршіндерімізді саналы азамат етіп тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |