"Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан


-параграф. Балалар өнер мектептерінің «Клоунада» пәні бойынша білім беру бағдарламасы



бет17/24
Дата30.11.2016
өлшемі5,53 Mb.
#2886
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

22-параграф. Балалар өнер мектептерінің «Клоунада» пәні
бойынша білім беру бағдарламасы

      1112. Балалар өнер мектептерінің «Клоунада» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) пәннің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағдарламамалық талаптарды, оқыту жылдары бойынша оқу-тақырыптық жоспарды, бақылау нысанын, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдерін анықтайды.


      1113. Клоунада – пародия, буффонада, гротеск, эксцентрика сияқты күлдіргі тәсілдер мен көрнекі құралдарды қолданатын цирктiң негiзгi жанрлары тәсiлдерінің бірі; салыстыру, әсірелеу, кішірейту, келемеждеу, ұщтау, контраст және тағы басқалар. Клоунада өнері келеңсіз құбылыстарды терістеу арқылы жағымды, оң құбылыстарды, әлеуметтік шындық фактілерін бекіту керек. Оны заманауи мәселелерді, осы күн құбылыстарын бағалауды көркемдеп бейнелеудегі бұқаралық, шапшаңдық ерекшеліндіреді.
      1114. Пәннің мақсаты: «Клоунада» пәні аясында жеке ерекшелiктер мен әртістікті анықтау және дамыту.
      1115. Пәннің мiндеттерi:
      1) Болашақ клоунның тұлғасын, білім алушылардың өзін таныту еркіндігіне талпынысын және өзінің жеке даралығын іздеуді тәрбиелеу;
      2) Күлдіргі бетпердесін жасау үшін негіз ретінде білім алушының актерлік даралығын анықтау;
      3) Клоунада өнерінде күлдірудің негізгі ережелерін игеру және оларды практикада пайдалану (қоршаған ортадан, әдебиеттің көркемөнер шығармаларын, театр, кино, сурет өнерінен, музыкадан алынған материалды өңдеу кезінде);
      4) цирк өнерінің көркемдік құралдарының ең басты құралы – трюкті, оны бейнелік қимылға жеткізе отырып, логикалық және мақсатты пайдалануды дамыту;
      5) білім алушылардың ішкі толғанысы мен сыртқы қайта түрленуі элементтерін меңгеру;
      6) адамгершiлiк-ерiктi қасиеттерін тәрбиелеу;
      7) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдыларын, ұжымның әрбір мүшесі жұмысының нәтижелілігіне деген жауапкершілікті дамыту.
      1116. "Клоунада" бағдарламасы Балалр өнер мектептерінің цирк бөлімдерінде 4 пен 9-сыныптарда 6 жыл оқытуды көздейді.
      Клоунадаға оқыту 4-сыныптан басталады, ол кезде білім алушылар акробатика, эквилибристика, жонлерлеу пәндері бойынша арнайы теориялық және практикалық дағдыларға ие болады.
      1117. Бағдарламаны iске асыру мерзiмі:
      4-9-сынып – аптасында 1 сағат, жылына 34 сағат, барлығы - 204 сағат.
      Білім алушылар құрамы:
      4-9-сыныптар - 10 жастан 16 жасқа дейін:
      4-9-сынып - орта топ;
      7-9-сынып - үлкен топ.
      Концерттік нөмірлерді дайындауға арналған оқу сағаттары топтық формада, сондай-ақ жеке сабақтарда пайдаланылады.
      Оқу процесін жетілдіру мақсатында есептік концерттерді (спектакльдерді) дайындауға режиссер-қоюшы, балетмейстер, аталған тұлғалар үшін сағаттық жүктеме төлемімен шақырылады.
      1118. Бағдарлама сабақ берудiң екi формасын қарастырады – теориялық және дәрiстік-практикалық. Дәрiс – жаттықтыру сабақтардың көпшiлiк бөлiгiн алып отыр, өйткені уақыттар сол тақырыптарды өтуге бөлінген. Бұл курстың практикалық бағыттылығымен шартталған.
      1119. Күтілетін нәтижелер. Оқытудың соңында орта топтың (4-6-сыныптар) білім алушылары біледі:
      1) әртiстiң түрленуi туралы;
      2) арнайы терминологияны;
      3) клоунаданың түр өзгешелiктерін;
      4) комизмның қағидаттарын;
      5) клоунада өнерінде көркемдік құралдардың сан түрлері;
      6) Жаттығуды орындау кезінде қауiпсiздiк техникасы ережесiн.
      істей алады:
      1) өлеңді мәнерлеп оқиды;
      2) әртүрлi қаhармандар атынан әңгiменi айтып береді;
      3) сөздiк диалогтi ойлап табады;
      4) топта жұмыс істейді;
      5) сахнада мәнерлi және эмоциямен ойнайды.
      1120. Орта топқа арналған бағдарламалық талаптар. 4-6-сыныптар.
      1) Клоунада цирк өнердiң жанры ретінде. Клоунада – әртiстердi күлкiлi бет перде-бейнелерде сөйленген сөзге негiзделген цирк жанры. Клоунада бұл сахналық өнердiң бір түрi.
      2) Клоунаданы жанр ретінде ресiмдеу. Халықтық серуенде мерекелiк-наным-сенімдегі клоунада өнерi. Екi бiр-бiрiнен айырмашылығы болатын клоун амплуалары –Ақ және Сары. Клоун дуэты.
      3) Буффонадалық клоунада. Буффонада – көркемдік тәсіл ретінде. Ойындық буффонада, сахна – антре. Буффонадтық клоунада және актерлік амплуа – клоун-буфф.
      4) Буффонада тәсілдері. Ақ және сары клоундар. Цирктегі буффонадтық клоунада.
      5)Сатиралық клоунада. Кеңес цирк бағдарламасында сатирикалық клоунада. В.Лазаренко - сатирикалық клоунаданың жаңашылы. Сатирикалық клоунададағы азаматтық тақырыптар.
      6) Музыкалық клоунада. Клоун – музыканттардың негізін қалаушылар. Тұрмыстық бұйымдарды оларға тән емес қызметтерде – музыкалық аспаптар ретінде пайдалану.
      7) Комедиялық қақтығыс. Комедия бейненің болуы. Аспаптарды кәсіби меңгеру. Аспаптарды ойнату – кейіпкерлер мінезін ашуға мүмкіндік беретін ерекше тәсіл.
      8) Музыкалық эксцентрик. Музыкалық клоунаданың музыкалық эксцентрикасынан айырмашылығы. Эксцентрик әрекеттерінің музыкант мінез-құлқына сәйкессіздігі.
      9) Эксцентрико-пантомимикалық әрекеттер және музыкада ойнау. Эксцентрикалық бейнелердің эксцентрикалық әрекеттермен табиғи үйлесімі.
      10)Эксцентрикалық трюктік әрекеттер. Музыкалық шығарманы трюктік жағдайда сауатты орындауы мен аспапты асқан шеберлікте меңгеруін көрсету. Музыкалық эксцентрика нөмірлеріндегі аспаптар.
      11) Жаттықтырушы - клоун. Клоунаданың түпбейнесi – үйретiлген жануарлардың қатысуымен құрылатын көріністік нысан. Ағайынды Дуровтар - үйретiлген жануарлардың қатысуымен клоунада саласының жаңашылдары.
      12) Ойын-сауықтық шағын әзіл әңгіме арқылы үйретілген жануарлармен клоундық көрсетілімдерді құру. Жаттықтырушы клоундардың тек шағын сахналық көріністермен ғана емес, сонымен қатар сюжеттік қойылымдармен шығуы. Жаттықтырушы клоундардың сатиралық репертуарларды пайдалануы.
      13) «Кiлемдік» (аренада ойнайтын) клоундар. «Кілемдік» клоундар бағдарламаның бөлінбес кейіпкерлері ретінде. «Кілемдік» - әрбір бағдарламаға міндетті қатысушы ғана емес, сонымен қатар жетекші әртіс. «Кілемдіктер» бүкіл көрініс-қойылымға рең берушілер, көрермендер залындағы эмоциялық күйге әсер етушілер.
      14) Заманауи клоунның бетпердесі. «Кілемдік» клоун – әмбебап әртіс. Клоундық бейнені, сахналық жүріс-тұрысты, репертуарды іріктеуді құру.
      1121. Бірінші оқу жылының оқу-тақырыптық жоспары. 4-сынып.
      1) Күлдіргі ойын цирк өнерінің жанры ретінде – 2 сағат.
      2) Буффонадтықклоунада – 2 сағат.
      3) Сатирикалық клоунада – 2 сағат.
      4) Музыка клоунада – 2 сағат.
      5) Музыка эксцентрикасы – 2 сағат.
      6) Күлдіргі-жаттықтырушы – 2 сағат.
      7) «Кілемдік» клоун – 2 сағат.
      8) Жаңылтпаш – 4 сағат.
      9) Назар салу жаттығулары - 4 сағат.
      10) Есін даму жаттығулар – 4 сағат.
      11) Шығармашылық елестетуін дамыту жаттығулары – 4 сағат.
      12) Ырғақ сезімін дамыту жаттығулары – 4 сағат.
      Барлығы: 34 сағат.
      1122. Екінші оқу жылының оқу-тақырыптық жоспары. 5-сынып.
      1) Байқау-ойындар – 27 сағат.
      2) Шығармашылық елесті дамыту жаттығулары – 3 сағат.
      3) Ырғақ сезімін дамыту жаттығулары – 2 сағат.
      4) Зейінге арналған жаттығулар - 2 сағат.
      Барлығы: 34 сағат.
      1123. Үшінші оқу жылының оқу-тақырыптық жоспары. 6-сынып.
      Тақырып. Комизм ұқсастығы (Адам мен өсімдікті салыстыру, адам мен затты салыстыру, адам мен аңдарды салыстыру, затты тағайындамау бойынша пайдалану) – 24 сағат.
      Тақырып. «Қайшылықты тегістеу» (Зат пен затты салыстыру, этюдтер мен жаттығулар (тапсырыс бойынша, басқаға бер, мынау не? және тағы басқалар) – 10 сағат.
      Тақырып. Есті даму жаттығулар. Шығармашылық қиялдауын даму жаттығулары – 8 сағат.
      Барлығы: 34 сағат.
      1124. Күтілетін нәтижелер. Оқыту соңында жоғары топтың (7-9-сыныптар) білім алушылары біледі:
      1) комизм контрастын;
      2) ішкі және сыртқы сахналық іс-әрекеттерін;
      3) арнайы терминологияны;
      4) клоунада өнерінде көрнекі құралдардың алуан түрлiлiгi;
      5) клоунның бетпердесінің айырмашылық ерекшелiктері;
      6) жаттығуды орындау кезінде қауiпсiздiк техникасы ережесi;
      7) шығармашылық жобаны әзiрлеу технологиясы.
      істей алады:
      1) апачиларды орындай алады;
      2) құламаны (каскад) орындайды;
      3) сөздiк арқылы сұхбаттасады;
      4) клоундың трюктерді меңгереді;
      5) әр түрлi эмоциялық күйлерді бере алады;
      6) қайта түрленудiң өнерiн меңгереді;
      7) өз бетiмен шығармашылық жобаны әзірлейді қорғайды.
      1125. Жоғары топқа арналған бағдарламалық талаптар. Төртінші оқу жылы. 7-сынып.
      1) Буффонада Апачтар және тепкiлер. Апач - клоундық ойын тәсілі. Апачтердің өзгермелi нұсқасы. Үш және одан да көп серіктес (топ) апачиі. Аяқпен тебулер.
      2) Каскадтар. Алдыңғы құламаны денеге қарай күш түсіре жасау.
      а) Сүрінулер (спотыкачка); б) Алдыңғы құлама (каскад).
      Алдыңғы құлама - "сия сорғыш".
      Алдыңғы-артқы каскад (бас арқылы басына құлау).
      Алдыңғы-артқы каскад (көлбеу төңкерiлумен)
      Артқы құлама барлық дене бітіміне қарай - "тақтай".
      3) "Сия сорғыш" элементін иық арқылы және артқы құламаға өту қосу арқылы. Артқы құлама (сальто) - артқы сальто-морталені игеру арқылы ғана мiнсiз меңгеруде орындайды. Бедуин каскады (жерге көлденең бүйірмен айналма жасау).
      4) Күлкi және сыңсу. «Күлкi» элементін техникалық өңдеу. Импульстық тыныс алу, демін шығару. Жылау және күлкi жаттығулары. Күлкi палитрасы. Клоунадалар.
      Педагог реприздерді өз қалауына қарай және топтардың жасақталуына байланысты пайдалана алады.
      1126. Төртінші оқу жылының оқу-тақырыптық жоспары. 7-сынып.
      1-тақырып. Буффонада. Апачи және аяқпен соғу. Апач. Апач вариациясы. Апачи серіктестермен. Аяқпен тебу – 5 сағат.
      2-тақырып. Каскадтар. Алдыңғы каскад бар денеге көшу арқылы. Алдыңғы каскад «сия сорғыш». Артыңғы каскад. Алдыңғы-артқы каскад. Бедуин каскады- 14 сағат.
      3-тақырып. Күлкі менжылау. Жаттығулар және этюдтер. Клоунада – 15 сағат.
      Барлығы: 34 сағат.
      1127. Жоғары топқа арналған бағдарламалық талаптар. Бесінші оқу жылы. 8-сынып.
      1) Контраст комизмі. Күлкiлi сәйкессiздiктердi практикалық зерттеу. Білім, білік, күш бiлмеу, жасай алмау, әлсiздiк және керiсiнше болып көрiну. Маңызсыз маңыздыны (керiсiнше) көрсету; Қарапйым тапсырманы күрделендіру (керiсiнше); Сыртқы түрiнiң және мiнез-құлық, сөз және iс, мақсаттар мен құралдар, себеп және салдар тағы басқалар сәйкессiздiгi; Анахрониздер – оқиғаның кәдуілгі барысын бұзу, ескіні жаңамен, түрлі дәуірлердің белгісін, ертегідегіні (фантастикалық) болып жатқан жағдаймен )шындықпен) қосу; Күлкілі бетперденің бiр мәндi емес негiзге сәйкессiздiгі.
      2) Жұп маска. Клоун серiктестердiң арасындағы кереғарлық мiндеті құрылады. Iштей де, сырттай да қарағанда да бұл көріну мүмкiн болады. Сыртқы кереғарлық - үлкен-кiшi, жұқа және жуан, холерик және меланхолик, флегматик және сангвиник. Клоундық жұп немесе топ үшiн қарама-қайшылық - күлкiлi жағдайларды жасау үшiн негіз, заң.
      3) Жеке маска (соло). Бетпердені іздеу. Сыртқы және iшкi сапа түрiнiң кереғарлығы оның даралығымен әр күлдiргiште сәйкес көрiнуі. Болашақ бетперденің сипаттамасының негiзi.
      4) Анахронизм: ескiсін жаңамен, ертегi (қиял-ғажайып) күнделікті шындықпен, әр түрлi дәуiрлердiң белгілерін байланыстыру.
      Білім алушы өзіндік байқауынан күлкілі қандай да бір оқиғаны – этюдтық сәйкессiздiктердi ойдан шығарып алады.
      1128. Бесінші оқу жылының оқу-тақырыптық жоспары. 8-сынып.
      1-тақырып. Комизм кереғарлығы (контрасты). Өнер-бiлiм, икемдiлiк, күш, әлсiздiк керiсiнше бiлімсіздік етіп көрсету. Маңызсыз маңыздыны керiсiнше көрсету. Қарапайым мiндет күрделену керiсiнше болады Сәйкессiздiк: сыртқы түрi және мiнез-құлық, сөз және iс, мақсат және құралдар, себеп және салдар тағы басқалар. Анахронизм үйреншiктi оқиғаның барысының бұзуы (нақты және қиял-ғажайып және тағы басқалар қосылу) – 20 сағат.
      2-тақырып. Жұпмаска. Жаттығулар мен этюдтер – 7 сағат.
      3-тақырып. Жеке маска (соло). Жаттығулар мен этюдтер – 7 сағат.
      Барлығы: 34 сағат.
      1129. Жоғары топқа арналған бағдарламалық талаптар. Алтыншы оқу жылы. 9-сынып.
      1) Iшкi және сыртқы сахналық іс-әрекеттер. Актерлiк өнер табиғатының белсендiлiгi. Дәлелдiк, мақсатқа лайықтылық, iс-әрекеттiң өнiмдiлiгi. Өзара ішкі қобалжудың байланысы және оның сыртқы iске асырылуы ("елестету және қиял", "егер де...", "берiлген жағдайлар", "сахналық бостандық және назар").
      2) Актердің «мені» – ойдан шығарған тіршілік шарттарының орталығы. Білім алушының жеке тұлғалық сапасы жаттығулар мен этюдтерде көрінеді. Актер-клоун үшін жеке қабілеттіліктің маңызы, комикалық бетпердесін табу.
      3) Трюк. «Трюк-әрекеті» ұғымы. Трюк цирк iс-әрекетiнің негiзі ретінде. Жанр әр түрлiлiгiне қажеттiлiк және клоунада өнерiнде трюк iс-әрекетiнің мағынасы және ондағы жанрлық алуандық мәселесі. Логика және жаттығулардағы трюк iс-әрекетiн пайдаланудағы қажеттілік және этюдтер.
      4) Актерлiк сүйкiмдiлiк және аңқаулық. Клоун-актердiң күлкiлiк бетпердесінің негiзі. Клоун бетпердесі жалпы қасиеттері: балалық, табиғилық, аңқаулық, ақиқаттық және сенiмдiлiк. Сыртқы түрiнiң сәйкессiздiгi және шарт сияқты iшкi сапасы ретінде.
      5) Трюктің бүркемелігі. «Күлкілі трюк-әрекеті» ұғымы. Логикадан тыс жағдайды жасауда күлкiлi трюк-әрекетінің рөлі. Бүркемелiлiк - күлкiлi айла-әрекеттi қасиеті. Мына қасиеттерді жаттығуларда және этюдтерде пайдалану.
      6) Клоунада. Педагог топтарының жиналуына байланысты өз мүмкiндіктеріне қарай репризаны пайдаланады.
      1130. Оқу-тақырыптық жоспар.
      1-тақырып. Ішкі және сыртқы сахналық қойылымы. Жаттығулар мен этюдтер – 5 сағат.
      2-тақырып. Актердің «мені» – тіршілік ету жалған шарттарының орталығы. Жаттығулар мен этюдтер – 5 сағат.
      3-тақырып. Трюк. Жаттығулар мен этюдтер – 5 сағат.
      4-тақырып. АктҰрлік әсерлілік пен аңқаулық. Жаттығулар мен этюдтер – 5 сағат.
      5-тақырып. Трюк бүркемелігі. Жаттығулар мен этюдтер – 5 сағат.
      6-тақырып. Ішкі және сыртқы сахналық қойылымы. Жаттығулар мен этюдтер – 5 сағат.
      1131. Бақылау нысаны. Үлгерімді бақылау және бағалау өлшемдері:
      Клоунада пәні бойынша оқу – бақылау шаралар бақылау сабақтар түрінде (1 тоқсанда) жылына 2 рет жүргiзiледi және әр бөлімнің есеп беру концертiнде жылдың соңында, концерттiк нөмiр түрiнде өткізіледі.
      1132. 9-сынып білім алушысы қорытынды аттестацияны өтедi. Қорытынды аттестацияны бағдарламасын, әр білім алушыға, педагог жеке-жеке құрып дайындайды.
      1133. Бақылаудың педагогикалық талаптары:
      1) жеке сипаттамасы (әр білім алушының жұмысын бақылау қажет.
      Жұмыс қорытындысы бойынша білім алушының қызмет нәтижесін ауыстыруға болмайды);
      2) жүйелік және үздіксіздік;
      3) білім алушының және нәтижелерге пiшiндердi әр түрлiлiк бақылаудың әдiстерi; оның жүргiзуiне қызығушылығын арттыру;
      4) жан-жақтылық (бағдарламаның барлық бөлімдерін қамту, теориялық өнер-бiлiмдерін және практикалық бiлімдері мен дағдыларын тексеру);
      5) объективтiлiк;
      6) дифференциялық ұстаным (ерекшелiктердi есептеу әр білім алушының әр пән бөліміне);
      7) мұғалiм талаптары бiрыңғай болуы керек.
      1134. Терминдер, ұғымдарды меңгеруін тексеру мақсатында және психологиялық жүктемесі ретінде ойын өткізiледi, арнайы жасалынған сөзжұмбақтарды ұсынады, сөздiк ойындарды пайдаланады және тағы басқа.
      1135. Бағалау өлшемдері:
      1) клоунның трюктерді орындау техникасын меңгеру: әртүрлі көңіл-күй жағдайы, басқа бейнеге енудің айқындығы.
      2) концерттiк нөмiрден жалпы әсері (трюк, этюд): білім алушының (қабiлеттiлiк) мүмкiндiктері, оның жетiстiктерi, шеберлiгі.

23-параграф. Балалар өнер мектептерінің «Цирк өнерінің тарихы»
пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      1136. Балалар өнер мектептерінің «Цирк өнерінің тарихы» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) пәннің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, бағдарламалық талаптарды, оқыту жылдары бойынша оқу-тақырыптық жоспарын, бақылау нысандарын, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдерін анықтайды.


      1137. Пәннің мақсаты: білім алушыларды мақсаты білім алушыларды эстрадалық-цирк өнерінің тарихымен таныстыру.
      1138. Пәннің міндеттері:
      1) эстрадалық-цирктық өнер түрлері мен жанрларына; ерекшелік, түрі және жанрын айқындайтын типологиялық сипаттамаларына байланысты негізгі ұғымдарын меңгеру;
      2) қазіргі заманғы эстрадалық-цирктық өнерінің түрлері мен жанрларының ерекшеліктерімен танысу;
      3) ұлттық мәдениеттегі эстрадалық-цирктық өнерінің түрлері мен жанрларының ерекшеліктерімен танысу;
      4) білім алушыларды түрлер мен жанрларды қалыптастыру үдерісін оның нақты-тарихи өзіндік айырмашылығын сипаттауды үйрету;
      5) белгілі цирк әртістерінің өмірлік және шығармашылық жолын білу;
      6) білім алушылардың рухани әлемi байыту;
      7) iс жүзiнде алған бiлiмдерін қолдануға үйрету.
      1139. Бағдарлама цирк бөлімдерінде 8-9 сыныптарда 2 жыл оқытуды көздейді.
      Клаунадаға оқыту 8 сыныптан басталады, себебі осы кезеңде білім алушылар акробатика, гимнастика, эквилибристика, жонлерлеу, клоунада пәндері бойынша теориялық және практикалық дағдыларға ие болады.
      1140. Бағдарламаны іске асыру мерзімі: 8-9-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат, барлығы - 68 сағат.
      1141. пәннің мазмұны. Оқу-тақырыптық жоспар.
      Пәннің бағдарламалық талаптары.
      1-бөлім. Цирк өнерінің қайнар көзі. Цирк өнерінiң өзiне тән ерекшелiктері және жанрының алуан түрлiлiгi. Цирк трюктері қызметінің бастапқы негізі.
      Цирк - синтетикалық өнер түрі. Цирктегі пластика, музыка, сөздiң мағынасы. Цирк нөмiрінің рөлi. Цирк бағдарламасының сипаттамасы.Еңбек процестерi, дiни көрсетiлiмдер, салтанатты карнавалдық көңiл көтерулердегi цирк жанрларының пайда болуы.
      Амфораларда фрескалар, суреттердi талдау және әр түрлi ыдыстар, мүсiндiк бейнелер, жазба және ежелгi ойындар, би, спорттық бәсекені бейнелейтiн ескi қолжазбалардағы суреттерi және тағы басқа.
      1-тақырып. Ежелгі Мысырда цирк жанрының пайда болуы.
      Ежелгi Мысырдың дiни табынуларында акробат, жонглерлік ету, эквилибристика, пантомиманың элементтерi. Дрессура өнерiнің пайда болуы және алдамшы көрiнiсі.
      2-тақырып. Ежелгі Грецияда цирк жанрының пайда болуы. Эгей мәдениетi кезеңінде цирк жанрларының элементтерi (2100-1580жылдарға дейiн) Акробаттар, гимнастар, арқанмен жүрушiлер, жонглерлер, эквилибристер, сиқыршылардың сахнаға шығу өнері. Жануарларға табынулардағы дрессура элементтерi. Бұқалармен ойындар. Мазақылардың ежелгі Грециядадағы халық карнавалдағы бетперделері. Эйрон-цирк сайқымазақтардың ата-бабасы. Цирк жанры өнеріндегі мималар мен пантомималары.
      3-тақырып. Ежелгі Римде цирк жанрының пайда болуы.Римдiк құлиеленушiлiк қоғам. Римдiк мәдениетінің гректік мәдениеттен өзгешелiктері. Ежелгі рим сатурналияларындағы цирк жанрының элементтері. Халық карнавалдарын қуақы қалқалар. Рим амфитеатрларындағы қойылым: пиррихий, бестиарийы, навмахии. Акробатикалық пирамида, эквилибристика нөмiрлерін көрсету, ежелгi Рим цирктерiндегi шарах, сиқыршыларды сахнаға шығу және тағы басқалар. Шабандоздардың өнері.
      4-тақырып. Ежелгі Қытай цирк жанрының пайда болуы. Шаньдунь, Хэнань, Аньхой, Цзянсу, Сычуань провинцияларында табылған ханьлiк кезеңдерiнiң цирк ұсыныстарының сюжеттерi; Қытай цирк өнерiндегі халықтық ойындар, әндер және билердегі. Акробатика, жоглерлік ету, эквилибр түрлерiндегi еңбек дағдыларды қолдану. Цирк жанр элементтері карнавалдық мінездемесі кең таралған. Сатирикалық қойылымдар сценки халық комиктер - жүз қойылымдар, байси көрсетудің халыққа әйгiлi болуы.
      2-бөлім. Ортағасырлық және қайта өрлеу дәуіріндегі цирк жанрының дамуы.
      1-тақырып. Ортағасыр және қайта өрлеу дәуірінің сипаттамасы.Салыстырмалы талдау. Адамгершiлiкке, табиғи әдемiлiктi бекiту шын ықылас және орта ғасырдың дәуiрiне шiркеу - аскеттiк пiкiрлерге қарсы қайта өркендеудiң кезеңiндегі адамның күшi.
      2-тақырып. Ортағасыр гистриондарының шығармашылығы. Гистриондардың өнерi және цирк әртiстерiн шеберлiктiң қалыптасуына оның әсерi. Орта ғасырлық мистериялардағы гистриондарының қатысуы. Мамандық бойынша гистриондардың бөлiнуi (18 ғасыр). Цирктық труппалардың пайда болуы. Орта ғасырлық мистериялардың қойылымдарындағы акробатика, қақпақыл iстеу, алдамшы көрiнiс. Жын және Ақымақ тұрақты комедиялық кейiпкерлер. Шiркеу жағынан гистриондарын қудалау.
      3-тақырып Ортағасыр фарстарда цирк өнерінің элементтері. Фарс көрiнiстерiнің цирк драматургиясының дамуындағы рөлі. Ойынның буффон үлгiсi. Фарстардың орындауындағы цирк техникасы. Ауылдық - фарс көрiнiстерiнiң тұрақты кейiпкерлерiнiң бiрi.
      4-тақырып Дель Арте комедиясы. Қайта өркендеу дәуiрiне Италияның көркемдік бiрiншiлiгi (14, 15 және 16 ғасыр). Арта Дель комедиясы - «кәсiби театр». Арта Дель комедиясы ерекшелiктерiнің негiзгi өзiндiк белгілері: қалқа, суырып салу және буффонада. Карнавалдық маскарад киiмдерi – Арта Дель комедия қалқаларының пайда болуы. Бригелла мен Арлекино бетпердесінің сипаттамасы. Клоунаданың кейiпкерлерiмен олардың туыстығы. Италиялық халық комедиясында буффонада. Цирк репертуарында лацци орны.
      3-бөлім. 18 ғасырдағы Батыс Еуропа цирк өнерінің өркендеуі.1-тақырып. Ағарту дәуірінің сипаттамасы. Францияда ағартудың қалыптасуы. Азаматтық парыз ұғымы. Ғылымның көтерілуі және дамуы. Антикалық эстетикалық мұраттарға бағдар. Адам мақсаты - табиғатты әсемдеу. Анықтық, ұйымшылдық, симметриялылықтың басымдылығы.
      2-тақырып. Филипп Астлейдің амфитеатры (Англия). Атбегілік мектептердің кең таралуы. «Ф Астлейдің Лондондағы амфитеатры (1780). Оның бағдарламасы. Цирк нөмiрлерiн атта отыру сабақтарымен қосу. Парижда «Тампль елдi мекеніндегі ағылшын амфитеатры (1782). Атпен жасалатын көріністер, атты ұрысты суреттейтiн акробатика, жұптасқан және топты жекпе-жек «серiлiк». Б. Саундерс –шабандоз, үйретушi, күлдiргiш, ең жақын серiктесі.
      3-тақырып. Франконидың олимпиада циркі (Франция). «Цирк» терминнiң пайда болуы. Олимпиада циркінің ашылуы (1807). Оның құрылымы. Репертуары. Ағайынды Франконилер: Лоренцо және Энриконың - шабандоздық және жылқыларды үйретушiлерiнің шығармашылығы. Сюжеттiк аттылық - балет нөмiр «Аттағы Протей», «Жанна Д,арк», «Дауылдағы матрос» тағы басқалары.
      Олимпиялық театр-цирктің жаңа ғимаратын ашу (1827). Оның архитектурасы. Репертуар: ерлiк - ұрысты суреттейтiн цирк ишарастар «Мазепа», «Генерал Клебераның өлiмi» және тағы басқалары. Ф. Боше шығармашылығы – жаттықтырушы, атта жүруді үйретудiң жаңа жүйесiн құрушы. Ж.Б. Ориолдің шығармашылығы - акробат, эквилибрист, клоун.
      4-бөлім. Русьтегі цирк өнерінің қайнар көзі және дамуы.
      1-тақырып. Русьтегі сайқымазақтар. Сайқымазақтар – Ежелгі Русьтің алғашқы кәсіби әртістері (11 ғасырдан). Олардың сахналық көрінісіндегі түрлi ала-құлалық - әншiлер, әзiлқойлар, музыканттар, орындаушылар, үйретушiлер, акробаттар. Масқарапаз және 15-17 ғасырлардағы олардың даңқтылығы. Халық өнерін мемлекет пен шіркеудің құғындауы. (1648 жыл).
      2-тақырып. Ресейдегі халық серуені мен балагандар. Халық серуендерде ұсыныстардағы сайқымазақтар дәстүрі. Халық театрлары, балагандар мен жәрмеңкелік көңіл көтерулердің кең дамуы. Халық серуендеріндегі цирктік қойылымдар. Қылжақ қойылымдарда цирк нөмiрлерi. «Ақсақал»– шақырушылар, карусельдік «аталар» репертуарының цирк комиктеріне әсері. Орыс қылжақ күлдiргiштерiн пайда болу. Олардың көкейтестi репертуары. Қылжақтық қойылымдардағы орыс цирк өнерiнiң озық дәстүрлерiн қалыптастыру. Орыс әртiстерiнің кәсiби шеберлiктері.
      3-тақырып. 19 ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі ат циркі. Кезеңнің сипаты. Ресейдегі ат жанрының дамуы. Шабандоз, шабандоздар, жiгiттер, атпен өнер көрсететтін акробаттар. Шетел цирктерінiң гастрольдері. Оларды орыс білім алушыларының құрамына енгізу. Симеон көпiрiндегі бiрiншi стационарлық театр - цирк (Петербург, 1827). Оның бағдарламасы. Олимпияда циркінің бағдарламасы А.Гверра (Петербург, 1845), Ж.Лежара және П.Кюзана циркі (Петербург,1846). (Петербург, 1847) император театр әкiмшiлiгiнің циркі. Оның бағдарламасы.
      4-тақырып. Чинизеллийдің циркі. Стационарлық цирктердiң құрылуы. Г.Чинизелли циркі. (Петербург, 1877) Г.Чинизеллидің пантомимасы. Батыс еуропалық цирк дәстүрлерiне елiктеу. Ұлттық дәстүрлерден айырылу. Чинизелли циркінің репертуары: ағайынды Чинизеллилер (ағайынды Прайс және тағы басқалар) күлдiргiштер, (Томсон және тағы басқалар) дерессировщики, (Пончарилло турнистері және тағы басқалар) гимнаст атты нөмiрi, атты және су пантомималары.
      5-тақырып. Саламонскийдің циркі. А. Саламонскийдің циркі (Москва, 1880). Чинизелли және А. Саломонскийдің циркінің ұқсастықтары мен айырмашылығы. Мәскеулiк цирктiң демократиялық әлеуметке бағдары. А.Саламонскийдің цирктік репертуары: жылқы нөмiрлері, күлдiргiш - ағайынды Дуровтар, Бим - Бом, Танти (Бедини), Альперов және тағы басқа шетел гастролерлері – Буффало Билл «Жабайы батыс» және тағы басқалар. Атты, су және балалары циркінің пантомималары А. Саламонский.
      6-тақырып. Ағайынды Никитиндер циркі. Ағайынды Никитиндердің «Орыс циркі» (1873 (Осы цирк бағдарламасында орыс әртiстерiнiң жетiстiктерiн көрсету). Демократиялық аудиторияға цирк бағдарламаларын бағдарлау. Орыс сюжеттерiне спектакльдер. Цирк пантомималарындағы ерлiк-романтиялық бейне және халық қаhармандарының бейнелері. Алдыңғы қатарлы халық дәстүрлерін сақтау және дамыту үшін орыс әртiстерiнің күресі.
      5-бөлім. Қазақстандағы циркі. Қазақ циркі, Алматы циркі, Қарағанды циркі тарихының айтулы күндері, «Астана циркі» пайда болуының тарихы, Шымкент қаласындағы жаңа цирк.
      6-бөлім. Цирк жанрлары – ерекшеліктері, тарихы, атақты есімдер.1-тақырып. «Акробатика» жанры.1. Ерекшелігі. Акробатика – цирк өнердiң негiзгi жанрларының бiрi (гректің akrobateo - аяқтың ұштарында жүру, үстiне өрмелеу) (32 поджанр: партерлік, секiру, лақтыратын тақтайшалар, икар ойындары, батуттағы, қарқынды және каскадты, атты, әуе секiрiстер және тағы басқалар).
      2. Тарихы. Египеттің қашап жасалынған суреттері (біздің эрамызға дейін 1150 дейiн). Бұқалармен акробаттық ойындар (Кносс сарайының фрескалары). Грек тарихшысы Ксенофонт (біздің эрамызға дейін 430-354 дейiн) сиракуз бишiсi туралы. Орта ғасырлық акробаттар өнері (Амбаузедегі Сен-Дени шіркеуіндегі 12-14 ғасырларда бейнелер, «Александр туралы роман» кітабындағы суреттерге арналған); Венециядағы 18 ғасырда Қайта өрлеу дәуіріндегі «тірі архитектура» байқаулары. 
      3. Әйгілі есімдер. И. Сосин – рондат-флик-фляк-партердегі артқы екі еселенген сальто секiруін әлемде бірінші орындаушы(1888), партерлік секіруді орындаушылар - Д. Маслюков, В. Довейко - И. Үлкен Федосов және тағы басқалар; Крафт – ағайынды Яловтар, Касеев және Манасарян, Лавин және Канарский және тағы басқалар; вольтижді - Фоменко, Шемшур тобы және тағы басқалар; икарийлік ойындар - Рисли Ричард (1843 жыл), Плинер, Ушаковтар және тағы басқалар.
      2-тақырып. «Атлетика» жанры. 1. Ерекшелігі. Атлетика – көркемдік пішіндегі адамның бірегей дене күшін көрсетуіндегі цирк өнерінің жанры (гректік athletikos - өзiндiк күрескерлерге тән) (3 жанр асты: күштік жонглерлер, атлеттер, күрес).
      2. Тарихы – антикалық әлем мифологиясындағы атлеттер: Геракл, Ахилл, Тезей және тағы басқалар. Ежелгі Грекияның олимпиадалық ойындары. Ежелгi Рим монеталарында атлеттердiң бейнесi. Балаган сахналарындағы атлетика (18-19 ғасырларда).
      Дәрігер В. Краевский - Петербургте атлетика әуесқойларының үйірмелерін ұйымдастырушы (1885 жыл).
      3. Көрнекті есімдер. Эккенберг - Ресейге 1-шi Петр арқылы шақырылған алғашқы атлеттердің бiрi; күштi палуандар - орыс П.Ступин, атлет - әйел - Сандвина, Баланотти; крафт - жонглер - немiс Раппо, орыс - Крылов, ағайынды Нелиповичтер, Жеребцов, Херц, Новак, Дикуль, Анохин және тағы басқа; күрескерлер - Поддубный, Зайкин, Шемякин, Крылов, (Дядя Ваня) Лебедев және тағы басқалар.
      3-тақырып. «Гимнастика» жанры. Ерекшеліктер.Гимнастика – (грек. gymnastike, gumnazo– жаттығып, жатықтырамын, сонымен бiрге gumnas жалаңаштанған) арнаулы снарядтарда жаттығуларды көрсетілімі бар цирк жанры және (20 жанр асты - желбiршек (партер) турниктер, сақиналар, (әуе) ұмтылыс, трапецияда, корд де воланда және тағы басқалар).
      Тарихы. Өте көне замандағы ежелгі Қытай, Мысыр, Парсы гимнастика элементтері. Ежелгі Грекиядағы гимнасия және палестра. Ежелгі Рим циркуляторлары (пентарион снаряды). Гимнастиканың дамуында Швецияның және Германияның қосқан үлесі. Петербургтегі бiрiншi гимнастикалық үйiрме (1863 ). Париждың қала маңындағы Венсеннедегі гимнастардың бiрiншi халықаралық байқауы - (1900 ).
      Көрнекті есімдер. Леотар (1838-1861). Конев. Лозовик. Николаевтер. Бессараб. Леонтьев. Р. Немчинская. В. Суркова және тағы басқалар.
      4-тақырып. «Дрессура» жанры. Ерекшілігі. Дрессура – (француз тілінде drеsser – оқыту, үйрету) цирк өнерінің жанры, ол жануарларды қолға үйрету және көпшілікте, манежде, көрнекті алаңда өнер көрсетуден тұрады. (11 жанр астында– атты, ұсақ жануарлар, ірі жануарлар, жыртқыш аңдар, құстар және тағы басқалар). Жаттықтырудың үш әдісі (жабайы, ауыртпа, жұмсақ).
      Тарихы. Ежелгі (Египет, Грекия, Рим, Византия,Үндістан, Қытай) дрессурасы. Орта ғасырлық гистриондардың жануарлармен қойылымдары. 16 ғасырдағы Ресейдегі аюды жетектеп жүрушілер. Дрессураның бастаулары бұл дербес цирк жанры - 16 ғасыр ортасынан- 18 ғасырларда атты - акробаттық кезбе топтар. Жиhангез жануарлар (18 ғасырдың 2-шi жартысы).
      Көрнекті есімдер. Француз А.Мартэн - цирк аңдарын алғашқы үйретушілерінің бірі (1831- «Майсур арыстаны» нөмiрі). Немiс кәсiпкерлерi Гагенбек ағайынды - хайуанхананың иелерi, жинамалы жасушаны құрушы және аралас дрессура (1890).
      Орыс циркiнiң пионерлерi – ағайынды Дуровтар. Жыртқыш аңдарды үйретушілер - Н. Гладильщиков, Б. Эдер, М. Назарова. А И. Бугримов, В. және Л. Шевченко, М.Запашный; аюлармен - В. Филатов «Аю циркі» және тағы басқалар; (ит) ұсақ - Ермаков «Ит мектебi», А. Попов «Айболит дәрігердің қабылдауында»; мысықтар – Ю. Куклачев және т.б.
      5-тақырып. «Жонглерлік ету» жанры. Ерекшелігі. Жонглерлік ету - белгiлi ырғақта әр түрлі заттарды икемдiлiкте жоғары лақтыруға негiзделген цирк жанры (орта ғасырлық Францияда - өтiрiкшi, бишi, ақын, акробат, арқан бишiсi француз тілінде - jongleur - қыдырма) және (6 жанр асты - жеке, топты, атпен, антипод, хулахуп, дьяболо) түрлi бұйымдарды қағып алу.
      Тарихы. Бедерлi бейнелер және Ежелгi Мысыр, Грекия, Рим, Қытай, Жапония әдебиетіндегі ескерпелер. Салонды және эксцентрикалық жонглерлік ету (19-20 ғасыслар). Сюжеттiк көрiнiстер және «үшпәндік».
      Атақты есімдер. Энрико Растелли (1896-1931) - қақпақыл iстеуде классикалық бағыттың негiзiн салушы. С. Игнатов - «Гинесстың рекордтар» кiтабына енетін 11 сақиналарымен бiрiншi қақпақыл (1978) орындаушы.Труцци, Никольский, Кисс, Ширай, Аберт, Биляуэр, Гато және тағы басқалар.
      6-тақырып «|Иллюзия» жанры.Ерекшелігі. Алдамшы көрiнiс (иллюзия) - (латын тілінен – шаillusio адасу, алдау) негізгі көрнекілік құралы барлық құпиялығына қарамастан шындық әсерін қалдыратын фокус болып табылатын цирк жанры (2 жанр асты – қимыл және иллюзионизм).
      Иллюзионизм - арнаулы аппаратураны қолдануға негiзделген фокустердi көрсету. Қимыл (манипуляция) - (қолдар, саусақтар) қолдың ептiлiгiнде көбiнесе негiзделген фокустердiң көрсетуi (француз «manipulation», латынша «manipulus» - уыс, manus қол). Қимылдың бұрынғы атауы - (итальян сөзі presto шапшаң және digito саусақ) престидижитация.
      Тарихы. Алдамшы көрiнiстiң бастаулары - Ежелгі Сирия, Ежелгi Мысыр, Византия абыздарының «ғажаптары». «Ежелгі Грекияда «Тавматургия». Орта ғасырлық гистриондардың фокустерi. Иллюзия жасайтын ұсынулары тетiктердi қолданып - 18-шi соңы - 19 ғасырдың басы). Ескі цирктің иллюзиондық нөмірлері – таңғанарлық-жарнамалық; факир және егов нөмірлері. Ежелгi Мысырдың манипуляторлары. Жәрмеңкелердегi және балагандарда сахналық қойылымдары (18-19 ғасырлар).
      Атақты есімдер. Кулибин – иллюзия көрінісітері өнертапқышы (1770); Гудини – ұлы босату шебері (20 ғасырдың басы); үндi факирлары және мысыр жадыгөйлерi - Әли, Д. Лонго және тағы басқа.
      Әртiс - гипнотизер Орнальдо (Смирнов) Ленинградта иллюзия театрын ұйымдастырушы (1935). Иллюзионистер және олардың сюжеттiк қойылымдары - О. Ратиани, үлкен Э. Кио және оның ұлдары, А.Сокол, И. Симвалоков және тағы басқалар.
      Ресейде шетелдiк гастролерлер - Апфельбаум, Боско, Герман және тағы басқалар. 19 ғасырдың басы 20 ғасырдың соңындағы орыс манипуляторлары: Леони (Ларионов), Гарди (Иванов), В.Иванов және Г.Иванов, Казини (Казюков ), Пассо, Ю. Писаренко және тағы басқалар.
      7-тақырып. «Клоунада» жанры. Ерекшілігі. Клоунада: 1. Буффонада тәсiлдерi, эксцентриктер, пародия, гротеск салынған нөмiрлермен әртiстердi күлкiлi бетперде-бейнелерде сахнаға шығуына негiзделген цирк жанры.
      2. Клоун көрiнiсiнiң атауы (бұрын қабылданған антре орынына).
      Тарихы. «Друри - Лейн, «Ковент-Гарден» (1700) және тағы басқа лондондық күлдіргі-фарстық тестр сахналарында сахналық өнер ретінде клоундық түрдің пайда болуы. Клоунада Август (Сары) және Ақ клоундық жұбының және Август (Сары) амплуасының пайда болумен (1830) жанрдың пайда болуы; Халықтық серуендер – русьтегі клоунада өнерінің бастауында; Масқарапаздар, потешниктер-балагурлер, қуақылардың шығармашылығындағы клоунада. Фарс және балагандар (19 ғасыр «арлекиндер») халық театрларының сатиралық көрiнiстерi. Әйгiлi кинокомиктердiң қалқаларына клоундардың ең танымал жүгiнулері - Чарли Чаплин, Гарольд Ллойд, Пат және Паташон. Жаңа реалистiк (кеңестік) клоундары (1930-шi басы). Тақырыптық спектакльдерді құру – (Попов - «Күлкiмен ем», Енгибаров - «Мимның таң қаларлық әрекеттері»). Театрлық клоунаданы тарату – («Қуақылар», «Бетперделер» және тағы басқалары – 1960 жыл).
      Атақты есімдер: Театралдық сайқымазақтар шығармашылығы Гримальди және Дебюро (17 ғасырдың соңы 18 ғасырдың басы).Алғашқы Августер – Беллинг, Гюйон, Чедвик. Париждік Жаңа цирк труппасындағы алғашқы жұп (Ақ Август) сайқымазақ труппасындағы Футтит және Шоколад. Орыс клоундары шығармашылығындағы сайқымазақтар және шуттардың сатирикалық дәстүрлері – ағайынды А. және В.Дуровтар, С.Альперова, Бим-Бом дуэті, В.Лазаренко және тағы басқалар. Кеңес циркінің сайқымазақтары – (соло) Алексеев, Карандаш, Берман, Вяткин, Мусин, О.Попов және тағы басқалар; (жұп және топтар) – Никулин және Шуйдин, «Арбат жігіттері» және тағы басқалар.Клоундар-мимдер –Енгибаров, Ротман және Маковский, Николаев басқалары.Қазіргі заманымыздың буффонад клоундар – Мик и Мак, Шелковниковы, «А» тобы, Долли және Домино және тағы басқа.
      8-тақырып. Жанр «эквилибр». Ерекшелігі.Эквилибр негiзгi цирк жанрларының (латын тілінен aeguilibris - тепе-теңдiкте тұрған деген сөз) бiрi. Әртістердің жеке және топтық қойылымдарын бiрiктiредi, жердегі орнықсыз жағдайды және әртүрлі снарядтардағы дене тепе-теңдiгін сақтауды көрсететiн өнер.
      Тарихы. Ежелгi Шығыс спорттық жарыстарында, халықтық ойындарда, қолөнершіліктегі (жемістерді жинаушылардағы ұзын сырық), Ежелгi Қытай (арқанда ұста шебері шәкірттерінің ойыны), Ежелгі Грекиядағы (сиракуз эквилибрисi) эквилибр жанрының туу. Антикалық әртістердің шығармашылығындағы суреттер мен кітаптар (Ксенофонт, Аристофан) Киевтегі София соборындағы фрескадағы бейнелер (11 ғасыр).
      Жәрмеңкелiк әртiстер, шетел гастролерлердiң шығармашылығында эквилибрдiң жанрларының қалыптастыруы (18 ғасырдың басы 19 ғасырдың соңы).
      Атақты есімдер: Атақты арқанмен жүрушiлер Блонден және Молодцов шығармашылығы, эквилибристер Л. Осинский және В.Волжанский.Ресейлiк эквилибристер: М. Егоров, В. Яковлев және тағы басқалар (қол өнері); С. Черных, П. Лаврик және тағы басқа (орауыштарда); Манукян, Франузовтар, Костюк, Сарач және тағы басқа (сым темірлерде).
      9-тақырып. Цирк пантомимасы.Ерекшелігі.Пантомима (грек сөз pantomimos барлығын елiктеу арқылы елестетумен көрсетуші).Цирк миниатюрасы (немесе аз сөздермен), соло немесе әртiстер тобымен мәтiнсiз орындалатын. Қойылымның негiзiнде тақырыптық сюжеттiк цирктік спектакль, цирк және театр көркемділігі құралдарымен шешiмі табылған қойылым.
      7-бөлім. «Шетел цирктері» – педагог таңдауы бойынша.
      1142. Бақылау түрі. Цирк өнері тарихы пәні бойынша оқу – бақылау іс-шаралары бақылау сабақтар түрінде (1 жартыжылдыққа) жылына екi рет жүргiзiледi және әр бөлімнің есеп беру концертiнде жылдың соңында, концерттiк нөмiр түрiнде өткізіледі.
      9 сынып білім алушыларына қорытынды аттестация – емтихан жүргізіледі.
      1143. Бақылаудың педагогикалық талаптары:
      1) жеке сипаттамасы (әр білім алушының жұмысын бақылау қажет. Жұмыс қорытындысы бойынша білім алушының қызмет нәтижесін ауыстыруға болмайды);
      2) жүйелік және үздіксіздік;
      3) білім алушының және нәтижелерге пiшiндердi әр түрлiлiк бақылаудың әдiстерi; оның жүргiзуiне қызығушылығын арттыру;
      4) жан-жақтылық (бағдарламаның барлық бөлімдерін қамту, теориялық өнер-бiлiмдерін және практикалық бiлімдері мен дағдыларын тексеру);
      5) объективтiлiк;
      6) дифференциялық ұстаным (ерекшелiктердi есептеу әр білім алушының әр пән бөліміне);
      7) мұғалiм талаптары бiрыңғай болуы керек.
      1144. Терминдер, ұғымдарды меңгеруін тексеру мақсатында және психологиялық жүктемесі ретінде жазбаша тестік тапсырмалар, жаппай сұрау, викториналар, ойындар, арнайы жасалынған сөзжұмбақтар, білім алушылардың шығармашылық жұмыстар өткізiледi.
      1145. Бағалау өлшемдері: эстрадалық - цирк өнерінің түрлері мен жанрларына байланысты негiзгi ұғымдарды қолдану дәлдiгі және дұрыстығы; практикадағы түрлер мен жанрлар ерекшелiгін анықтайтын типологиялық сипаттамалар (бейне материалдарды, цирк бағдарламаларын қатысу, жеке концерттiк нөмiрлердi орындау және тағы басқалар).
      1146. Осы курсты табысты игеру көрсеткiштерi келесi өлшемдер болып табылады: Білім алушылар біледі:
      1) эстрадалық – цирк өнерінің түрлері мен жанрларын біледі;
      2) ерекшелігі, түрлері мен жанрларын анықтайтын сипаттамалар типологиясына байланысты негізгі ұғымдарын біледі;
      3) қазіргі заманғы мәдениеттегі эстрадалық-цирк өнерінің өзіндік түрлері мен жанрлық айырмашылықтарын анықтай алады;
      4) ұлттық мәдениеттегі эстрадалық-цирк өнерінің өзіндік түрлері мен жанрлық айырмашылықтарын біледі;
      5) білім алушылар цирк атақты әртістерінің өмiрлiк және шығармашылық жолдарын біледі.
      Білім алушылар істей алады:
      1) практикада алған білімдерін пайдаланады (цирк бағдарламаларына қатысу, өзінің жеке концерттік нөмірлерін орындайды, бейне материалдарды көреді және тағы басқа).
      2) цирктік концерттік нөмірлерге, оны орындауға өз бетiмен сыни баға бере алады және оны дәлелдей алады.
      1147. Сабақ дәрiс, өзіндік және өнiмдi бөлiмдерден тұруы керек. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін оны жүргізу құрамы мен тәртібіне қарай өзгертуге болады. Дәрiс бөлiмінде құбылыстардың жалпы байланыстары негізіне арналған жетекші идеялар мен ұғымдар жеткізіледі. Бұл ретте әсiресе, тиiмдi және эмоциялықбөліктердің тепе-теңдігін сақтау маңызды.
      1148. Өзіндік бөлімнің негізгі мақсаты- көркем құбылыстар, мәнерлеу құралы рөлін өзін-өзі қабылдап, талдауға ұғынады. Білім алушының өзiндiк жұмысын ұйымдастыру - педагогтің ең басты мiндетi. Барлық өзіндік қызмет өзара ең жақсы қарым-қатынас жағдайында өтеді.
      1149. Өнiмдi бөлiмінде білім алушылар сабақтың өзіндік бөлігінде ұсынылған тапсырмаларды орындауды көрсетедi. Қалай болса да сабақтың өнiмдi бөлiгi өтсе де, педагогтің әр шығармашылық қызметтің жағымды бағасы өте маңызды. Тапсырмалардың тапсырмалар сипаттамасында жағымды әсер алу мүмкіндігі орнатылады.
      1150. Бағдарлама бойынша сабақты өткізу түрі сабақ болып есептеледі. Сабақта оқыту үдерісі мынадай келесі міндетті компоненттерді:
      1) педагог пен білім алушылардың ынтымақтастық педагогикасы қағидаттарын жүзеге асыру;
      2) сұхбаттасушылық;
      3) қойған міндеттердің нақтылығы және оны шешудегі вариативтілік;
      4) ізденіс әдісі тану негізі ретінде;
      5) дәуірге сіңу, ену әдісі.

Балалар музыка мектептерінің, 


балалар көркемөнер мектептерінің
және балалар өнер мектептерінің
Үлгілік оқу жоспарына    
1-қосымша           


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет