Балалардың диареясы Анықтамасы Диарея



бет16/18
Дата24.11.2023
өлшемі47,35 Kb.
#193277
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
f63eca2610c1d30
QVYTAUXEIBMJ16112023204539, FNEGCOVCQSUP16112023204815, Esse-1, 604606.pptx (3)
Хирургиялық араласу (бұл жағдай негізгі болмаса, онда оның негіздемесін сипаттау қажет: белгілі бір кезең ішінде дәрі-дәрмекті емдеудің тиімсіздігі кезінде, емдеу тиімділігі негізгі индикаторларының оң динамикасы болмаған кезде және т. б.) жүргізілмейді.
амбулаториялық деңгейде хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
стационарлық деңгейде хирургиялық араласу: жүргізілмейді.

Әрі қарай жүргізу [4, 6, 17]
Дизентериядан және өзге жіті диареялық инфекциялардан кейін (сальмонеллезден басқа) реконвалесценттерді ауруханадан шығару толық клиникалық сауығудан соң жүргізіледі.
Дизентерияның және өзге жіті диареялық инфекциялардың (несептік және Proreus, Citrobacter, Enterobacter типті және т. б. шартты-патогенді қоздырушылардан болғандардан басқа) реконвалесценттерін бір ретті бактериологиялық тексеру ауруханадан шығарғаннан кейін жеті күнтізбелік күн ішінде, бірақ антибиотикті терапия аяқталған соң екі күннен ерте емес, амбулаториялық жағдайда жүргізіледі.
Диспансерлік бақылау бір айдың ішінде жүргізіледі, бір ай өткенде бір реттік бактериологиялық тексеру қажет.
Дәрігерге бару еселігі клиникалық көрсеткіштер бойынша анықталады.
Диспансерлік бақылау тұрғылықты мекенжайы бойынша ЖТД/педиатрмен немесе жұқпалы аурулар кабинетінің дәрігерімен жүзеге асырылады.
Аурудың қайталануы немесе зертханалық зерттеудің оң нәтижесі кезінде дизентериямен ауырған тұлғалар емдеуден қайта өтеді. Емдеу аяқталғаннан кейін, бұл тұлғалар үш айдың ішінде ай сайын зертханалық зерттеуден өтеді. Бактерия тасушылығы үш айдан аса жалғасатын тұлғалар дизентерияның созылмалы түрімен ауыратындар сияқты емделеді.
Созылмалы дизентериясы бар тұлғалар бір жыл ішінде диспансерлі қаралуда болады. Бұл тұлғаларға бактериологиялық тексеру мен дәрігер-инфекцианистің қарауы ай сайын жүргізіледі.
Сальмонеллездің реконвалесценттерін ауруханадан шығаруды толық клиникалық сауығудан және үлкен дәреттің бір реттік теріс бактериологиялық зерттеуінен кейін жүргізеді. Зерттеуді емдеу аяқталған соң үш күннен кешіктірмей жүргізеді.
Ауруға шалдығып шыққаннан кейін диспансерлік бақылауға тек қана декреттелген контингент тартылады.
Сальмонеллезбен ауырып шыққан тұлғаларға диспансерлік бақылауды жұқпалы аурулар кабинетінің дәрігері немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскелік (отбасылық) дәрігерлер жүзеге асырады.
Емдеу аяқталғаннан кейін сальмонеллаларды бөлуді жалғастыратын балаларды емдеуші дәрігер мектепке дейінгі балалар мекемесіне барудан он бес күнге босатады, бұл кезеңде бір екі күн аралықпен үлкен дәреттің үш ретті зерттеуін жүргізеді. Қайталанған оң нәтиже кезінде босатудың және қараудың сол сияқты тәртібін тағы он бес күн ішінде қайталайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет