Гормональды терапия: преднизолон 2-5 мг/кг/тәулік, дексаметазон – 0,2-0,3 мг/кг/тәулік, гидрокортизон – 12,5 тәулігіне мг/кг/.
2. Ішек парезін емдеу.
-натрий хлоридінің 5% ерітіндісімен тазартқыш клизмалар;
-ішті уқалау;
-ішке құрғақ жылу;
ЖБЖ, ГУС емдеу.
Емдеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Денсаулық сақтауды дамыту мәселелері жөніндегі сараптау комиссиясының 2014 жылғы 12-шілдедегі бекітілген № 14 «Балаларда жіті бүйрек функциясының жеткiлiксiздiгi» клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізіледі.
ЖУЕ емдеу.
-маска немесе мұрын катетері арқылы ылғалды оттекті беру жолымен үнемі оксигенация
-жүргізілетін терапияны түзету мақсатымен сағаттық диурезді анықтау үшін науқасты есеңгіреуден шығармас бұрын мерзімге катетерді қуық қалбыршағына енгізу.
ЖУЕ кезінде препараттарды егу реттілігі
Науқастың күйін бағалау – гемодинамика (БЖАЫЖ бойынша 5 жасқа дейінгі балаларда есеңгіреу белгілері), тыныс, ес-түсінің деңгейі.
-Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру, оттегі беру, қажет кезде – кеңірдектің интубациясы мен ЖӨЖ аудару;
-Веннозды кіру. Орталық/шеткі көктамырларды катетерлеуді бастау.
Қарқынды инфузионды терапия 20 мл/кг бойынша ретті 3 сорғалап егу (кристаллоидтердің және коллоидтердің қатынасы 1:1), егер қажет болса, онда инфузияға геодинамикалық жауап негізінде, одан да көп. Егер бала өте арық болса, онда сұйықтықтардың көлемдері мен егілу жылдамдығы басқаша болу керек, сондықтан, балада тамақтанудың ауыр бұзылуы жоқ па, соны тексеріңіз.
-Преднизолонды мөлшерде егу;
1 дәрежелі ЖУЕ кезінде – преднизолон 2-5 мг/кг/тәулік, дексаметазон – 0,2-0,3 мг/кг/тәулік, гидрокортизон 12,5 тәулігіне мг/кг;
2 дәрежелі ЖУЕ кезінде – преднизолон 5-10 мг/кг/тәулік, дексаметазон – 0,5-1,0 мг/кг/тәулік, гидрокортизон 25 тәулігіне мг/кг;
3 дәрежелі ЖУЕ кезінде – преднизолон 10-15 мг/кг/тәулік, дексаметазон – 1,0 мг/кг/тәулік, гидрокортизон 25-50 тәулігіне мг/кг;
-Антибиотик егу – ампициллин/сульбактам т/і 150 мг/кг мөлшерінде (тәулік мөлшері) немесе цефалоспориндер 3 буынды.
-Әрбір 6 сағаттан кейін гепарин (коагулограмма есебімен):
1 дәрежелі ЖУЕ – 50-100 ӘБ/кг,
2 дәрежелі ЖУЕ – 25-50 ӘБ/кг,
3 дәрежелі ЖУЕ – 10-15 ӘБ/кг
-Бірінші қатарлы катехоламинді егу – Допамин 10 мкг/кг/мин бастап және бұдан әрі гемодинамикалық жауап бойынша мөлшері әрбір 10-15 минут 20 мкг/кг/мин дейін жоғарлайды.
-Гемодинамиканың Допаминге (20 мкг/кг/мин мөлшерінде) реакциясы болмаған жағдайда 0,05-2 мкг/кг/мин мөлшерінде эпинефрин/норэпинефринді егуді бастау.
-Метаболиялық ацидозды түзету: ЖӨЖ аудару.
-протеаздың баяулатқыштары – апротонин 500-1000 АТЕ/кг (бір ретті мөлшері).
-мидің ілеспелі ісінуі болған кезде – маннитол 15 % - 1-1,5 г/кг және АД тұрақтануы кезіне – фуросемид 1 % - 1-3 мг/кг/тәулік.
-Инфузионды терапияны 10-15 мл/кг/сағ. көлемінде жалғастыру;
-Гипопротеинемия кезінде:
альбумин.
ЖМП 10-20 мл/кг, эритроцитарлы массаны құю (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi 06.11.2009 жылғы № 666 бұйрығына сәйкес көрсеткіштердің бар болуы кезінде).
Достарыңызбен бөлісу: |