Б жоспары. Біркелкі сорғытумен диареяны АРҚ көмегімен емдеу: Қажетті АРҚ көлемін (мл) баланың массасын (кг) 75-ке көбейте отырып есептеуге болады.
Сұйықтықтың есептелген көлемімен 4 сағат ішінде ішкізу.
Егер бала АРҚ ерітіндісін ынтықпен ішсе және тағы сұраса, ұсынылған мөлшерден көп беруге болады. Баланың қалауынша емшекпен емізуді жалғастырған жөн. Жасанды емізудегі сәбилерге алғашқы 4 сағатта тамақтануды алып тастайды және оральды регидратацияны жүргізеді.
4 сағаттан кейін баланың жағдайын қайта қарап және гидратацияның ахуалын анықтаныз: егер біркелкі сорғытудың 2 немесе одан аса белгісі сақталса, Б жоспарын тағы 4 сағат жалғастырыңыз.
Амбулаториялық жағдайларда оральды регидратациядан нәтиже болмаған кезде науқасты стационарлық емделуге жолдайды.
Емделуді жалғастырудың тиісті жоспарын таңдап алыңыз. Баланы медициналық мекемеде емізе бастаныз. Егер ана медициналық мекемеде емделу аяқталғанға дейін қала алмаса, оған АРҚ ерітіндісін үйде қалай дайындау керек екендігін көрсетіңіздер. 4 күндік курсты аяқтау үшін үйде АРҚ қандай көлемін беру қажет екенін түсіндіріңіздер. Регидратацияны аяқтау үшін оны АРҚ қалталарының қажетті мөлшерімен жабдықтаныз. А жоспарында ұсынылатындай оған қосымша 2 қалта беріңіз. Үйде емдеудің 3 ережесін түсіндіріңіздер (А емдеу жоспарын қара).
Парентеральды регидратацияны және дезинтоксикацияны жүргізу үшін көрсетімдер:
-гиповолемиялық шок көрсеткіштерімен сорғытудың ауыр формалары;
-жұқпалы-улағыш шок;
-нейротоксикоз;
-сорғытудың ауыр формалары;
-эксикоздың (кез келген дәрежелі) ауыр уланумен үйлесуі;
-басылмайтын құсық;
-Б жоспары кезінде 8 сағат ішінде пероральды регидратацияның тиімсіздігі немесе біркелкі сорғытудың ауыр сорғытуға ауысуы.
В жоспары Ауыр асқынуы бар диареяны емдеу:[1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15]
Ауыр сырқаты бар балаға сұйықтықты т/і егу:
12 айдан кем жастағы: алдымен 1 сағат ішінде 30 мл/кг егіңіз, кейін 5 сағат ішінде 70 мл/кг егіңіз;
12 айдан кем жастағы: алдымен 1 сағат ішінде 30 мл/кг егіңіз, кейін 5 сағат ішінде 70 мл/кг егіңіз;
Әрбір 15–30 минут сайын қайталаныз. Егер гидратацияның ахуалы жақсармаса, сұйықтықтарды тамшылап енгізу жылдамдығын арттырыңыз. Сондай-ақ, АРҚ ерітінділерін (шамамен 5мл/кг/сағ.) бала іше алған сәттен бастап беріңіз: әдетте 3-4 сағ. кейін (сәбилер) немесе 1-2 сағ. (аса үлкен жастағы балалар).
Сәбидің жағдайын 6 сағаттан кейін, ал аса үлкен жастағы баланың жағдайын – 3 сағаттан кейін қайталап бағаланыз. Усыздану дәрежесін анықтаныз. Одан кейін емдеуді жалғастыру үшін тиісті жоспарды таңданыз (А, Б немесе В).