Дәрі-дәрмексіз емдеу: Тәртібі - көрінген улану мен сұйықтықты жоғалту кезінде төсек тартып жату.
Диета – баланың жасына, оның тамақта ұнатуларына және аурудың басталғанына дейін тамақтану әдеттеріне байланысты.
Емшек еметін балаларды емшек сүтімен олардың қалауынша жиі және ұзақ емізген жөн.
Жасанды емізудегі балаларды оларға үйреншікті тамақтанумен тамақтандыру.
6 айдан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға – № 16 үстел.
2 жастан бастап және одан үлкен жастағы балаларға – № 4 үстел.
Лактазды жетіспеушілігі бар балаларға төмен/лактозасыз қоспалар белгіленеді.
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
1. Регидратация: А жоспары, Б жоспары мен В жоспары [1, 2, 6, 7]
А жоспары. Диареяны үй жағдайларында емдеу: 1. Анасына қосымша сұйықтықтарды беруге (бала қанша іше аласа сонша) ұсыңыздар:
-жиі емшеу беру және әрбір емізудің ұзақтығын арттыру.
-егер бала тек қана емшек емізуінде ғана болса, емшеу сүтінен басқа, қосымша АРҚ немесе таза су беру.
-Егер бала аралас немесе жасанды емізуде болса, келесі сұйықтықтарды кез келген үйлесуде беру: АРҚ ерітіндісі (Декстроза+Калий хлориді+Натрий хлориді+Натрий цитраты), сұйық тамақ (мысалы, сорпа, күріш қайнатындысы) немесе таза су.
Ананы АРҚ ерітіндісін дайындауға және беруге үйретіңіздер. Үй жағдайларында қолдану үшін анаға АРҚ екі қалтасын беріңіз. Анаға әдеттегі қабылдауға қосымша қанша сұйықтық беру қажет екендігін түсіндіріңіздер:
-2 жасқа дейін 50-100 мл әрбір сұйық дәреттен кейін
-2 жас және одан үлкен 100-200 мл әрбір сұйық дәреттен кейін.
Анаға кеңес беріңіз: балаға шынаяқтан кішкене жұтымдардан жиі ішуге беру; егер балада құсық болса, 10 минут тосып, содан кейін жалғастыру, бірақ ақырынырақ. Сұйықтықты қосымша беруді диарея аяқталмағанынша дейін беруді жалғастыру.
2. Емізуді жалғастыру.
3. Ана қандай жағдайларда медициналық мекемелерге қайта жүгіну қажет екендігін білу керек:
Егер балада төменде аталған кез келген белгілердің бірі пайда болса анаға баланы шұғыл түрде қайта ауруханаға жеткізуге кеңес беріңіздер:
-іше алмайды немесе емшек еме алмайды;
-баланың жағдайы нашарлайды;
-безгек пайда болды;
-баланың дәретінде қан бар немесе ол нашар ішеді.