Бактерияға қарсы терапия.
Антибиотиктерді тағайындау үшін көрсетімдер:
-бактериальды диареялары бар науқастар: гастроэнтероколиттер, колиттер (шигеллез, сальмонеллез, энтеропатогенді, энтероинвазивті және -энтерогеморрагиялық эшерихиоз, УПФ-инфекциялар, иерсиниоз, кампилобактериез және белгіленбеген этиологияның ЖІИ);
-жасына тәуелсіз диареяның ауыр формасымен ауыратындар;
-орташа ауры формасы кезінде – 2 жасқа дейінгі балаларға (бактериальды ісінулерге және/немесе безгекке сипатты қанның 3 күннен аса өзгерулері кезінде);
-ілеспелі ауруларымен, алғашқы немесе екінші иммун тапшылық жағдайымен және өзге бактериальды инфекциялармен (пневмония, ангина және т. б.) -науқастарда ЖІИ.
Антибиотиктерді егу тәсілдері:
-орташа ауыр формалары кезінде антибиотиктерді пероральды егеді;
-аурудың ауыр ағымы кезінде антибиотиктерді ішке қабылдауды парентеральды егумен үйлестірген жөн;
-препараттарды ауыз арқылы қабылдау мүмкін болмаған кезде, жиі лоқсу, көп ретті құсық кезінде оларды парентеральды егу пайдалы.
№3-кесте. Балаларда ЖІИ емдеуге арналған бактерияларға қарсы препараттардың мөлшерлері
Топ
|
Препараттың аты
|
Егу жолы
|
Тәулік мөлшері (еселігі)
|
Нитрофурандар
|
Фуразолидон
|
per os
|
8-10 мг/кг (3-4)
|
Цефалоспориндер
|
Цефиксим
|
per os
|
8 мг/кг (2)
|
Цефтриаксон
|
б/і, т/і
|
50-75 мг/кг (1-2)
|
Цефотаксим
|
б/і, т/і
|
50-100 мг/кг (3-4)
|
Цефепим
|
т/і
|
50 мг/кг (2-3)
|
Аминогликозидтер
|
Гентамицин
|
б/і, т/і
|
3-7 мг/кг (2)
|
Амикацин
|
б/і, к/і
|
10-15 мг/кг (2)
|
Аминопенициллиндер
|
Ампициллин/сульбактам Сультамициллин
|
б/і, т/і
per os
|
25-50 мг/кг (2)
|
Макролидтер
|
Азитромицин
|
per os
|
1 тәу.-10 мг/кг, бұдан әрі 5 мг/кг (1)
|
Сульфаниламидтер
|
Ко-тримаксозол
|
per os
|
Триметоприм бойынша 6-8 мг/кг (2)
|
Хинолондар
Фторхинолондар
|
Налидикс қышқылы
|
per os
|
60 мг/кг (3-4)
|
Норфлоксацин
|
per os
|
10-20 мг/кг (2)
|
Карбапенемдер
|
Меропенем
|
б/і, т/і
|
30-60 г/кг (3)
|
Бактерияға қарсы терапияның курсы аурудың ауырлығына, асқынулардың болуына және бактерия тасушының қалыптасуына байланысты. Курстың орташа ауыр түрлері кезінде 5 - 7 күнінен аспайды, ауыр жағдайларда 10 - 14 күнге дейін ұзарта алады.
Достарыңызбен бөлісу: |