Балалардың диареясы Анықтамасы Диарея



бет3/18
Дата24.11.2023
өлшемі47,35 Kb.
#193277
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
f63eca2610c1d30
QVYTAUXEIBMJ16112023204539, FNEGCOVCQSUP16112023204815, Esse-1, 604606.pptx (3)
Аурудың ағымы бойынша: жіті, асқынулармен және қайталанулармен.
Асқынулардың сипаты бойынша: дисбактериоз, пневмония, отит, миокардит, остеомиелит және т. б. Микст-инфекция.

Тырысқақтың жіктелуі: [3,4]
Нысаны бойынша:
-типті;
-типтік емес: гипертоксикалық, «құрғақ», геморрагиялық, өшіп кеткен, субклиникалық.
Үрдістің ауырлығы бойынша:
-жеңіл;
-орташа ауыр: I дәрежелі дегидратация;
-ауыр: II дәрежелі дегидратация, III дәрежелі дегидратация.
Ағымы бойынша: жіті, қас қаққанша.
Асқынулардың сипаты бойынша: жіті бүйрек функциясы жеткіліксіздігі, бас миының ісінуі, сал болдыртын илеус, пневмония, ішек дисбактериозы.

Ротавирусты инфекцияның жіктелуі: [3,4]
Түрі бойынша:
-типті гастроэнтерит, гастрит, энтерит;
-типтік емес: өшіп кеткен, субклиникалық.
Ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа ауыр, ауыр.
Ағымы бойынша: жіті, ұзаққа созылған, асқынулармен микст-инфекция.

Шартты-патогенді ішек инфекциясының жіктелуі: [3,4]
Таралуы бойынша:
-оқшауланған;
-таралған (септикалық).
Түрі бойынша:
-типті гастроэнтерит, гастрит, энтерит, энтероколит;
-типтік емес: өшіп кеткен, симптомсыз, гипертоксикалық.
Үрдістің ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа ауыр, ауыр.
Аурудың ағымы бойынша: жіті, ұзаққа созылған, созылмалы.
Асқынулардың сипаты бойынша: ішек дисбактериозы, пневмония, отит және т. б. микст-инфекция.

Диагностика

Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Диареясы бар пациенттерге амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:


-копрологиялық зерттеу;
-дәреттерді бактериологиялық зерттеу.

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:


-қанның жалпы талдауы;
-несептің жалпы талдауы;
-қанның биохимиялық талдауы (глюкоза, креатинин, билирубин, АЛТ, АСТ, диастаза);
-нәжістегі ішек құрттар және қарапайымдар;
-ішек құрттарын қырып алу;
-дәретттерді вирусологиялық зерттеу;
-құрсақ қуысының УДЗ.

Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальды тізімі: жүргізілмейді.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер (шұғыл жатқызу кезінде):
-қанның жалпы талдауы;
-несептің жалпы талдауы;
-копрологиялық зерттеу;
-дәреттерді бактериологиялық зерттеу;
-дәреттерді вирусологиялық зерттеу;
-нәжістегі ішек құрттар және қарапайымдар;
-ішек құрттарын қырып алу.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер (шұғыл жатқызу кезінде):


-қан сарысуында электролиттердің шоғырлануы;
-қанның биохимиялық талдауы: несепнәр, креатинин, қалдық азот, жалпы ақуыз;
-коагулограмма (ХНҚ, ПУ, фибриноген, РУ);
-газды құрамға қан;
-метгемоглобиннің мөлшеріне қанның талдауы;
-ерекше антигенді диагностикумдармен қанның БГАР (ТГАР, ИФТ);
-құсық массаларының бактериологиялық зерттеуі;
-қанның бактериологиялық зерттеуі;
-несептің бактериологиялық зерттеуі;
-тырысқақ вибрионды бөлу үшін үлкен дәретті бактериологиялық зерттеу;
-ЭКГ;
-іш қуысының УДЗ;
-кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы;
-іш қуысы ағзаларының рентгенографиясы.

Жедел шұғыл жәрдем кезеңіндегі жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар:


-аурудың шағымдары мен анамнезін, эпидемиологиялық анамнезін жинау;
-физикальды тексеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет