Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
-сулы-электролитті балансты қалпына келтіру;
-улану симптомдарын оқшаулау;
-гастроинтестинальды синдромын оқшаулау;
-дәретті нормалау;
-үлкен дәреттің теріс бактериологиялық талдауы (сальмонеллез кезінде).
Госпитализация
Госпитальдау үшін көрсетімдер: [3,4,5,6]Шұғыл госпитальдау үшін көрсетімдер:
Клиникалық көрсетімдердің болуы:
-ҚОБ болуы (5 жасқа дейінгі балалар үшін БЖАЫЖ бойынша):
--іше алмайды немесе емшек еме алмайды;
--әрбір тамақ ішкеннен немесе ішуден кейін құсық;
--ауырған сәтте түйілу;
--летаргия халінде немесе ессіз.
-ауырлығына тәуелсіз 0-ден 2 айға дейінгі балаларда аурудың барлық нысандары;
-ауыр нысан, асқынулардың болуы (нейротоксикоз, ЖУЕ, гиповолемиялық шоктың клиникасымен ауыр сорғыту);
-ауыр сусыздану;
-ұзаққа созылған диарея;
-амбулаториялық емдеудің тиімсіздігі, соның ішінде Б жоспары бойынша (сақталатын құсық, 38,5ºС тоқтаусыз қызба; сусыздану дәрежесінің үдеуі);
-ілеспелі патологиямен ауырланған аурудын түрлері;
-дизентерияның созылмалы түрлері (асқыну кезінде).
Эпидемиялогиялық көрсетімдердің болуы:
-науқастың тұрғылықты жері бойынша қажетті індетке қарсы тәртіпті сақтау мүмкінсіздігі (әлеуметтік-нашар отбасылар);
-медициналық ұйымдарда, мектеп-интернаттарында, балалар үйлерінде, сәбилер үйлерінде, шипажайларда, мүгедектерге арналған интернат-үйлерінде, -жазғы сауықтыру ұйымдарында, демалыс үйлерінде ауыру оқиғалары.
Жоспарлы госпитальдау үшін көрсетімдер: жүргізілмейді.
Профилактика
Профилактикалық іс-шаралар: [4, 6, 17]
-ерте анықтау және науқастарды және бактерия тасушыларды оңашалау;
-байланыс жасаушы тұлғаларды клиникалық-зертханалық тексеру;
-ошақты зарарсыздандыру;
-науқасты оңашалау жағдайында байланыс жасаушыларды 7 күн ішінде бақылау.
Ақпарат
Достарыңызбен бөлісу: |