Сауат ашу негіздері Тақырыбы: Айналамдағы үлкен жəне кіші бейнелер. «Ққ» дыбысы мен əрпін қайталау.
Мақсаты: Сөзбен сөйлем сызбасын оқу.
Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы).
Сөз, сөйлем сызбасын құру.
Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі. «Лл» дыбысы мен әрпімен таныстыру.
Д/ойын: «Сөз құра»
Мақсаты: сөздік қорын дамыту.
Қызықты математика в/к Мүсіндеу Тақырыбы: «Арғымақ»(заттық мүсіндеу)
Мақсаты: Жауарлардың қозғалыстағы мүсінің,үйлесімділікті бере білу және ұжыммен бірге жұмыс істеуге деген құлшынысын ояту.
Д/ойын: «Уй жануарлары»
Мақсаты: Үй жануарларын ажырата білу
Музыка Музыка жетекшінің жоспары бойынша
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» Мақсаты: Сурет бойынша әңгіменің басы мен соңын құрастыруға үйрету. Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Еліміздің көшбасшысы аталуының себебін ұғындыру.
Д/ойын: «Қарап ал да есіңе сақта»
Мақсаты: Көрген суретті есіне сақтап қалу.
Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Менің керемет елім!»
Мақсаты:Мемлекеттік және ұлттық мерекелер, қазақтың ұлттық салт- дәстүрлері, қазақтың ата – тегі, Қазақстандағы көпұлтты халықтар туралы білімдерін кеңейту.
Д/ойын: «Сандық» Мақсаты: Берілген тапсырманы орындай отырып, жұмбақтар шешу арқылы сөздік қорын дамыту
Жапсыру Тақырыбы: «Сиқырлы бейне.Ою- өрнек»
(Сәндік аппликация)
Мақсаты: Қағаз бетіне геометриялық пішіннің өрнегін құрастыру шеберлігін қалыптастыру, Д/ойын: «Оюларды құрастыр»
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту.