III
____________________________________________________
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:
____________________________________________________
Оқушыларға кімде-кім: «Лә иләһа иллә-Ллаһ», - деп айтып, осы сөздер әмір ететін нәрселерге амал ететін болса, сол Жәннатқа кіретінін түсіндіріңіз;
Оқушыларға кімде-кім құлшылықтың бір түрін болса да, мысалы, дүға етіп жалбарынуды, Аллаһтан өзгеге арнаса, сол адам тіпті: «Лә иләһа иллә-Ллаһ», - деп айтса да, көпқұдайшыл болатынын,өйткені бірқұдайшылықтың мәні құлшылық-ғибадатты тек Аллаһқа ғана бағыштауда екенін түсіндіріңіз1;
Оқушыларға Жәннаттың кілті – бұл «Лә иләһа иллә-Ллаһ» сөздері екенін түсіндіріп беріңіз. Әрбір кілттің міндетті түрде тістері болады, ал Жәннаттың кілтінің тістері - бұйырылған нәрселерді орындау және тыйым салынған нәрселерден аулақ болу;
Оқушыларға «Лә иләһа иллә-Ллаһ» сөздері Аллаһты еске алу сөздердің (зікірдің) ең жақсысы болып табылатынын түсіндіріңіз, бұл туралы Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһты еске алу сөздерінің ең жақсысы – бұл «Лә иләһа иллә-Ллаһ», - деп айтқанындай (бұл хадисті әт-Тирмизи, №3383, жеткізген).
Оқушыларға адамдарды шақыруға тиісті болған ең алғашқы нәрсе – бұл «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деген куәлік екендігін түсіндіріңіз. Бұл туралы Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Му‘аз атты сахабасын Йеменге қазы әрі ұстаз ретінде аттандырғаны туралы хадисте баяндалады. Сол кезде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған былай деген: «Ақиқатында, сен Кітап иелерінен болған халыққа барасың. Оларға жеткен кезіңде, оларды «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ» деп куәлік беруге шақыр» (бұл хадисті әл-Бухари, № 4347, жеткізген).
Оқушыларға Аллаһқа шақырудың ұлы артықшылығын түсіндіріңіз. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер Аллаһ сен арқылы бір адамды болса да хақ жолға салса, бұл сен үшін ең таңдаулы мал-мүліктен (хадисте сөзбе-сөз: «...қызыл түйелерден», - деп айтылған – аудармашының ескертпесі) жақсырақ» (бұл хадисті әл-Бухари (№ 3701) және Муслим (2406) келтірген).
Бұл сабақтың мақсаты:
1 – Оқушыларға исламның алғашқы тірегін түсіндіру;
2 – Оқушыларға «Лә иләһа иллә-Ллаһ» сөздеріне шариғи дәлел келтіру;
3 – Оқушыларға «Лә иләһа иллә-Ллаһ» сөздерінің мағынасын түсіндіру.
БЕСІНШІ САБАҚ
ИСЛАМНЫҢ БІРІНШІ ТІРЕГІ (ЖАЛҒАСЫ)
«МУХАММАД – АЛЛАҺТЫҢ ЕЛШІСІ» ДЕГЕН КУӘЛІК
Достарыңызбен бөлісу: |