Диспансерлік бақылау.
Балалар аймақтық педиатрда диспансерлік бақылауда 5 жыл
тұрады. Жылына 2 рет стоматолог, отоларинголог кең тараған инфекция ошақтарын
санациялау үшін қарайды. Кварталына бір рет және әрбір ЖРВИ-дан соң зәр анализін
жасайды. Балаларды 2 жылға алдын ала егулерден босатады.
14.3. ТРОМОЦИТОПЕНИЯЛЫҚ ПУРПУРА
Тромбоцитопениялық пурпураны біріншілік және екіншілік деп бөледі.
Біріншілікке идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы), тұ-
қым қуалайтын, изоиммунды (туа біткен – тромбоцитарлық антиген бойынша анасы мен
ұрықтың сәйкес келмеуі, пострансфузиялық – қан және тромбоцитарлық масса құйғанда),
туа біткен трансиммунды (идиопатиялық тромбоцитарлық пурпурамен ауыратын анадан
туылған нәрестелердегі транзиторлы тромбоцитопения, қызыл жегі) жатады.
Екіншілік (симптоматикалық) тромбоцитопениялар балаларда біріншілік тромбо-
цитопенияларға қарағанда жиі және инфекциялық арулардың жедел кезеңінде (әсіресе,
жиі перинатальды инфекцияларда, ең бірінші герпес тобында), аллергиялық реакцияларда,
коллагеноздарда, басқа аутоиммундық бұзылыстарда, ТІШҰ-синдромында, қанның жүйелі
ауруларында (лейкоз, гипопластикалық және В
12
-дәруменінің жетіспеушілігінде),
спленомегалия және дисспленизм байқалатын ауруларда, туа біткен тамыр (гемангио-
малар) және заттек алмасу (Гоше, Ниман-Пик және басқалар) ақауларында байқалады.
ТУА БІТКЕН ИЗОИММУНДЫ ТРОМБОЦИТОПЕНИЯЛЫҚ ПУРПУРА
Достарыңызбен бөлісу: |