Емі.
Физикалық даму көрсеткіштерін жақсарту мақсатында науқастарға карнитин
хлориді, соматотроптық гормон, жоғары белоктік энпит қолданылады. Жүрек-қантамыр
жүйесі мен паренхималық ағзалар жағдайын жақсарту үшін рибоксин, панангин, кальций
пангаматы, эссенциале форте тағайындалады. МПС емі кей елдерде медикаменттік
бағытпен дамиды. І тип Гурлер ауруын альдуразинмен (АКДІ) емдейді.
Емдік кешен құрамына бұзылған буындарға лидазамен электрофорез жасау,
магнитоем, парафин жапсыру, ЕДШ, уқалау кіреді. Көрсеткіштеріне қарай көз ағзалары,
жарықтарға хирургиялық ем қарастырылады. МПС емінде келешегі зор тәсіл бағдары
плазмаферез
болуы ықтимал. Ауру балалардың әлеуметтік үйлесіміне жеткілікті мән
берілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |