Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1313/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1309   1310   1311   1312   1313   1314   1315   1316   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Болжамы.
 
Гликогеноздың бұл формасының болжамына сақтық керек. Интеркуррен-
ттік аурулардан сәбилердің көбі қайтыс болады, басқаларының жағдайы кейде балиғи жа-
сында жақсаруы мүмкін. Гликогеноз барысында қант диабетінің өрбуі туралы жазылған.
II тип

гликогендік кардиомегалия
(жайылмалы гликогеноз, Помпе ауруы)

бауыр, бүйрек, жүрек еті, нерв жүйесі, бұлшық еттерде және т.б. жалпылама түрде
гликоген жиналуымен ерекшеленеді. Гликоген алмасуы бұзылысы барлық ағзаларда
қышқыл альфаглюкозидаза немесе гамма-амилаза болмауына байланысты.
Туылған соң анорексия, құсу, ет босаңдығы байқалып, ентігу мен цианоз күшейеді.
Жүрек шекарасы ұлғайып, систолалық шу анықталып, оңжүректік жетіспеушілік үдейді.
Тыныс ағзаларында ателектаздар, жиі пневмония байқалып, қабырғаралық ет пен диа-
фрагмада гликоген шөгуінен ауыр тыныс тапшылығы (ТТ) көрініс алады. Жұтыну бұзы-
лысы да болуы ықтимал. Баланың кейпі (беті дөңгелек, ісінкі, тілі үлкен, бұлшықеттер
гипотониясы, физикалық дамуы кеміс) кейде гипотиреоз бен Даун ауруын еске түсіреді.
Жүрек өзгерістері гликогеноздың бұл түрін идиопатиялық миокардит, жүректің туа бола-
тын ақаулары, фиброэластоз, кардиомиопатия тәрізді аурулардан ажыратуды қажет етеді.
Алуан түрлі неврологиялық бұзылыстар (бульбарлық бұзылыстар, интенциондық тремор,
спастикалық параличтер, ЭЭГ өзгерістері) үдемелі бұлшықет босандығымен аралас
жүруінде ауыр клиникасы тұқым қуалайтын Вердинг-Гоффман амиотрофиясына ұксайды.
Қан, зәр тексерісінде бұл ауруда қандай болмасын ерекшеліктер байқалмайды,
адреналин мен глюкагон сынақтары да қалыпты. Бауыр, бұлшыкет биоптатында
гликогеннің көп мөлшері анықталады. Ауру диагнозы фермент белсенділігін тері,
лейкоциттерде анықтау (альфаглюкозидаза) және оның тері мен ет фибробластарының
жасушалар культурасынан табылуы арқылы түпкілікті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1309   1310   1311   1312   1313   1314   1315   1316   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет