Қарынды фракциялық тексеру. Жіңішке зонд (диаметрі 3-5 мм, ұзындығы 1-1,5 м)
тұйық бітеді, ал жанында 2 тесігі болады. Бас шетіне қарын ішіндегі сұйықтықты сорып
алу үшін 20 грамдық шприц кигізіледі.
Зондтың енгізілетін ұзындығы баланың жасына байланысты. Ол үшін баланың
төменгі тісінің деңгейінен кіндік сақинасына дейін өлшеп, белгі жасап қояды. Баланы
орындыққа отырғызып, алдына клеенка жабады, ауызын кең ашып терең дем алады.
Мейірбике зондты баланың тілінің үстіне салып, жәйлап жұтуын өтінеді. Бір-екі
жұтынғаннан кейін, зонд өзінің салмағымен кете береді (қажет болса мейірбике сәл итеріп
көмектеседі). Бала зондты жұтып болғаннан соң шприцпен қарын ішіндегі бар
сұйықтыкты сорып алып, бөлек ыдысқа құйып қойылады (сол сияқты болашақта
алынатын қарын сөлінің әрқайсысы бөлек шыны ыдысқа құйылады)
. Содан соң, бір сағат
бойы 15 минут сайын 4 рет қарын сөлін сорғызып алады. Бұл бір сағат бойы алынған
қарын сөлі базальдық
сөлініс деп аталады. Содан соң зонд арқылы қарын сөлін
қоздыратын түрлі ертінділер (ет сорпасы немесе 7%-дық капуста қайнатпасын жібереді).
10 және 25 минуттан соң екі рет қарын ішіндегі сұйықтықты сорып шығарып алады. Одан
әрі бір сағат бойы, 15 минут сайын, 4 рет қарын сөлін сорып алады. Бұл 4 рет алынған
қарын сөлі