Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет326/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

-
 
Анамнез және ауруды қарағанда (әлсіздік, дене салмағын жоғалту, орташа ісіктер, 
аллергиялық бөртулер) мәліметтері; 
-
 
Лабораториялық мәліметтер: олигурия, гипо-изостенурия, лимфоцитарлы лейкоциту-
рия, гематурия, протеинурия, гипокалемия, метаболикалық ацидоз, гипергаммаглобу-
линемия, трансаминазаның белсінділігі, Тэмм-Хосфолл ақуызына антидененің пайда 
болуы, гиперсолеурия;
-
 
УДЗ бойынша бүйрек паренхимасының эхогенділігінің жоғарлауы.
Ажырату диагнозы:
пиелонефритпен (ИН-де абактериурия, лимоцитарлы 
лейкоцитурия), гломерулонефритпен (түтікшелік сипатты протеинурия, түтікшелік 
реабсорбция бұзылуы), бүйрек туберкулезімен (туберкулиндік сынаманың әдеттегі 
динамикасы, зәр реакциясының және зәрді ВК-ға себудің теріс болуы), бүйрек ісіктері 
(УЗД), зәр-тас ауруларымен (УЗД, солеурия деңгейі) жүргізіледі.
Емі.
Клиникалық белгілері айқын кезде қатаң төсектік тәртіп сақталады. Тамақ құра-
мынан облигатты аллргендерді, тағамдық қоспаларды, бояғыштарды, косерванттарды, 
жасанды сусындарды алып тастайды.
ИН емі Д гипервитаминозындағыдай. ЖНИ-дің инфекциямен байланысы болса 
этиотропты ем жүргізіледі. Нефротоксикалық дәрілерді тағайындаудан сақ болып, 
фитотерапия (ит бүлдірген, қалақай қайнатпалары және т.б) қолданылады. 
Процесстің айқын белсенділігінде преднизолон тәулігіне 1 мг/кг есебінен 1 апта 
бойы тағайындалады. Ауыр жағдайда көктамырға метипред 2 мг/кг 2 күнге, сосын 1 мг/кг, 
одан кейін преднизолонға аударады, 4-5 күннен кейін тоқтатады. СИН-дің өршу кезінде 
глюкокартикоидтарды цитостатиктермен бірге береді.
Болжамы:
қолайлы. 
Диспансерлік бақылау:
ЖИН-тен кейін алдын ала егулерді уақытша тоқтатады. 
Нефротоксикалық препараттарды беруден сақтану керек және спорт сабақтарынан боса-
тады. Емдәм сақтау, кез келген аурулардан соң зәр анализін тапсыру. 2 апта бойы тоқсан 
сайын фитотерапия жүргізіп тұрады. Қайталау болмаса 2 жылдан соң есептен шығарады.
СИН-де науқас педиатр және нефролог есебінде тұрып, қаралады. Ересектер 
емханасына аударғанға дейін есептен шығарылмайды.
13.2.6. БҮЙРЕКТІҢ ТУА ПАЙДА БОЛҒАН ЖӘНЕ ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН 
АУРУЛАРЫ 
Созылмалы бүйрек патологиясы бар науқастарда 22-35%-да бүйректің тұқым 
қуалайтын және туа пайда болған аурулары анықталады
.
А.В Папаян мәліметтері бойынша балаларда зәр шығару жүйесінің кең тараған
ақаулары: бүйректің екі еселенуі – 1 : 150, бүйректің дистопиясы – 1: 800-1000,
таға тәрізді бүйрек – 1 : 400-500, түбекшенің дивертикуласы, несеп ағардың екі 


506 
еселенуі – 1: 150, қуықтың даму ақауы – 1: 40000-50000, жаңа туған нәрестелер 
эписпадиясы – 1: 50 000.
Гидронефроз – 
пиелоуретральды сегменттерде зәр ағысының бұзылуынан бүйрек
түбекше және тостағаншасының өршімелі, тұрақты кеңеюінен бүйрек паренхимасын 
біртіндеп атрофияға алып келеді. 
Туа пайда болған гидронефрозда пиелоуритральды сегменттің тарылуы (стенозы), 
несепағардың, қақпақша кілегей қабаттарының гипоплазиясынан, қосымша тамырлардан 
несепағардың шаншылуынан болады. Жүре пайда болған гидронефроз тастар, ісіктер, зәр 
шығару жүйесінің зақымдануынан болады.
Бүйрек паренхимасының атрофиясының айқындығына байланысты гидронефроздың 
төрт дәрежесі болады: 

І дәрежеде жинағыш жүйесі кеңейген, бірақ паренхима сақталған.

ІІ және ІІІ дәрежеде паренхима көлемі азайған.

ІV дәрежеде паренхима жойылып, бүйрек қызметін атқармайды.
Гидронефроз 
клиникасы
пальпациялағанда ісік тәрізді құрылым анықталып, іштің 
ауырсынуымен, екіншілік пиелонефрит түрінде көрінеді. Ерте жастағы балаларда іштің 
ұлғаюы, диспепсиялық құбылыстар, құсу, мазасыздық және пиелонефрит белгілерімен 
басталады. Екі жақты гидронефрозда баланың физикалық дамуының қалыс қалуы 
байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет