Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет403/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)


ли митд екстриноз (Форбес -Кори а ур уы ) 
гликоген ыдыратушы 
амило-1,6-глюкозидаза ферментінің кемістігінен болады. Бұл гликогеннің толық 
ыдырамай, гликоген мен декстриннің арасындағы полисахаридтің түзілуіне әкеледі 
(осыдан лимитдекстрин аталуы, яғни шекаралық, декстрин).
Клиникалық көрінісі 
гликогеноздың І-типіне ұксас. Гепатомегалия бала туылысы-нан 
кейін-ақ байқалады. Бұлшықеттер босандығы, гипогликемия сипаты, ацетонурия орын 
алады. 
Диагнозы 
қан мен зәрдің биохимиялық көрсеткіштеріне сүйеніп, І-тип 
сынақтарынан айнымайды. Соңғыдан ерекшелігі: галактоза жүктемесінен кейін лимитдек-
стринозда қанда глюкоза мөлшері көтеріледі, бұл Гирке ауруында (І-тип) болмайды. 
Емі.
Гликогеноздар емі жеткілікті орайластырылмаған. Жетіспейтін ферменттермен 
толықтыру әрекеті қарастырылуда. Қалыпты жағдайда адреналин мен гидрокортизон 
қолдану гликоген ыдырауы мен глюконеогенез әсерінен қанда глюкоза көтерілсе, 
гликогеноздарда ол пайдасыз болып шықты. Глюкогон (0,7 мг/кг) мен тиреоидиннің аз 
мөлшерімен ұзақ емдеуден (6 ай) ептеп көмек болады. Липотроптық заттар пайдалы 
(липокаин, цетамифен және т.б.). Емдәмге көп мән беріледі. Гипогликемияның алдын алу 
үшін тамақ ішу санын жиілетеді. Осы максатпен емдәмде көмірсулар мөлшерін көбейтіп, 
май аз, ақуыз жасына сай болуы керек, емшектегі балаларға 7-8 рет майы жартылай 
алынған сүт, қосымша қорек ретінде ботқа (мерзімінен 1 ай ерте), майсыз ірімшік 
тағайындалады, түнде емізу арасында балаға тәтті шай беру керек. 
ФРУКТОЗЕМИЯ 
Клиникасы
айқын формаларының жиілігі 1:130000. Кесел аутосомды-рецессивті 
жолмен беріледі деген жорамал бар. 
Патогенезі. Ауру негізі – қалыпты жағдайда гексозаны 2 триозға ыдырататын 
ферменттердің кемістігі (фруктоза – 1 – монофосфат – альдолаза мен фруктоза – 1,6 – 
дифосфат – альдолаза). 
Фруктоза алмасуы тосқауылы салдарынан организмде көп 


604 
мөлшерде фруктоза-1,6-дифосфат жиналуы ағзаларға токсикалық әсер етіп, мүмкін, 
гликоген ыдырататын ферменттер белсенділігінін кемуі арқасында, гипогликемия 
сипатының орын алуы. Улы әсер бауыр мен бүйрек қабілетін өзгертіп, сарғаю мен 
гипераминоацидурияға себеп болады. 
Клиникалық көрінісі.
Анық байқалуы емшектегі балаға жеміс шырынын немесе 
фруктоза бар тағамдар бере бастағаннан (тәтті шай, қант қосылған сүт қоспалары, жеміс 
және көкөніс пюресі) кейін құсу пайда болып, тәбеті төмендейді, кейде іші өтеді. Егер 
қорек жағдайы езгермесе, гипотрофия өрбиді. Балалар, әдетте, ұйқышыл, бас айналу 
жағдайларына бейім болып, тырысу, терлеу белгілерімен (гипогликемия сипаты) көрініс 
береді. Ауырлау жағдайларында бауыр үлкейіп, сарғаю өрбиді, бүйрек қабілеті өзгеріп, 
сиректеу зиянды әсері ОНЖ-не де тиеді. 
Диагнозы.
Зәрде фруктоза барлығын Селивановтың сапалы сьнағы немесе хромато-
графиялық әдіспен анықтайды. Бірақ фруктоза зәрде қатерсіз фруктозурия сияқты ауруда 
да анықталатыны есте болғаны жөн, тек бұл кесел клиникалық көрініссіз жүреді. Көп 
балаларда протеинурия, гипераминацидурия, лейкоцитурия анықталатынын ескеріп, 
бүйрек пен заттек алмасу ауруларынан ажырату диагнозын жүргізу керек болады. 
Фруктоза жүктемесі сынағына үлкен сақтыкпен қараған жөн, себебі ауыр дәрежедегі 
гипогликемия әсерін әкелуі ықтимал. Тек диагноз қою аса қиынға соққанда ғана бұл 
сынақты жүргізуге болады: фруктоза мөлшері 10г/м
2
-тан аспауы тиіс (0,3-0,5г/кг 
есебінен). Сынақ оң кезінде фруктоза концентрациясы қанда 1,3г/ л-ден аса көтеріледі 
(қалыпты жағдайда 0,25г/л-ден аспайды) де глюкоза күрт төмендейді (0,5ммоль/л-ден 
кемуі сирек емес). Сынақ фруктоземия генінің гетерозиготты тасушыларында да оң түсуі 
мүмкін. Таңертенгі тамақтың алды-артынан фруктоза мен глюкоза мөлшерінің қандағы 
деңгейін (фруктозасы көп тағамдардан кейін) анықтаудың да өзіндік мәні бар. 
Емі.
Балаға алғашқы жылдары фруктозасы жоқ тағамдардан тұратын емдәм 
тағайындалады. Кейінірек, баланың фруктозаға төзімділігі артқанда, рацион кеңейтіледі. 
Фруктозасы көп тағамдарға қамыс қанты, қант қызылшасы, бал, алма, алмұрт, қара өрік, 
қарбыз, апельсин, таңқұрай, шие, жеміс джемдері, сәбіз, какао жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет