Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет281/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

паренхимасының фиброзы және экзокриндік 
жетіспеушілігі дамуымен сипатталатын, ұйқы безінің қабынулы-дегенеративті ауруы.
Этиологиясы. 
СП әдетте, басынан өткен ЖП-ның нәтижесі (ақыры), сондықтан ЖП-
нің себептерін СП – тіңде себептері деп санауға болады. Созылмалыға ауысуға себепкер 
болады: 
- генетикалық бейімділік; 


451 
- бездің өзектік жүйесінде обструкцияға, қысымның артуына әкелетін гепатобилиарлы 
және гастродуоденальды аурулар; 
- дисметаболикалық бұзылыстар (гиперлипидемия, гиперпаратиреоз, қанттық диабет); 
- жүйелік аурулар (муковисцидоз, саркоидоз, қызыл жегі және басқалар); 
Патогенезі.
СП-ның қалыптасуының үш механизмін бөледі: 
1. 
Обструктивті.
Вирусттік өзекте қысымның көтерілуі сөлдің өзектен тыс жерге 
шығуына және ацинарлық жасушалардың зақымдалуына әкеледі; 
2.
Дисметаболикалық.
Ұйқы безінің ұсақ өзектерінде белоктық масса тұнады да, 
одан әрі айналасындағы интерстициальды тіндер қабынып, фиброз дамиды.
3.
Иммунопатологиялық.
Ұйқы безінің тіндерінің ыдырау өнімдері антиген болады да, 
арнайы сенсибилизацияны артырып, аутоантиденелер пайда болады. 
Ациноларлы тіндер атрофияланып, өзектердің тарылуы қалыптасып, перидуктуляр-
лы фиброз пайда болады, ұсақ өзектер тарылып, кистілер мен псевдокистілер байқалады.
СП-тің ақыры – ұйқы безінің склерозы. 
Жіктелісі.
СП-ті бөледі: 
1.
пайда болу тегі бойынша: біріншілік және екіншілік (асқорыту мүшелерінің аурулары 
фонында); 
2.
ағымы бойынша: тұрақты ауырсынулармен рецидивті және жасырын (латентті); 
3.
кезеңі бойынша: өршу, субремиссия, ремиссия;
4.
ауырлық дәрежесі бойынша: жеңіл, орташа ауырлықта, ауыр (экзокриндік 
жетіспеушілігінің дәрежесіне сәйкес). 
Клиниалық көрінісі.
Қайталама СП-те өршу кезінде ЖП-нің жоғарыда берілген 
клиникасына сәйкес келеді. СП-нің негізгі белгісі – ауырсыну: 
-
ұстама тәріздес (Одди сфинкторының спазмына байланысты) немесе тұрақты, ұзақ 
(бездің капсуласының керілуіне, ісінуіне баланысты) болуы мүмкін; 
-
жүрек айнуы, аузында ащы дәм сезінумен немесе аузының құрғауымен, қайталап 
байқалатын құсумен жүреді. Ішті пальпациялағанда Керте, Кача нүктелерінде, Мейо-
Робсон және Губергриц аймақтарында аурсыну анықталады.
Тұрақты полифекалия тән болып келеді. Нәжісі майлы, жылтырауық, жуғанда қиын 
кетеді. 
Дистрофия ұдей түседі. Рецидивті СП-нің өршуі 2-3 күннен 7-8 күнге дейін 
созылады.
Тұрақты ауырсынулы СП-те клиникалық белгілері шамалы білінеді, бірақ бірнеше 
аптаға, тіптен айларға созылады. Әдетте, ауырсыну астеновегетативті синдром 
белгілерімен, аурумен қосарланады, субфебрилитет байқалуы мүмкін.
СП-нің жасырын түрінде ауырсыну байқалмайды да экзокриндік панкреатикалық 
жетіспеушіліктің белгілері арыта түседі. Объективті зерттеу кезінде пальпациялағанда 
ұйқы безінің ауыратындығы анықталады.
СП диагностикасында
клиникалық-анамнездік мәліметтермен қатар лаборатория-
лық және құралжабдықтық зерттеу маңызды болып келеді. Пайдаланылады: 
• панкреатикалық ферментердің (амилазаның, липазаның, трипсиннің қанда, диаста-
заның зәрде көбеюі) өзгерістерін анықтайтын әдістер. Күмәнді нәтижелерде прозерин 
енгізумен немесе глюкоза берумен провокациялық тесттер қолданылады. Қалыпты 
жағдайда стимуляциядан кейін алғашқы көрсеткіштен қандағы амилаза деңгейі 60%-ға 
арытады; 
• ұйқы безінің экзокриндік функциясын бағалау: 
- копрологиялық зерттеу бойынша (бейтарап майлы стеаторея тән, ал бұдан ауырлау 
түрлерінде – стеаторея мен креаторея); 
- нәжісте эластазы мөлшері бойныша; 
- дуоденальды сұйықтықта бикарбонаттар және панкреатикалық ферменттер құрамын 
зерттеу бойынша (көрсеткіштердің төмендеуі тән); 


452 
• УДЗ (СП-да ұйқы безінің мөлшері үлкеюі байқалуы мүмкін, контурының айқын 
болмауы, тіндерінің эхогендігі арытады); 
• компьютерлі томография (бездің мөлшерінің, құрылымының өзгеруі, кистаның, некроз 
ошақтарының және известленудің белгілері анықталады); 
• ретроградты холангиопанкреатография (өзектің обструкциясының себебін анықтауға 
қажет). 
СП-ның ажырату диагнозын созылмалы гастродуоденальды патологиялар фонында 
екіншілік дамыған панкреатопатиялармен, қайталанған панкреатитпен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет