3.Желілі-рольді орталығы. 4.Құм мен су орталығы. 5.Құрылыс орталығы. 6.Үстел-үсті орталығы. 7.Ғылым орталықтары. Әдебиет орталығында жасына лайықты көркем әдебиет шығармаларын оқып беріп, оқылған шығарма мазмұнын әңгімелетуге, мақал-мәтел оқу, жұмбақ жасыру арқылы балалардың тілін ширатып, көркем сөз өнерін сүйе білуге баулып, адамгершілік сапалар игертіледі. Мазмұнды суреттер арқылы жүйелі сөйлем құрап, сөйлеуге үйретіледі. Құм мен су орталығында сезім қабілеттері дамуды, кеңістік және көлемдік өлшеу түсініктері қалыптасады, ірі және майда қозғалыстары жетіледі. Ғылым орталығында баланың табиғатқа деген сүйіспеншілік, қамқорлық қарым- қатынасын қалыптастыру мақсаты көзделеді. Жануарлар дүниесі мен өсімдіктердің құпия сырларына деген қызығушылығы әртүрлі зерттеу, іс-тәжірибе жүргізу бақылау жұмыстары арқылы артады. Желілі-рольді орталығында желілі-рольдермен танысуға мүмкіндік беріліп әлеуметтік дамуы мен қатар қарым-қатынас ептіліктері ойын үстінде дамиды. Құрылыс орталығында математикалық ұғымдар мен пішіндерді ұғынуға, ауызша есеппен, есептер шығаруға, кубиктер арқылы түрлі пішіндер, макеттер құрастыруға үйренеді. Өнер орталығында балалардың қабылдауын, көрнекі-бейнелі ойлауын, зейінін, дамытуға дербестігімен жауапкершілігін қалыптастыру, ұсақ қол маторикасын естеліктерін дамыту арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Үстел үсті орталығы ұсынылған үлгі бойынша жекелеген заттардан топ құрауға, топты және затты ажырата білуге үйрету қарапайым математикалық құрастыру ұғымдарын меңгерту. "Тәй-тәй" технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаға өз бетімен жұмыс жасауға жағдай туғызады. Балаларда өздерінің мүмкіндіктері мен