Баққожа Мұқай өмірбаяны


Бұ­дан қан­дай қо­ры­тын­ды шы­ға­ру­ға бо­ла­ды?



бет3/3
Дата24.10.2023
өлшемі34,64 Kb.
#188023
түріӨмірбаяны
1   2   3
Байланысты:
Баккожа Мукай

Бұ­дан қан­дай қо­ры­тын­ды шы­ға­ру­ға бо­ла­ды?
Бұл бір кезде қылышынан қан тамған Кеңес өкіметі саясатының тоқырауға ұшырай бастағанын көрсетеді. Егер 1937–1938 жылдары болса, ең бірінші І.Есенберлин ұсталар еді. Тіпті М.Әуезовке «байдың тұқымын насихаттады» деген айып тағылғаны үшін «Абай» романы бойынша қаншама ақталуға тура келгені тарихтан мәлім. Ал І.Есенберлиннің бірден хан тұқымы туралы жазуытжәне кітаптарының алдымен орыс тілінде жариялануы – адам сенгісіз жағдай. Десе де, жазушыға мүлде тосқауыл қойылмады деуге болмас. Әдеби сараптама тұрғысынан келгенде, Кеңес өкіметі тұсында «Көшпенділер» трилогиясы туралы пікір айтқан ғалымдардың көпшілігі «Қаһарға» келгенде Кенесарыны ауызға алмай, сипай қамшылап өтіп отырған.
Кенесарыны зерттеп, хан туралы тарихи еңбекті алғаш жазған тарихшығалым Ермұхан Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылады. Тек тәуелсіздікке қол жеткізген тұстардан бастап ғалымдар да өз пікірін ашық жариялай бастаған.
Абылай дәуірінен бастап қазақ психологиясын жіті зерттеп келе жатқан
патшалық өкімет тұзақты бір емес, бірнеше жерден құрған. Ресейдің Абылай заманынан бері жүргізіп келе жатқан отарлау саясаты ғана емес, қазақ халқының басына түскен басқа да қауіп бар. Ол – Оңтүстік қазақтары тәуелді болып, зорлық-зомбылық көріп келе жатқан Қоқан, Хиуа хандықтары. Ресей патшалығы тарапынан қауіп төнетінін сезгенімен, Орта Азия хандарының қазақтармен одақтасуға құлқы жоқ. Керісінше, қазақ даласын талан-таражға салатын оңтайлы сәтті күтіп отырғаны Ташкенттің құшбегісі (билеушісі) Бегдербекке көмек сұрап келген Есенкелді мен Саржан сұлтандардың қасындағы 18 нөкерімен қоса, ұйықтап жатқанда өлтірілуі арқылы ақиқат ашыла түседі. Тек Ағыбай батыр мен Саржанның баласы Ержан атқора
жақта жүріп, тірі қалады. Бұларға сол жерде жұмыс істейтін бір құл көмектесіп, қашырып жібереді. Бауырларынан қапыда айрылып, ыза болған Кенесарының «Ташкентті шабу керек» деген мәрт мінезін көреміз. Бірақ ел билеушілері бұған қарсы болады. Кенесарының кектенген сұлтандар мен патша бекіністеріне жасаған шабуылы ерекше сипатталады.
Романда Кенесарының інісі Наурызбай, шұбыртпалы Ағыбай, табын Байтабан, алтай Төлебай, тоғызтаңбалы Бұқарбай, бағаналы Құдайменде, қыпшақ
Иман сияқты қазақ батырларының кесек тұлғалары сәтті сомдалған. Қан
майданда қайтпайтын, жасымайтын, өршелене түсетін бұлардың көзсіз ерлігі
туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі арқылы көрінеді. Кенесары қозғалысы 10 жылға созылған. Кенесарының бар мақсаты – тә­­уелсіз хандық орнату, ел басқару жүйесіне реформа жүргізу, билік айту, саудасаттық жасау. Оның сауда-саттық керуендеріне тиіспей, салық төлетуі бүгінгі кедендік саясатты көрсетсе, салық салуға байланысты құрылған жасауылдар бүгінгі салық полициясын елестетеді.
Бұрын құл мен күңін өлтіргендер жазаланбайтын. Кенесары олардың және барымташылардың жазасын да қайта қарап, әділетті түрде шешкен. Атасы Абылайдың заманындағы хандық кеңес жұмысын қайта жандандырады. Роман соңында Абылай сияқты көрген түсі дәл келіп, Кенесары Көкілтау баурайында ажал табады. Көрген ұзақ түсінің қысқаша мазмұны мынадай: «Қырғыз манаптарына «Ағайынды екі жұрт бірігіп, Қоқанды жояйық. Жеке ел болайық» деп хат жазыппын. …Келісім сұрап барған Саурық батырды олар өлтіріпті. …Біз соғыспақ болып жатқанда Сыпатай батыр мен Рүстем төре біздерді тастап кетеді. Қалың қол қоршауға түседі. Бір жағында патша солдаттары, бір жағында қоқандықтар, бір жағында ала қалпақ манаптар.
«Жекпе-жек» десем, манаптар күледі. Мен бір-екеуі болса ғой деп арман еткен патша
зеңбірегі патшаның 5000 адамына бой бермеген әскерімді қырып барады. Бір уақытта Ақауыздың жалын құшып, Наурызбай құлады. Мен Қарасу өзеніне секіріп, арғы бетке өтсем, Төрегелді манап басқарған Қалиғұл жасағы тұр екен. Қалиғұл: «Иманыңды айт, басыңды аламыз», – дейді. Мен басымнан өткен өмірімді, туған-туысымды, қатын-баламды, үзеңгілес серіктерімді, туыпөскен Көкшенің көгілдір тауларын, Сарыарқаның айдын шалқар көлдерін көз алдыма елестетіп, ән салдым. Сондағы қоштасуымның екі ауызы қазір де есімде: «Қош, аман бол, Сарыарқа, өскен жерім», – деп басталады. …«Кенесарыөлді» дегенді естіп жатырмын. Нысанбай жоқтауы дара естіледі …
Бұдан кейін сыбан, албан жігіттері менің кегімді алам деп, Төрегелдіні ат құйрығына байлап өлтіріпті. Мұны көре алмадым…» дей келе, Кенесары оны көре алмауының себебін айтады. Қалған жағдайлар жіпке тізгендей баяндалады. Роман «Ал мынау көш Шыңғысхан шабуылынан бастап, алты жүз жылдан астам өзінің жері, суы, тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ атты көшпенді көкжалдардың ең соңғы ұлы көші еді», – деп аяқталады. Ресейде оқып, білім алған қазақ жастарының типтік бейнесі Есіркеген
арқылы тәуелсіздік идеясының үміт оты, арманы сөнбегендей көрінеді.
Ро­ман­ды кім­дер зерт­те­ді?
«Қаһар» романы туралы пікір айтып, мақала жазып, зерттеулер жүргізген Ә.Марғұлан, Ә.Әлімжанов, Р.Бердібаев, Х.Әдібаев, М.Қаратаев, Ш.Елеукенов, Р.Нұрғали, Қ.Алпысбаев, Ж.Дәдебаев, Г.Ломидзе, В.Осацкий, Н.Ровенский, П.Косенко т.б. әдебиетші-сыншылардың зерттеулері бар. І.Есенберлиннің 10 томдық шығармалар жинағы 1984–1988 жылдар аралығында «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Алғы сөзді Р.Бердібаев, соңғы сөзді Р.Нұрғали жазды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет