Барлығы – 135 сағат



бет29/54
Дата14.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#75194
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54
Байланысты:
05.Пед шебер ПП 2009 1

Бейтарап стиль педагогтың іс-әрекетке мүмкіндігінше аз араласу ұмтылысымен сипатталады, мұғалім белсенділік танытуға жоқ. Берілген тапсырманы мұғалім немқұрайлы, формальды түрде орындайды. Жауапкершіліктен бас тартуға бейім.
2. Балалармен психологиялық байланыс орнату және дамыту мүмкіншілігін сипаттайтын басты талаптың бірі – педагогикалық еп. Еп (такт) әсер ету, қол тигізу деген мағына береді. Бұл адамдардың өзара әрекеттесуін реттеуге көмектесетін адамгершілік категориясы. Ізгіліктік ұстанымына негізделе отырып, педагогикалық еп кез-келген күрделі де қиын ситуацияда адамға деген құрметтің сақталуын талап етеді. Еп – жоғары адамгершілікті мақсатқа жету үшін адамның моральдық ымыраға (компромисс) келетін іс-әрекет формасы. Бұл басқа моральдық талапқа нұқсан келтірмей, нақты адамгершілік талаптың жұмсаруы, саналы түрде әлсіреуі. Еп – қиындықтардан бас тарту емес, мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдау, көру. Епті болу - әрбір адамға, әсіресе педагогқа, қойылатын адамгершілікті талап.

Дегенмен, әрбір епті адам педагогикалық епке ие емес. Педагогикалық еп – мұғалімнің кәсіби қасиеті, оның шеберлігінң бір бөлігі. Педагогикалық ептің ерекшелігі – бұл мұғалім тұлғасының қасиеттерін (балаларға деген құрмет, сүйіспеншілік, сыпайылық) ғана емес, оқушыларға дұрыс жол табу, яғни балаларға тәрбиелік ықпал етудің тиімді құратын таңдау.

Осылайша, педагогикалық еп – бұл педагогикалық үн мен қарым-қатынас стилін педагогикалық тұрғыдан дұрыс орнату іскерлігі. Педагогикалық епке тұлғаны құрметтеу, түсіну, тану керек. Оқушыларды құрметтей отырып, мұғалім өзінің құрметін оқушыларға көрсете білуі керек. Педагогикалық еп шеберлікпен бірге меңгеріледі, тәрбиеленеді. Еп – бұл мұғалімнің рухани жетілуінің, толысуының нәтижесі, балалармен қарым-қатынас орнату іскерлігі мен арнайы білімді жинақтаудағы өз бетімен жүргізілетін жұмысының нәтижесі.

Педагогикалық епті меңгеруде мұғалімге қандай білім қажет? Қазіргі жасөспірімдердің жас ерекшелік психологиясын, жеке ерекшеліктерін білу. Жасөспірімдермен қарым-қатынас стилінде құрметтеу, тану, сенім арту, кәсібилік, салмақтық реңдері болғаны жөн. Мораль негіздерін білу, іс-әрекеттің адамгершілік мәнін көре білу іскерлігі де маңызды. Әрине, оқушыларға ықпал ету тәсілдерін білу керек. Олар:



  • балаларды сүю, өз махаббатын орынды көрсету;

  • балалар іс-әрекетінің ішкі мәнін түсіну, көру, бақылау;

  • нақты жағдайда дұрыс бағыт табу;

  • ықпал етудің ыңғайлы тәсілін таңдау. Бұнда тәрбиенің жанама жолдарын білу өте маңызды: «Сен өзің білесің, бірақ мен саған айтар едім...»;

  • балалармен әңгімелесу.

Қарым-қатынастың дұрыс стилін қалыптастыруда шыдамдылық, өзін ұстай білу, әділдік, озат тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық техниканы дамыту, әзіл зор мәнге ие. Бұнда мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста оларды құремттеп, өз абыройын сақтап қалуды ұмытпағаны жөн.
3. Үгіттеу – тәрбиеші балалардың сана-сезіміне, тәжірибесіне жүгіне отырып педагогикалық ықпал ету тәсілі. Оның мақсаты – тәрбиеленушілердің ақиқатқа, адамдар іс-әрекетінің мазмұнына, нормаларына саналы көзқарасты қалыптастыру. Үгіттеу – адамның санасына, өзін және қоршаған ортаны түсінуіне әсер ету, оның түсініктерін ғылыми білімнің, моральдың талаптарына сәйкестендіру.

Үгіттеу – бұл адамның немесе ұжымның рационалдық және эмоционалдық салаларына тұтастай ықпал ету. Ол жаңа көзқарастарды, қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған.

Үгіттеу екі мағынасында қолданылады: біріншіден, бұл ықпал ету тәсілі немес әдісі, екіншіден, бұл үгіттеп ықпал етудің нәтижесі, яғни белгілі бір ұстанымдарға, өмірлік позицияларға негізделген сенімдер жүйесі.

Педагогикалық практикада үгіттеудің мына формалары кең таралған: әңгімелеу, түсіндіру, дәлелдеу, әңгіме, дәріс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет