Барлығы – 135 сағат



бет3/14
Дата09.08.2017
өлшемі1,19 Mb.
#23219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Әдебиет:


М.Б.Бисенғазиев , А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./28 бет/

6-апта


№11-12 дәріс

Тақырып: Өнім сапасын реттеушілік ролі.



Дәрістің мазмұны:

Сапа дегеніміз – тұтыну қажеттілігін қанағаттандырудағы өнімнің қасиеттерінің жиынтығы. Қандай да болмасын өнім өзінің қасиеттік жиынтығын құрайды: сенімділік, эстетикалық қасиеттері, қауіпсіздік экологиялық тазалық. Тұтынушылар сапалы өнім алуға ынталанады, себебі: қажеттілігін толық қанағаттандырады, пайдалану шығындарын азайтады.


ОЖСӨЖ мазмұны: Өнім сапасын жасақтау

СӨЖ мазмұны: Өнім сапасын жасақтау


Әдебиет:


М.Б.Бисенғазиев , А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./32 бет/

№6 практикалық сабақ

Тақырып: Кәсіпорын бағалы қағаздар нарығында.

Дәрістің мазмұны:

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынды инвестициялауға (қаржыландыруға) дәстүрлі қор жинау таза пайданың бір бөлігі, амортизациялық қордан басқа фактор ол қор нарығы, яғни бағалы қағаздар нарығы. Мысалы, акционерлік қоғамдар бағалы қағаздары: акция, облигация шығара алады.

Кәсіпорын тарапынан бағалы қағаздар шығару ( эмиссия) – бұл капиталды шоғырландырудың маңызды тәсілі . Кәсіпорын бір жағынан эмитент ролін атқарады. Яғни, бағалы қағаздар акция, облигация, вексельдер шығарады. Екінші жағынан, инвестор болады- өзінің басы артық қаржыларын басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарына жұмсайды және сол арқылы диведенд(табыс) алады.

ОЖСӨЖ мазмұны: Негізгі өндірістік қорлар.

СӨЖ мазмұны: Айналым қоры.

Әдебиет: М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл.


№13-14 дәріс

Тақырып: Кәсіпкерлік істі ұйымдастыру және дамыту.


Дәрістің мазмұны:

Жаңадан кәсіпорын құрудың бастапқы кезеңінде құрушылар құрамы анықталады, құру құжаттары жасақталады: кәсіпорынның жарғысы; кәсіпорын құру және оның қызметі жөнінде келісім. Онда ұйымдастыру құқық формалары көрсетілуі тиіс; директор мен тексеру комиссиясының төрағасын сайлаған қоғам мүшелерінің жиналысының хаттамасы. Банкте құралатын кәсіпорынның шоты ашылуы керек, оған уставтық ( жарғылық) капиталдық 50 пайызды кем емес қаржысы түсуі керек. Кәсіпорын жергілікті әкімшілік органдарда тіркелуі міндетті.


ОЖСӨЖ мазмұны: Жаңа кәсіпорын құру тәртібі.

СӨЖ мазмұны: : Жаңа кәсіпорын құру тәртібі.

Әдебиет: М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл.

21 кредит сағат

№7 практикалық сабақ

Тақырып: Кәсіпорынның техника-экономикалық дәлелділігін айқындау.



Практикалық сабақ мазмұны:

Техника-экономикалық дәлелділігін айқындау өндірістік қызметпен байланысты кәсіпорын құралғанда мына жұмыстар кіреді.



  1. Өндіріске жоспарланған тауар, өнім, қызметтерге сұранысты талдау.

  2. Өндірістік көрсеткіштер.

  3. Конструкциялық, технологиялық және басқа да керекті құжаттардың болуын тексеру.

  4. Өндірістік бағдарлама.

  5. Бағдарламаны іске асыруға қажет машиналар, жабдықтар, аспаптар және басқа негізгі өндірістік қорлар, сонымен бірге шикі зат, материалдың барын анықтау.

  6. Өндірістік куаттың барын тексеру немесе оны жасақтау жобасы.

  7. Қолда бар жабдықтар және негізгі өндірістік қорларды басқа да элменттері.

ОЖСӨЖ мазмұны: Бизнес-жоспардың мазмұны мен мақсаты. /49 бет/

СӨЖ мазмұны: Кәсіпкерлік істің мақсаты мен міндеттері./49 бет/


Әдебиет:


М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл.

8 апта


№15 дәріс
Тақырып: Франчайзинг, оның мәні, ерекшелігі.

Дәрістің мазмұны:

Соңғы уақытта кәсіпкерлікке жеңілдік жүйесі бар түрдің бірі- франчпйзинг кең өріс алуда. Бұл кәсіпкерлік формада келісімге байланысты, әдетте ірі фирма ұсақ фирмаларды немесе бизнесмендерді қамтиды, алдын ала келісілген территорияларда іс жүргізеді. Бұл көрсеткен қызметі үшін шағын, ұсақ фирмалар, бизнесмендер ірі фирмаларға маркетинг және менеджмент

жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ірі фирмаларда қаржы бөлуі мүмкін , икемді процент ставкасымен. Ұсақ, шағын фирмалар ірі фирмалармен жылдық келісім шартқа отыруға ынталы болады, және бизнесті ірі фирманың тапсырмасы бойынша жүргізуге міндеттенеді. Бұл оған пайдалы. Мұндай кәсіпорындар тұтас бір жүйенің бөлшегі сияқты жұмыс істейді. АҚШ та 500 мыңға жуық осындай уақ, шағын кәсіпорындар жеңілдік берілетін кәсіпкерлік қатарында жұмыс істейді.


ОЖСӨЖ мазмұны: Жаңа кәсіпорынды басқару.

СӨЖ мазмұны: Келісімнің тиімділігі.

Әдебиет: М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері.

Орал, 2001 жыл./50-51/

23 кредит сағат
№16 дәріс

Тақырып: Жеке, ұжымдық және унитарлы кәсіпорындардың жұмыс жасау механизмі.


Дәрістің мазмұны:

Экономикада әртүрлі заңды тұлғалар қызмет істейді, олар ерекшеліктерімен салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесімен, ұйымдастыру тәсілімен, механизация және автоматизация ерекшеліктерімен, ұйымдастыру-құқықтық формаларымен т.б. бөлінеді. Заңды тұлғалар мекемелердің көптүрлі болуы кез келген мемлекеттің экономикасының тиімді қызмет істеу негізін құрайды. Заңды мекеме, кәсіпорын деп саналады, егер: 1) ерекше мүліктер болса; 2) өзінің мүлкімен алған міндеттемеге жауап бере алатын болса; 3) өзінің меншікті ресурсымен айналымға шыға алатын болса; 4) өз атынан талап қоя алатын және сотта жауапкершілікті өзіне ала алатын болса. Азаматтық Кодекс бойынша заңды тұлғалар үш негізгі құқықтық формаға бөлінеді:

-заңды тұлғалар немесе оның мүліктеріне құрылтайшылардың құқығы негізінде;

- заңды тұлғалардың экономикалық қызметке құқығы;

-ұйымдастыру құқық негізінде;

Заңды тұлғалар мақсаттарына байланысты мына екі категориялық ұйымдардың біріне кіреді:


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет