Барлығы – 135 сағат


Дәрістің мазмұны: Тауар саясаты – бұл шығарылатын өнімдер номенклатурасын бағалау және оның тұтынушылар нарығына қозғалуына жеке стратегия жасау



бет6/14
Дата09.08.2017
өлшемі1,19 Mb.
#23219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Дәрістің мазмұны: Тауар саясаты – бұл шығарылатын өнімдер номенклатурасын бағалау және оның тұтынушылар нарығына қозғалуына жеке стратегия жасау.


Оған мыналар кіреді:

  • зерттеу объектілері бойынша жұмыс істеп тұрған нарықты талдау;

  • өнімнің өмірлік циклін анықтау және жаңа өнім шығаруға жағдайды тұжырымдау ;

  • сұраныс пен ұсынысты жасақтау;

  • тауар мен өндірістің бәсекелестікке қарсы тұруын бағалау;

  • салық саясатын бағалау;

ОЖСӨЖ мазмұны: Қызмет істеп тұрған нарықты зерттеу объектілері бойынша талдау./ 83 бет/.

СӨЖ мазмұны: (схема құрастыру)

Әдебиет: : М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./83 бет/.

39 кредит сағат

13 практикалық сабақ



Тақырып: Тауардың өмірлік циклі.
Практикалық сабақ мазмұны:

Нарықтық экономика жағдайында тауардың бәсеке қабілеттілігі сұрнысты қанағаттандыратын негізгі көрсеткіштің бірі, себебі ол арқылы сатылатын өнімнің көлемін, бағасын және жалпы түсім мен шығынның салыстырмаларын алдағы жылдарға болжауға керек болады. Белгіленген бағамен түсімді көбейту үшін өндірістің ағымдағы шығындарын азайту керек, бірақ ол өнімнің сапасын арттыруға, нарық сыйымдылығын кеңейтуге, жоғары және тұрақты пайда табуға септігін тигізбейді.

Тауардың өмірінің ұзақтығын анықтау және жаңа тауарды жасақтаудың өндіріс алды сатысының басталуын, сонымен бірге оған сұрагыстың азаю уақытын, жаңа тауар жасауға көшуді белгілеу үшін тауардың өмірлік циклінің нәтижесін талдау пайдаланылады.

Тауардың өмірлік циклі екі кезеңнен тұрады:



  1. өндіріс алды және өндіріс

  2. тауарды өткізу

Бірінші өндіріс алды кезеңі үш бөлімнен тұрады:

1) ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі

Мұнда ескі өнімді ауыстыру мақсатында бәсекеге қарсы тұрарлық жаңа өнім оның тнхнологиялық процесі жасақталады.

2) тәжірибе-конструкторлық жұмыстары. Бұл экспирементті зерттеу, ло техникалық жобамен аяқталады және конструкторлық жұмыс документациялары (құжаттары) жасақталады.

3) Үшінші бөлімі өндірісті технологиялық даярлау (ӨТД) конструкторлық жұмыстың жалғасы. Мұнда технологиялық процесте еңбек және материалдық шығындарды азайту, өндірістік қорды тиімді пайдаланып, өнімді жасау, жинау процестерін ақырғы рет реттеу.

Бірінші және екінші бөлімді ғылыми-техникалық , тәжірибе конструкторлық жұмыстар деп біріктіруге болады.



ОЖСӨЖ мазмұны: Тауардың өмірлік цикілінің екінші кезеңі.

СӨЖ мазмұны: Тауардың өмірлік цикілінің екінші кезеңі.
Әдебиет: М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./85-87 бет/.

14 апта

40 кредит сағат

27 дәріс



Тақырып: Ғылыми-техникалық өнім нарығы.

Ғылыми-техникалық өнім нарығы – бұл интеллектуалдық еңбек қортындысы меншік иесінің (ҒТО) және осы өнімді пайдалануға құқығы бар сатып алушы арасындағы экономикалық қатынас.

ҒТО нарығының объектісі: ғылыми-техникалық , жоба-конструкторлық және техника-технологиялық өнімдер; ғылыми- техникалық құжаттар (документация), ақпараттық қызмет; жарияланылған ғылыми мақалалар және арнаулы әдебиеттер.

ҒТО нарығының субъектілері- нарықтың контрагенттері; өзінің дифференциалданған өндірістік, ғылыми, ақпараттық және қаржы меншік потенциалы.

Ғылыми техникалық өнімді өндіру үшін оның негізгі бағыттары анықталуы тиіс:

1 топ-жалпы теориялық мәні бар, нақты технология және өнім өндіруге бағытталмаған, жаңа білімдер;

2 топ-жаңа технология және өнім жасақтауға бағытталған , жаңа білім.

3 топ- әзір іске аспаған, өндірістің әр түрлі салаларындағы жаңа білім;

4 топ- нақты өнім өндіруге қолданылған жаңа білімдер;

Көрсетілген ҒТ өнім өндіру топтар бір-бірінен мынандай қасиеттермен ажыратылады:



  • шекті пайдалану өзгешілігі;

  • жасақтау процесінде алдын-ала қандай қорытынды беретінін, тиімділігін білу;

  • өткізілетін жұмысқа шығатын шығынды өтеу, жабу көздерін білу;

  • интеллектуалдық меншікке құқылық;

  • ҒТ өнімді өндіріске беру формасы; / 89 бет/


ОЖСӨЖ мазмұны: Ғылыми-техникалық потенциал көрсеткіштері. / 90 бет/

СӨЖ мазмұны: Интеллектуалды өнім / 90 бет/

Әдебиет:

М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./89-90 бет/.



41 кредит сағат

28 дәріс



Тақырып: Сүраныспен ұсынысты жасақтау.

Дәрістің мазмұны:

Сұраныс-бұл экономикалық категория, сатып алу қабілетіне қарай әртүрлі тауарларға қоғамдық қажеттілік. Сұраныс мөлшері- нақты тауарлар санының келісім, немесе белгіленген баға көбейтіндісі. Мұнда тауардың өту мерзімін ескеру керек. Сұраныстың қасиеттерінің бірі, ол сұраныстың қанағаттануы бағамен байланысты, баға төмен болса сұраныс өседі, сұраныс өскесін өндіріс өседі, өндіріс өссе жұмыссыздық жойылады. Және керсінше. Бұл құбылыс сұраныс заңы деп аталады.

Бұл заң мына ережелерге негізделеді:

1. Сұранысты қанағаттандыруды баға шектейді. Жоғары деңгейдегі баға тұтынушылардың қанағаттану қажеттігін төмендетеді және артық тауарлар көлемін өсіреді. Сонымен, өндірушінің қанағаттанғысыз баға саясаты өндірушегі зиян келтіреді, себебі артық тауарды төмен бағамен сатуға мәжбүр сатуға болады.

2. Тауарға қажеттіліктің кему принципі бойынша, тауарға сұраныс өскен жағдайда жоғары бағамен сатып алуы тек қана белгілі мөлшерлі санда. Осыдан кейін ол тауарларға сұраныс төмендейді, тұтынушылар тек бағасы төмендегенде алулары мүмкін.

3. Табыстың тиімділігі мынада: нақты өнімге баға төмендегенде бұл өнімді тұтынушылар көп мөлшерде алады, немесе ассортиментін көбейтіп қосымша басқа тауарлар алуы ықтимал. /97 бет/



ОЖСӨЖ мазмұны: Баға мен өнім көлемінің тәуелділігі.

СӨЖ мазмұны: Баға мен өнім көлемінің тәуелділігі.
Әдебиет: М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./ 97 бет/.

42 кредит сағат

14 практикалық сабақ



Тақырып: Тауар мен өндірістің бәсеке қабілеттілігін бағалау.

Практикалық сабақ мазмұны:

Тауар саясаты-бұл өндірістің дамуы жөніндегі перспективалық жоспардың ( бизнес-жоспардың) бір бөлігі, онда алдағы уақытта өндірілітен тауарлар тізімі енгізілуі керек.

Тауардың бәсеке қабілеттілгін бағалау үшін өндіріс тауарлары мынандай классификацияға бөлінеді.

1 топ-өндірісте пайдалану процесінде өз бетімен қатынасатын тауарлар. Мысалы, автомобиль, станоктар, тепловоздар т.б.

2 топ- өндірісте өз бетімен пайдаланылмайтын, біртұтас комплекске құрама болып қатынасатын тауарлар.

3 топ- конструкциялық материал есебінде пайдаланылатын тауарлар. Мысалы, кірпіш, пластмасса, темір, түсті металдар т.б.

4 топ- әзір құралдарды тиімді пайдалану үшін керек тауарлар. Мысалы, жұмысқа керекті материалдар, жанар-жағар майлары т.б.

5 топ- негізгі және қосымша өнімдерді өндіру үшін керек материалдар-шикізаттар.

Тауардың бәсеке қабілеттілігін анықтау үшін мынандай міндеттер орындалуы шарт:

- нарықта тауарға қойылған талаптар бойынша , өндіріс құатының мүмкіндігіне қарай әзір өнім номенклатурасын анықтау керек;

- номенклатура кіретін тауарларды өндіретін сондай бәсекелестерді анықтау керек;

- тауардың бәсеке қабілеттілігін бағалау үшін техникалық –экономикалық көрсеткіштерін анықтау және оларды бағалау әдістерін іріктеу керек;

- тауардың бәсеке қабілеттілік интегралдық көрсеткішін есептеу керек;

- өндіруші мен тұтынушының мүддесіне байланысты жаңа тауарлар номенклатурасын анықтау, ол үшін бәсекеге қарсы тұрарлық жаңа тауарларды өндіріске енгізіп, ескі тауарды сатылап өндірістен шығару. / 100 бет/.



ОЖСӨЖ мазмұны: Тауардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етуі үшін күрделі қаржының тиімділігінн бағалау.

СӨЖ мазмұны: Тауар саясаты. /100 бет/.

Әдебиет:
М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./100 бет/.

15 апта

43-44 кредит сағат

26 дәріс



Тақырып: Кәсіпкерлік іске салық салу.

ОЖСӨЖ мазмұны: Салықтың мәні және қажеттілігі.

СӨЖ мазмұны: Салықтың мәні және қажеттілігі.

Әдебиет: М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./ 105 бет/.

45 кредит сағат

15 практикалық сабақ



Тақырып: Салықтың мәні және қажеттілігі.
Практикалық сабақ мазмұны:

Салықтар, пошлиналар және басқа төлемдер- бұл әртүрлі деңгейдегі бюджетке, бюджеттен тыс қорларға төленетін міндетті жарналар. Бұл жарналар екі функция ( қызмет) атқарады: фискалды және реттеу.

Фискалды функция дегеніміз- салықтарды бөлу, қайта бөлу арқылы ұлғаймалы ұдайы өндірістің қарқынын өркендетуге немесе бәсеңдетуге болады, немесе халық шаруашылығының бір саласынан екінші саласына күрделі қаржы салу арқылы халықтың әл-аухатын арттыру үшін.

Реттеу функциясы салық механизімін басқаруда салық ставкасын өзгерту жеңілдіктер, санкциялар арқылы іске асады.


ОЖСӨЖ мазмұны: Бюджетке, бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер. / 105 бет/.

СӨЖ мазмұны: Міндетті төлемдер. / 105 бет/.

Әдебиет:

М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./ 105 бет/.


3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі





Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Семинар тақырыбына байланысты

3 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама

2

Оппонент болуы

Баяндама жасау

Семинар тақырыбына байланысты

4 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Семинарда жауап беруі

3

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 12 тапсырма)



Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


Тақырып бойынша

1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)



Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

4

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабылетін тексеру

Бірінші жұмыс 1 – 4 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 5 – 11 тақырыптарға байланысты



№4 семинар

№10 семинар



Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады

Жазба жұмысын тексеру

5

Емтихан

Білімді кешенді тексер







Тест





4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ




Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Кәсіпкерлік негіздері. М.Б.Бисенғазиев.

10

1

7%

-




2

Курс предпринимательства. Учебник для вузов.//В.Я. Горфинкель, В.А. Швандар,Е.М.Купряков.

8

-

60 %

-




3

Львов Ю.А. Основы экономики и организации бизнеса.-РПБ:ГМП, 1992.

4

-

30%

-




4

Экономика предприятия: Учебник /Под ред. В.Я.Горфинкеля Е.М.Купрякова –М.:Банки и биржи, ЮНИТИ, 1996./


6

-

40%

-




5

Глущенко Е.В.Капцов А.И. Основы предпринимательства. Учебное пособие. –М.:Вестник, 1996.



3

-

20%

-




6

Основы бизнеса и предпринимательства в условиях рыночной экономики Казахстана. Алматы: Демеу,1992.

5

-

30%

-




7

Основы предпринимательского дела/Под ред.Ю.М.Осипова-М.:МГУ, 1992./


6

-

40

-




8

Мамыров Н.К.,Ихданов Ж.Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. Учебник-Алматы: Экономика, 1998.



1

-

7%

-





Дәріс №1

Тақырыбы: Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны.

Дәріс мазмұны

  1. Кәсіпкерліктің мәні.

  2. Кәсіпкерліктің тарихи концепциясы.

  3. Кәсіпкерлік белсенділік және іскерлік.

Мақсаты: Пәнге, тарихи концепцияға сипаттама беру.

Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады:



  1. белгілі бір істің түрі;

  2. сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік , іскерлік адамдардың мінез –құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Экономикалық белсенділік- бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табумен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін (іскерлігін) талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек. Кәсіпкерлік- ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:



  • дербестік және тәуелсіздік;

  • экономикалық ынталалық;

  • шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;

  • жаңашылдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет