Барлығы – 135 сағат



бет9/14
Дата09.08.2017
өлшемі1,19 Mb.
#23219
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Қазіргі жағдайда нарықтық экономикаға ауысуы жолында қоғамдық меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы. Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік практикада экономикалық тиімді іс болып табылады. Қазіргі замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысы көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмаларда зор материалдық , қаржылық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғарғы дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда болады. Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмысты көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады. Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің (тұтынушылардың) сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға, өндіріске өндірістік және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді. Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полу фабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін./ 64 бет/



Дәріс№19

Тақырыбы: Шағын кәсіпорын ісінің экономикалық сипаттамасы./ 65 бет/



Дәрістің мазмұны:

1. Шағын кәсіпорынның басты функциялары.

2. Шағын кәсіпорынның шаруашылық әрекеті.

Мақсаты: Ассоциация, бірлестік, концерн туралы түсінік

Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ, кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорындаррға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы ұлықсат (лицензия) керек етеді. Шағын кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетінде дербестік мүмкіндігі бар: өндірген тауарын, салық төлемдерінен қалған пайдасын пайдалана алады. Шаруашылық іс-әрекетіндегі басты жағдай – жоспарлау. Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын арттыру мақсатында және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарла шығару мен қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде жұмыстарын алдын ала жоспарлауы керек. Шағын кәсіпорын өзінің өндірген тауарларына, көрсеткен қызметтеріне бағаны тағайындайды немесе шарт бойынша келісілген бағамен сатады. Кәсіпорынның қаржы ресурстары оның ұйымдастыру – ұқық формаларына байланысты, пайдадан, амортизацияға шығарылған сомадан, бағалы қағаздарды сатқаннан түскен ақшадан, еңбек ұжымының мүшелерінің жарналарынан, пайдадан түскен несиеден т.б. заңға қарсы емес түсімдерден тұрады.


Дәріс№20

Тақырыбы: Кәсіпорынның және коммерциялық ұйымдардың қаржысы./71 бет/



Дәрістің мазмұны:

1. Қаржылық қатынастар туралы түсінік.

2. Кәсіпорынның жұмысын қаржыландыру.

Мақсаты: Қаржы жүйесі қатынастарының механизмін түсіндіру.
Қаржы- бұл ақша қатынастары. Қаржы ылғи да ақша түрінде көрінеді: бөлу түрін, әртүрлі табыстардың жасақталуын және пайдалануын, шаруашылық субъектісінің қорын, мемлекеттің өдірістен тыс сфера құрамының инвестициялық және қаржылық іс-әрекетін көрсетеді. Кәсіпорын және коммерцялық ұйымдар қаржы жалпы жүйесі қатынастарының бір бөлімі және қаржы жүйесінің бөлімдері әртүрлі деңгейдегі бюджетпен, бюджеттен тыс қорлармен, сақтандыру т.б. бөлімдермен, сонымен қатар қаржы нарығы қатынасушыларыменен тығыз байланысты. Қаржылық қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік, инвестициялық жұмыс жүргізу барысында ақша қатынастары арқылы кәсіпорынның өз қаражаттарын жасақтау, лоардың табыстарының және қарызға алынған қаражаттарынан қор жинау және тұтынуға бөліп жұмсаумен байланысты. Кәсіпорынның жұмысын қаржыландыру және оның жасақталу көздері. Қандай да болмасын кәсіпорынның бастапқы капиталы құрылтайшылардың қаражаттары есебінен құрылады. Ал салымның түрлері: ұзақ пайдаланылатын объектілер, өндірістік запастар, бағалы қағаздар, мүліктік құқық, сонымен бірге белгілі бір сома ақша болуы қажет.


Дәріс№21

Тақырыбы: Қаржылық менджмент.



Дәрістің мазмұны:

1. Қаржылық менеджмент туралы ұғым.

2. Қаржы менеджерінің қызметі және мамандығы.

Мақсаты: Қаржы менеджменті- кәсіпорынның басқару жүйесі ретінде.

Қаржылық менеджмент – бөлек шаруашылық объектісі деңгейінде капиталды басқару. Қаржылық менджментті ақша тасқынын басқару деп те айтуға болады, оның мақсаты ағымдағы төлемдерді қамтамасыз ету және пайда табу. Қаржы менджмент- қаржы стратегиясы мен тактикасын жасақтайды. Оны қаржы есебі және табыстың түсу болжамы негізінде талдау жасау арқылы іске асырылады. Ол кәсіпорынның активі мен пассивінің өзгеруімен байланысты. Менеджмент кәсіпорынның басқару жүйесі ретінде өндірісті басқару, нарық ( маркетинг) және қаржыны басқару істері кіреді. Қаржы басқару жұмысы өз бетімен тек қана жеке меншік кәсіпорын болса, экономикалық тәуелсіз болса, онда күнделікті басшылық жұмысын атқарады, сондықтан қаржылық шешім алу жоғарғы орындардың билігінде, яғни сол мекемені кәсіпорынды басқару өкілінің билігінде болады. /74 бет/.


Дәріс№22

Тақырыбы: Ақша тасқынын басқарудың басты бағыттары.



Дәрістің мазмұны:

1. Қаржы нарығының қаржысын пайдалану.

2. Өндірісті қайта қаржыландыруға жұмсалатын ақша қаражаттар.

Мақсаты: Қаржы нарығындағы процесстерді кәсіпорын жағдайында бағалау./ 77 бет/

Ақша тасқынын басқарудың басты бағыттары.

Дәрістің мазмұны: Акционерлік қоғам қаражаттарын қаржы нарығына жұмылдырады: қор нарығында ( бағалы қағаз нарығы) акция, облигация шығару және сату арқылы ; ақша нарығында (қысқа ақша нарығы) – қысқа мерзімді сауда ; капитал нарығында - ұзақ мерзімді ссудаға жұмсайды. Қаржы менеджерінің басты міндеті кәсіпорынның қаржы ресурстарымен қаржы нарығы арасындағы тиімділікті қамтамасыз ету. Кәсіпорын мүддесіне алынған капиталға шығатын шығынды бағалау: алынатын капитал қанша тұратынын білу, оны алу керек пе, керек болса қандай тиімділігі бар екенін алдын ала білу керек, облигацияны қайтару қосу процент, ал акцияға –диведенд. Алынған капитал ( инвестициялық капитал) экономикалық тиімді болмаса, ол жағдайда шығын көп болуы мүмкін, тіпті бакроттыққа апаруы мүмкін.
Дәріс№23

Тақырыбы: Қаржылық жоспарлау, болжау.



Дәрістің мазмұны:

1. Қаржының тиімділігін болжау.

2. Қаржылық жоспарлау.

Мақсаты: Болжау процесінің кәсіпорын үшін маңызды бағыттары.

Қаржы менеджерінің жұмысының басты бағыты- қаржыны жоспарлау және болжау. Қаржының тиімділігін болжау (прогноз)- кәсіпорынның болашақтағы қаржы мүмкіндігінің негізгі бағыттарын белгілеу – стратегиясын анықтау. Мұндай болжаудың кәсіпорын үшін маңызы зор, себебі оның тұрақты міндеті өз ісіне қосымша капитал тарту, бакроттықтан сақтандыру. Кәсіпорынның қаржы жағдайының болашағын болжау сыртқы экономикалық ақпаратты пайдаланушыларға өте қажет. Оларға кіретін басты-объект. Олар несие беру үшін кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайын, болашаққа болжамын білулері керек. Қаржылық болжау, қаржылық жоспарлауға-жылдық, көпжылдық мерзімге жасау өте қажет. Батыс елдерінде әлбетте ол мерзім 3-5 жыл.

Қаржылық жоспарлау. Қаржы жоспары ақша қаражаттардың түсім және шағын көздерін көрсетеді. Бұл бизнес жоспардың шараларын және кәсіпорынның міндеттемелері бойынша төлеуге жетерлік қаржы болуын көрсетеді. Жоспардың негізіне барлық түсім көздері және шығындар ескеріліп, қолда бар қаржымен қамтамасыз етілу деңгейін анықтайды. Егер жетіспейтін болған жағдайда оны толықтыру көзі іздестіріледі.


Дәріс№24

Тақырыбы: Кәсіпорынның тауар саясаты. / 83 бет/



Дәрістің мазмұны:

1. Тауар саясаты туралы ұғым.

2. Тауар саясатының стратегиясы.

Мақсаты: Тауар саясатын кәсіпорындарда қолдану ерекшеліктері.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет