ОЖСӨЖ мазмұны: Шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар.
СӨЖ мазмұны: Шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар.
Әдебиет:
М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./54-55 бет/
24 кредит сағат
№8 практикалық сабақ
Тақырып: Серіктестіктердің түрлері.
Практикалық сабақ мазмұны:
Толық серіктестік - өзара жасақталған шарт бойынша кәсіпкерлік іс жүргізетін қатынасушы адамдар және өздерінің мүліктерімен міндеттемелерге жауап беретін серіктестіктер. Толық серіктестік мекеме, кәсіпорын, қатынасушылардың өзара жасаған, қол қойған құрылтай шарттары бойынша құрылады және жұмыс істейді. Басқару жұмысы өзара келісілген келісім бойынша жүргізіледі және әрбір құрылтайшы бір дауысқа ие болады.
ОЖСӨЖ мазмұны: Шаным негізіндегі серіктестік.
СӨЖ мазмұны: Шектелген жауапкершілікті қоғам.
Әдебиет: М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./57-58 бет./
9 апта
№17-18 дәріс
Тақырып: Шағын кәсіпорынның кісіпкерлік ісі.
Дәрістің мазмұны: Қазіргі жағдайда нарықтық экономикаға ауысуы жолында қоғамдық меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы. Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік практикада экономикалық тиімді іс болып табылады. Қазіргі замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысы көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмаларда зор материалдық , қаржылық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғарғы дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда болады. Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмысты көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады. Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің (тұтынушылардың) сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға, өндіріске өндірістік және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді. Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полу фабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін./ 64 бет/
ОЖСӨЖ мазмұны: Шағын кәсіпорын ісінің экономикалық сипаттамасы. /65 бет/.
СӨЖ мазмұны: Шағын кәсіпорынның салалары. /65 бет /.
Әдебиет:
М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./65бет /.
Тақырып: Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар.
Дәрістің мазмұны:
Кәсіпорынның унитарлық принципі дегеніміз-беркілген мүлікке меншіктік право берілмейді. Меншік иесі, яғни құрылтайшы мемлекет немесе муниципалитет. Унитарлық кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді, қандай жағдайда да салынған салымға, пайға, үлеске сәйкес, соның ішінде унитарлы кәсіпорын мүшелеріне де бөлінбейді.
Меншік иесінің міндеттемесіне жауап бермейді. Унитарлық кәсіпорынның ерекше мүліктік статусы: мүлікке иелікті тек шектелген деңгей жағдайында мүмкін. Унитарлық кәсіпорынды басқарудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол кәсіпорынды басқару органы тек бір кісіге, оның бастығына беріледі, ол меншік иесінің немесе оның өкілінің бұйрығымен тағайындалды және оған есеп беруге міндетті.
Унитарлы кәсіпорын екі категорияға бөлінеді, оларға меншік иесінің берген құқығына байланысты : 1) шаруашылықты жүргізу құқығымен; 2) оперативті басқару құқығымен.
Шаруашылықты жүргізу құқығы- бұл мемлекеттік немесе муниципалдық унитарлық кәсіпорынның меншік иесінің мүлкіне иелік етуге, пайдалануға және билік етуіне заңмен басқа праволық актілер шеңберінде жүргізу болып табылады.
Оперативті басқару правосы- бұл мекеме немесе қазыналық кәсіпорынның бекітілген меншік иесінің мүлкіне иелік етуге, қолдануға, билік етуге, бекітілген заң бойынша кәсіпорынның мақсатына сәйкес іс жүргізуіне құқылы. Шаруашылықты жүргізу құқығы бар книтарлы кәсіпорынның оперативті басқару құқығына кең тәуелсіздігі бар. / 59 бет/
ОЖСӨЖ мазмұны: Заңды тұлғалар. /60 бет/
СӨЖ мазмұны: Кәсіпорындар бірлестігі./60 бет/
Әдебиет: М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл. / 59-60 бет/
№9 практикалық сабақ
Тақырып: Заңды тұлғалар, кәсіпорындар бірлестігі.
Практикалық сабақ мазмұны:
Заңды мекемелер, кәсіпорындар бірлестігіне кәсіпорындар бірлестігі- ассоциациялар, концерндер, консорциумдар, қаржы- өнеркәсіп топтары, холдингалық компаниялар жатады.
Бірлестіктерге кірген кәсіпорындар өздерінің тәуелсіздігін және заңды мекеме құқығын сақтайды. Бірлестіктің басшы органдары кәсіпорындарға әміршілдік билік алмайды және өз функцияларын тек қана жасалған келісім- шарт бойынша жүргізеді.
Олардың міндеттері:
мемлекеттік кәсіпорындардың ісін бақылау
технологиялық және кщщперативтік байланысты қадағалау
елдегі инвестициялық белсенділікті жандандыру.
Ассоцияциялар – жалпы шаруашылық мақсатқа жету үшін жасақталған кәсіпорын, мекемелер одағы.
Концерн - монополияның бір түрі, формальді түрде тәуелсіздігі сақталатын көптеген өнеркәсіп, қаржы, сауда кәсіпорындарының бірлестігі, шын мәнінде қаржылық бақылауда болады және бірлестікке кірген ірі топтарға бағынышты.
Консорциум - монополияның бір түрі, өзара уақытша келісім жасау негізінде біріккен бірнеше банкілер, немесе өнеркәсіп кәсіпорындарының бірігіп несиелерді орналастыруы, қаржылық немесе коммерциялық операцияларды ірі мөлшерде жүргізу үшін, ең ірі өнеркәсіптік құрылысты іске асыру үшін құрылады.
Холдингтер- бұл АҚ, өз капиталын басқа компаниялардың акцияларын сатып алуға пайдаланады. Холдингтің активі көпшілігінде басқа АҚ акциялары. Холдинг – жүйесі бас фирма және бағынышты туыстық кәсіпорындар. Бұл капиталды шоғырландыруға әкеледі, көпшілік қаржы, шаруашылық мәселелерін шешуге көмектеседі және өзара байланысты компаниялардың дағдылы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ходингтер кәсіпорындар құрамынан оның бөлімдерінің дербес бағынышты туыстас заңды кәсіпорнына ауысуы, тәуелсіз кәсіпорындардың акция пакеттерін біріктіріп, дербес АҚ құру мүмкіндігі бар.
Қаржы-өнеркәсіп топтары- инвестицияны тарту үшін, кәсіпорындар арасындағы кооперативтік, технологиялық байланыстарды қалпына келтіруг, өндірістің тиімділігін арттыру үшін құрылады. Бірінші кезеңде ( этапта) қаржы-кәсіпкерлік топтары мемлекет деңгейінде құрылады, ал екінші кезеңде ( этапта) оның шеңберінің басқа елдердің кәсіпорындарының және қаржы- өнеркәсіп топтары есебінен өсуі мүмкін. /62 бет/
ОЖСӨЖ мазмұны: Холдингтер / 61 бет/
СӨЖ мазмұны: Концерн / 61 бет/
Достарыңызбен бөлісу: |