М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./ 60-62 бет/
10 апта
№ 19-20 дәріс
Тақырып: Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар.
Дәрістің мазмұны:
Кәсіпорынның унитарлық принципі дегеніміз-беркілген мүлікке меншіктік право берілмейді. Меншік иесі, яғни құрылтайшы мемлекет немесе муниципалитет. Унитарлық кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді, қандай жағдайда да салынған салымға, пайға, үлеске сәйкес, соның ішінде унитарлы кәсіпорын мүшелеріне де бөлінбейді.
Меншік иесінің міндеттемесіне жауап бермейді. Унитарлық кәсіпорынның ерекше мүліктік статусы: мүлікке иелікті тек шектелген деңгей жағдайында мүмкін. Унитарлық кәсіпорынды басқарудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол кәсіпорынды басқару органы тек бір кісіге, оның бастығына беріледі, ол меншік иесінің немесе оның өкілінің бұйрығымен тағайындалды және оған есеп беруге міндетті.
Унитарлы кәсіпорын екі категорияға бөлінеді, оларға меншік иесінің берген құқығына байланысты : 1) шаруашылықты жүргізу құқығымен; 2) оперативті басқару құқығымен.
Шаруашылықты жүргізу құқығы- бұл мемлекеттік немесе муниципалдық унитарлық кәсіпорынның меншік иесінің мүлкіне иелік етуге, пайдалануға және билік етуіне заңмен басқа праволық актілер шеңберінде жүргізу болып табылады.
Оперативті басқару правосы- бұл мекеме немесе қазыналық кәсіпорынның бекітілген меншік иесінің мүлкіне иелік етуге, қолдануға, билік етуге, бекітілген заң бойынша кәсіпорынның мақсатына сәйкес іс жүргізуіне құқылы. Шаруашылықты жүргізу құқығы бар книтарлы кәсіпорынның оперативті басқару құқығына кең тәуелсіздігі бар. / 59 бет/
ОЖСӨЖ мазмұны: Заңды тұлғалар. /60 бет/
СӨЖ мазмұны: Кәсіпорындар бірлестігі./60 бет/
Әдебиет: М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл. / 59-60 бет/
№10 практикалық сабақ
Тақырып: Шағын кәсіпорын ісінің экономикалық сипаттамасы.
Практикалық сабақ мазмұны:
Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ, кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорындаррға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы ұлықсат (лицензия) керек етеді. Шағын кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетінде дербестік мүмкіндігі бар: өндірген тауарын, салық төлемдерінен қалған пайдасын пайдалана алады. Шаруашылық іс-әрекетіндегі басты жағдай – жоспарлау. Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын арттыру мақсатында және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарла шығару мен қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде жұмыстарын алдын ала жоспарлауы керек. Шағын кәсіпорын өзінің өндірген тауарларына, көрсеткен қызметтеріне бағаны тағайындайды немесе шарт бойынша келісілген бағамен сатады. Кәсіпорынның қаржы ресурстары оның ұйымдастыру – ұқық формаларына байланысты, пайдадан, амортизацияға шығарылған сомадан, бағалы қағаздарды сатқаннан түскен ақшадан, еңбек ұжымының мүшелерінің жарналарынан, пайдадан түскен несиеден т.б. заңға қарсы емес түсімдерден тұрады.
ОЖСӨЖ мазмұны: Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау./67 бет/.
СӨЖ мазмұны: Шағын бизнес прблемалары және оны шешу жолдары. / 68 бет/.
М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./65-68 бет/.
11 апта
№ 21 дәріс
Тақырып: Кәсіпорынның қаржысын басқару.
Дәрістің мазмұны:
Қаржы- бұл ақша қатынастары. Қаржы ылғи да ақша түрінде көрінеді: бөлу түрін, әртүрлі табыстардың жасақталуын және пайдалануын, шаруашылық субъектісінің қорын, мемлекеттің өдірістен тыс сфера құрамының инвестициялық және қаржылық іс-әрекетін көрсетеді. Кәсіпорын және коммерцялық ұйымдар қаржы жалпы жүйесі қатынастарының бір бөлімі және қаржы жүйесінің бөлімдері әртүрлі деңгейдегі бюджетпен, бюджеттен тыс қорлармен, сақтандыру т.б. бөлімдермен, сонымен қатар қаржы нарығы қатынасушыларыменен тығыз байланысты. Қаржылық қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік, инвестициялық жұмыс жүргізу барысында ақша қатынастары арқылы кәсіпорынның өз қаражаттарын жасақтау, лоардың табыстарының және қарызға алынған қаражаттарынан қор жинау және тұтынуға бөліп жұмсаумен байланысты. Кәсіпорынның жұмысын қаржыландыру және оның жасақталу көздері. Қандай да болмасын кәсіпорынның бастапқы капиталы құрылтайшылардың қаражаттары есебінен құрылады. Ал салымның түрлері: ұзақ пайдаланылатын объектілер, өндірістік запастар, бағалы қағаздар, мүліктік құқық, сонымен бірге белгілі бір сома ақша болуы қажет.
ОЖСӨЖ мазмұны: Қаржылық менджмент. / 74 бет/.
СӨЖ мазмұны: Қаржыгер. / 74 бет/.
Әдебиет:
М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./71-74 бет/.
№ 22 дәріс
Тақырып: Қаржылық менджмент.
Дәрістің мазмұны: Қаржылық менеджмент – бөлек шаруашылық объектісі деңгейінде капиталды басқару. Қаржылық менджментті ақша тасқынын басқару деп те айтуға болады, оның мақсаты ағымдағы төлемдерді қамтамасыз ету және пайда табу. Қаржы менджмент- қаржы стратегиясы мен тактикасын жасақтайды. Оны қаржы есебі және табыстың түсу болжамы негізінде талдау жасау арқылы іске асырылады. Ол кәсіпорынның активі мен пассивінің өзгеруімен байланысты. Менеджмент кәсіпорынның басқару жүйесі ретінде өндірісті басқару, нарық ( маркетинг) және қаржыны басқару істері кіреді. Қаржы басқару жұмысы өз бетімен тек қана жеке меншік кәсіпорын болса, экономикалық тәуелсіз болса, онда күнделікті басшылық жұмысын атқарады, сондықтан қаржылық шешім алу жоғарғы орындардың билігінде, яғни сол мекемені кәсіпорынды басқару өкілінің билігінде болады. /74 бет/.
ОЖСӨЖ мазмұны: Қаржы менеджерінің қызметі және мамандығы. /74 бет/.
СӨЖ мазмұны: тақырыпқа байланысты 20 тестілік тапсырма құрастыру
Әдебиет: М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./74 бет/.
33 кредит сағат
№11 практикалық сабақ
Тақырып: Ақша тасқына – қаржының басқару объектісі./75 бет/.
Практикалық сабақ мазмұны: Ақша тасқына – қаржының басқару объектісі. /75 бет/.
ОЖСӨЖ мазмұны: практикалық сабақтың сұрақтары
СӨЖ мазмұны: (схема құрастыру)
Әдебиет:
М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./74 бет/.
/75 бет/.
12 апта
34-35 кредит сағат
№23-24 дәріс
Тақырып:
Ақша тасқынын басқарудың басты бағыттары.
Дәрістің мазмұны: Акционерлік қоғам қаражаттарын қаржы нарығына жұмылдырады: қор нарығында ( бағалы қағаз нарығы) акция, облигация шығару және сату арқылы ; ақша нарығында (қысқа ақша нарығы) – қысқа мерзімді сауда ; капитал нарығында - ұзақ мерзімді ссудаға жұмсайды. Қаржы менеджерінің басты міндеті кәсіпорынның қаржы ресурстарымен қаржы нарығы арасындағы тиімділікті қамтамасыз ету. Кәсіпорын мүддесіне алынған капиталға шығатын шығынды бағалау: алынатын капитал қанша тұратынын білу, оны алу керек пе, керек болса қандай тиімділігі бар екенін алдын ала білу керек, облигацияны қайтару қосу процент, ал акцияға –диведенд. Алынған капитал ( инвестициялық капитал) экономикалық тиімді болмаса, ол жағдайда шығын көп болуы мүмкін, тіпті бакроттыққа апаруы мүмкін.
Әдебиет: М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл. /76 бет/.
36 кредит сағат
№12 практикалық сабақ
Тақырып: Қаржылық жоспарлау, болжау.
Практикалық сабақ мазмұны:
Қаржы менеджерінің жұмысының басты бағыты- қаржыны жоспарлау және болжау. Қаржының тиімділігін болжау (прогноз)- кәсіпорынның болашақтағы қаржы мүмкіндігінің негізгі бағыттарын белгілеу – стратегиясын анықтау. Мұндай болжаудың кәсіпорын үшін маңызы зор, себебі оның тұрақты міндеті өз ісіне қосымша капитал тарту, бакроттықтан сақтандыру. Кәсіпорынның қаржы жағдайының болашағын болжау сыртқы экономикалық ақпаратты пайдаланушыларға өте қажет. Оларға кіретін басты-объект. Олар несие беру үшін кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайын, болашаққа болжамын білулері керек. Қаржылық болжау, қаржылық жоспарлауға-жылдық, көпжылдық мерзімге жасау өте қажет. Батыс елдерінде әлбетте ол мерзім 3-5 жыл.
Қаржылық жоспарлау. Қаржы жоспары ақша қаражаттардың түсім және шағын көздерін көрсетеді. Бұл бизнес жоспардың шараларын және кәсіпорынның міндеттемелері бойынша төлеуге жетерлік қаржы болуын көрсетеді. Жоспардың негізіне барлық түсім көздері және шығындар ескеріліп, қолда бар қаржымен қамтамасыз етілу деңгейін анықтайды. Егер жетіспейтін болған жағдайда оны толықтыру көзі іздестіріледі.
ОЖСӨЖ мазмұны: Қаржыландыру жоспары. / 80 бет/
СӨЖ мазмұны: Реферат.
Әдебиет: М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл./78 бет/.
13 апта
37-38 кредит сағат
№25-26 дәріс
Тақырып: Кәсіпорынның тауар саясаты.
Достарыңызбен бөлісу: |