, мұндағы z1, z2 – кез келген комплек сандар.
Егер алгебралық формадағы z=a+bi комплекс саны берілсе, онда жазықтықта абсциссасы а, ординатасы b болатын M(a,b) нүктесін табуға болады және ол нүкте біреу ғана болады. Егер a+bi санына өзгеше c+di комплекс саны берілсе, онда N(c,d) нүктесін табуға болады, ол нүкте біреу ғана және М нүктесінен басқа болады.
Керісінше, координаталық жазықтықта абсцисса k, ординатасы l болатын P(k,l) нүктесі берілсе, онда k+li комплекс санын құрастыруға болады. Бұдан комплекс сандар жиыны мен координаталық жазықтық арасында өзара бірмағналы (биективті) бейнелеу болатыны шығады. Басқаша айтқанда, комплекс санның геометриялық кескіндемесі жазықтық нүктесі болады.
Мұндай кескіндеуде нақты сандар, тек қана солар, абсциссалар осінің бойындағы нүктелермен, ал bi түріндегі жорымал сандар ординаталар осінің бойындағы нүктелермен кескінделеді. Түйіндес сандар абсциссалар осіне қарағанда симметриялы нүктелермен, қарама-қарсы сандар координаталар бас нүктесіне қарағанда симметриялы нүктелермен кескінделеді.
Сұрақтар:
Комплекс санның өзіне түйіндес санмен көбейтіндісі неге тең?
Екі комплекс санның қосындысы қалай кескінделеді?
Әдебиеттер: [15], [22].
Тақырып: Комплекс сандардың тригонометриялық формасы.
Анықтама. Тригонометриялық формада жазылған комплекс сан деп өрнегін айтады. Мұндағы - z-ң модулі деп, z- тің аргументі деп аталады және сәйкесінше |z|, argz деп белгіленеді.
Комплекс санның модулі мен аргументінің мағынасы не?
Достарыңызбен бөлісу: |