Барлығы – 180сағат


Тақырып: Жасөспірімдер мен жеткіншектерді диагностикасы



бет124/191
Дата06.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#35981
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   191
Тақырып: Жасөспірімдер мен жеткіншектерді диагностикасы
Дәріс мазмұны:
1.Жасөспірім және жеткіншектермен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі.
2.Жасөспірімдер мен жеткіншектердің танымдық процестерін зерттеудің психодиагностикалық әдістері.
3 Жасөспірімдер мен жеткіншектердің жеке тұлғалық сапаларын диагностикалау.
Мақсаты: Жасөспірім және жеткіншектермен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі және олардың танымдық процесстері мен тұлғалық сапаларын диагностикалау әдістерімен таныстыру.
Жасөспірімдік шақ – генитальді кезең. Жасөспірімдердің негізгі мақсаттарының бірі – жоғары жыныстық сезімталдық пен ұмтылысқа бейімделу. Сексуальды белсенділіктің маңызды формасы – мастурбация. Оның көмегімен сексуальды қозуларды реттейді және өзінің денесіне объект ретінде қарап, үйреніп кетеді. Жасөспірімнің эмоциялық деңгейі жыныстық жетілуімен байланысты. Ата-аналарымен, құрдастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынасы нашарлайды.Жасөспірімдер оларды сынайды, шыншыл емес адамдар деп ойлайды. Бұл процесс – сепарация - оқшаулану, кінәлілік сезімін тудырады. Жасөспірім өзін құрдастарымен және жасөспірімдік топтағы көшбасшылармен салыстырады.
Жыныстық жетілуден кейін жағымды саты келеді. Жасөспірімдерде логикалық және абстрактілі ойлауы дамиды, формальды операциялар көмегімен ойлау қабілеті пайда болады. Ой операциялары шығармашылық сипатқа ие. Жасөспірімдерде күшінің көбеюінен, рухани және денелік – шығармашылық энергиясының артуынан қуаныш сезімі пайда болады. Осы кезеңде табиғатты қабылдау қалыптасады, рухани құндылықтар пайда болады. Бұл кезеңнің негізгі мәселелері – мамандық таңдау және сексуальды қарым-қатынаста әріптесін табу.
Балалық жастан ересектік кезеңге өту кезіндегі жасөспірімдік дағдарыс туралы мәселелер талас тудырады. Жасөспірімдік дағдарысты кейде қалыпты патология деп те атайды. «Дағдарыстық кезең» ұғымы дамудың жалпы барысындағы маңыздылығын анықтау үшін қолданылады. Л.С. Выготский өтпелі кезеңнің ерекшеліктерін көрсете отырып, дамудың сәйкес келмеуінің үш нүктесін бөліп көрсетті - әлеуметтік-мәдени, жалпы-органикалық және жыныстық.
Дағдарыстың негізгі себептерінің бірі – жыныстық жетілу – адамның психологиялық және психофизиологиялық дамуына әсер етіп, қызметтік күйін анықтайды (жоғары қозғыштық, тұрақсыздық, шаршау, ашушаңдық), жыныстық ұмтылысты тудырады және осылармен байланысты жаңа қайғырулар, қажеттіліктер, қызығушылықтар пайда болады. Дағдарыстың тағы бір себебі, тұлға жаңа жастық кезеңде пайда болатын мәселелермен күресе алмайды. Осы кезеңдегі өзін ересектерге қарсы қою, жаңа позицияны жаулап алуға белсенді ұмтылыс – заңды ғана емес, сонымен қатар тұлғаның қалыптасуы үшін өнімді процесс. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, дағдарыстың әр түрлі жағымсыз белгілерінің негізінде «жаңа және жоғары формаға ауысуының жағымды мазмұны жасырылып тұр», ал 3 жастағы дағдарыстың мәнін түсіндіре келе, егер осы дағдарыс «белгілі бір себептерге байланысты енжар және көріксіз өтетін болса, онда баланың тұлғасының аффективті және еріктік сферасы содан кейінгі жас кезеңдерінде де кейін қалушылыққа ұшырайды». Бұл тұжырымдама жасөспірімдік кезеңдегі дағдарысқа да сәйкес келеді.
Дамудың күрделі де маңызды кезеңі болып есептелетін жасөспірімдік жастағы дағдарысты қарастыра отырып, даму дағдарысын 3 кезеңге бөлеміз:
1).Жағымсыз, немесе сын алды кезеңі, мұнда ескі дағдылар мен стереотиптердің өзгеруі жүзеге асады, ертеде қалыптасқан құрылымдардың бұзылуы жүреді.
2).Дағдарыстың кульминациялық нүктесі (жасөспірімдік шақта бұл – 13 жас)
3).Жасөспірім балалар өзін-өзі тануға қатты талпынады. Сондықтан да бұл жас кезеңінде мынадай диагностикалық жұмыстар жүргізіледі.
1. Өзін-өзі тану
2. Қарым-қатынас жағдайын анықтау.
3. Эмоциялық көңіл-күй.
4. Интеллектуалдық даму.
5. Темперамент құрылымын анықтау.
6. Мінез ерекшелігін білу
7. Тұлғалық қасиет ерекшелігін білу
8. Таным процесінің даму жағдайын анықтау
9. Мінез-құлық акцентуациясы.
10 Үрейлену жағдайын анықтау.
11. Қабілет ерекшелігін білу.
12. Дүниетаным, қызығушылығын білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет