Барлығы – 180сағат



бет83/191
Дата06.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#35981
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   191

Дәрістің мазмұны


1.Психодиагностика мәселелері және оларды шешу
2.Псиологиялық қызметті құру туралы қаулының көкейкестілігі
3. Ресейде және Қазақстанда психодиагностиканың даму жағдайы
Мақсаты: Психодиагностиканың Рессейде және Қазақстанда даму жағдайы және қазіргі заманда психодиагностика мәселелерінің шешілуі жөнінде түсінік беру.
Қазіргі заманғы психология түрлі жолдармен адамдардың іс- әрекетіне өз әсерін тигізеді. Осы жолдардың бірі бұл түрлі категориядағы тұрғындарға тікелей түрде психологиялық көмек көрсету болып табылады. Арнайы дайындық алған психолог балаларды тәрбиелеудегі ата- аналарға, отбасылық дағдарыс жағдайына ұшыраған жұбайларға, тұлғалық даму жағдайы бұзылған адамдарға, жастарға мамандық таңдауда, басшыларға қарым-қатынас стиль әдістерін қалыптастыруда және тағы да басқалай жайттарға психологиялық кеңес көмегін беруге қабілетті келеді. Психологиялық кеңес беру тек қана психологиялық білімге таңдау, талқылауға ғана негізделмейді (отбасылық және өндірістік, ішкі және тұлғааралық дау-жанжалдар), сонымен бірге кеңес беру үрдісінің білім заңдылығына, оның стратегиясы мен тактикасына негізделеді. Психологиялық көмек әсіресе туындаған қолайсыз жағдайды тиімді шешу жолын қарастырады. Туындаған қолайсыздық қоршаған орта өмірін тұтастай қанағатсыздыққа әкелуі ықтимал, ал ол кейде уайым-қайғыға соқтыратын болады. Мұндай жағдайда жай ғана кеңес берумен шектеліп қоймай,сонымен бірге психотерапевтік көмек те көрсетіледі. Егерде адамның уайымы ауру жағдайында көрінсе, ол дәрігерге жүгінеді, мұнда психотерапевтік көмек медициналық сипатта көрініс береді.Көптеген жағдайларда психотерапевтік көмек беру бірнеше сипатты талап етеді . Өзінің мақсаты мен формасына қарай психотерапевтік қызмет ауруларды емдеумен байланысты келеді. Ол әңгіме,пікірталас, ойын формасында жүргізіледі. Бұл адамды уайымнан арылту және оның болу себептерінен құтқаруға бағытталады.
Психологиялық көмек беру қандай формада жүргізілмесін психологиялық кеңес беру формасында немесе медициналық емес психотерапевтік формада болсын, олар жалпылама сипатты меңгереді.
Жеке даралық бағыттылық дегеніміз –көмек өтінген тұлға әлеміне терең түрде ену, араласу оның сезім уайымдау, ортамен қарым-қатынас құрылымынан, ішкі әлемін тану. Мұндай араласу жиі жағдайда арнайы психодиагностикалық әдістерді қолдануды талап етеді.
Жалпы тұрғыда психодиагностика психологиялық диагноз қою болып табылады. «Диагноз» термин нақты объект жағдайын анықтауда , оның қалыпты даму қызметінің кез-келген бұзылуын танып білумен түсіндіріледі. Диагностикалық зерттеу –ғылыми зерттеуден ерекше маңызды сипат алады. Психолог-зерттеуші танымал емес заңдылықты іздей отырып, танымал эмпирикалық тұтастықты және зерттелушінің жекелей өзгешелігін қолданады . Психодиагностика практикасында осы жекелей өзгешелік және эпирикалық тұтастық зерттеудің объектісі болып табылады.Психодиагностикалық міндеттер әртүрлі жолдармен шешіледі. Мұндай жолдардың бірі-зерттеушіні ұзақ уақыт бақылау оған көмек ету барысында (кеңес беруде психотерапияда) жүргізу.
Басқалай жолы – зерттелушіні шынайы өмір жолында бақылап отыру. Мысалы: баланың мінезін балабақшада бақылау .Осындай жолдар зерттелуші жайында өте құнды мәліметтер беретін болады, бірақта әркез ол ақпаратты бірден бермейді . Сондықтан да психодиагностикада арнайы психодиагностикалық әдістемелер таңдалынып алынған, оларды тек қана кеңес беру және психотерапия сфераларында емес, барлық жағдайларда нақты индивидтің немесе топтың қандайда болмасын психиканың ерекшеліктерін қажетті кезде бағалауға мүмкіндік береді . Бұл әдістемелер мынадай ерекшеліктерді меңгерген:

  1. қысқа уақыт аралығында салыстырмалы түрде диагностикалық ақпаратты жинақтауға мүмкіндік береді

  2. адам туралы жалпы ақпарат емес оның қандайда ерекшеліктерін (интеллект, үрейлену, өзіндік қатынасы, әзіл-сықақ сезімі, тұлғалық сипаты т.б.) ұсынады.

  3. индивидті басқалармен салыстыра отырып, ақпарат түрінде беріледі

  4. психодиагностикалық әдістемелер көмегімен алынған ақпарат таңдау құралдарының араласуымен индивидтің іс-әрекетін, қарым-қатынасын, дамуын шолуға мүмкіндік береді.

Психодиагностиканың құралдары мен принциптерін ұстану диагностикалық әдістемелерді нақты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұнда әдіснамалық және теориялық тұрғыдан негіздеу тест сенімділігі мен валидтілігін тексеру жалпы психодиагностикаға енгізіледі.
Біздің елімізде бұл аймақтағы білім дамуы бірден жүзеге аспады. 20-30ж. аралығында психодиагностиканың интенсивті дамуы, сосын бақылаусыз,кәсіби емес және кең түрде тесттердің қолданылуымен тоқтатылып, кеңестік қалыс қалумен белгіленді. Бұл 70 және 80 жылдарға дейін созылды. Бұл бағытта үлкен жұмысты В.М.Бехтерев атындағы Ленинградтың психоневрологиялық институттың ғылыми ұжымы жүргізді. Арнайы психодиагностикаға арналған басылымдар мен монографиялар шығарылды. Шетелдік басылымдар орыс тіліндегі оқырмандарға жеткілікті түрде аударылып ұсынылды. Қайтадан жалпы психодиагностиканың іргелі сұрақтары жетілдіріліп жасалды. Ұжымның мүшелері өз еңбетерінде жалпы психодиагностиканың бөлімдерін оқырмандарға мазмұнды жеткізе алды.Әдебиеттерде психодиагностиканың тарихи мен теориялары қамтылып, психодиагностиканың құралдарын жасау мен тексеру тәсілдері толықтай сипатталды . Әдебиеттердің тарауларында психодиагностиканың жекелей психикалық жағына сипаттама берілді. Бұған: тұлға сипаты, мотивация, тұлғааралық қарым-қатынас қабілет, сана және өзіндік сана болды.Әр тарауда психодиагностиканың нақты арналған маңызды әдістемелер авторлардың ұсынылуынан талапқа сай толықтай мазмұндалған. Психодиагностика әдістемелері өзгеруінің сенімді құралы ғылым мен практикадағы көптеген зерттеулердің қарқынды дамуымен байланысты келді.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет