Барлығы – 180сағат



бет94/191
Дата06.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#35981
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   191

Дәріс мазмұны


1. Мотивация ұғымы, мотив және қажеттіліктер.
2. Мотивация туралы теориялар
Мақсаты: Мотивация және оны диагностикалау туралы теориялық білім қалыптастыру.
Мотивация жеке тұлға құрылымында жетекші рольді алады және мінез-құлық пен іс-әрекеттің қозғаушы күші болып табылады.Мотив мазмұнына ерекше жеке қайталанбайтын, тұрақты және белгілі бір нақты ерекше ситуациямен анықталған жағдайлар кіреді.
Рубинштейннің анықтауынша, мінез-құлық дегеніміз бұл бірдей жағдайлар болған кездегі адамда пайда болатын ұмтылыс,мотив,тенденциялар.Мұнда аффилиациялық мотив, ойын мотиві, жетістікке жету мотиві енеді.Г.Мюррей бойынша қажеттіліктер бір жағынан тұрақты мотивациялық қайта жасаулар, екінші жағынан бұл ұғым функциялық өзгерулер болған жағдайда қалданылады.Қажеттіліктер мотивтер арқылы нақтыланып және мотивтер арқылы жүзеге асады.Қажеттіліктер мен мотивтердің өзіндік сапалары бар.Қажеттіліктер көптеген мотивтерден тұрса ,ал мотивтер әртүрлі қажеттіліктер құрамына енеді.Мотивтің өінің ішкі күрделі құрлымы бар.Мотивтер мен қажеттілкті диагностикалау қажеттілік үшін маңызды,бірақ ол жеткілікті емес.Қажеттіліктер мотивтердің иерархиялық жүйесі-нен тұрады және мотивте басымдылық деңгейі бойынша анықталады.Мотивация адамның іс-әрекет себептерін қана қоймайды, сонымен қатар психикалық әрекеттің барлық сферасын да қамтиды.
Жеке тұлғаның мотивациялық сферасын психодиагностикалаудың тікелей әдістері.Бұл әдістің ең қарапайым нұсқасы-адамнан тікелей бұрынғы өткен жағдайды «неге» немесе «не үшін» деп сұрау.Сонымен қатар ,интервью ,анкета пайдалануға болады,мұнда адамға мотивтер,қажеттіліктер,қызығушылықтар тізімі беріледі,зерттелуші соларды бағалап,таңдау қажет.Мотивтардің тізімі нақты мотивтер жүйесінен құрала-ды.Бұл әдістер тұлғаның мотивациясын өлшеуге арналмайды, оқуға,кәсіби өсуге,т.б. деген іс-әрекеттің мотивтерін өлшеуге арналады.Бұл топқа сонымен қатар ,ұстанымдары өлшеу әдістемелері де жатады.Бұл әдістеме арқылы айтылған пікірлер негізінде мінез-құлықтың мотивациялық өзгерулері анықталады.
А.Эдварстың «Жеке тұлғалық қалаулар тізімі»(ЕРРS)сауалнамасы,Г.Мюррей ұсынған қажеттіліктердің күшін өлшейді.Әрбір 15 шкалаға(210 жұп пікір) пікірлес түрінде беріл-ген қажеттіліктердің индикаторы бөліп көрсетілген.Сауалнама жұп пікірлердің ішінен біреуін амалсыздан таңдау негізінде құрылған.Қажеттіліктердің қортынды индексі қажет-тіліктер обсолютті күшін бейнелемейді, белгілі бір қажеттіліктің тізімдегі келесі қажет-тілікке қатысты күшін бейнелейді.А.Эдвардс амалсыз таңдау әдісін қолдану арқылы әлеу-меттік фаутордың әсерін азайтады.
Д.Джексонның «Тұлғаны тану бойынша формасы» (РRF)-Г.Мюррейдің мотивация теориясы негізінде құрастырылған,мотивацилық сфераны өлшеуге арналған.Джексонның сауалнамасы 20 мотивациялық өзгешеліктерді зерттейді,оның 12-сі Эдвардс сауалнама-сындағы қажеттіліктерге ұқсас.
А.Мехрабианның «Оқшаулануға деген сезімталдық пен аффиляциялық тенденцияны өлшеу сауалнамасы».Бұл сауалнама екі жалпы мотивті өлшейді.Өзін өзі қабылдауға деген ұмтылыс (аффиляциялық тенденция)және оқшауланудан қорқу.Сауалнама екі шкаладан тұрады.1-шкала пункттен тұрса,2-шкала 24 пункттен тұрады.Автордың пікірі бойынша шкала 1-жағдайда индивидтің тұлғааралық қарым-қатынастан жағымды жағдай күтуін біл діреді,2-жағдайда сәйкес жағымсыз күтулердібілдіреді.
Р.Нигард және Т.Гьесмнің мотивтерді Ms және Maf өлшеуге арналған сауалнамасы екі шкаладан 30 пункттен тұрады.Бұл да Дж.Аткинсонның мотивация теориясынан шық-қан.Тест табысқа жетуге деген Ms және сәтсіздіктерден қашуға деген (Maf)мотивтерді бір-бірінен тәуілсіз түрде зерттейді.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет