5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
№1 дәріс.
Тақырыбы: Этнопсихология – психологияның бір саласы ретінде.
Дәріс мазмұны:
1. Этнопсихология пәні туралы түсінік.
2. Этнопсихология пәнінің міндеттері, заңдылықтары.
3. Этносихологиялық зерттеулердің әдіснамалық негізі.
Мақсаты: Студенттерде этнопсихология пәні туралы түсінік қалыптастыру, міндеттері мен заңдылықтарын түсіндіру, зерттеулердің әдіснамалық негіздері жөнінде білімдерін қалыптастыру.
Қазіргі психологиялық білімнің жүйесінде екі бағыт бар. Батыс ғылымда мәдениет пен психологияның байланысын зерттейтін психологиялық антропологиялық және кросс-мәдени психология. Психологиялық антропология ХХғ. 30ж. мәдени антропологияның жеке адамдардың ішкі әлеміне деген ынталарын көрсететін зерттеудің пәнаралық бағыты ретінде пайда болды. Психологиялық антропологияның негізгі пәні адамның қалай ойлайтынын, қалай сезінетінін, қалай эмоционалды әсерленетінін және әртүрлі мәдени жағдайларда қалай әрекет ететінін зерттеу. Кросс мәдени психология әртүрлі ұлтқа және ұлттық топқа жататын жеке тұлғаның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаумен, психологиялық әлеуметтік, мәдени, экологиялық және биологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысады.
Этнопсихология (грек сөзіне алғанда «этнос» - «халық», «псюхе» - «жан», «логос» - «ғылым») - психология, әлеуметтану, мәдениеттану және этнография ғылымдарының ұштасуынан пайда болған әлеуметтік психология ғылымының саласы. Этнопсихологияның зерттеу пәні - түрлі этникалық қоғам өкілдерінің психологиялық өзіндік ерекшеліктері. Этнопсихология – нақты этникалық өкілдері ретіндегі адамдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерінің көрінісі мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Этнопсихологияның негізгі міндеттері:
1. Этностардың өзара әрекеттесуінің әлеуметтік психологиялық мәселелерін зерттеу.
2. Жеке тұлғалық деңгейде этникалық ұқсастықтың қалыптасу ерекшелігін зерттеу.
3. Сәтті мәдени аралық өзара әрекеттестікті қамтамасыз ететін әлеуметтік психологиялық әдістер мен бағдарламаларды қалыптастыру.
4. Адамның өміріне этникалық құбылыстар мен мәдениеттің әсер етуінің психологиялық заңдылықтарын ұғыну мақсатында этнопсихологиялық теорияларды дамыту.
5. Адамдардың ұлттық психологиялық мотивациялық сферасын зерттеу, яғни белгілі бір ұлттың өкілі ретінде адамдардың мінез-құлқы және әрекетіндегі осы бағыттағы маңызды көрсеткіштерді анықтау.
6. Белгілі бір ұлттағы ұлттық сезімдерінің, эмоцияларының көрінуінің, яғни эмоционалды мінез-құлық динамикасын зерттеу.
Этнопсихологияның әдіснамасы – танымның негізгі заңдылықтары және соның негізінде нақты этникалық қоғам өкілдерінің ұлттық психологиялық ерекшеліктерін ұғыну.
Этнопсихолгияның әдіснамасының 3 түрлі әдісі анықталды:
1. Жалпы әдіс.
2. Арнайы әдіс.
3. Жеке әдіс.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Этнопсихология не жөніндегі пән?
2. Этнопсихология пәнінің міндеттері, заңдылықтары қандай?
3. Этносихологиялық зерттеулердің әдіснамалық негіздерін ата
№2 дәріс.
Тақырыбы:Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары мен әдістері.
Дәріс мазмұны:
Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарына шолу.
Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі және қосымша әдістері.
Этнопсихологиялық зерттеулердің беріктігі.
Мақсаты: Студенттерге этноспихологияның әдістері, этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары туралы мағлұмат беру
Этнопсихология әлеуметтік психология, тұлға психологиясы, этнология, антропология және т.б. ғылымдардың негізінде пайда болды және дамыды. Этнопсихологиялық зерттеулер жүргізу үшін осы ғылымдардың әдістері қолданылады, соның ішінде жиірек әлеуметтік психология, тұлға психологиясы және этнологияның зерттеу әдістерін қолданады.
Этнопсихология этникалық топтарды зерттеумен айналысады, сондықтан ондағы тұлғаны зерттеу бағынышты мағынада: ол топтарды зерттеуге мүмкіндік береді.
Этнопсихологияда аталған ғылымдардың әдістерін қолдану мақсатында мамандар оларды осы ғылымның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін ескере отырып ұқсастырады. Этникалық топтарды зерттеу үшін бақылау, анкета, эксперимент (жиі), әңгіме, этникалық топтарды және олардың мүшелерінің іс-әрекет нәтижесін талдау әдістері қолданылады.
Этнопсихологияның дамуы үшін тарихи әдісін қолдану қажет, ол әдіс әлеуметтік психологияның аймағында қолданылады.
Бұл әдісті қолдану арқылы П.Сорокин мен Г.Беккер қызықты зерттеулер жүргізген болатын.
Қазіргі заманғы психологтар белгілі бір мәдени контекстте жүргізілген кез-келген психологиялық зерттеу осы мәдениетті жетік белген жағдайда ғана мәні бар екендігін түсінеді. Мұндай бағыттың мысалы ретінде Либериядағы кпелле тайпасының өкілдерінің математикалық ойлауын зерттеуді айтуға болады. Есептеу қабілеті және басқа математикалық іскерліктер мен қабілеттер зерттелінді.
Үлкен пайдалы мәліметті этникалық топтардың тарихы мен мәдениетін психологиялық талдау арқылы алуға болады. Ғылымның танымал өкілдерінің тұлғасын және қызметін талдау және зерттеу өнімді болады, өйткені мұндай адамдар өздерінің халқының оң және теріс нышандарын сіңдіре отырып, ұлттық белгілері ұқсас келеді. Этнопсихологиялық портрет құрастыру елеулі ғылыми және мәдени міндет болып табылады, бірақ көптеген халықтар (соның ішінде армяндар) бұл қатынаста көп артта қалған.
Этнопсихологияда далалық әдіс (бақылау, құжаттар жинақтау және т.б.) қолданылады, сонымен қатар кірістірілген бақылау.
Семантикалық дифференциал әдісі этникалық айырмашылықтарды зерттеуде қолданылады.
Этнопсихология жаңа ғылым болғанымен, онда бірқатар зерттеу бағыттары бар. Американдық және европалық авторлардың зерттеулерін қарастыра отырып, С.И.Королев қазіргі этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарын бөліп көрсетті.
Әлеуметтік бағыт. Бұл бағыт аясында адам қоғамының психикалық деңгейінің қалыптасуының әлеуметтік негіздері зерттелінеді. Бұл адамдардың этникалық қасиеттерінің негізінде пайда болатын топтарға да қатысты.
Экологиялық бағыт. Этнопсихолгияның экологиялық аспектісін зерттейтін ғалымдар этникалық топқа әсер ететін әсердің мәнін, тіршілік ететін ортасын, географиялық жағдайларын, табиғи және климаттық факторларын зерттеуге тырысады.
Бұл мәселемен ерте кезден бастап ойшылдар айналысып келеді. Бұнымен Гельвеций, Монтескье, Гегель, Гумбольт және т.б. секілді тұлғалар қызыға айналысты. Осы бағыттың аясында этнопсихолоргиядағы географиялық детерминизмді қарастыру қажет. Этнология мен этнопсихологиядағы географиялық детерминизмнің негізін салушы Ежелгі Грецияның танымал дәрігері және ғалымы Гиппократ. Ол «О воздухах, нодах и местностях» деген еңбегінде халықтар арасындағы барлық айырмашылықтарды (органикалық, денсаулығы бойынша, психикалық, дәстүрлеріндегі, тарихында және мемлекеттік құрылымында) географиялық ортаның айырмашылықтарымен түсіндірді: елдің орналасқан жері, климаты, ландшафт және т.б.
Биологиялық бағыт. Бұл этникалық топ мүшелерінің физикалық (антропологиялық) типі, темперамент, түйсік пен қабылдау және басқа қасиеттері зерттелінетін этнопсихологиялық зерттеулердің бағыты. Алайда, зерттелінетін қасиеттердің сипатына қарай бұл бағытты психофизикалық және антропологиялық деп атаған дұрыс болар. Бұл бағытта жұмыстанатын ғалымдар сыртқы факторлардың әсерінен көп өзгеріске ұшырамайтын тума, тұқымқуалаған нышандарына үлкен мән береді. Осы қиын бағыттың дамуы этнопсихологияның жаратылыстануғылыми негіздерін ашуға мүмкіндік береді.
№3 дәріс.
Тақырыбы:Этнопсихологиялық ойлаудың қалыптасу және даму тарихы
Дәріс мазмұны:
1. Батыс ойшылдарының этнопсихологиялық идеялары
2. Антикалық ойшылдардың еңбектеріндегі әртүрлі халықтардың өмір сүру ережесі
3. ХІХ ғасырдың ортасындағы Германия халықтарының психологиясы зерттеу (В.Вундт, Лацарус, Штейнталь)
Мақсаты: Ежелгі және орта ғасырлардағы этнопсихологиялық түсініктердің қалыптасуы, француз, неміс, ағылшын ойшылдарының этнопсихологиялық ойлары жөнінде студенттердің білімдерін кеңейту.
Геродоттан бастап ежелгі ғасыр ғұламалары барлық елдердің ұлттарының тұрмыс салттарына, ұлттық ұстанымдарына үлкен назар аударды. Халықтардың ұлттық ерекшеліктері туралы білімдер елдер арасында тиімді жолмен сауда саттық және мәдени қарым – қатынас орнатуға мүмкіндік беріп отырды. Тайпалар мен ұлттардың бет пішіндеріндегі, салт-дәстүрлері мен мәдениеттеріндегі айырмашылықтарды қарастыра отырып ғұламалар сол айырмашылықтардың табиғатын анықтауға тырысты. Гиппократ (б э д 460-370ж ) ұлттардың физиологиялық және психологиялық айырмашылықтарын географиялық орналасу және климаттық жағдайлардың ерекшеліктерімен түсіндірді.
Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңінде Жер шарының тұрғындарының өмір салты мен мінезіндегі айырмашылықтарға үлкен қызығушылық туындағанымен, халықты ғылыми психологиялық бақылаулардың пәні жасаудың алғашқы қадамдары тек ХҮІІІғ. жасалды. Тағы да орта мен климат халықтар арасындағы айырмашылықтардың негізінде жатқан факторлар ретінде қарастырылды. Осылайша, интеллектідегі айырмашылықтарды анықтай келе, оларды климаттың сыртқы (температуралық) жағдайларымен түсіндірді.
Интеллекет ғана зерттелмеді. ХҮІІІғ ағартушылары халық рухы түсінігін енгізді және оның географиялық факторлармен байлынсытылығы мәселесін шешуге тырысты. Француз философтарының ішінде географиялық детерминизмнің айқын өкілі болып Ш.Монтескье (1689-1755) табылады. Ол «көптеген заттар адамдарды басқарады: климат, дін, заңдар, басқару принциптері, өткен өмірдің үлгілері, дәстүр; осының нәтижесінде халықтың жалпы рухы пайда болады» деп түсіндірген болатын. Бірақ көптеген факторлардың ішінен бірінші орынға климатты көрсеткен. Философ, тарихшы Шарль Монтескье қоғамды – ұлттың рухынан көрінетін заңдылығы бар әлеуметтік ағза ретінде қарастырды.
Халық рухы идеясы ХҮІІІғ тархының неміс философиясына енді. Көрнекті өкілдерінің бірі болып И.Г.Гердер (1744-1803) табылады. Ол халық рухын қарастыра отырып, «хылықтық жан», «халықтың жан» және «халық мінезі» түсініктерін бөлмеді. Гердердің көзқарасы бойынша, халық рухын сзімдері, тілі, істері арқылы білуге болады, яғни олардың бүкіл өмірін зерттеу қажет.
Халықтардың мінезі туралы білімнің дамуына өз үлестерін ағылшын философы Д.Юм, ұлы неміс ойшылдары И.Кант, Г.Гегель қосқан болатын. Олар халық рухына әсер ететін факторларға қатысты ойлар айтып қана қоймай, сонымен қатар олардың кейбіреулеріне «психологиялық портреттер» ұсынды.
Гельвеций өзінің «Адам туралы» деген еңбегінде ұлттардың мінез-құлық ерекшеліктерімен оған әсер ететін факторларға үлкен тарау арнаған. Оның пікірінше әрбір халық оның мінез-құлық ерекшелігін анықтайтын өзінше ойлау және сезіну қабілетіне ие. Барлық халықта бұл мінез- құлық өзгеріп, өшіп отыруы мүмкін. Ғұламаның пікірі бойынша мінез-құлық бұл қоршаған ортаны қабылдау әдісі.
Көптеген ғылымдардың, соның ішінде этнография, психология және тіл білімінің дамуы ХІХғ. ортасында дербес ғылым саласы ретінде қалыптасуына әкелді. Бұл Германияда болғаны барлығына белгілі. Жаңа пәннің «негізін қалаушы-аталары» – М.Лацарус (1824-1903) және Г.Штейнталь (1823-1893) – 1859ж «Халықтар психологиясының және тіл білімінің журналын» шығаруға кірісті.
«Халықтар психологиясы туралы ой» атты бірінші номеріндегі мақалада халықтар психологиясын – психологияның құрамына кіретін жаңа ғылымды – дамыту қажеттілігін олар жеке индивидтердің ғана емес, сонымен қатар тұтас қауымдастықтың рухани өмірінің заңдарын зерттеу қажеттілігімен түсіндіреді. Осы қауымдастықтардың ішінде (саяси, әлеуметтік-экономикалық, діни) халықты (яғни, біздің түсінігімізде этникалық қауым) бөліп көрсетеді. Бір халықтың барлық индивидтері «бірдей сезімдері, тілектері, қызығушылықтары» бар, олардың барлығы бір халықтық рухқа ие.
Лацарус пен Штейнталь жаңа ғылымның негізгі міндеттерін бөліп көрсетті: 1) халық рухының психологиялық мәнін тану; 2) өмірде, өнерде және ғылымда халықтың ішкі іс-әрекеті жүзеге асатын заңдарды ашу; 3) белгілі бір халықтың ерекшеліктерінің пайда болу, даму және жойылуының негізгі себептерін анықтау.
В.Вундт (1832-1920) – әлеуметтік-психологиялық білімдердің алғашқы формасы ретінде халықтар психологиясының негізін қалаушы. Вундт алғашқы этнопсихологиялық мақаласын 1886ж басып шығарды, кейін оны кітап етіп өңдеді және ол «Проблемы психологии народов» деген атпен 1912ж оры тіліне аударылып шығарылды. Өмірінің соңғы 20 жылында ғалым толықтай «Психология народов» атты онтомдық еңбегін шығаруға арнады. Вундттың негізгі идеяларымен танысқаннан кейін, ол халықтар психологиясының негізгі әдісі ретінде рухани өмірдің нақты-тарихи өнімдерін талдауды қарастырады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Ежелгі дәуірдегі этнопсихологияның дамуына кімдер өз үлестерін қосты?
2. Гермениядағы этнопсихология ғылымының жаңалықтары қандай?
3. В.Вундттың халықтар психологиясы дегеніміз не?
№4 дәріс.
Тақырыбы: Ресейде этнопсихологияның дамуы.
Дәріс мазмұны:
1. Ресейдегі этнопсихологиялық зерттеулердің өріс алуы.
2. Г.Шпет, Л.С.Выготский этникалық психология туралы.
3. Қазіргі кездегі этнопсихология ғылымының дамуына Л.Н.Гумилевтің қосқан үлесі
Мақсаты: Германияда және Ресейде этнопсихологиялық зерттеулердің өріс алуы, Г.Шпет, Л.С.Выготский этникалық психология туралыкөқарастары, қазіргі кездегі этнопсихология ғылымының дамуына Л.Н.Гумилевтің қосқан үлесі туралы студенттердің білімдерін кеңейту.
Этнопсихология ғылым ретінде Ресейде 19 ғасырда қалыптасты. Ресейде этнопсихологияның дамуын Орыс географиялық қоғамының қызметімен байланыстырады. Оның мүшелері психикалық этнографияны этнографияның бір бөлімі ретінде қарастырды. Н.И.Надеждин (1804-1856) осы терминді ұсына отырып, психикалық этнография адам табиғатының рухани әлемін, ақыл-ой және адамгерщілік қабілеттері, ерік күшін және мінезін және т.б. зерттеу қажет деп есептеді. Ол халықтық психологияның көрінісі ретінде халық ауыз шығармашылығын – аңыз, ән, ертегі, мақал-мәтелдерді- қарастырады.
ХІХғ. 70ж. Ресейде этнопсихологияны психологиялық ғылымға «ендіруге» түрткі жасалды. Бұл идеялар құқықтанушы, тарихшы және философ К.Д.Кавелинге (18/18-1885) тән. Ол 40жылдары Орыс географиялық қоғамының этнографикалық зерттеулерінің бағдарламасын жүзеге асыруға қатынасты. Кавелин халықтың «ақыл-ой және адамгершілік қасиеттерін» субъективті сипаттамаларын жинақтау нәтижесіне көңілі толмай, халық психологиясын олардың рухани іс-әрекетінің өнімдерін – мәдени ескерткіш, дәстүр, фольклор, сенімдері – зерттеудің «объективті» әдісінің мүмкіндіктері туралы ой қозғады. Оның көзқарасы бойынша, психологияның міндеті - әртүрлі халықтардың немесе бір халықтың әртүрлі тарихи даму кезеңдерінде рухани өмірінің құбылыстары мен өнімдерін салыстыру негізінде психикалық өмірінің жалпы заңдылықтарын анықтау.
А.А.Потебня (1835-1891) тілдің психологиялық табиғатын зерттеуге негізделген тілдің өзіндік концепциясын өңдеп шығарды. Ғалымның пікірі бойынша, нақты тіл ақыл-ой жұмысының тәсілдерімен байланысты болады және әртүрлі тәлде сөйлейтін әртүрлі халықтар басқаларынан өзгеше тәсіл арқылы өздерінің ойларын қалыптастырады. Потебня тілді адамдарды «халықтыққа» біріктіретін негізгі фактор ретінде қарастырады.
Н.Г.Чернышевскийдің пікірінше әрбір халықтың өзінің патриотизмі, психологиясы бар және ол нақты істермен көрінеді. Оның этнопсихологияның дамуына қоскан үлесі - ұлттық жән әлеуметтік рухани өмірдің өзара сәйкестігін талдауы. Оның айтуынша ұлттық мінез-құлық ұлттың түрлі сапаларының бірлігі және ол ұрпақтан- ұрпаққа берілмейді , ол тарихи дамудың нәтижесі. Оның пікірінше ұлттық мінез-құлық құрылымына адамдардың тілдерінің алуан түрлілігіне байланысты адамдардың интеллектілік және моральдық ерекшеліктерін қосу керек.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Ежелгі және орта ғасырлардағы этнопсихологиялық түсініктер қандай?
2. Кеңестік республикаларда этнопсихологиялық зерттеулердің өріс алуы қалай жүзеге асты?
3. Қазіргі кездегі этнопсихология ғылымының дамуына Л.Н.Гумилевтің қосқан үлесі
4. Этногенез және этностың биологиялық-географилық концепциясы қандай?
№5- дәріс.
Тақырып: Қазақстандағы этнопсихологиялық ой-пікірдің дамуы.
Дәріс мазмұны:
1. Қазақстандағы этнопсихологиялық ой-пікірдің дамуы.
2. Қазақстанның ұлы ағартушыларының этнопсихолгиялық ой пікірлері.
3. Қазақстанда этнопсихология саласының дамуы, қалыптасу жолдары.
Мақсаты: Қазақстандағы этнопсихологиялық ой-пікірдің дамуы жөнінде студенттердің білімдерін кеңейту, Қазақстанның ұлы ағартушыларының этнопсихолгиялық ой пікірлерін талқылау, Қазақстанда этнопсихология саласының дамуы, қалыптасу жолдары жөнінде түсіндіру.
Халық педагогикасы көтерген тәліми мәселелердің адамның жан дүниесіне орайластыра баяндайтын қолданбалы мәні зор психология ғылымының бір саласы халықтық психология деп аталады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып жүйеге түскен ұлттық дәстүрге, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек дене т.б. таптаурында болған нормалар мен принциптер, яғни халықтың жан дүниесі, өзіндік мінез-құлық, іс-әрекеттің ішкі астарлары сөз болады. Ұлттық дәстүрмен салт-сана адам психологиясынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғұмыр кешкен ғұламалар ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық психология - адамдарың қоғамдық және жеке тәжірибесінен өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл адам мінез-құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностық өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнопсихология шұғылданады. Этнопсихология қарастыратын психологиялық жайттар фольклор, ауыз әдебиетінде өлшеусіз мол. Мәселен қазақ халқының аңыз-әңгімелерінде батырлық эпос жырларында, ертектері мен айтыс өнерінің сан алуан түрлерінде адамның жан жүйесінің небір түрлері әр қырынан көрініп жатады. Психологиялық мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының ішінде мақал-мәтелдер аса қызғылықты зерттеу объектісі болып табылады.
Ежелгі ескі заманнан бастап кешегі кеңестік кезең келмеске кеткенге дейінгі ұланғайыр мерзім-мезгілдер аралығында ұлы дала төсінде небір кемел ойлы кеменгерлер ғұмыр сүріп , көшпенділнр өркениетіне өлшеусіз үлес қосқанын бүгінде ешкім де бекерге шығара алмайды. Үш мыңжылдық дәуір дәурен сырларын қойнауына бүгіп жатқан бұл ХҮ- ХІХ ғасырларда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шалкиіз. Оның шығармашылығы қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтар арасына кең тараған. Шалкиіз ел билеу істеріне ертеден араласады . Ноғайлы жұрттың әміршісі Темірдің беделді билерінің бірі болады. Шалкиіздің өлең жырларының мазмұнына қарағанда жырау бірден әскери жорықтарға қатынасып, әміршінің нөкерлерімен бірге Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын аралағанға ұқсайды. Шалкиіз ер жігіттің ерлікпен аты шығатынын, нағыз батыр туған ердің қиындық біткенге шыдап бағып, халық қамын жеуге, ел үшін белін буып , күреске шығуға керектігін айтады.
Қазақтың ұлы ғалымы ағартушы- демократ Ш.Ш Уалиханов отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Өз экспедициялаында ол қыруар матеиалдар - өзі болған аймақтардың тарихы, қазіргі қалпы, ескі қалалардың орны. Шың- тастардағы жазу белгілері , көне ескерткіштер , аңыз-әңгімелер, ертегілер мен өлеңдер жинады. Жинаған материалдарын Омбыда қорыту негізінде ол қазақтардың тарихи ежелгі мекендері, рулық қарым-қатынастар, этнографиясы, әдебиеті туралы еңбектер жазды. 1856 ж Шоқан полковник ММ Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысады.Қырғыз елін жете зерттеуге , Ыстық көл аймағының картасын түсіруге тиіс болған бұл экспедицияға қатынасу Шоқанның ғылыми жұмысын ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік берді.Оның «Ыстықкөл сапарлары», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты құнды еңбектер жазды. Ш Уалиханов Қашқарияның экономикалық- саяси тарихын, этнографиясын рухани өмірін зерттеген ғалым, ақындарен кездесіп мағлұматтра жинаған, шығыс қолжазбаларын қолға түсіріп, нуклиматикалық және тау жыныстарының коллекциясын, гербарий жинаған. Ш Ш Уалихановтың «Алты шаһардың яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаланың жайы» атты еңбегі халықтың тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналып жазылған ғылымның биік деңгейіндегі тұңғыш зерттеу жұмысы болды. Шоқан өз халқының тарихын ерте танылған елдермен сабақтастыра сипаттайды: Біздің халықтың бай және поэзиялық құны жоғары , реалисттік әдебиеті бар. Ол шығыстың эпосына емес индогерманиялық эпосқа ұқсайды- деп түйіндей келе , ол қазақтың рухани байлығын цивилизациясы аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды. Енді бір еңбегінде ол былай деп жазады.Түрік тілдес халықтардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алады.
Ш.Құдайбердиевтің педагогикалақ психологиялық пікірлері әр кезде жол жөнекей сөз еткен адамың жан сыры, психология туралы айтқандарымен орайласып жатады. Мәселен ақынның психологияға қатысты «Үш анық», «Мұсылмандық шарттары», «Қазақ айнасы» атты шығармалары бар. Күш қуаты, өнер білімі шамалас елдер өзара бақталасса барлық жаратылыс байлығын әскер ұстауға, қару сыйлауға ғана жұмсаса, устемдікке ұмтылса үсақ халықтардың, әлсіз жұрттарының көрер күні тіпті қараң. Дүлей күші әлсіз аңша құруға момынды құлдануға қызмет етеді. Ақын биіктен барлап тереңнен толғайды. Жауыз халық жоқ., жат нәсіл жоқ.. Бар кілтипан -теріс пиғыл, жемқор қиянатшылдықта жатыр. Адамда ынсап та мейірім мен шапағат та мол. Алайда мылтық билеп тұрған әділет жоқ.. Адамзат оң жолға - бауырластыққа, кісілік жолына түсуі үшін ар түзейтін ғылым керек. Сонда ғана зұлымдыққа тоқтау салынбақ. Шығыс поэзиясын, оның ішінде әсірісе Хожа Хафиздың сырлы жырын бойына сіңіру, бұдан соңғы жерде орыс әдебиетін етене тану, орыс тілі арқылы бүкіл батыс сөз өнеріне қол созу ақын талантына өзгеше қуат берді.
Абайдың дуниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын бір-бірімен өзара байланысты, үнемі өзгеріс дамуда болатын, адамды қоршаған ортаның табиғатының ішкі сырын білім ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады. Ол қазақ халқының саяси-экономикалық және мәдени қатынасынан, рулық талас-тартыстары етек алған көшпелі тұрмысынан туындап отырған бытыранқылығының салдары екендігін жақсы білді. Күнде ұрлық, күнде төбелеспен күн кешкен алты бақан алауыз елінің «жақсыларына» налыған Абай малыңды жауға, басыңды дауға салып өміріңді қор қылмай татулас бірлесіп ел боп егіннің ебін, сауданың тегін үйрен, жан аямай кәсіп қыл деп өсиет айтты. Абай оқудағы мақсат халыққа халыққа адал қызмет ету деп ұқты. Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да оның көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты ғылыми мәні зор ерекше көңіл аударарлық түрлі ой -пікірлер көптеп кездеседі. Ақын творчествасында психологияның негізгі мәселесі жан мен тәннің ара қатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мн қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де ұлттық мінез-құлық т.б. көрініс тапқан. Ақын туған халқының әлеуметтік жағдайы мен оның әртүрлі топтарының мінез-құлықтарына да ерекше зейін қояды. Ол өз жұртының мінез-құлығын, көңіл-күйін, іс-әрекетерін, күйінші-сүйінішісін, талап талғамын салт-санасын жақсы біледі.. Ол көшпелі халықтың өмірінің ұсақ түйектерінеи дейін тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпының өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, бұл жолда қазақтың рухани мәдеиетіне қатысты деректерді жан-жақты пайдаланады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Қазақстандағы этнопсихологиялық ой-пікірдің дамуы қалай жүзеге асты?
Достарыңызбен бөлісу: |