Барлығы – 90 сағат


Қазақстанның ұлы ағартушыларының этнопсихолгиялық ой пікірлері. 3



бет7/11
Дата11.01.2017
өлшемі1,31 Mb.
#7254
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2. Қазақстанның ұлы ағартушыларының этнопсихолгиялық ой пікірлері.

3. Қазақстанда этнопсихология саласының дамуы, қалыптасу жолдары қандай?

4. ХҮІІІ ғ. қазақ билерінің (Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би) этнопсихологиялық көзқарастары қандай?

5. Ш Уалихановтың психологиялық көзқарастары қандай?

6. Ш.Құдайбердиевтің психологиялық көзқарастарының қоғамдағы тәрбиелік мәні қандай?

7.Абай Құнанбаевтың психологиялық мұралары қандай?

6 дәріс.



Тақырып: Қазіргі заманғы шетелдік этноспихологияның негізгі бағыттары

Дәріс мазмұны:

  1. «Мәдениет және тұлға» теориясы. Мәдениет конфигурациясы

  2. Базалық және модальды тұлға.

  3. Психологиялық антропологияның пәні және міндеттері

Мақсаты: Студенттерге тұлға және мәдениет ұғымдарының этнопсихологияда қалай қарастырылатындығы жөнінде түсіндіру, ұлттық мінез-құлық сипат жөнінде білімдерін кеңейту.

1. АҚШ-ғы этнопсихологияның бастауында Ф.Боас (1858-1942) орналасқан, Ол В.Вундттың идеяларын Америка жеріне ауыстырды. Колумбия университетінде Боаста көптеген танымал америвандық этнологтар оқыды, бірақ оның шәкірттерінің еңбектерінде Вундттың идеяларынан тек адамның ішкі әлемі мен мәдениет арасындағы байланысты анықтауға деген ұмтылыс қана қалды. Алайда олар өздерінің зерттеулерінде психологиялық концепцияны қолданудан бас тартпады және олар З.Фрейдтің классикалық психоанализіне, кейін К.Юнг, Э.Фромм, К.Хорни, А.Маслоудың идеяларына ерекше назар аударды. Нәтижесінде мәдени антропология мен психология арасындағы кеңістікті толтырған «Мәдениет және тұлға» теориясы пайда болды.

«Мәдениет және тұлға» теориясының негізгі ерекшеліктерін осылайша анықтайтын С.А.Токаревпен келісуге болады: а) индивидуалды психологияға оралу; б) «тұлға» түсінігін тұтастың құрылымын анықтайтын алғашқы бірлік ретінде өңдеу; в) тұлғаның қалыптасу үрдісіне ерекше қызығушылық; г) жыныстық сфераға ерекше назар.

«Мәдениет және тұлға» теориясын өңдеу бастамасы ХХғ. 20 жылдарының аяғы мен 30 жылдардың басына сәйкес келеді. 1932ж. Ф.Боастың шәкірті Р.Бенедикттің (1887-1948) «Конфигурация культур» атты танымал мақаласы шықты. Мұнда ол мәдениеттер арасындағы фундаменталды айырмашылықтары туралы жаңа идеяны ұсынды.

Мәдениеттер типологиясын құруда Бенедикт Ф.Ницшенің аполлондық және дионистік мәдениет типтері туралы идеяларын пайдаланды. Пуэбло үндістерін длалық зерттеу нәтижесінде оларды аполлондық типке – логикалық, біржақты-интеллктуалды - жатқызуға мүмкіндік берді. Мұндай мәдениеттің өкілдерін сипаттайтын негізгі бағдары ретінде шиеліністен қашуды жатқызады. Пуэбло бәрінен де артық сабырлылық пен теңдестікті бағалайды, олардың өмірінің барлық жақтары ритуалданған, ал идеалы – «орташа жолға» берілгендік және ашу немесе қызғаныш секілді қатты эмоциялардан бас тарту. Олар тұлғааралық қарым-қатынасты бұзатын жеке қайсарлықтың көріністері мен күш көрсетуден бас тартуға тырысады. Сондықтан, балаларда тәуелсіздік пен өзінөзі тұжырымдау емес, ең алдымен қоғам алдында жауапкершілік және бірлестікке ұмтылысты тәрбиелейді.

Пуэблоның көршілері прерия және мексика үндістерінің мәдениетін Бенедикт құтырғандық пен экстазды көрсететін дионистік мәдениет ретінде суреттеді. Олар адамдарға қалыптасқан жағдайды бұзуға мүмкіндік беретін кез-келген тәсілдерді жоғары бағалайды, мысалы, ішімдік немесе есірткіден туындайтын транс арқылы, немесе жалғыздықтан, өзін-өзі қорлаудан туындаған өзін-өзі экзальтациялау арқылы. Бұл мәдениетте жоғары беделге өзі қатал, күресте қиындықты жек көретін, қуаныш пен қайғыда ұстамсыз болатын адамдар ие.

Зерттеуші сонымен қатар басқа да мәдениеттің конфигурацияларын суреттеді. Мысалы, Меланезиядағы доби мәдениетін параноидалды деп атады, өйткені бұл тайпаның мүшелері әрдайым дау-жанжал мен күдікте тіршілік етеді.

Өзінің ерте еңбектерінде Бенедикт мәдениет пен тұлғаны теңестіреді және мәдениет бұл қоғам тұлғасы деп тұжырымдайды.

Кейін американдық зерттеуші индивидуалды психологияның басымдығынан бас тартады, индивид, мәдениет және қоғам бір-бірімен өте тығыз байланысты және бір-біріне әсер етеді деп көрсетеді. Ол психологиялық, әлеуметтік және мәдениді айыра алмайды және сол үшін «Мәдениет және тұлға» теориясын ұстанушылар тарапынан сынға ұшырайды. Сонымен қатар, пуэбло үндістері мен прерий үндістеріндегідей бағдарлы доминанта байқалмайтын мәдениеттерді зерттеген ғалымдар Бенедикттің концепциясын қолдануда үлкен қиындықтарға ұшырады. Теорияның кейінгі дамуы мәдениет типологиясын құрумен байланысты болмады, ол мәдениет пен тұлғаның өзара әсері қалайша жүзеге асатынын анықтау жолымен дамыды.

2. Тұлға мен мәдениет арасындағы өзара байланысты ашумен психологиялық антропология айналысқан болатын. Олар «Мәдениет және тұлға» ғылыми мектебіне жатады. М.Мид және олардың әріптестерінің, психоаналитик А.Кардинер мен анропологтар Р.Линтон мен К.Дюбуаның зерттеулері «базалық тұлға» және «модальды тұлға» деген ұғымдардың пайда болуына әкелген мәдениет пен тұлғаның өзара байланысын зерттеудің жаңа жолдарын іздестіруге түрткі болады.

Берілген бағыт бойынша, әрбір халықтың тұлғаның өзіндік базалық құрылымы болады және бұл әлеуметтану арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі әрі бұл белгілі мөлшерде сол халықтың тағдырын анықтайды. Осы бағыттың өкілдері санаастында пайда болған және әлеуметтенудің алғашқы кезеңінде қиындықтардан туындаған тұлғаішілік дау-жанжалдарға ерекше қызығушылық танытты. Бұл ең алдымен, әлеуметтенудің екінші кезеңінен өтудегі қиындықтар туғызады және психологиялық қорғаныс механизмдерін, негізінен проекция механизмін қалыптастырады.

Кардинер базалық тұлға түсінігін енгізе отырып, оны осы мәдениетті құратын негізгі тұлғалық құрылым ретінде анықтайды. Оның анықтауы бойынша, базалық тұлға – бұл «..талдау техникасы, қауіпсіздік жүйесі (яғни, өмір стилі және бұл арқылы адам қорғаныс, сыйластық, қолдауға ие болады), сәйкестілікті ынталандыратын сезімдер және жоғарыға деген қатынас».

Полинезия және Шеткі Солтүстіктің абориген халықтарының арасында жүргізілген көптеген эмпирикалық зерттеулер алынған мәліметтердің психоаналитикалық интерпретациясын құрады. Осылай, А.Кардинер зуни халқының мәдениетін талдай келе, мынадай қорытынды жасады. Бұл тайпаның бейбітшілік мінезі жергілікті қоғамның әлеуметтік құрылымында қалыптасқан күшті ұят сезіміне негізделген. Бұл ұят сезімі өте қатаң отбасы тәрбиесінің нәтижесі болып табылады, яғни бұл баланың ата-анасының көңіл-күйіне түгелдей тәуелді бола отырып, кішкене әрекеттері үшін жазаланған кезде. Балада есейе келе жаза алдындағы қорқыныш социумда өзінің жеке сәтсіздіктері алдындағы қорқынышқа ауысады және бұл өзінің әлеуметтік қабылданбайтын әрекеттері үшін болатын ұят сезімімен бірге жүреді. Осы уақытқа дейін ганнибалдылықты сақтап келген тайпалардың мәдениеті А.Кардинерде Эдип-комплекс әрекеті тұрғысынан талданады.

Кейіннен «тұлғаның базалық құрылымы» термині «модальдық тұлға» деген эмпирикалық ұғымымен толықтырылады. Бұл бағыт индивидуалды мәліметтерді және болжамдардың, яғни зерттеудің ең негізгі мәнді объектісі – бұл осы мәденитте көп кездесетін тұлға типі деген болжамды жүйелі жинақтауға негізделген. «Модальдық тұлға» мәдениет пен тұлға арасындағы қатынасты түсіндіру үшін «тұлғаның базалық құрылымы» алдында екі үлкен артықшылығы бар:



  1. қоғамның барлық немесе көпшілік мүшелері бір тұлғалық құрылымға ие болмайды.

  2. «модальдық тұлғаны» зерттеуде алынған бақылаулар, биграфиялық мәліметтер және тест нәтиіжелері тәуелсіз түрде жинақталады және көбіне жарияланады және бұл статистикалық талдау мен нәтижелердің дұрыстығын жоғары көтереді.

Бұл бағытта негізінен роективті тестілер қолданылады: Роршах тестісі, аяқталмаған сөйлем әдістемесі, тематикалық апперцепция тестісі (ТАТ). Бір автордың айтуы бойынша, 1940ж. Аяғынан 50-ж. Басына дейін Роршах тестісі психологиялық антрпологияның қызықты «ермегі» болды. Олар бұл жазу білмейтін халықтармен жұмыста ерекше тиімді болады деп сенді. Бірақ, бұл үйлеспеді, өйткені оның нәтижелерінің классикалық интерпретациясы европалық және америкалық психикалық аурулар үшін өзгермелі болуы мүмкін еді. Бұл мысалы, үндістерді зерттеуде алынған мәліметтерді талдағанда қиындық туғызады. Көбіне, Г.Мюррейдің тесті жиі қолданылды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. «Мәдениет және тұлға» теориясының негізгі ерекшеліктері қандай?

  2. Базалық және модальды тұлға дегеніміз не?.

  3. Психологиялық антропологияның пәні және міндеттері қандай?

7 дәріс.



Тақырып:Шетелдік этнопсихологияның қазіргі жағдайы.

Дәріс мазмұны:

1. Қазіргі кездегі шетелдік этнопсихологиялық ойлар.

2. Ф.Бок және оның «Психологиялық антропологиядағы негізігі мектептер мен тәсілдердегі» класификациясы.

3. АҚШ-тағы этнопсихологиялық жаңа орталықтардың пайда болуы.

Мақсаты: Студенттерге шетелдегі этнопсихологиялық мектептер, психологиялық антропология туралы мәлімет беру.

1954ж. Америка зерттеушісі Дж.Хонигман кеңінен танымал болған «Мәдениет және тұлға» мектебі туралы тұтас ой қалыптастыруға тырысты. Бұл мектептің зерттеушілерінің негізгі міндетін берілген мәдени орта жағдайында индивидтің қалайша іс-әрекет жасайтыны, ойлайтыны, сезінетінін анықтаудан көреді. «Мәдениет және тұлға» мектебінің мәдениантропологтары мәдениеттегі индивидтің тағдырын қарастыра отырып, оның әлеуметтік стандартты мінез-құлық үлгілерін – мінез-құлық стериетиптерін меңгеруін зерттеді.

«Мәдениет және тұлға» ғылыми бағыты аясында қолданылған негізгі зерттеу әдісі болып ұзақ интенсивті бақылау табылады. Этнолог бірнеше жылдарға созылған далалық зерттеу жүргізуі мүмкін.

Зерттеушінің жұмысын кірістірілген бақылау деп атауға болады, өйткені ол тайпаның өміріне араласты және тіпті оның мүшесі ретінде жеткілікті жоғары орынға ие болады.

Кірістірілген бақылаудан басқа басқа да психологиялық әдістер қолданылды: терең интервью, түс талдау, биография жазу. Тұлғаны зерттеудің проективті әдістемелері де қолданылды.

«Мәдениет және тұлға» мектебінің аясында әлемге танымал зерттеушілер жұмыстанды - Р. Бенедикт, К. Дюбуа, А. Инкелес, Р. Линтон, М. Мид, бірақ 50-жылдардың басында ол америкалық ғылымда жетекші орыннан айырылды. Қазіргі кездері психологиялық аспектісі бар мәдениантропологиялық зерттеулер психологиялық антропология атауына бірікті.

Ұлты қытай америка зерттеушісі Ф. Хсю (Сюй Лангуан) этнопсихологияның этнологиялық саласын психологиялық антропологияға атауға ұсыныс жасады. Оның редакциясымен осындай атаумен 1961ж. жинақ шығарылды. Бұл терминді «Мәдениет және тұлғаға» қарағанда көбірек логикалық деп есептеді. Біруақытта ол психологиялық антропологияның алдаңғысынан айырмашылығын анықтауға тырысты: мәдениет ішіндегі айырмашылықтарды және мәдениетаралық байланыстардың салдарларын ескеру.

Хсюдің есептеуі бойынша, адамдардың әлеуметтік ой-елестері белгілі бір мәдениеттің мүшерілерінің көпшілігімен сәйкес келеді. Бұл мәдениеттегі кеңінен таралған ой-елестер саналы және бейсаналы формада болады және адамдардың іс-әрекетімен басқарылады.

Психологиялық антропологияның жалпы концепциясы «Мәдениет және тұлға» теориясынан көп ерекшеленбейді.

Қазіргі заманда этнологиялық ғылымдарда этнос, оның табиғаты мен құрылымы жөнінде біркелкі түсінік жоқ. Бромлейдің айтуынша этнос дегеніміз – белгілі бір аймақта тұрақты мекені бар, тарихи қалыптасқан жплпы тұрақты тіл ерекшелігі бар адамдар жиыны. Этностың табиғатын түсіндіруде басқа да бағыттар бар. А.Н.Гумилев этносты ең алдымен табиғи құбылыс деп қарастырды. Оның түсіндіруі бойынша этнос дегеніміз- кез-келген ұжым өзіне ұқсас ұжымға қарсы қоя алатын өзіндік ерекше ішкі құрылымымен айқын мінез- құлық стереотипі бар адамдар жинағы. Ғалымның пікірі бойынша этникалық мінез-құлық стереотипі ұрпақтан- ұрпаққа берілмейді, адам баласы оны мәдени әлеуметтену процессінде меңгереді және ол тұрақты, адамның өмірі бойы өзгермейтін болып табылады. Келесі бағыт өкілдерінің түсіндіруінше этнос дегеніміз - кеңістікте шектелген ерекше мәдени ақпараттың жиынтығы, ал этнос арасындағы қарым-қатынас сондай ақпаратпен аламасу ( С.А.Арутенов, Н.Н.Чебоксаров). Мұндай тұжырымдамада этносты адамдардың шынайы тобы деп түсіндіруден басқа деңгейге ақпараттық-когнитивтік өтіп отыр. Мұнда этносты анықтайтын ең басты белгі ерекше мәдени ақпаратты тасымалдаушы адамдар емес, ақпараттың өзі, мазмұны, өзіндік ерекшелігі. Этникалық өзіндік сана – тұлғаның өзінің белгілі бір этникалық қауымдастыққа жататынын ұғынуы. Этникалық сана сезім - этникалық қауымдастық мүшелерінің әлеуметтік–психологиялық ұстанымдары мен стереотиптерін қоса, өзі және басқа этнос жөніндегі түсініктерінің бірлігін бейнелейді. Мұндай түсінікте этникалық өзіндік сана – тұлғаның белгілі этникалық қауымдастықтың өкілі ретіндегі өзі туралы түсінігі мен қабылдауын бейнелейтін этникалық сананың бөлігі.

Этнос дегеніміз - шынайы өмір сүретін топтың пайда болуы, қызмет етуі, бір- бірімен әрекет етуі және өмірден кетуі. Осы концепцияға сай, алғашқы этностар бастапқы түбірін адами сипаттан және алғашқы қауымдық құрылыспен бірге дүниеге келді. М. Н. Гумелев (1912- 1992 ) этносты географиялық, табиғи, әлеуметтік деп қарастырды. Өзіндік ерекшелігі бар зерттеуші үшін этнос кез- келген ұжым өзіне ұқсас қауымға қарсы қоя алатын өзіндік ерекше ішкі құрылымы мен айқын мінез- құлық стереотипі бар адамдар жиыны. Басқаша этностың негізгі белгілеріне мынадай психологиялық сипаттар жатады: өзін- өзі тану, ұқсастық және мінез- құлық стереотипі, топтар арасындағы және индивидтер арасындағы қарым- қатынас. Балада мінез-құлық стереотиптері алғашқы өмір жолында қалыптасады. Ал этностық қажет ету туғаннан пайда болмайды, әлеуметтену процесінде қалыптасады. Этнопсихологияның зерттеушілерінің бірі Ю. В. Бромлей 19 - 1990 этносқа былайша анықтама берді- ол белгілі бір аймақта тұрақты мекені бар, тарихи қалыптасқан, тұрақты тілі, мәдениеті мен психикасы және өзіндік ерекшелігін түсіне алатын адамдар жиыны. Бромлей этнос деген түсінікті кең мағынада «этнос» әлеуметтік ағза деп, оған мысал ретінде экономикалық және саяси ортақтығы бар халықты жатқызады. Қазіргі этнологтарда тарихи даму процесі негізінде қалыптасқан ілеуметтік топтар, олардың бір- бірімен оъективті мінездері, тілі, діні, дәстүрі байланыстырылады. Психолог үшін маңыздысы этникалық қажеттілікті қандай сипат негізінде ұғынылуы. Әрбір этнос өкілдеріне өзара келісілген этно дефференцияланған өзге этностардан ерекшеленіп тұратын белгілері бар: тілі, құндылығы, моральдық нормалар, тарихи естелігі, туған жері, өзінің кейпі туралы түсініктері, халықтың мінез- құлқы, халықтың және кәсіби өнері жатады.

Эгоцентризм - дарашылдық пен менменсудің шеткі формасы.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Этнос түсінігіне анықтамалар бер.

2. Л.Н Гумилев. Н.А Арутенов. М.Н Чебоксаров анықтамаларын талқыла



3. Этникалық өзіндік сана,этникалық ұқсастық. Г Тэджфелдің этникалық ұқсастық тұжырымдамасы қандай?

4. Этноцентризм дегеніміз не?
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
8дәріс.

Тақырып: Тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері.

Дәріс мазмұны:

  1. Тұлға және тұлғалық сипат. Тұлғалық белгілер және оның мәдениетпен байланысы.

  2. Ұлттық мінез бен менталитет.

  3. Норма мен патологияның этнопихологиялық мәселелері.

Мақсаты: Тұлға, тұлғалық сипаты және оның мәдениетпен байланысы, ұлттық мінез бен менталитет туралы мағлұмат қалыптастыру.

Тұлға (личность) – 1) дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам болымысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік күйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетіне ашылады; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным – орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі).

Әрбір халықта тұлғалық сипаттар түрлері ретіндегі жетістікке қол жеткізу, үрейленушілікті салыстыру ерекшеліктері болып табылады. Сонымен қатар, әрбір халықтың тұлғалық сипатын зерттеу кезінде бақылау локусына көп көңіл бөлген. Бақылау локусы дегеніміз адамның өзіндік әрекетінің нәтижесін сыртқы күштерден (экстерналды немесе сыртқы бақылау локусы) немесе өзіндік қабілеттері мен күштерінен (интерналды немесе ішкі бақылау локусы) деп есептеуі. Бұл терминді Д.Роттер енгізді және ол адамның әлеуметтану процесіндегі тұрақты сапа болатынын анықтады. Бақылау локусын зерттеу кезінде этнопсихологтарда мынадай сұрақ туындады: әр халықтың сыртқы және ішкі бақылау локусы несімен ерекшеленеді? Эмпирикалық зерттеулер нәтижесінде мынадай жағдай анықталды: бақылау локусына сол елдің экономикалық жағдайы әсер етеді. Дамыған елдерде адамдар интерналды жоғары деңгейде дамыған болып келеді. Яғни, нашар дамыған елдерде адамдар өз өмірінің барысына аз әсер ете алады. Бақылау локусына экономикалық жағдай ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік қатынас пен салт-дәстүрлер әсер етеді. Мысалы, Жапония дамыған ел болғанымен, олардың бақылау локусының төмен деңгейіне екі себеп әсер етеді: фатальды өмірілік көзқарас және дәстүрге бағыну. Мексика елінің психологтары жоғарыда айтылған қасиеттерге қоса, тағы бір ерекшелікті анықтады. Ол ішкі аффективті және коммуникативті қабілеті арқылы басқара алуы. Мысалы, мексикалық балалар жақсы бағаларын мұғалімге деген сыйластық пен құрметпен түсіндіруге тырысады. Бұл сапа ересектерде де байқалады. Яғни, өзгеге әсер ету арқылы адам өз өмірін бақылай, басқара алады.

Ұлттық мiнез – белгiлi ұлттық тарихи, экономикалық, мәдени, тұрмыстық, табиғи ерекшелiктерiне негiзделген нақты категория.

Менталитет /ұлттық менталитет/ - менталитет ағыл.”mentality”-ақыл-ой-қабiлетi, ақыл-ой дамуы, психика; халықтың интелектуалдық, ақыл-ой, психологиялық қабiлетiнен шығатын, олардың өмірiнiң тарихи, геосаяси, климаттық, этнографиялық, этникалық және тұрмыстық жағдайымен берiлген, ерекше тән белгiлердiң жыйынтығы.

Сонымен қатар, Мексикада әмбебап ер (физикалық және әлеуметтік ортаны өзгертуге немесе тікелей манипуляцияға бағытталған инструменталды және әрекеттік) және әйелге (коммуникацияға және өзараәрекетке назар аударыла экспрессивті және аффективті) тән қарастырылатын нышандарды өлшеуге қадам жасалды.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Тұлға және тұлғалық сипат дегеніміз не?

2.Ұлттық мінез бен менталитет деген не?

3.Норма мен патологияның этнопихологиялық мәселелері

9 дәріс.

Тақырып: Мәдениаралық ерекшеліктердің психологиясы.


  1. Әлеуметтік психологиядағы салыстырмалы-мәдени тәсілдер

  2. Коммуникацияның мәдени контекстке тәуелділігі

  3. Экспрессивті мінез-құлық пен мәдениет

Мақсаты: Мәдениаралық ерекшеліктердің психологиясын талдау.

Мәдениет – халық дамуындағы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын ұлттық құндылықтар жиынтығы. Әр ұлттың ана тілінде оның бүкіл өмірі, тарихы, тыныс-тіршілігі, жан дүниесі, яғни, мәдениеті көрініс табады. Тіл мен мәдениет-қоғам дамуының әлеуметтік азығы. Тілдің әлеуметтік маңызы тіл мен мәдениетті, тіл мен қоғамды бірге алып қарағанда ғана ашылады. Адамның жан дүниесі мен болмысының, мәдениетінің қалыптасуына үлкен үлес қосатын халықтың баға жетпес байлығы – оның тілі. Тіл – мәдениеттің көзі, ұлт өмірінің айнасы. Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, себебі ол мәдениеттің бір көрінісі. Ал, кез келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, тілдің кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі.

Сонымен, тіл – халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі, қадір тұтатын заттары мен құндылықтар дүниесінің, қоршаған ортаның т.б. өмір сүру үлгілерінен хабардар ететін құрал. Мәдениет – адамның тілде көрініс табатын бүкіл рухани өмірі, тәжірибесі.

Соңғы кездері, «қарым-қатынас» терминімен қатар, «коммуникация» термині кең тарап жүргенін айта кеткен жөн. Алғаш рет «коммуникация» термині (лат. communication, communicare – ортақтастыру, жеткізу, әңгімелесу) ХХ ғасырдың басында ғылыми әдебиеттерде пайда болып, екі негізгі жалпы теориялық құрылым ретінде шетел зерттеушілері арқылы қарастырылды: 1) бихевиоризм (коммуникацияның негізі жүйе ретінде тіл емес, тікелей кез-келген адамды тәрбиелеуге болатын сөйлеу сигналдары (дыбыстары); бұл әдістің өкілі Д.Уотсон); 2) тұлға ішкі метафизикалық қабілеті арқылы өз бойында басқа біреудің сезімдерін ашу болып табылатын коммуникация символикалық интеракционализм (персонализм-дербестік) (Дж.Г.Мид).

Қазақстандық зерттеушілердің кейбіреулері, біздің пайымдауымызша, жоғарыда көрсетілген коммуникацияның екі әдісімен сәйкес келетін, тілдік коммуникация мен техникалық коммуникацияны бөліп айтады. Техникалық коммуникация – ақпараттарды қабылдауға және жіберіп отыратуға мүмкіндік туғызатын құралдардың жиынтығы. Бұл коммуникацияның компоненттері: 1) хабарлама жібергіш; 2) хабарлама жеткізгіш; 3) байланыс арнасы; 4) қабылдауыш; 5) хабарлама алушы. Тілдік коммуникацияға хабар жіберушіні, хабар алушыны, олардың әңгімелесу барысы және тілдің бөлігі ретінде хабарламаны енгізуге болады.

Триандис моделі бойынша мәдениет қарым-қатынс процессіне тікелей емес жанама қарым-қатынас жағдайы факторлары арқылы әсер етеді. Олар құндылықтар, нормалар, рольдер, когнитивті және аффектифті процесстер. Нормалар - мәдениет өкілдерінің ұстанатын мінез-құлық принциптері. Норма-мәдениет өкілдерінің ұстанатын мінез- құлықтарына деген ұжымдық баға, мінез- құлықты ұжымдық талдауды, сол мінез- құлық ұстанымдарына деген жеке реакциаларды соның ішінде белгілі мінез- құлықты шектеу салып тастауды біріктіреді. Зерттеушілер 2 норма түрлерін ажыратады.

1. Құқықтық нормалары.

2. Әділдік нормалары.

Вербальды түрде әлеуметтену процессінде өзара әрекет ету ережелері мен нормалар меңгеріледі. Қазіргі кезде вербальды коммуникация стилдерінің 4 өлшемі бөлінген.

1. Тіке және жанама стиль.

2.Жасанды және қысқа стиль.

3. Тұлғалық және жағдаяттық стиль.

4. Құралдық және аффективті стиль.

Мәдениет және вербальды емес қарым –қатынас. Вербальды емес қарым-қатынастың 5 негізгі қызметі бар.

1. Тұлғааралық қарым-қатынасты көрсету.

2. Сезім және эмоциаларды көрсету.

3. Вербальды қарым-қатынас процессін басқару.

4. Ритуалдармен алмасу.

5. Өзін-өзі көрсетуді реттеп отыру.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Г.Триандис моделі қандай?

2. Мәдениет және вербальды қарым-қатынастың бір-біріне әсері қандай?

3. Мәдениет және вербальды емес қарым-қатынастың бір-біріне әсері?
10 дәріс.

Тақырып: Этносаралық қарым қатынастың психологиясы


  1. Топаралық және тұлғааралық қарым-қатынастар

  2. Этносаралық қарым-қатынастардың психологиялық детерминанттары

  3. Әлеуметтік және этностық ұқсастық

Мақсаты:Этносаралық қарым қатынастың психологиясын талқылау

Әлеуметтік шиеленістердің мәнін ашып көрсету үшін олардың басты себептерін білу керек. Әрине, қоғамда орын алатын шиеленістердің өзіндік ерекшеліктері бар, олардың әрқайсысы басқа шиеленістерге ұқсамауы  мүмкін. Алайда шиеленістерге тән жалпылама себептер барлық қоғамдарда орын алады. Бұл мәселеге байланысты ғылыми әдебиеттерде бірқатар тұжырымдамалар да бар. Мәселен, маркстік тұжырымдама бойынша қоғамдағы таптар арасындағы әлеуметтік, таптық күрестің себебін еңбек пен капиталдың арасындағы қайшылықтан іздеу керек. Яғни, еңбектің қоғамдық сипаты мен оның нәтижесін иемденудегі жеке меншіктік сипаты арасындағы бітіспейтін қайшылық әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Маркстік теория түолі сипаттағы қоғамдық қайшылықтарды экономикалық себептермен түсіндіреді.

Неміс әлеуметтанушысы Р. Дарендорфтың ойынша, әлеуметтік шиеленістердің басты себебі – саяси факторлар. Дәлірек айтқанда, шиеленістер саяси билік мәселесіне байланысты туындайды. Бұл автор қоғам өмірінде әлеуметтік шиеленістердің болуы заңды құбылыс екендігін айта келіп, адамдар арасындағы теңсіздік билікке байланысты деген қорытындаға келді. Билік барлық қоғамның мүшелеріне беріле бермейді. Қоғамда бір топ адамдар басқаларды басқаруға, бұйрық беруге, тәуелді етуге бағытталған билікке ие. Ал, көпшілік оларға бағынышты жағдайда. Мұндай әлеуметтік теңсіздік жеке адамдардың, әлеуметтік топтар мен таптардың меншікке, материалдық игілктерге ие болуға, бөлінуге байланысты теңсіздігін тудырады. Міне, сол себепті Р.Дарендорф өз теориясында меншік, материалдарды игіліктерді бөлу мәселесіне басты назар аударады.

Қоғамдық еңбек бөлінісінде, меншік қатынастарында, билік жүйесінде, материалдық игіліктерді әрдайым орын алады. Барлық адамдарды теңестіретін қоғам орнату мүмкін емес.

Ресей әлеуметтанушысы А.Т. Здравомысловтың пікірінше,қоғамда белгілі бір топтың азық-түлікке, тұрғын үйге, еңбек етуге, әлеуметтік бостандықтары мен құқықтарға деген қажеттіліктері қанағаттандырылмайды. әрине, әр адам лайықты өмір сүруге ұмтылады. Бұл аталған қажеттіліктермүддеге айналады, мүддесі ортақ адамдар топталып, билікке, байлыққа қол жеткізу үшін басқалармен бәсекеге түседі. Ал, бәсекелесу қақтығысуға ұласады деп түсіндіреді.

Көрнекті әлеуметтанушы П.А: Сорокин кез келген әлеуметтік төңкерістің басты себебі, халықтың көпшілік бөлігінің өмір сүруге керек басты қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауынан екндігін атап көрсеткен.

Әлеуметтік шиеленістер сол сияқты қоғам адамдардың түрлі мәселелерге байланысты пікірлерінің, көзқарастарының немесе ұстаған құңдылық бағыттарының кереғарлығынан туындайды. Мәселен, меншік түрлеріне байланысты біздің қоғамда әр түрлі пікірлер бар. Біреулер меншіктің қоғамдық сипатта болуын қаласа, енді біреулер жеке меншікті, басқалар кооперативтік меншікті жақтайды.

Шиеленісті жағдай еңбекке, жанұяға, ьөнерге, спортқа, әлеуметтік институттарға байланысты адам ой-пікірлерінің, құндылықтарның қарама-қарсы болуынан келіп шығады. Құндылықтардың бағытына байланысты туатын даулы, шиеленісті жағдайлар экономика, саяси, әлеуметтік-психологиялық және рухани салаларда орын алады.

Адамдар арасында алаусыздық тудырып, әлемдік масштабтағы қақтығысқа көбінесе идеологының қарама-қарсы себеп болады. Мәселен, коммунизм мен антикомунизм, фашизм мен антифашизм арасындағы күрес әлемдікшеңберде орын алған идеологиялық күрес. Идеологиялық алшақтық мемлекеттер арасында жік туғызып, халықтарды бір-бірімен қақтығысуға итермелейді.

Кей жағдайда адамдар арасындағы, тіпті, мемлекеттер арасындағы даулы, шиеленісті жағдайда діни нанымдардың айырмашылығынан деп білетін қате топшылаулар, қаңқу сөздер айтылып жүр. Ешбір дін қантөгісті, соғысты уағыздамайды. Көбінесе ой-өрісті тар саясаткерлер, белгілі бір топтар өздерінің жеке мақсаттары, пайдалары үшін елдің мұң-мұқтажын желеу етеді. Арандату әрекетін іске асырады. Міне, осы жағдайды естен шығармау керек.

Кең көлемді әлеуметтік толқулардың себептерін түсіндіруде депривация тұжырымын қолдануға болады. Депривация (lat depriuatiuo – жоғалту, айырылып қалу) процесі – индивидтер мен әлеуметтік топтардың болашаққа артқан сенімдерінің, үміттерінң орындалмау жағдайын айтады. Халықтың билік орындарына қойған талап-тілектерін қанағаттандыру мүмкіндігінің болмауы. Мәселен, Кеңес Одағына 1985-жылдан басталған «Қайта құру» шаралары халықтың үмітін ақтамады. Сол кезде өмір сүріп тұрған саяси жүйе халықтың түрлі топтарының талап-тілектерінқанағаттандыруға мүдделі болмады. Соның нәтижесінде Кеңес Одағының ұлан-байтақ территориясында саяси, әлеуметтік, ұлтаралық, экономикалық сипаттағы дағдарыстар орын алды. Соның нәтижесінде қысқа метзімде Кеңес Одағы ыдырады.

Біз, сонымен, әлеуметтік шиеленістердің жалпы объективтік себептерін қарастардық. Қоғам өмірінде кездесетін шиеленісті, даулы жағдайлар тек объективті себептерге ғана байланысты емес. Кей жағдайда адамдар арсындағы дау-жанжалдар сол адамадарға байланысты субъективтік себептерден де болады. Яғни адамдардың мінез-құлық ерекшелітері, көңіл – күйлері, талғамдары, т.с.с байланысты. Батыс әлеуметтанушыылары шиеленістердің көпшілігі адамдар санасына байланысты туындайды. Деген пікірде. Жеке адамдардың, топтардың, топтардың арасындағы қақтығусылар ақпараттың жетіспеуі мен сапасыздығынан, қарым-қатынас жасаудағы қиындақтардан да болады.

Адамзат қоғамында шиеленістердің сан алуан түрлері кездеседі. Сол себепті бұл құбылысты түрліше жіктеу бар. Мәселен, Р. ДАрендорф шиеленістерді жіктеуде әлеуметтік қауымдастықтың көлемі мен субъектілердің әлеуметтік рөлдерін негіз етіп алады. Бұл критерийлер бойынша автор шиеліністерді жанұядағы ұрыс-таластан бастап әлемдік көлемдегі саяси шиеленістерге дейінгі 15-ке жуық түрлерін атап көрсетеді.

Ю. Запрудский деген автор төмендегідей жіктеуді ұсынады:

1.шиеленістердің себептеріне қарай:

а)объективті себептерден пайда болатын шиеленіс

б) субъективті себептерден пайда болатын шиеленіс

2. Қайшылықтардың сипатына қарай:

а)Антогонистік

б) Антогонистік емес

3.Уақытына қарай:

а)Ұзақ мерзімге созылатын шиеленістер

б) Қысқа мерзімді шиеленістер

4.Қоғамдағы ықпалына қарай.

а) нәтижелі шиеленістер

б) нәтижесіз шиеленістер

Автордың шиеленістерді осылайша топтастыруы жан-жақты болғанымен, оның бұл жіктеуі күрделі және икемсіз екенін айтқанымыз жөн.

Бірқатар әдебиеттерде бұл қоғамдық құбылысты субъектілеріне қарай жіктеу ұсынылады:

Жеке адамның  өзімен өзінің келіспеуі. Яғни, бұл адамның психологиялық көңіл күйі. Мұндай адамның  белгілі бір рөлді атқарудағы қинылуынан, сол сияқты басқа біреуге шамадан тыс тәуелді болуынан келіп шығады. Адамның мұндай көңіл-күйде болуы басқаларға да әсерін туғызады. өйткені кейде жекелеген адамдар өз бастарындағы қиындықтың себебін басқалардан себебін басқалардан деп түсінуі кездеседі.

Жеке тұлғалар арасындағы шиеленістер  екі немесе одан да көп адамдар арасында болады. Мұндай шиеленістер өмірде жиі кездеседі.

Топаралық шиеленістер – мүдделері қарама-қарсы әлеуметтік топтар арасында орын алады

Сыртқы ортамен шиеленіс белгілі бір топты құрайтын индивидтерге сырттан қысым жасалатын кезде пайда болады.

Яғни, жоғары жақтан берілетін бұйрықтар, қабылданған ережелр әлгі топтың мүдделірене қарама-қайшы болатын жағдайдағы шиеленіс. Мұндай жағдайда топ адамдары әлгі бұйрықтар мен ережелерді  қолдайтын институттармен шиеленіске түседі.

Ресей шиеленістанушысы А.Г. Здравомыслов әлеуметтік шиеленістерді орын алу салаларына қарай жіктеуді ұсынады. Біздің ойымызша,осылайша  жіктеу икемді де ыңғайлы, әрі түсінікті болады. Автор әлеуметтік шиеленістерді экономикалық, саяси, ұлтаралық және шиеленістер деп жіктейді.

1. Саяси шиеленістер демократикалық қоғамдағы қалыпты құбылыс. Шиеленістің бұл түрі билік, ықпал, белдел сияқты мәселелерге байланысты туады. Саяси шиеленістер ашық немесе жасырын сипатта болуы мүмкін. Кей жағдайда шиеленістер өрбіп, көтеріліс, жаппай қозғалыс немесе азамат соғысы сияқты кең көлемді қоғамдық оқиғаларға ұласуы да мүмкін.

2. Ұлтаралық шиеленістер көпұлтты мемлекеттердегі ұлттық, этникалық топтардың өз құқықтары мен бостандықтарына қол жеткізуге бағытталған күрес негізінде болады. Көпшілік жағдайда ұлттардың мәртебесіне, сол сияқты территория мәселесіне байланысты  да болады. Ұлтаралық шиеленістердің саяси сипатта болуы әбден мүмкін. Мәселен, 1986-шы жылғы Алматыда болған «Желтоқсан оқиғасы» қазақ ұлтының тәуелсіздігі , құқықығыүшін ғана емес, сол кезднгі саяси жүйеге қарсы бағытталған қозғалыс еді.

3. Экономикалық шиеленістер жекеленген индивидтер мен әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайларына, атап айтқанда, еңбекақы тұрмысқа қажетзаттардың бағасы, қоғамдағы байлық пен ресурстарды бөлу мәселелерінен келіп шығады. Шиеленістің бұл түріне біз кейінірек арнайы тоқталамыз.

Шиеленістерді басқа да жіктеудің жолдары бар. Мәселен, мерзіміне қарай: қысқа мерзімді және ұзаққа созылатын шиеленістер деп жіктеу; және ресурстарына қарай материалдық, рухани және әлеуметтік деп жіктеу бар.

Қорыта айтқанда, әлеуметтік шиеленістерді жіктеудің жолдары сан алуан. Шиеленістерді жіктеуде ең бастысы-оның дұрыс шешімін табуды басты мақсат ету қажет.

Енді, әлеуметтік шиеленістерлдің функцияларына келсек, ғылыми әдебиеттерде бұл құбылысқа екі түрлі  көзқарас тұрғысынан қарау бар. Біріншеісі – шиеленісті қоғам үшін пайдалы, жағымды құбылыс деп бағалау; ал, екіншісі – шиеленісті кері, жағымсыз құбылыс ретінде бағалау. Бірінші аталған парадигма шиеленістің қоғам дамуындағы заңды құбылыс екендгін мойындаудан келіп шықса, екіншісі – оны қоғам өміріндегі аномалия ретінде қабылдаудан туындайды.

ХХ ғасырдың 50-ші жылдан бастап Батыс Еуропа мен АҚШ-тың ғалымдары әлеуметтік шиеленістердің атқаратын  қызметін жағымды, қоғам үшін пайдалыдеп атап көрсетті. Мәселен, Л. Козер (АҚШ) шиеленістер әлеуметтік жүйені тоқыраудан сақтайды деген. Бұл құбылыс қоғамның тазаруына, ілгерілеп дамуына ықпал етеді, соның нәтижесінде қоғамның өміршеңдігі қамтамасыз метіледі дейді. Шын мәнісінде, әлеуметтік шиеленістер жағымды қызмет атқарады.

 

Олар мыналар:



Ақпараттақ-танымдық қызметі. Яғни әлеуметтік шиеленістер қоғам өміріндегі шешілуі қажет түйсінді мәселелер туралы, қалыптасқан қайшылықтар. Туралы ақпарат беред. Сонымен қатар шеиленістіжағдайдаәр жақтың адамдары өздерініңжәне қарсы жақтың мүдделеріне айқын сезінуге мүмкінділік алады. өзара пікір –талас, қызу айтыс кезінде айқындыққа қол жеткізу мүмкіндігі туады.

Әлеуметтік шиеленістердің келесі біржағымды қызметіинтегративтік деп аталады. Бұл қызметтің мәні – шиеленістің пайда болуы, дамуы және оның дұрыс шешімін табуы барысында адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының тығыз топтала түсумен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде қоғамдық қатынастар үйлесімге келіп, қоғамда белгілі бір деңгейде тепе-теңдіктің орнауы қамтамасыз етіледі.

Бұл жерде мынандай мәселені де естен шығармау кере. Қоғамда түрлі деңгейдеболып тұратын шиеленістер адамдарды топ  шеңберінде топтастырып, біріктірумен қатар қоғамдық қатынастардың бұзылуына, әлеуметтік құрылымдардың жіктелуіне де әкеледі.  Дәлірек айтсақ,шиеленістердің интегративтік қызметімен қатар, қоғамда жік туғызу, әлеуметтік жүйеде түрлі топтардың пайда болуына ықпал ететін де жағы бар екендігін естен шығармауымыз керек.

Шиеленістердің динамикалық (серпінділіг) деп аталатын жағымды қызметі бар. Яғни, шиеленісті, даулы мәселелерді шешу нәтижесінде әлеуметтік жүйенің,жалпы қоғамның сапалы,мәнді өзгерістерге қарай дамуына жол ашылады. Шиеленістер неғұрлымкөлемді, тереңірек болса, олардың әлеуметтік процестерге тигізетін ықпалы да соғұрлым күштірек болады.

Әлеуметтік шиеленістердің жағымды жақтарымен қатар олардың кері, жағымсыз да салдары бар екендігін баса айтқанымыз жөн. Күнделікті өмірде кездесетін дау-жанжалдар, қақтығыстар арасында өшпенділік туғызады, тіпті қантөгіске деұшыратуы әбден мімкін. Сонымен қатар қоғамның  тұтастығына, бірлігіне де шек келтіреді. Ұзаққа созылған,ауқымды шиеленістер кең көлемді материалдық шығындарға ұшыратады.

Қорыта айтқанда,шиеленістердің қоғамға тигізетін жағымды ықпалымен қатар кері де жақтары болады екен. Олардың салдарын бір жақты бағалауғаболмайды. Сол себептен кез келген шиеленістің салдарына үңілгенде,жағымды, позитивтік жағы басымнемесежағымсыз,негативтік жағы басымдеп бағалау орынды.


11 дәріс.
Этносаралық қарым-қатынастағы топаралық қабылдаудың механизмдері

  1. Этнопсихологиядағы этноцентризм туралы түсінік

  2. Этностық стереотиптер, негізгі қасиеттері, түрлері

  3. Әлеуметтік каузальды атрибуция

1. Топтың позитивтік бірыңғайлығын сақтау үшін топтар арасында арнаулы механизм – топ ішіндегі фаворотизм қолданылады. Бұл уақытта топтың өз ішінде және оның мүшелері арасындағы бір-бірімен қатынас бөтен топтармен қарым-қатынасқа қарағанда әлдеқайда жақсы болады. Бұл терминді қысқаша өз тобына оң көзқарас деп түсіндіруге болады. Топ ішіндегі фаворотизм түсінігіне этноцентризм ұғымы мысал бола алады. Этноцентризм дегеніміз – өз этникалық тобын жақын тарту. Бұл түсінікті 1906 жылы У.Самнер ұсынды. М.Бруэр мен Д.Кэмпбелл этноцентризмнің төмендегі негізгі көрсеткіштерін ұсынды:



  • Өз мәдениетінің элементтері дұрыс, нормаға сай, бағалы, ал басқа мәдениет дәстүрлері, ерекшеліктері дұрыс емес;

  • Өз тобының әдет-ғұрыптары сапалы және әмбебап;

  • Өз ұлтының адамдарымен қарым-қатынас жасау, бір-біріне көмек беру, өз тобын жақсы көру, мақтан ету, ал басқа топтармен араз болу.

Бірақ та этноцентризмді зерттеушілердің арасында бірыңғай көзқарас қалыптаспады. Бұрын кеңестік қоғамтанушылар этноцентризм негативтік құбылыс, ол ұлтшылдық мен нәсілшілдікке теңеседі деп есептеді. Бірақ этноцентризмді негативті құбылыс ретінде ғана қарау дұрыс емес. Психологтардың зерттеулері бойынша, этноцентризм әртүрлі топтардың арасында дұрыс қарым-қатынас жасауға кедергі жасаса да, сонымен қатар ол топтың ішінде позитивті біріктіру ролін атқарады.

Этникалық топтардың арасында туындаган конфликтілердің нәтижесінде және жағымсыз әлеуметтік кезеңде этноцентризм тез туындай бастайды. Бұл жағдайда пайда болған этноцентризм жауынгерлікке тән этноцентризм деп аталады. Жауынгерлік этноцентризм басқа топтарды жек көреді, оларға сенбейді. Олар өздерінің жолы болмауын басқа топтардың кінәсі деп ойлайды. Мысалы, Қытайда өте ерте заманнан бастап «Біздің отанымыз жердің кіндігі, сондықтан күннің шығуы мен батуының арақашықтығы бірдей» деп тәрбиелейді. Жауынгерлік этноцентризм – делегетимизация формасында көрінеді. Делегетимизация – топтардың арасындағы айырмашылықты ұлғайтып, өз тобының олардан басымырақ екенін айқындайды. Мысалы, алғашқы еураопалық көшіп келушілердің американдық байырғы халықтарға көрсеткен қуғын-сургіндері, т.б.


2.Этникалық стереотиптер және стереотипизация процестері

Топтар арасындағы қарым-қатынаста әлеуметтік стереотиптер маңызды роль атқарады. Стереотиптер балалық шақтан бастап қалыптаса бастайды.

Американдық әлеуметтанушы У.Липпман «стереотип» ұғымын «біздің санамыздан бұрын сезімімізге әсер ететін дүниені тану мен қабылдаудың ерекше формасы ретінде» таниды да, алғашқылардың бірі болып «стереотипті дүниедегі шым­шытырық, күрделі белгілерді қабылдауды жеңілдететін, адам санасында қалыптасқан, реттелген, терминделген «әлем бейнесі» деп түсіндіреді. Ол стереотип ұғымын 1922 жылы «Қоғамдық көзқарас» деген кітабында қолданды. Ол адамға күрделі әлеуметтік объекктіні түсіну үшін көмектеседі. Басқаша айтқанда стереотиптер адам баласын ақпараттар ортасына әкеліп, оның құндылығын сақтау үшін көмектеседі. Әлеуметтанушының пайымдауынша, стереотиптердің ұрпақтан ұрпаққа тұрақты табандылықпен үздіксіз берілетіні соншалық, қажетті, нақты дәйек ретінде қабылдана бастаған. Сол қасиеттеріне сәйкес стереотиптер ұлт мәдениетіне тереңдей бойлап, логикалық тұрғыда ұғындыруға көнбейтін әрекеттер мен деректерді түсінуге мүмкіндік береді.

Соңғы жылдардағы зерттеулерге сүйене отырып, стереотиптер білім мен бағалауды сақтаудың айрықша формасы, яғни бағдарлаушы мінез-құлық концептілері болып табылады деп айтуға негіз бар.

И.М.Сеченовтың пайымдауынша, шексіз және әр алуан сезіну ақпараттары мен ассоциациялардан ақиқат дүниенің ерекше мәнді мазмұны қалыптасады. Сезінудің өзі – адамның санасы мен танымын жетелейтін бір элемент. Сезіну ассоциациясы – бұл адамның индивидуальді тәжірибесін сақтаушы із, яғни алғашқы түсінік. Адамзат баласы бес сезім мүшесі арқылы ақиқат дүниені қабылдай отырып, оны жадында сақтай отырып, оған қоса санада кеңінен өңдей отырып өзінің сол дүние туралы білімін мен танымын, ассоциативтік қатарын кеңейтеді, күрделендіреді. Ассоциация мәселесін психологиялық тұрғыдан тереңірек қарастырған ғалымдардың бірі – И.П.Павлов. Ғалымның пікірінше, ассоциация толықтығы динамикалық стереотип құбылысымен астасып жатады. Динамикалық стереотип пен ассоциацияның байланысы неде? Ассоциация стереотиптен туындай ма? деген сұрақтарға ғалым былай жауап береді: «Барлығымызға белгілісі – ақиқат дүниені танытатын алғашқы түсініктер – ассоциациялар, солардың жиынтығынан жүйе құралады, ол жүйеден гештальт ұйымдасады. Демек, ассоциация қалыптасқаннан кейін барып, қалғандары (стереотип, гештальт) туындайды екен, керісінше емес». Стереотип ассоциациялардың жалпыхалықтық сипат алып, автоматты түрде сол дүниені таныту үшін қолдану мақсатында жиі-жиі қайталана беру нәтижесінен барып қалыптасады. Мысалы, әйелдердің – нәзік, екінші орында болуы мен ерлердің – қажырлы және бірінші орында болуы стереотиптік танымға жатады.

Этникалық стереотиптердің нағыз көп кездесетін қасиеттерінің бірі - эмоционалды бағалау сипаты. 50-жылдардың ортасынан бастап зерттеушілер когнитивизм идеясына сүйене отырып, оның когнитивтік компонентіне назар аударды. Стереотиптер оң және теріс зарядта болады. С.Фиск стереотиптердің 4 түрін ұсынады:



  1. Жек көру стереотипі – бұл стереотип «бөтен», төменгі статусты, «салқын» топтарға арналған.

  2. Таң қалу стереотипі – бұл өз тобының мүшелеріне арналған, жоғары статусты, «жылы».

  3. Қызғаныш стереотипі

  4. Патернализм стереотипі – төменгі статусты. Қысқаша айтқанда, «өз» және «жат» топтарда позитивті стереотиптер бола алады.

Этникалық стереотиптің келесі қасиеттерінің бірі – тұрақтылық. Мысалы, Пристон университетінің студенттерінің үш буынның түлектерінің (1933, 1950, 1969) мінез-құлқы өте көп өзгерген жоқ. Мәскеулік жоғары класс оқушылары 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында көп өзгеріске түспеді. Бірақ топтар арасындағы қарым-қатынас өзгерген кезде немесе жаңа ақпарат қабылдағанда тұрақтылық өзгеруі мүмкін. Мысалы, Пристон университетінің студенттері арасында екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында неміс және жапондарға негативті көзқарас қалыптасты.

Этникалық стереотиптің тағы бір қасиеті – келісімге келу немесе әлеуметтік консенсус. А.Тэфел келісімге келуді стереотиптің ең маңызды қасиеттерінің бірі деп есептеді.


3.Әлеуметтік каузальды атрибуция

Әртүрлі этникалық қоғамдардың өкілдерінің қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін, бір-бірінің мінез-құлқын білмегендіктен жалған атрибуция жасауға мәжбүр болады.

ХХ ғ.70-жылдарының басында каузальды атрибуцияны зерттеу американдық, содан кейін бүкіл әлемдік әлеуметтік психологияда айтулы орын алады. Топтар арасындағы атрибуциялық қарым-қатынасты АҚШ пен Канада ғалымдары сараптады.

Каузальды атрибуция-оппонент туралы алынған ақпарат жеткіліксіз болғанда оның мүмкін болатын әрекеттері мен қасиеттерін тауып, басқа объектіге телу жағдайы.

Каузальды атрибуцияны зерттеген ғалымдар – Гарольд Келли, Фриц Хайдер, Ли Росс.

Г.Келли атрибуцияның 3 түрін бөліп көрсетті:

- жеке тұлғалық атрибуция (іс-әрекет етуші адамға себептерді телу)

- объектілік атрибуция (іс-әрекет бағытталған объектіге себепті телу)

- жағдайлық атрибуция (жағдайға себепті болуы).

12 дәріс.



Тақырып: Этностық кикілжің.

Дәріс мазмұны:

  1. Этностық кикілжіңді анықтау және оның классификациясы

  2. Этностық кикілжіңнің түрлері

  3. Этностық кикілжіңдерді реттеу әдістері

Мақсаты:

Топаралық қарым-қатынас кезінде кикілжіңдер пайда болады. Топаралық кикілжіңдердің 3 түрі бар:



  1. Саяси кикілжіңдер – мұнда үкімет пен бедел үшін күрес болады.

  2. Әлеуметтік – экономикалық

  3. Этникалық

Этникалық кикілжіңдер көбінесе әлеуметтік-мәдени сипатта болады. Этникалық кикілжің – бұл топ арасындағы бақталастық. Тишковтың айтуы бойынша, қазіргі кезде этникалық кикілжіңдердің түрлері көп: мемлекетаралық, этнос арасындағы, аймақтық, бір мемлекет ішіндегі кикілжіңдер.

Мақсаты бойынша жіктеуде кикілжіңдерді келесі түрлерге бөлуге болады:



  • Әлеуметтік – экономикалық

  • Мәдени-тілдік

  • Саяси

  • Шекаралық

Этносаралық қарым

Этносаралық қарым-қатынас психологиясына негізінен үш мәселе зерттеледі: олар қалай пайда болады, олар қалай жүріп отырады, оларды қалай реттеуге болады? Кикілжіңдер көптеген түрлі ғылымдар аясында зерттеледі, социологтар, политологтар, психологтар зерттейді. Барлық психологиялық концепциялар топаралық кикілжіңдердің әлеуметтік себептерін бөліп көрсетеді. Ағылшын тілінде себептерді екі түрлі ұғыммен түсіндіреді: reason (кикілжіңді іс-әрекет, іс-әрекет, мақсаты) және cause (жаушылық әрекеттер және топтаралық бақталастықтықтар). Көптеген психологтар reason себептерін қызығушылыққа сай емес мақсаттар негізінде құралады дейді. Ал, causes қандай да болмасын психологиялық сипаттамалардың жиынтығын құрайды:

1.Топаралық кикілжіңдер универсальды психологиялық сипаттама өнімі ретінде. Әлеуметтік – психологиялық концепцияның авторы У.Макдугалл. Мұндағы ыңғайды гидравликалық модель ретінде қарастырады. Агрессия оның ойынша, қысымшылдыққа апаратын реакция емес, ол адам организмінде болатын импульс реакциясы. Оның ойынша, топралық кикілжің болмауы мүмкін емес. Гидравликалық модельдің тағы бір негізін қалаушы – австриялық этнолог К.Лоренц, оның ойынша адамның агрессивті мінез-құлқы негізінен агрессияның биологиялық салдарынан туындайды.

2. Жекелік ерекшеліктер топаралық кикілжіңдердің негізі. Адамның «бөтен» топтарға байланысты жеке ерекшеліктерінің көрінуі жөнінде авторитарлы тұлға концепциялары белгілі. Т.Адорно, З.Фрейд идеясына сүйенетін болсақ, бөтен топтарға қатысты қарым-қатынас ерте балалық шақтағы әлеуметтену процесінен басталады, отбасындағы эмоционалдық жағдайдан туындайды. Германияда 30-шы жылдарда жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша бір топ басқа топқа сақтықпен қараған. Беркли фашизмге жаушылықты тұлғаның жеке қасиеті деп есептеген, оған төмендегідей сипаттамалар берген:

-конвенциализм (дәстүрлі-әлеуметтік нормаларды ұстану)

-басшылыққа сөзсіз бағыну

-авторитарлы агрессия

-ойлау стереотиптілігі

-деструктивтілік және ценизм (жалпы дұшпандық қарым-қатынас), т.б.

3. Кикілжің теориясы. Бұл топтық мінез-құлыққа сай емес қызығушылықтар нәтижесінде пайда болады.

4. Әлеуметтік - өзін өзгенің орнына қою (идентификация) теориясы. Теорияның негізін салушы әлеуметтік психолог А.Тэшфел.

Көптеген елдерде этникалық кикілжіңдерді шешуде арнайы қызметтер жұмыс жасайды. Этникалық кикілжіңдерді шешуде үш стратегия қолданылады:

1.Құқықтық механизмдерді қолдану

2.Келіссөздер

3.ақпаратты жол

Топаралық және этникалық кикілжіңдерді шешу қажет, этникалық кикілжіңдерді психологиялық әдіспен толықтай шешу – утопия деп аталады. Бұл тәсілді қолдануды барлық психологтар қолдайды. Деструктивті агрессиямен күресу тәсілдерінің негіздерін Лоренц ұсынған. Ол топ арасында күресті шешудің мәдени ритуальды формасы – спорт деп санаған.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

13 дәріс.



Тақырып: Жаңа мәдени ортаға бейімделу

Дәріс мазмұны:

  1. Бейімделу. Аккультурация. Адаптация

  2. Мәдениаралық бейімделу кезеңдері

  3. Жаңа мәдени ортаға бейімделуге әсер ететін факторлар

1. Бейімделу. Аккультурация. Адаптация

Ежелгі уақыттан беру соғыстар мен стихиялық апаттар, бақыт іздеу мен білуге құмарлық адамдарды жер шары бойынша орын ауыстыруға итермеледі. Шынында да, адамзат тарихында әртүрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы арақашықтық және қоршаған орта жағдайы мәдениет өкілдерінің бетпе-бет кездесуіне кедергі болып отырды. Мәдениаралық байланыс тек саясаткерлер, жауынгерлер, дипломаттар және саудагерлер арқылы жүзеге асты.

Қазіргі кезде біздің қоғамда халықтар арасындағы байланыс және оған әсер етуші жағдайлар өте көптеп кездесуде. Мәдениаралық байланысқа түскен топтар мен индивидтерді үш негізгі фактор бойынша бөліп көрсетеді:



  1. кеңістікте орын ауыстыру немесе ауыстырмау

  2. миграцияның еріктілігі мен күштеу

  3. миграцияның уақыттық шектеулері.

Кейбір адамдар этносаралық байланыста өзге мәдени ортаға өз еркімен түссе (эмигранттар, босқындар), ал өзгелері күштеу арқылы түседі (босқындар). Қоныс аударушылар, яғни эмигранттар өз туған жерлерін қайта оралмайтындай тастайды. Визитерлер (шпиондар, миссионерлер, іскер адамдар мен студенттер) өзге мәдениетте ұзақ уақыт бойы өмір сүреді. Туристтер, сонымен бірге ғылыми конференцияға қатысушылар, т.б. өзге жерде аз уақыт өмір сүреді. Әрақашан әртүрлі мәдениет өкілдері арасында ашық, сенімді қатынас, өзара түсінушілік және сүйіспеншілік жағдай орнайды деп ойлау қате. Өзара байланыс процесінде этносаралық салмақты проблемалар, оқшауландыру, кикілжіңдер болып тұрады.

Зерттеушілер әртүрлі мәдениет өкілдері мен этностарға қолайлы өзара әрекеттерге тәуелді көптеген айнымалықтарды қарастырады:



  • ортақ немесе белгілі бір топтың «өзінің» территориясы;

  • өзараәрекеттің ұзақтығы (тұрақты, ұзақ, қысқа уақыттық)

  • мақсаты (біріккен іс-әрекет, бірігіп өмір сүру, оқу, т.б.)

  • қоғам өміріне араласу түрі (қатысудан бақылауға дейін);

  • байланыстың жиілігі мен тереңдігі;

  • мәртебе мен құқықтардың салыстырмалы теңдігі;

  • сандық қатынас;

  • айқын айыратын белгілер (тілі, діні, раса, т.б.)

Байланыс жағымды жағдайда болғанның өзінде, мысалы, сәтті біріккен іс-әрекет, жиі және терең қарым-қатынас, салыстырмалы түрде тең мәртебе мен айқын айыратын белгілердің болмауының өзінде қоныс аударушы мен визитерлерде келген елінің өкілдерімен қарым-қатынаста қиыншылықтар мен қысымшылық пайда болуы мүмкін. Мигранттарда туған отанына деген сағыныш жиі болады. Сондықтан мәдениаралық адаптацияны зерттеу үлкен мәнге ие болды. Бұл адамның жаңа мәдени ортаға, дәстүрлерге сәтті бейімделу кезінде болатын күрделі процесс ретінде түсініледі. Адаптацияның ішкі және сыртқы жақтары бар. Ішкі жағы – ол қанағаттанушылық және өмірдің толыққандылығын білдіреді, сыртқы жағы – ол индивидтің жаңа мәдениеттің әлеуметтік және мәдени өміріне қатысуынан, оның мүшелерімен тең құқықты, тұлғааралық қарым-қатынасынан байқалады.

Мәдениаралық адаптацияға қызығушылық әлемдік ғылымда ХХ ғасырдың басында пайда болды. Мұны Линтон, Херсковиц «бір немесе бірнеше топтардың мәдениеттеріндегі өзгерістерден көрінетін әртүрлі мәдениеттегі топтардың ұзақ, тікелей байланысының нәтижесі ретінде анықтады». Бастапқыда аккультурация топтық деңгейдегі феномен ретінде қарастырылып, кейін психологиялық аккультурация түсінігі пайда болды. Аккультурация – топ мәдениетінің өзгерісі болса, ал психологиялық аккультурация – индивидтің психологиялық өзгеріс процесі.

50-жылдардан бастап психологияда жеке қоныстанушылар мен визитерлердің мәдениаралық адаптациясына қызығушылық туды. Мұнда жаңа ортаға патологиялық феномендер (невротикалық, психосоматикалық ауытқушылықтар, ауытқыған және қылмыстық мінез-құлық, т.б.) басыңқылығымен бейімделуге көптеген зерттеулер арналған. Жаңа мәдени ортаға бейімделе алмайтын адмадарды психиатрлар зерттеген. Отанға деген сағыныш ауруын швейцариялық дәрігер И.Хофер ностальгия деп атады, олар оны 17ғ.бастап зерттей бастады.
Негізгі факторлардың адаптация процесіне әсері
Мәдени шоктың және мәдени аралық адаптацияның көріну деңгейі көптеген факторлармен анықталады.

Жеке ерекшелік – демографиялық және тұлғалық. Адаптация процесіне жас ерекшелік өте күшті әсер етеді. Кіші балалар ортаға тез және сәтті бейімделгіш болып келеді, ал жоғары мектеп оқушыларында бұл процесс қиыншылықпен жүреді. Мәдени ортаны өзгерту үлкен адамдарға өте қиын болып келеді. Психотерапевт және дәрігерлердің көзқарасы бойынша үлкен адамдар эмигранты басқа орта мәдениетіне бейімделуге қабілетсіз болып келеді. Зерттеулер көрсеткендей, ер адамдарға қарағанда әйел адамдардың адаптация процесінде үлкен қиыншылықтар кездеседі. Сонымен қатар, білімділік те өз әсерін тигізеді: егер білім жоғары болған сайын, мәдени шок симптомы азая түседі, яғни жас әрі білімді адамдар жаңа ортаға бейімделгіш болып келеді.

Адаптацияның сәтті болуына қазіргі кезде дәлелденген әсерлерді Триндис ұсынды:


  • Когнитивті – индивидтің когнитивті процестерінің күрделілігі көбінесе өзімен және өзге мәдениет өкілдерімен арасындағы әлеуметтік арақатынасы өте қысқа болып келеді;

  • Жаңа ортаға бейімделгіш, өз отанында жинақтаған тәжірибесі, жаңа мәдени ортадан алған тәжірибесі мол адамдар болып келеді.

  • Төмен бейімделгіш адамдар, индивидтің анықталмауы, авторитарлы, ебедейсіздігі, жаңа әлеуметтік нормаларды, құндылықтарды және тілді қарқынды игеруі төмен болып келеді.

14 дәріс



Тақырып: Жаңа мәдени ортаға бейімделу

Дәріс мазмұны:

  1. Мәдени шок түсінігі

  2. Мәдениаралық ұқсастықтар мен айырмашылықтар деңгейі

Мақсаты: Этникалық миграция және аккультурация түсініктерін ұғындыру, мәдени шок түсінігін нақтылау

Сәтті бейімделу әдетте жақын маңдағы үйлесімділікті сезінумен анықталады, ал негізгі назар «бөтендердің» рухани денсаулығына, психологиялық жағдайына, қанағаттанушылық сезімін талдауға аударылады. Соңғы уақытта мәдени аралық бейімделу мигранттардың позитивтік эмоционалдық жағдайы мен психикалық денсаулығы ғана емес, күнделікті өмірдегі мақсаттарды сәтті орындау үшін қажетті әлеуметтік дағдылар мен икемділіктердің болуын қамтитын көп аспектілі процесс ретінде қарастырыла бастады. Бұл жерде мәдени шок (естен тану) түсінігі мен оған ұқсасауысу шогы (естен тану), мәдени шаршау көрінеді.



Мәдени шок түсінігін американдық антрополог Калверо Оберг енгізді. Ол жаңа мәдени ортаға енудегі жағымсыз сезімдердің болуы, достар мен статусын жоғалту, өзін керексіз сезіну, мәдениет арасындағы айырмашылықты сезінудегі таңқалу мен дискомфорт сияқты жағымсыз сезімдерден тұрады деген идеялардан шығады. Мәдени шоктың симптомдары әртүрлі: тағам, ауыз су сапасына, ыдыс-аяқ, төсек орын тазалығына сенімсіздік, басқа адамдармен физикалық байланыстағы қорқыныш, жалпы үрейлену, тітіркену, өзіне сенімсіздік, ұйқысыздық, шаршау сезімі, алкогольды және наркотикалық заттарды қолдану, психосоматикалық бұзылысы, депрессия, өзін-өзі өлтіру, т.б.

Этникалық миграция дегеніміз - этнос өкілдерінің үлкен тобының этнос қалыптасып ұзақ уақыт өмір сүрген аймақтан өз еріктерімен немесе мәжбүрлі түрде кетіп, басқа географиялық аймаққа орналасуы. Этникалық миграцияның психологиялық мәселелері миграциялық процесстің келесі этаптарында көрініс табады. 1.Миграция және эмиграция себептері мен мотивтері:

1. миранттардың жаңа этномәдени ортаға бейімделуі.

2. мигранттардың жаңа географиялық ортаға бейімделулері.

3. Мигранттардың түрлі ұрпағында этникалық ұқсатықтың трансформацияға ұшырауы.

Мәдени шок - жаңалықтан шок болу дегенді білдіреді. Мәдени шок болжамы жаңа мәдениеттің тәжірибесі жағымсыз болуы мүмкін, өйткені ол күтпеген жағдайларға толы болуы мүмкін. Аккультурация дегеніміз - түрлі мәдениет топ өкілдерінің ұзақ мерзімді және тікелей қарым- қатынас жасауының нәтиежесінде біреуінің немесе екі мәдениетттің де нұсқалық элементтерінің жоғалып кету феномені. Аккультурация теорииясының негізін қалаған Дж Берри. Аккультурацияның негізгі төрт стратегиялары: ассимиляция, сепарация, маргинализация, интеграция.
Мәдениаралық ұқсастықтар мен айырмашылықтар деңгейі

Көптеген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей мәдени шоктың көріну деңгейі мәдени дистанциямен жағымды корреляцияланады. Басқа сөзбен айтсақ, егер жаңа орта өз Отанына ұқсас болып келсе, адаптация жеңілірек болады.

Мәдени ұқсастық деңгейіне баға беруде М.Бабинер ұсынған мәдени арақатынас ұғымын қолдануға болады, яғни, тілі, діні, жанұя құрылымы, білім деңгейі, материалды комфорт, ауа-райы, тағамы, киімі, т.б.

Объективті мәдени дистанциямен бірге оған өзге де көптеген факторлар әсер етеді:

-конфликтілердің, соғыстар, геноцидтердің болу, болмауы;

-елдің мәдени ерекшеліктерімен таныс болу деңгейі мен өзге тілді білуі;

-мәртебелердің теңдігі немесе теңсіздігі және мәдениаралық байланыстағы ортақ мақсаттардың болу-болмауы.

Әрбір адам өзге мәдени ортаға келгенде өзіндік субъективті мәдени дистанцияны қалыптастырады.

Адаптация процесінде қашқын – бөтенді қолдану арқылы өз мәдениетін тастау, шовинист – ұлтшылдықтың өте агрессивті формасы, бөтенді өзінде қолдану, маргинал – екі мәдениет арасында жүретін адам, делдал – екі мәдениетті талдап, оларды байланыстыру.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Миграциялық процесс кезеңдері қандай?

2. Мәдени шок болжамы дегеніміз не?

3. Мәдениет аралық қарым-қатынас нәтижелері қандай?

15 дәріс



Тақырып: Ұлт психологиясы

                        Дәріс мазмұны:                       


1.    Ұлт психологиясы – этнопсихологияның негізгі мәселесі
2.    Қазақтың ұлттық мінез бітістері, олардың кейбір ерекшеліктері.

1.    Ұлт психологиясы – этнопсихологияның негізгі мәселесі


Бүкіл халық ұстанатын тәлім – тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық, еңбек, ден, т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың , жалпы мінез – құлқы, іс – әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология – психика мен мінез – құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез – құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім – білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелрін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады.
Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет – ғұрып, діл, дін, т.б), жемісін сол халықтың психологиясын, сана – сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді. Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б) пайда болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның     еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зертттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б.) сан алуан.

2.   Қазақтың ұлттық мінез бітістері, олардың кейбір   


ерекшеліктері.
Бұл – өте күрделі, әлі де толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жәйтті жақсы аңғарған Н. Назарбаев былай дейді: «Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зердленбей жатқан тылсым дүние».
Ғасырлар бойы көшіп – қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлім – тәрбие берудің айырықша талап – тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, бұлар жас адамның жұртқа танымал моральдық – психологиялық нормасын «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мән – мағынасы мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игенрі; еңбек сүйгіштікпен қиыншылыққа төзе білу; жаудан беті қайтпау;  сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау (жасы үленді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б).
Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан – жүйесі жағынан да жан – жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбең тіршлікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұғымды мақал мен мәтінді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп – қонуға дайын отырған қазақтар үшін аң – құс аулау, мал күзету, жау түсіру – тұрмыстың дағдалы машығына айналды. Әрбір көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып санлады. Осы айтақанымыздың дәлелі болып табылатын кейіннен мақал болып кеткен «өнерді үйрен де, жирен»,  «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қолы ортақ», «Жауда жүрсе ат ойнатқан батырым, үйде жүрсе, құрт қайнатқам батырым» сияқты бесаспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздер біздің заманымызға дейін жетті. Көшпелі қауым бірін – бірі жақсы білді, әр адамның қадір – қасиеті, оның жасына, жол – жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отрырады. Мұндай қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ер жете келе ортақ мүдделілікті, көзқарас сәйкестілігін, кісілік белгісін түсініп, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталаған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау – дамайға төрелік айту сияқты этностық таптауырындар (стереотип)  кең әріс алды. Әриен, осы топтық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке – дара, жас, жыныс ерекшеліктерінің де болатындығы еске алынды. Мәселен, көшпелі халық қыз баланы ерекше қадірлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемлік пен әдептіліктің, сұлулық пен. Іңкәрліктің символы деп, ал мінезі жайсаң, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт» дейтін болды.
Қоғам өмірінде қазіргі кезде жүріп жатқан терең саяси – экономикалық өзгерістер халқымыдың баға жетпес рухани   байлықтары: тіл мен ділі, діні мен тарихы, өнері мен әдебиеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен шаруашылығына (қолөнері, киім – кешегі, ою – өрнегі, әуез аспаптары, үй жиһазы, т.б.) байланысты небір  асылдарды, қысқасы, ұлттың бүкіл болмыс – бітімін (менталитетін) жаңартып, жаңа мазмұнмен байытуда. Әриен, еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері – қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын, өйткені, қазақ этносының қазіргі бүкіл тыныс – тіршлігінде, от басындағы әдет – ғұрпы мен салт – дәстүр, жөн – жосық, жол – жоралғысында кең байтақ өлкемізді біраздан бері мекен етіп келе жатқан басқа этностар мінездерінің элементтері де көрініс беріп жүр. Десе де, бәз біреулер айтып жүргендей, біз жылқы мінезділіктен айырылған, «қой мінезді» момын, жуас, намысы жаншылған халық емеспіз.
Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндағы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамға деген мейірімдлік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлылық, жойқвн соғыс пен қуғын – сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қақсатқан көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық – біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы.
«Бұрынғы уақытта – деп жазды Ж. Аймауытов пен М. Әуезов» «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында; - қазақ еліұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты, сайықшыл ел болған екен. Досымен достасып, жауымен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білгетін халық екен» -   (Алаш, 1917, 30 наурыз, № 16)
Әрине, патшалық отарлау мен большевиктік империялық саясат тудырған ұнамсыз қасиеттердің біразы бізде қазір де баршылық. Қанымызға әбден «сіңіп» жағымпаздық пен жалтақтық, даңғазалық пен күншілдік, арызқойлық пен жалақорлық, бойкүездік пен салғырттық, жалқаулық пен шалағайлық, т.б. Осы секілді келеңсіз қасиеттер әлі күнге дейін алдымызға оралып, заман талабына бейімделуге бөгет болып отыр. Әсіресе, Кеңес өкіметі жылдарында ұлттық мінезімізге дінсіздік, спирттік ішімдікке әуестік, келеңсіз тіршілікке құмарлық, бақталастық, т.б. (бұлар бұрын – соңды қазақтың түсіне де кірмеген мерез қасиеттер еді)  осы сияқты жағымсыз қасиеттер келіп қосылды. Бізде бұдан басқа еліктеп – солықтаулар (батысшылдық, ермелік, еліктеушілік, желөкпелік, т.б.) жетіп артылады. Бұл жәйт еңсемізді көтертпей, құлдық психологияның шырмауынан шығуға кесірін тигізіп – ақ келе жатқанын естен шығармауымыз қажет.
Қазапқ тхалқы сонау есте жоқ заманнан өзінің қадір – қасиеттерін қызғыштай қоғап, көздің қарашығындай сақтап, бұған шаң жуытпай, өз ұрпағын ауыздандарып келген ел. Сондықтан да қазіргі ұрпақ осынау ұлттық қасиеттерімізді ерекше қастерлеп, мақтан тұтып, жас өскіндер осы рухта тәрбиеленуге тиіс.
Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәрбиесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Халықтық  психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен  этнографиямен астарласа дамыған  этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады. Халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі имандылық пен адамгершілігінің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі. Әрине «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы», «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» дегендей, әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері болғандығы белгілі.
«...Өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады» Мағжан Жұмабаев

«Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ»


Ғабит Мүсірепов

«Ұлттың мақтанышы – жеке адам мен ұлт үшін бұзылмас заң. Кімде – кім өз ұятын құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса – ол адам сөзсіз арамза қаңғыбас»


Бауыржан Момышұлы
6. СЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Этнопсихология білімнің пәнаралық облысы ретінде

  1. Этнос туралы түсінік.

  2. Мәдениет психологиялық ұғым ретінде.




1

Лебон Г. «Психология народов и масс» Москва,1995.

Логинова Н.А. Жарикбаев К.Б. Аймаганбетова О.Х. «Этнопсихология» Алматы, 1998.

Муканов М.М. «Образ жизни и этнопсихологии интеллектуалной действильности» . Москва,1980.


2

Этнопсихологиялық зерттеу әдістері

  1. Этностық «Менді» зерттеуге бағытталған әдістер

  2. «Этностық стереотипті» зерттеуге арналған әдістемелерді таңдау




2

Лебон Г. «Психология народов и масс» Москва,1995.

3

Этнопсихологияның пайда болуы мен қалыптасуы



1.В.Вундт: халықтар психологиясы әлеуметтік-психологиялық білімнің бірінші формасы ретінде.

2.Д.И. Овсянико-Куликовскийдің этнопсихология дамуына қосқан үлесі



3

Логинова Н.А. Жарикбаев К.Б. Аймаганбетова О.Х. «Этнопсихология» Алматы, 1998.

4

Жалпыпсихологиялық білімді құруға салыстырмалы-мәдени тұрғы.


Жалпы психологиядағы алғашқы эмпирикалық зерттеулер.

Интеллект тестісі.




4

Муканов М.М. «Образ жизни и этнопсихологии интеллектуалной действильности» . Москва,1980.

5

ХХ ғасырдың басындағы қазақ ойшылдары мен қайраткерлерінің шығармаларындағы халықтық психология мәселелері





Ш.Құдайбердіұлы, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев шығармаларындағы этнопсихологиялық ой-пікірлер

Кеңестік Қазақстандағы этнопсихологияның дамуы



5

Лебон Г. «Психология народов и масс» Москва,1995.

6

Қазіргі заманғы шетелдік этноспихологияның негізгі бағыттары


М.Херсковицтің «мәдени релятивизм» теориясына қосқан үлесі

Ф.Хсю – психологиялық антропологияның негізін қалаушы

Этнопсихологиядағы мәдени орталықтандырылған тәсілдер.


6

Логинова Н.А. Жарикбаев К.Б. Аймаганбетова О.Х. «Этнопсихология» Алматы, 1998.

7

Әлемнің әртүрлі халықтарының ұлттық психологиялық ерекшеліктері

Солтүстік Америка халықтарының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері

Америка халқының қалыптасу тарихы

Американдықтардың ұлттық мінезінің белгілері

Американдық өмір сүру салты




7

Муканов М.М. «Образ жизни и этнопсихологии интеллектуалной действильности» . Москва,1980.

8

Азия халықтарының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері.

Ғаламның азия құрлығындағы халықтардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктері.

Қазақ, қытай, жапон, үнді халықтарының ұлттық мінезінің ерешеліктері, өмір сүру салты



8

Лебон Г. «Психология народов и масс» Москва,1995.

9

Мәдениаралық ерекшеліктердің психологиясы.


Даралық пен ұжымшылдық

Кінәні мойындау мен ар-ұят – әлеуметтік бақылаудың механизмдері ретінде

Конформдылық – топтағы индивидтің мінез-құлқын реттеуші ретінде


9

Логинова Н.А. Жарикбаев К.Б. Аймаганбетова О.Х. «Этнопсихология» Алматы, 1998.

10

Этностық ұқсастық

Этностық ұқсастықтың қалыптасу кезеңдері

Әлеуметтік контекстінің этностық ұқсастықтың қалыптасуына ықпалы

Этностық ұқсастықты қолдау стратегиясы


10

Муканов М.М. «Образ жизни и этнопсихологии интеллектуалной действильности» . Москва,1980.

11

Отбасы қарым-қатынасының этноспихологиясы

Отбасындағы қарым-қатынастың қалыптасу кезеңдері мен этнопсихологиялық ерекшеліктері

Отбасындағы кикілжіңдердің этнопсихологиялық ерекшеліктері




11

Лебон Г. «Психология народов и масс» Москва,1995.

12

Этностық кикілжіңдер

Этностық кикілжіңдердің мәні

Этностық кикілжіңдер пайда болуының объективті және субъективті механизмдері 


12

Логинова Н.А. Жарикбаев К.Б. Аймаганбетова О.Х. «Этнопсихология» Алматы, 1998.

13

Мәдениаралық байланыстар

1.Индивид және топтар үшін мәдениаралық байланыстардың мәні

2.Мәдениаралық өзара әрекетке дайындық

3.Мәдениаралық сензитивтілікті жетілдіру техникасы


13

Муканов М.М. «Образ жизни и этнопсихологии интеллектуалной действильности» . Москва,1980.

14

Этностық ұқсастық

Этностық ұқсастық

Маргинальды тұлға

Мәңгүрттік

Ұлттық нигилизм



14

Лебон Г. «Психология народов и масс» Москва,1995.

15

Этнопсихологиялық феномендердің пайда болуы мен қызметінің механизмдері





1.Этносаралық өзара әрекеттесу адамдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерінің көріну сферасы ретінде

2.Ұлт тұтастығының психологиялық ерекшеліктері



15

Логинова Н.А. Жарикбаев К.Б. Аймаганбетова О.Х. «Этнопсихология» Алматы, 1998.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет