Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет96/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   199
Байланысты:
pub2 167

Мақалада шикі сәбіз тортын зерттеу нәтижелері келтірілген. Торт-сәбіз шырынын өндіру 
кезінде алынған сәбізді өңдеу өнімі. Сәбіз тортын құрама жем өндірісінде қолдануға болады, тамақ 
өнімдеріне қосылады, диеталық қоспаларды, функционалды тағамдарды дайындау үшін 
қолданылады. Сәбіз тортының ерекше қасиеттері ондағы диеталық талшықтардың, дәрумендер 
мен минералдардың көп мөлшеріне байланысты. Сәбіз торты негізгі тағамдық қоректік 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
171 
заттардың құрамына зерттелді. Мақалада сары май өндірісінде тортты пайдалану да 
қарастырылады. Осы мақсатта торт кептіріліп, туралған түрде майға қосылады. Дайын сары 
майда химиялық құрамы, тағамдық талшықтардың құрамы зерттелді, органолептикалық 
көрсеткіштер анықталды. 
Түйін сөздер: сары май, күнжара, диеталық талшық, органолептика, физика-химиялық 
көрсеткіштер. 
 
THE USE OF VEGETABLE MEAL IN THE TECHNOLOGY OF PRODUCTION BUTTER 
F. Smolnikova, G. Naurzbayeva, M. Rebezov, E. Okushanova 
 
The article presents the results of a study of raw carrot cake. Cake is a product of carrot processing 
obtained in the production of carrot juice. Carrot cake can be used in the production of compound feeds, 
added to food products, used for the preparation of biologically active additives, functional food products. 
The special properties of carrot cake are due to the content of a significant amount of dietary fiber, vitamins 
and minerals. Carrot cake was tested for the content of the main food nutrients. The article also discusses 
the use of cake in the production of butter. For this purpose, the cake is dried and added to the butter in 
crushed form. In the finished butter, the chemical composition, the content of dietary fiber were studied, and 
organoleptic parameters were determined. 
Key words: butter, meal, dietary fiber, organoleptic, physical and chemical parameters. 
 
 
ҒТАХР: 68.39.15 
Ш.А. Абжанова
1
, И.А. Глотова
2
, М.К. Курманахынова
1
, Б.Ш. Джетписбаева
1
1
Алматы технологиялық университеті 
2
Воронежский государственный аграрный университет имени Императора Петра І 
ЕТТІ БАЛАПАН РАЦИОНЫНДА ЖҮЗІМ СЫҒЫНДЫСЫН ҚОЛДАНУ АЛҒЫШАРТТАРЫ 
 
Аңдатпа: Мақалада етті бағыттағы балапандар рационында жүзім сығындысының ұнын 
қолданудың экономикалық тиімділігіі мен құс етінің және одан жасалатын дайын өнімдердің сапасы 
мен қауіпсіздік көрсеткіштеріне әсер ету нәтижелері көрсетілген. Сонымен қатар жүзім 
сығындысының ұны биологиялық белсенді заттарға бай, сол себепті жаңа жемдік азық құстарды 
азықтандыруда биологиялық рационның құндылығын арттырады, екінші жағынан құрама жем 
құрамына кіретін кобальт, марганец, цинк тұздарының шығынын азайтады.Жүзім сығындысының 
ұнын азықтық мақсатта қолдана отырып 2 мәселені шешуге болатыны дәлелденген: біріншісі – 
қалдық өнімді еттік балапандарды азықтандыруда қолдана отырып экологияны сақтау; екіншісі – 
жүзім сығындысының пайдалы қасиеттерін пайдалана отырып балалар тамақтануына арналған 
таптырмас шикізат және қауіпсіз өнім алу. 
Түйін сөздер: Құс балапаны, рацион, жүзім сығындысы, құрама жем, антиоксидант.
 
МӘТІН. Ет өнімдерінің ішінде құс еті балалар тамақтануындағы жоғары сапалы ең 
маңызды өнімдердің бірі. Ет шикізатының арнайы балалар тамақтануында қолдану шарты – 
токсикологиялық және микробиологиялық көрсеткіштерінің қауіпсіз болуы.
Қазақстандық заманауи супермаркет сөрелерінде мектеп жасына дейінгі балалар 
тамақтануына арналған ет өнімдерінің ассортименті шектеулі. Көптеген ата-аналар балалар 
тамақтануында денсаулығына кері әсер ету мүмкін жалпыға ортақ ет өнімдерін қолдана 
береді. Жалпыға ортақ ет өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне, микробиологиялық және 
токсикологиялық 
көрсеткіштеріне 
қойылатын 
талаптар 
балалар 
тамақтануында 
қолданылатын талаптарға мүлдем сәйкес келмейді. Сондықтан балалар тамақтануында 
қолданылатын ет өнімдерінің ассортиментін кеңейту өзекті мәселе болып табылады.
Құс етінің бұлшықеттері минералдардың жоғары мөлшерімен ерекшеленеді, олардың 
құрамына биологиялық белсенді және етке белгілі бір диеталық және емдік қасиет беретін 
әртүрлі макро- және микроэлементтер кіреді. Сондықтан құс етінен дайындалатын тағамдық 
өнімдерді балалар тамақтануында қолданған жөн. Минералдардың құрамы мен қатынасы 
құстардың түріне, жасына, жынысына және жемдеу кезіндегі рацион құрамына байланысты. 
Құс еті құрамындағы минералды заттар құс ағзасына жеммен беріледі, сондықтан 
теңдестірілген рацион мен әр түрлі байытылған құрама жемдермен бордақылау арқылы ет 
құрамын байытып, қауіпсіздігі мен сапасына әсер етіп жоғары сапалы балалар тамақтануына 
арналған ет шикізаты мен ет өнімдерін алу мәселесін шешуге болады. 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
172 
Етті бағыттағы балапандар рационында жүзім сығындысының ұнын қолдану тек 
экономикалық жағынан ғана емес, құс етінің және одан жасалатын дайын өнімдердің сапасы 
мен қауіпсіздік көрсеткіштеріне оңтайлы әсер етеді. Себебі шарап өндірісінің қалдық өнімі 
негізінен балғын күйінде мал азықтандыруда қолданылады. Балғын жүзім сығындысының 
құрамындағы 1кг құрғақ затында 500-524мг темір, 31,4-31,7мг мыс, 65,5-69,5мг марганец, 
0,15-0,9мг кобальт және 24-41мг мырыш бар [1]. Сонымен қатар жүзім сығындысының ұны 
биологиялық белсенді заттарға бай, сол себепті жаңа жемдік азық құстарды азықтандыруда 
биологиялық рационның құндылығын арттырады, екінші жағынан құрама жем құрамына 
кіретін кобальт, марганец, цинк тұздарының шығынын азайтады [2]. Антиоксиданттық 
қасиеттерінен басқа, жүзім тұқымының антипролиферативті және антибактериалды 
қасиеттері бар.Жүзім сығындысын азықтық мақсатқа пайдаланудың ең жақсы тәсілі кептіру 
агрегатында ұнға қайта өңдеу болып табылады [3-11]. Дұрыс дайындалған ұнның түсі ашық – 
қоңыр, жағымды иісті, ылғалдылығы 9-11%, ұзақ уақытқа сақтауға болады. Оның құрамында 
шикі протеин 9,4–13%, қорытылатын протеин 5,64-7,41, клетчатка15-16,6, май 3,4-5,2, АЭЗ 
52,8-53,3, шикі күл 4,3-6,7, кальций 0,30-0,54, фосфор 0,19-0,21, калий 1,15-1,45 % дейін [12]. 
Кесте 1 – Өсімдік шаруашылығы жанама өнімдерінің химиялық құрамы 
Көрсеткіштер 
Жүзімсығындысыныңжем
дікұны 
Жүгері 
тұқым-дықбүршігі 
глютені 
Шикіпротеин, % 
9,82 
14,74 
61,76 
Шикімай, % 
2,12 
3,84 
2,78 
Шикіклетчатка, % 
17,80 
7,82 
7,02 
Шикікүл, % 
4,9 
5,0 
3,2 
Жалпықантмөлшері, % 
26,40 
4,10 
5,02 
Алмасуқуаты, МДж/кг 
9,30 
9,78 
11,74 
1-ші кесте мәліметтері бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеудегі жанама 
өнімі – жүзім сығындысының ұнында құрама жем шикізаттарының жемдік құндылығын 
арттыратын ақуыз – 9,82% мөлшерде,ал жүгері глютенінде – 61,76% мөлшерде сақталады. 
Клетчатка мөлшері жүзім сығындысында көп – 17,8% сақталатыны көрініп тұр [1]. 
Кесте 2 – Өсімдік шаруашылығы жанама өнімдерінің аминқышқылдық құрамы, г/кг 
Аминқышқылдары 
Дәндідақылдар 
Жүзімсығындысының 
жемдікқұны 
Жүгері 
бидай 
жүгері 
тұқымдық бүршігі 
глютені 
лизин 
3,0 
2,4 
3,7 
5,2 
6,0 
метионин 
1,6 
1,6 
0,61 
2,3 
4,2 
триптофан 
1,5 
0,6 
6,82 
2,0 
0,9 
Аргинин 
5,5 
3,6 
4,8 
8,1 
1,0 
треонин 
3,0 
2,7 
6,4 
4,0 
8,3 
гистидин 
1,9 
2,4 
2,0 
2,9 
1,7 
изолейцин 
3,6 
3,5 
2,8 
3,6 
2,0 
фенилаланин 
5,1 
4,5 
3,9 
5,4 
2,6 
цистин 
1,7 
1,7 
0,63 
1,9 
5,2 
Дәнді дақылдар: бидай мен жүгерінің құрамындағы аминқышқылдарының мөлшері 
анықтама кітаптарынан алынды [13-14]. 2 – кесте көрсеткіштері бойынша жүзім 
сығындысының ұны лизинді бидайдан 1,2 ал жүгеріден 1,5 есе көп, ал триптофанды жүзім 
сығындысы бидайдан 4,5 есе, жүгеріден 11,3 есе, треонинді сақтауы бойынша жүзім 
сығындысының ұны бидайдан 2,1, жүгеріден 2,3 есе жоғары. Жүзім сығындысының ұны 
сонымен қатар минералды заттар мен биологиялық белсенді заттарға бай (сурет-2). 
Сурет 2 – Өсімдік шаруашылығы жанама өнімдерініңминералдық құрамы, г/кг 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
173 
2 сурет нәтижесі жүзім сығындысында кальций мөлшері бидайға қарағанда 1,8 есе, 
жүгеріге қарағанда 4 есе көп екендігі көрсетілген.Жүзім сығындысының ұнын құрама жем 
ретінде ет бағытындағы балапандар азығында қолданудың зоотехникалық тиімділігін 
анықтау үшін Алматы қаласындағы «Алатау–құс» құс фабрикасында ғылыми–шаруашылық 
тәжірибелері жүргізілді. Тәжірибе жүргізу үшін ИЗА – Гибро ПГ кроссының етті 
бағытындағыбалапандарынан 40 бастан тұратын 3 топ (1топ-бақылау және 2топ–тәжірибе) 
құрылды.Балапандарды өсіру жағдайы зоотехникалық нормаға сәйкес келді және бірдей 
болды, бірінші топ бақылау тобы және теңестірілген жүзім сығындысы енгізілмеген 
толықрационды құрама жеммен азықтандырылған болатын. Екінші топқа құрама жем 
құрамындағы жүгерінің орнына 5% жүзім сығындысы енгізіліп, үшінші топқа құрама жем 
құрамындағы жүгерінің орнына 10% жүзім сығындысы енгізілген. Ет бағытындағы 
балапандарға арналған құрама жемнің бақылау рецептурасының құрамы төмендегі кестеде 
берілген (кесте-3). 
3 кесте – Ет бағытындағы балапандарға арналған құрама жемнің рецепурасы 
Құрауыштар 
Толық рационды құрама жем 
Бақылау 
1тәжірибе 
2 тәжірибе 
Жемдік жүгері 
31,0 
26,0 
21,0 
Жемдік бидай 
14,0 
14,0 
14,0 
Жүзім сығындысы 

5,0 
10,0 
Қытайбұршақ шроты 
34,0 
34,0 
34,0 
Балық ұны 
8,0 
8,0 
8,0 
Еттісүйек ұны 
7,0 
7,0 
7,0 
Монокальций фосфаты 
1,55 
1,55 
1,55 
Өсімдік майы 
3,0 
3,0 
3,0 
Ракушка ұны 
0,50 
0,50 
0,50 
Метионин 
0,17 
0,17 
0,17 
Ас тұзы 
0,22 
0,22 
0,22 
Флавомицин 
0,04 
0,04 
0,04 
Юмамицин 
0,05 
0,05 
0,05 
Роксазим С – 2 
0,02 
0,02 
0,02 
Холин – хлорид 
0,06 
0,06 
0,06 
Биотроник 
0,10 
0,10 
0,10 
Микофикс 
0,10 
0,10 
0,10 
Премикс вит.Бленд 0,02% 
0,04 
0,04 
0,04 
Премикс мин.0,1% 
0,15 
0,15 
0,15 
Барлығы, % 
100,0 
100,0 
100,0 
100г жемдегі алмасу қуаты, Ккал 
303 
298 
292 
Шикі протеин, % 
25,3 
25,66 
25,67 
Шикі май, % 
4,26 
4,95 
5,61 
Шикі клетчатка,% 
6,15 
5,25 
4,36 
Ca, % 
1,55 
1,6 
1,65 
P, % 
1,04 
1,35 
1,62 
Лизин,% 
0,69 
0,72 
0,72 
Берілген мәліметтен көріп отырғандай жүзім сығындысы А, С дәрумендеріне, сонымен 
қатар Е дәруменіне бай екендігін көрсетілген. Бұл мәліметтер жүзім сығындысының ұнын 
құрама жемге енгізу оның дәрумендік құрамын жақсартатынын көрсетіп тұр, ал 
дәрумендерге бай құрама жеммен азықтандырылған еттік бағыттағы балапандар балалар 
тамақтануына қолдануға болатын таптырмас шикізат көзі және сапалы әрі қауіпсіз өнім 
кепілі. Балапандар торларда су мен құрама жемге еркін жететіндей сақталып, микроклимат – 
температуралық және жарықтық режимдер, балапандарды клеткаға отырғызу тығыздығы, 
азықтандыру – ұсынылған парметрлерге сай талап нормалары толық орындалған.
4 кесте – Жүзім сығындысының ұнымен балапандарды азықтандыру тәжірибесінің 
нәтижесі
Көрсеткіштер 
Топтар 
Бақылау 
1-ші тәжірибе 
2-ші тәжірибе 
Тұқым басының сақталуы,% 
97,2 
98,2 
98,0 
Балапандардың тірі салмағы:
Тәжірибе басындағы, г
42,75 
42,25 
43,0 
Балапандардың тірі салмағы: 39 күннен кейінгі, г 
2034 
2081 
2019 
Тірі салмақтың орташа тәуліктік өсімі, г 
51,05 
52,27 
50,6 
1 кг тірі салмақтың өсіміне кеткен жем шығыны, кг 
1,87 
1,79 
1,83 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
174 
Тәжірибе нәтижелері балапандарды өсірудің соңында (39 күннен кейін) бақылау 
тобының балапандарының тірі салмағы 2034г, екінші топта 5% жүзім сығындысы ұны 
қосылған 1-ші тәжірибелік топ 2081 г болды немесе бақылаумен салыстырғанда 2,3% артық, 
10% жүзім сығындысы ұны қосылған үшінші топта 2019 г немесе бақылаумен салыстырғанда 
0,8 % төмен болды. 
Құрама жем құрамында жүзім сығындысын қолдану екінші топтағы балапандардың 1кг 
тірі салмағының өсіміне кеткен жем шығынын 4,3% (1,79 кг) төмендетті. Үшінші топтағы 
балапандардың 1кг тірі салмағының өсіміне кеткен жем шығыны бақылаумен салыстырғанда 
2,2% (1,79 кг) төмен болды. Барлық топтарда да балапан басының сақталуы жоғары 97,2 – 
98,2% деңгейінде болды. 
Зерттеу нәтижелері жүзім сығындысының ұнын жемдік жүгері есебінен құрама жем 
құрамында 5% енгізу олардың өнімділігі мен басының сақталуына кері әсерін тигізбейтінін 
көрсетті.
Құрамына жүзім сығындысының ұны қосылған құрама жем азықтың уытты әсерін 
зарарсыздандыру компонентінің арқасында құс ағзасына азықпен түскен микотоксиндердің 
уытты әсерін әлсіретеді.
Сондықтан жүзім сығындысының ұнын азықтық мақсатта қолдана отырып 2 мәселені 
шешуге болады: біріншісі – қалдық өнімді еттік балапандарды азықтандыруда қолдана 
отырып экологияны сақтау; екіншісі – жүзім сығындысының пайдалы қасиеттерін пайдалана 
отырып балалар тамақтануына арналған таптырмас шикізат және қауіпсіз өнім алу. 
Әдебиеттер 
1. 
Батырбаева Н.Б. Өсімдік шаруашылығының жанама өнімдерінтиімді пайдалану негізінде құрама 
жем технологиясын жасау: (PhD) философия докторыдиссертациясы. АТУ, Алматы. − 2015, 14, − 54-
58, − 102 бет; 
2. 
Шуманский А.В. Обоснование рационального использования яблочных, виноградных и томатных 
выжимок в кормлении кур мясных и яичных кроссов: автореф. ... докт.с – х.наук. – Сергиев Посад, 
1994. – С.44-64. 
3. 
Батькова И.А., Макарова Н.В., Яшина И.А., Новикова М.Н., Смирнова Н.В. Получение экстрактов 
выжимок и семян винограда с антиоксидантным действием // Виноделие и Виноградство.– 2014. – 
№1.– С. 33-35. 
4. 
Стеле Р. Срок годности пищевых продуктов: Расчет и испытание. -Спб.: Профессия, 2008. – 480с. 
5. 
Selani M.M. Wine industry residues extracts as natural antioxidants in raw and cooked chicken meat 
during frozen storage// Meat Sci.–2011. – Vol. 88,№ 3.– P.397 – 403. 
6. 
Lutterodt H. Fatty acid composition oxidative stability, antioxidant and antiproliferative properties of 
selected cold – pressed grape seed oils and flours // Food Chem.–2011. – Vol. 128,№ 2. – P. 391-399. 
7. 
Baydar N.G. Determination of antibacterial effects and total phenolic contents of grape (Vitisvinifera L.) 
seed extracts // Int. J. Food Sci. and Technol. – 2006. – Vol. 41, № 7. – P. 799-804. 
8. 
JuZhi, Y. Subcritical water extraction of anthocyanins and other phenolics from dried red grape skin // 
Food Sci. – 2005. – Vol. 70, № 4. – P. 270-276. 
9. 
Garcia – Marino, M. Recovery of catechins and proanthocyanidins from winery by products using 
subcritical water extraction //Anal. chim. acta. - 2005. - Vol. 563, № 1 – 2. - P. 44-50. 
10. Floris T. Antoxidant compounds recovery from grape residues by a supercritical antisolvent assisted 
process //Fluids. – 2010. – Vol. 54, № 2. – P. 165-170. 
11. Spigno G., Tramelli L., De Faveri D. M. Effects of extraction time, temperature and solvent on 
concentration and antioxidant activity of grape marc phenolics / //J.Food Eng. – 2007. – Vol. 81, №4. – P. 
200-208. 
12. Прангишвили В., Джапаридзе Г., Квирикашвили Д. Экономическая эффективность производства 
витаминной муки из вегетативных отходов виноградной лозы //Труды Всесоюзного НИИ комбикормов. 
- Воронеж, 1979. – 232 с.
13. Шепелев А.Ф., Печенежская И.А. Товароведение и экспертиза зерномучных товаров: Учебное 
пособие. – М.: ИЦК «МарТ»;Ростов – на – Дону: 2004. – 128с.
14. Петрухин И.В. Корма и кормовые добавки: Справочник. – М.: Росагропромиздат.1989. – 155с. 
ПРЕИМУЩЕСТВА ЭКСТРАКТА ВИНОГРАДА В РАЦИОНЕ МЯСНОГО ЦЫПЛЕНКА 
Ш.А. Абжанова, И.А. Глотова, М.К. Курманахынова, Б.Ш. Джетписбаева 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет