Аңдатпа: Бұл мақалада Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы «Қуат» шаруа қожалығында
өсірілетін жергілікті қазақтың құйрықты қылшық жүнді саулықтарын гемпшир тұқымды
ISSN 1607-2774
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020
282
қошқарларының ұрығымен ұрықтандыру жұмысының нәтижесінде алынған еркек қозыларының ет
өңімділігі көрсетілген.
Бақылау тобы төлдерінің ұшадағы жұмсақ еттің салмағы 10,55 кг болып, оның шығымы
ұша салмағының 74,3 пайызын құрады. Сүйектер салмағы 3,65 болып, шығымы 25,7% болды. Ал
тәжірибе тобы төлдерінің ұшада жұмсақ ет 77,5%, сүйектер шығымы 22,5% құрады.Қойдың
еттілік дәрежесін сипаттайтын, яғни жұмсақ етпен сүйектер қатынасымен анықталатын
еттілік коэффициенті қозылардың ұшасында жоғары дәрежеде (2,9 және 3,4) болды.
Түйін сөздер: тұқым, будан, ет өнімділігі, еттілік коэффициенті, ұша,селекция.
Қазіргі уақытта қой етінің бағасының көтерілуі мен нарық сұранысына байланысты,
құйрықты қойлардың маңызы, олардың республика бойынша кең таралуы күннен-күнге
артып отыр. Осыған орай, Қазақстанның шығыс бөлігінде де қой өсіретін көптеген
шаруашылықтар қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы тұқымын асылдандыру
жұмыстарымен айналысу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Құйрықты қылшық жүнді қойлар, көптеген ғасырлар бойы табиғи сұрыпталудан өтіп
және халық селекциясының нәтижесінде өзіндік бірқатар ерекшеліктерімен көпке белгілі.
Олар
өзінің
мықты
конституциясымен,
әр
түрлі
экологиялық
жағдайларға
тез
бейімділгіштіктерімен және табиғи қуаң жайылымдық жерлерді жыл бойына жақсы
пайдалана алатындығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, бұл қой тұқымдары өте жоғары
деңгейдегі ет-май өнімділіктерімен және табиғаттың қатал да қиын кезеңдерінің өзінде
жылдам өсіп-жетілгіштіктерімен ерекше.
Етті-майлы бағыттағы қойды өсірудегі негізгі мақсат өзіндік құны төмен ұша
салмағымен туылған жылы сойғанда 16-18 кг кем емес жас қой етін өндіру болып табылады.
Сондықтан етті–майлы қой шаруашылығында селекция қозылардың тез жетілгіштігіне
және табиғи жайылым жағдайында жайылғыштық қасиетін, яғни малдардың етті–майлы
қасиетін жоғарылатуға бағытталуы
тиіс [1-2].
Тұқым жақсарту үрдісінде қой малдарының өнімділік сапасын жақсартуына көп назар
аударады. Осы сәйкес, 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы «Қуат» шаруа
қожалығында өсірілетін жергілікті қазақтың құйрықты қылшық жүнді саулықтарын гемпшир
тұқымды қошқарларының ұрығымен ұрықтандыру жұмысы атқарылды.
Зерттеу материалы ретінде осы шаруашылықта етті-майлы бағытында өсірілетін
қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой малдары мен етті-жүнді гемпшир тұқымды
қошқарларының ұрығың пайдалана отырып, ұрпақ алынды. Осы мақалада алынған
төлдердің ет өңімділігі көрсетілген.
Зерттеу екі топ арқылы жүргізілді. Бақылау және тәжірибелік топ. Бақылау тобына
жергілікті қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойларының еркек ұрпақтары, тәжірибелік топқа
гемпшир қошқарлары мен жергілікті қазақтың құйрықты қылшық жүнді саулықтарынан еркек
будандары алынды.
Етті-майлы бағыттағы қойларды өсірудегі негізгі міндет жоғары сапалы қозы етін
өндіру болып табылады.
Сондықтан жайылым жағдайындағы 4-4,5 айлық еркек қозылардың сойыс
көрсеткіштері зерттеуге алынды (кесте 1).
Кесте 1 − 4-4,5 айлық еркек қозылардың сойыс көрсеткіштері (n= 3 бас)
Топ
Сояр алдындағы тірі
салмақ,кг
Сойыс салмағы,
кг
Сойыс шығымы,
%
Ұша салмағы,
кг
Ұша шығымы,
%
Бақылау
33,5
16,2
48,4
15,7
46,8
Тәжірибелік
38,2
20,5
53,6
19,6
50,9
Құрамына кіретін бұлшық еттің және майдың тағамдық маңыздылығы жоғары
болғандықтан ұша сойыс өнімінің ең құнды бөлігі болып саналады. Қозыларды сою кезінде
салмағы ауыр, І дәрежелі қоңдылығы орташа (70%) және жоғары (30%) ұшалар (құйрықпен)
алынды. Ұша шығымы сояр алдындағы тірі салмақтаң 46,8% болып ет өнеркәсібінің
қоңдылығы жоғары қойларға қойылатын талап мөлшерінен (41,3%) едәуір артық болды.
Қозының ішкі мүлшелерінде 0,44 кг салмақта іш май шырланды, оның шығымы небәрі 1,2%
болып ет өндірісіндегі мөлшерлі талаптан (2%) 0,8 бірілікке төмен болды.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бақылау тобында сойыс шығымы 48,4% болса,
тәжірибелік топта бұл біршама жоғары, яғни, 53,6% тең болды. Бұл көрсеткіш те малдың тірі
салмағына тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
ISSN 1607-2774
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020
283
Малдардың ет өнімділігін бағалауда сойыс салмағымен, сойыс шығымының дәрежесі
маңызды көрсеткіштері болып табылады. Ішкі мүшелерінде майдың жиналуына байланысты
сойыс шығымы ұшаның шығымымен салыстырғанда жоғары болып 50,2 пайызды құрады.
Көптеген жағдайда қойдың еттілігін бағалау оның қоңдылығын, тірілей салмағын
сойыс салмағымен, сойыс шығымын анықтаумен шектеледі. Бірақта жекеленген ұшалардың
өсу қарқыны біркелкі болмайтыны белгілі, сондықтан қойдың ет өнімділігін зерттегенде,
ұшаның морфологиялық құрамын бағалау қажет. Ұшаның сапасы белгілі бір мөлшерде оның
морфологиялық құрамымен анықталады (2 кесте).
Кесте 2 − Қозылардың ұшасының морфологиялық құрамы
Көрсеткіштер
Топ
Бақылау
Тәжірибе
құйрықсыз ұшаның салмағы, кг
14,2
19,6
оның ішінде ет
кг
10,55
15,19
%
74,3
77,5
оның ішінде сүйектер
кг
3,65
4,41
%
25,7
22,5
еттілік коэффициенті
2,9
3,4
Бақылау тобы төлдерінің ұшадағы тағамдық тұрғыдан құндылығы жоғары болып
саналатын жұмсақ еттің салмағы 10,55 кг болып, оның шығымы ұша салмағының 74,3
пайызын құрады. Сүйектер мен сіңірлердің салмағы 3,65 кг болып, шығымы 25,7% болды. Ал
тәжірибе тобы төлдерінің ұшада жұмсақ ет 77,5%, сүйектер шығымы 22,5% болса, 4,41 кг
құрады.
Зерттелеу нәтижесінде біз мынадай тұжырымға келдік, қойдың еттілік дәрежесін
сипаттайтын, яғни жұмсақ етпен сүйектер қатынасымен анықталатын еттілік коэффициенті
қозылардың ұшасында жоғары дәрежеде (2,9 және 3,4) болды.
Әдебиеттер
1. Ерохин, А.И. Разведение овец и коз / Москва, ООО Издательство «Астрель», 2017, − 317 с.
2. Сабденов, Қ. Қой шаруашылығының технологиясы / Қ.Сабденов, М.Абдуллаев, Б.Құлатаев. –
Астана, 2008. – 295 б.
МЯСНАЯ ПРОДУКТИВНОСТЬ ЧИСТОПОРОДНЫХ И ПОМЕСНЫХ БАРАНЧИКОВ
Е.М. Куанбаев, К.Х. Нуржанова
Достарыңызбен бөлісу: |