Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет162/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   199
Байланысты:
pub2 167

В 
данной 
статье 
рассмотрены результаты 
исследования 
по экстерьеру 
телят-
трансплантантов, полученных по методам трансплантации эмбриона в товариществе с 
ограниченной ответственностью «Победа». Для сравнительного проведения исследовательских 
работ получили две группы (опытные и контрольные). В опытную группу входили телята-


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
300 
трансплантаты, в контрольную группу телята полученные путем искусственного осеменения. Для 
проведения сравнительного исследования были взяты промеры тела и вычислены индексы 
телосложеия контрольных и опытных групп. 
Ключевые слова: экстерьер, индексы, промеры, трансплантант. 
RESULTS OF EVALUATION OF VACCINATIONS OF BORN CALVES ON THE EXTERIOR OF LLP "POBEDA"
B. Аteikhan, N. Kazhigaliev, Т. Bekseitov, N. Кainidenov
This article discusses the results of external evaluation of graft calves obtained using embryo 
transplantation technology in Pobeda LLP. Two groups (experimental and control) were used for comparative 
research. The experimental group included transplanted calves, and the control group included calves obtained by 
artificial insemination. The body size and personal characteristics of the control and experimental groups were 
compared for the study. 
Key words: exterior, indexes, measurements, graft. 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
301 
ВЕТЕРИНАРИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ 
ВЕТЕРИНАРНЫЕ НАУКИ 
ҒТАХР: 68.39.18 
А.Р. Қожаева, Б.Е. Нургалиев 
«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті» КеАҚ 
БУТОФАН ЖӘНЕ НУКЛЕОПЕПТИД БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРЫ 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН БҰЗАУ ҚАНЫНЫҢ МОРФОБИОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ 
Аңдатпа: Мақалада бұзау қанының морфобиохимиялық көрсеткіштерінің нәтижелері 
берілген. Бұзау қаны мойын көктамыры арқылы алынды. Зерттеу жұмысы кезінде бұзаулар үш 
топқа бөлініп, тәжірибелік бірінші және екінші топтағы бұзауларға Бутофан және Нуклеопептид 
биологиялық белсенді заттары егілді, ал үшінші бақылаушы топ қызметін атқарды. Алынған қан 
сынамалары Stat Fax 4500 биохимиялық анализаторы арқылы тексерілді. Жалпы ақуыз, фосфор, 
кальций, магний, глюкоза, несепнәр, альбумин, холестерин және темір белсенділігі бағаланды. 
Зерттеу барысында бұзаулардың зерттеу алдындағы және зерттеуден кейінгі тірі салмағы
абсолютті және орташа тәуліктік өсу қарқыны анықталды. Сандық мәліметтер, тәжірибе 
кезінде вариациондық статистика әдісіне сүйене отырып, компютерлік Microsoft Excel 
бағдарламасымен жүргізілді. Бұзаулар жақсы азықтандырылды және белсенді болды.Зерттеу 
барысында бұзауларда физиологиялық ауытқулар болмады 
Түйін сөздер: биологиялық белсенді заттар, морфология, рацион, биохимия, дәрумендер. 
Кіріспе. Соңғы жылдары мүйізді ірі қара төлдерін қарқынды өсіру кезінде пайдалы 
тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде антибиотиктер орнына көптеген биологиялық 
белсенді заттар қолданылу үстінде. Биологиялық белсенді препараттар асқазан-ішек 
жұмысын қалыпқа келтіріп, жануарлардың ағзасының төзімділігін арттырып және де қоректік 
заттардың сіңуін жақсартады. Бұл метаболиттік процестердің қарқындылығына тікелей 
байланысты. Бұзаулардың өсу қарқынын тежейтін бірден бір себеп ол - теңгерімсіз тамақ 
рационы, стресс факторлар, иммунды-депроссорлы әртүрлі антибиотиктер мен екпелер 
болып табылады. Сәйкесінше, биологиялық белсенді препараттарды пайдаланғанда оның 
қолданылу аясына аса мән берген жөн [1,2]. 
Зерттеуге "Нита-Фарм" компаниясының Бутофан және «Экохимтех» компаниясының 
Нулеопептид биологиялық белсенді препараттары қолданылды. Бұл препараттар ауыл 
шаруашылық малдарын қарқынды өсіріп, жануарлардың иммунитеті мен зат алмасу жүйесін 
жақсартуға көмектеседі. 
Бутофан – кешендік жалпы жағдайды жақсартып, сергітетін дәрілік препарат болып 
табылады. Ол метаболитикалық және регенеративті қалпына келтіріп, сыртқы қолайсыз 
ортаға 
төзімділікті 
арттырып, 
ақуыз, 
көмірсу 
және 
май 
алмасуына 
оң 
әсерін 
тигізеді.Жануарлар төлдерінің өсіп дамуына ықпал етеді. 
Препарат құрамына кіретін бутофосфан бауыр жұмысын жақсартуға, АДФ-ты АТФ-ке 
айналдыруға, бұлшықет қозғалысың белсенділігін арттырып, сүйек тінінің түзілуіне ықпал 
жасайды. 
В12 дәрумені (цианокобаламин) – гемопоэз, нуклеин қышқылдарының синтезі 
процестерін белсендіреді, сонымен қатар лимфоциттер-супрессорлар деңгейін қалпына 
келтіреді. Препарат метионин синтезіне қатысады, гликогеннің пайда болуына ықпал етеді
дезоксирибоза мен ДНҚ синтезін қалыптастыру үшін қажетті энергия қорларымен 
қамтамасыз етеді [3]. 
Нуклеопептид – мүйізді ірі қара көкбауырының сығындысынан алынған экстракт. 
Биологиялық белсенді препарат құрамына пептидтер, нукдеооздар, жалпы нуклеотидтер 
және басқа да биологиялық белсенді заттар кіреді. Нуклеопептид гормондармен иммундық 
жүйелердің жұмысын қалыпқа келтіріп, жануарлардың өсуі мен дамуын белсендіріп, ағзаның 
резистенттілік қасиетін ұлғайтады [4]. 
Зерттеу жұмысының мақсаты. Бутофан және Нуклеопептид биологиялық белсенді 
препаратының бұзаудың морфобиохимиялық көрсеткіштеріне әсерін анықтау. 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
302 
Зерттеу материалдары мен әдістері. Бұзауды морфобиохимиялық зерттеу 
жұмыстары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «Ибрагим» шаруа қожалығында 
жүргізілді. Жұмысымыздың тәжірибе бөлімі Республикалық ветеринарлық зертхана БҚО 
филиалында бұзау қан сынамаларына жүргізілді. 
Зерттеу нәтижесі. Бутофан және Нуклеопетид биологиялық белсенді заттарының 
қолдану арқылы бұзауларға жүргізілген тәжірибе көрсетілген. 
Тәжірибе барысында бұзаулардың зерттеу алдындағы және зерттеуден кейінгі тірі 
салмағы, абсолютті және орташа тәуліктік өсу қарқыны анықталды. 
Биохимиялық және морфологиялық зерттеулерге арналған қан таңертең тамақтанар 
алдында 10 бастан мойын көктамырнан алынды. Биохимиялық зерттеуге қан сарысуын, ал 
морфологиялық зерттеуге жалпы қан алынды. 
Биохимиялық көрсеткіштерді зерттеу заманауи биохимиялық анализатор Stat Fax 4500 
көмегімен жүргізілді. Жалпы ақуыз, фосфор, кальций, магний, глюкоза, несепнәр, альбумин, 
холестерин және темір белсенділігі бағаланды. Сандық мәліметтер, тәжірибе кезінде 
вариациондық 
статистика 
әдісіне 
сүйене 
отырып, 
компютерлік 
Microsoft 
Excel 
бағдарламасымен жүргізілді. 
Зерттеу нәтижелері және талқылау. Зерттеу барысында тәжірибелік және 
бақылаушы топ бұзауларының күнделікті азықтандыру сызбасы 1 кестеде көрсетілген. 
Кесте 1 – Зерттеу тәжірибесінің сызбасы 
Топ 

Азықтандыру шарттары 
Бақылау 
10 
Жалпы рацион
1 тәжірибе
10 
Жалпы рацион + Бутофан 10 см
3
кг, 3 күн 
2 тәжірибе 
10 
Жалпы рацион + Нуклеопептид 0,2 мл/кг, 3 күн
Кесте 2 – Бутофан және Нуклеопептид биологиялық белсенді заттарын пайдалану 
кезіндегі бұзаулардың өсу және даму көрсеткіштері 
Көрсеткіштер 
Топтар 
Бақылау 
1 тәжірибе 
2 тәжірибе 
Тірі салмағы, кг 
Зерттеу алдында 
43,1 
42,8 
43,4 
Зерттеу соңында 
82,80 
87,2 
86,02 
Асболютті 
41,30 
44,80 
44,70 
Орташа 
683,7 
756,9 
741,6 
2 кесте нәтижесіне сәйкес тәжірибелік топтардағы бұзаулар тірі салмағының 
көрсеткіштері Бутофан және Нуклеопептид биологиялық белсенді заттарының бұзаудың зат 
алмасу процестерінің жақсаруынмен өсу қарқындылығына оң әсерін тигізетініне көре 
аламыз. Нәтижелерді талқылай кететін болсақ, бақылау тобында – 82,80 кг, 1 тәжірибелік 
топта – 87,2 және 2 тәжірибелік топта – 86,02 кг. Тәжірибелік топтардағы орташа тәуліктік 
өсім жоғары болғаны байқалды. 
Кесте 3 – Бұзау қанының биохимиялық көрсеткіштері (n=10) 
Көрсеткіштер 
Тәжірибелік топ 
Бақылау тобы 
І топ 
ІІ топ 
Жалпы белок, г/л 
72,6 
64,0 
58,9 
Фосфор, мМ/л 
1,9 
1,7 
1,2 
Кальций, мМ/л 
0,3 
2,2 
1.7 
Магний, мМ/л 
0,9 
1,0 
0,9 
Глюкоза, мМ/л 
2,6 
2,8 
2,4 
Несепнәр, 
мМ/л 
6,5 
5,7 
4,1 
Альбумин, г/л 
45,1 
46,6 
28 
Холестерин мг% 
4,9 
1,8 
5,7 
Темір, мкМ/л 
35,2 
37,3 
29,6 
3 кестеде көрсетілгендей бірінші тәжірибе топ бұзауларына «Бутофан» және екінші 
тәжірибе топ «Нуклеопептид» биологиялық белсенді заты егілген бұзаулар тобынан қан 
алынды, ал үшінші топ күнделікті азықпен қоспасыз азықтандырған бұзаулар тобынан қан 
алынып, биохимиялық көрсеткіштерін анықтау жүргізілді. Зерттеу нәтижесі барысында
белсенді заттар қолданған бұзаулардың қанынан айтарлықтай өзгешелік көріп отырмыз. 
Яғни, қанының құрамындағы көрсеткіштері жоғары көрсеткішке ие. Биологиялық белсенді 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
303 
заттарды қолдану арқылы бұзау ағзасында микро-макроэлеметтердің жетіспеуі және 
кальцидің мөлшерінің азаюының, сонымен қатар түрлі дәрумендер жетіспеуінің алдын алуға 
болады. 
Қорытынды 
Зерттеу нәтижесі бойынша Бутофан және Нуклеопептид биологиялық белсенді 
заттары бұзау қанының биохимиялық және морфологиялық көрсеткіштеріне оң әсер ететіне 
көз жеткізіп отырмыз. Бұзаулардың тірі салмағының абсолютті және орташа тәуліктік өсуіне 
ықпал жасады. Сонымен қатар, биологиялық белсенді заттар бұзау қанының биохимиялық 
көрсеткіштерін (жалпы ақуыз, фосфор, кальций, магний, глюкоза, несепнәр, альбумин, 
холестерин, темір) айтарлықтай жақсартты. 
Әдебиеттер
1. Киpиллoв, Н.К. Peaлизaция aдaптивнoгo и биoлoгичecкoгo пoтeнциaлa кpyпнoгo poгaтoгo cкoтa в 
ycлoвиях paзных тeхнoлoгий пpи пpимeнeнии биocтимyлятopoв /Н.К. Киpиллoв, В.Г. Ceмeнoв, A.A. 
Apyтюнян, Л.A. Кoнcтaнтинoвa //Вeтepинapный вpaч (нayчнo-пpoизвoдствeнный жypнaл). – Кaзaнь, 
2007. – Cпeц выпycк. – C.44-47 
2. Никитчeнкo, В. E. Oцeнкa мoлoднякa кpyпнoгo poгaтoгo cкoтa мяcнoгo нaпpaвлeния пpoдуктивнocти 
/ В.E. Никитчeнкo, Д.В. Никитчeнкo, Р.Р. Гуpинa, И.В. Сyсь // Мяcнaя индycтpия. – 2014. – № 2 
(фeвpaль). – C. 55-58. 
3. Лeкapcтвeнныe cpeдcтвa для вeтepинapии : cпpaвoчник. – Cтaвpoпoль : CПГУ, 2018. – 292 c. – 
Тeкcт: 
элeктpoнный 
// 
Лaнь 

элeктрoннo-библиoтeчнaя 
cиcтeма. 
– 
URL: 
https://e.lanbook.com/book/110535 
4. Иcxaкoв, P.C. Нayчнo-пpaктичecкoe oбocнoвaниe интeнcификaции пpoизвoдcтвa гoвядины пpи 
paциoнaльнoм иcпoльзoвaнии гeнeтичecкoгo пoтeнциaлa кpyпнoгo poгaтoгo cкoтa: мoнoгpaфия / P.C. 
Иcxaкoв, X.X. Тaгиpoв. – Caнкт-Пeтepбypг : Лaнь, 2018. – 284 c. 
МОРФОБИОХИМИЧЕСКИЕ ПОКАЗАТЕЛИ КРОВИ ТЕЛЯТ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ БИОЛОГИЧЕСКИ 
АКТИВНЫХ ВЕЩЕСТВ БУТОФАНА И НУКЛЕОПЕПТИДА 
А.Р. Кожаева, Б.Е. Нургалиев 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет