В статье приводятся данные о селекционном отборе и спаривании животных с учетом
потенциала прироста живой массы молодняка, что способствует качественной трансформации
стада, повышает удельный вес желаемых типов с высокой живой массой, улучшает качество
ягнятины.
Ягнята, рожденные от молодых баранов в 7-месячном возрасте по всем показателям мясной
продуктивности, превосходят сверстников других групп. Например, ягнята I и II групп, рожденные
в результате спаривания овцематок с молодыми баранами, по сравнению со сверстниками III и IV
групп преобладали по предубойной массе соответственно 5,6–6,2 и 1,3-1,9 кг, по убойной массе
соответственно 3,1-3,5 и 1,0-1,4 кг, по массе туши соответственно 3,7-4,0 и 1,4-1,7 кг.
Ключевые слова: мясная продуктивность, живая масса, масса туш, выход туши, убойная
масса, убойный выход, экономическая эффективность.
INDICATORS OF MEAT PRODUCTIVITY OF LAMBS OF EXPERIMENTAL GROUPS OF EDILBAY
SHEEP RAISED IN THE FARM «SHARUA»
G. Abdigalieva, B. Kulataev, K. Nurzhanova
The article provides data on selection and mating of animals, taking into account the potential for
growth of live weight of young animals, which contributes to the qualitative transformation of the herd,
increases the specific weight of the desired types with high live weight, and improves the quality of lamb.
Lambs born from young rams at 7 months of age in all indicators of meat productivity are superior to
their peers in other groups. For example, lambs of groups I and II born as a result of mating ewes with young
rams, in comparison with their peers of groups III and IV, prevailed in pre-slaughter weight, respectively, 5.6-
6.2 and 1.3-1.9 kg, in slaughter weight, respectively, 3.1-3.5 and 1.0-1.4 kg, in carcass weight, respectively,
3.7-4.0 and 1.4-1.7 kg.
Key words: meat productivity, live weight, carcass weight, carcass yield, slaughter weight, slaughter
yield, economic efficiency.
МРНТИ: 68.39.31
Г.Е. Әбдіғалиева
1
, Б.Т. Кулатаев
1
, К.Х. Нуржанова
2
1
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы қ.
2
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕ ӨСІРІЛЕТІН ЕДІЛБАЙ ҚОЗЫЛАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІН
АРТТЫРУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Аңдатпа: Мақалада «Шаруа» шаруа қожалығының қошқарлары мен саулықтарының
шағылыстырудың әр түрлі нұсқауларын қолданып, олардың саны жағынан қанша қозы туылғанына
байланысты зерттеулер жүргізілгені туралы мәліметтер келтірілген.
Еділбай қойының сүт өнімділік деңгейін және оның қозысының тірі салмағымен
байланыстылығы зерттелді. Жалқы туылған саулықтың орташа сүттілігі 1,026 кг немесе 120 күн
кезіндегі сүттілігі 123,1 кг, ал егіз туған саулықтарда бұл көрсеткіштерінің сәйкестік теңдігі –
1,156 және 138,7 кг болды
Мал тобын толықтыруын көбейту үшін және саулықтардың төлдегіштігін жоғарылату үшін
асылтұқымды қошқарлармен егіз болып туылған саулықтарды қолдану, аз шығындалатын тиімді
технологиясын іске асыру арқылы және 1,5 жылда 2 немесе, 3 рет сығылысып қоздау әдісін
ұйымдастыру ұсынылады.
Түйін сөздер: еділбай тұқымы, саулық, қозы, өнімділігі, ұрықтандыру.
ISSN 1607-2774
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020
290
Мал шаруашылығын қарқынды дамыту елдің түрлі аймақтарындағы шарттарға сәйкес,
жаңа технологияларды әзірлеуге белгілі бір талаптар қояды. Осы орайда ет және жүн
өндірісін ұйымдастыруда қолда бар малды, өндірістік қуаттылықты, технологиялық
құралдарды, мал азығын, еңбек және басқа ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген
тиімді әдістер қажет.
Қазіргі нарық жағдайында ашық бәсекелестік, экономиканың тиімділік дәрежесін
жоғарылату және бәсекеге қабілетті салаларында өнімнің өсуіне және сапасын жақсартуға
тікелей байланысты. Осы дәрежеге жету үшін, аз шығын жұмсалатын тиімді технология
жолын пайдалану керек. Сол себептен нарық экономикасы жағдайында, етті-майлы қой
шаруашылығын дамытуда озық бағытарды пайдалану, етті-майлы қойлардың жақсы
сипаттамалары, яғни тез өсіп жетілуі және жоғары ет өнімділігі, халықтың сапалы жас қой
етімен қамтамасыз етуде маңызы зор. Қазақстанда барлық түрдегі етке деген мұқтаждық,
халықтың жан басына шаққанда – 57 кг, соның ішінде қой етіне – 7 кг. Елде 15 % шамасында
ет шет елдерден сатылып алынады. Сол себептен бірден бір әдіс, етті-майлы қой
шаруашылығында, аз шығынды технологиямен қой етін өндіруді жоғарылату, селекциялық
бағытқа сүйене отырып, қой тобын толықтыру, өнімділігін жоғарылату, туыстық жұптарды
сұрыптау жолымен, егіз туылған қозылар және бір жылда бір рет төлдеудің орнына
малдардың жиі төлдеуін ұйымдастыру керек. Олай болса қой шаруашылығында өндірілетін
өнімдерді өңдеуді үдету қажет, ол үшін қойлардың тобын толықтыру есебінен және
саулықтың төлдегіштігін жоғарылату негізінде қойлардың тез көбеюінің өнімділігін арттыру [1-
2].
Шөлді аймақтың таулы аудандарында бес бөлікті жайылым айналымы ұсынылады.
Жыл бойы және жылдың әр мезгіліне қарай жайылымдарда қамау жүйесі бойынша
аумақтарда шөбін шабумен бірге жаю және жайылымды уақытша демалдырып алмастыра
пайдаланады. Сонымен қатар, мұнда кейбір аумақтарға шөп себіліп, ал оны екінші жылы
күзде немесе үшінші жылдың басында пайдалана бастайды. Шөлді аймақтың құмды
аудандарында төрт бөлікті жайылым айналымы тиімді, және мұнда жеке аумақта ұстау
немесе қамау жылына бір рет қана пайдаланады [3-4]. Қой етін өндіру шаруашылық
жағдайына байланысты жайып семірту немесе бордақылаудың екі типін қолдану арқылы іске
асырылады: қарқынды – тәуліктік тірілей салмақ өсімі 200-250 г, ұзақтығы 60 күнді қүрайтын,
5-6 айлық салмағы 35-40 кг қозыларды етке өткізу; жеделдетілген-қарқынды – тәуліктік
тірілей салмақ өсімі 120-150 г, 90-120 күнді құрайтын 7-8 айлық салмағы 37-45 кг болғанда
қозыларды етке өткізу. Қозыларды етке өткізуге 45-60 күн қалғанда жүнін қырқып, 1,0-1,5 кг
қозы жүнін алады. Етке өткізуге дейінгі қалған уақытта қозы жүні 2,5-3 см өсіп, сойылғаннан
кейін сапалы қозы терісін алуға мүмкіндік береді.
Жұмыстың тәжірибелік бөлігі Батыс Қазақстан облысы, «Шаруа» шаруа қожалығында
жүргізілді. Саулықтың сүт өнімділігі қозы туылған кезден, 20 күндік жасына дейінгі салмақ
қосуы арқылы анықталды, әдістемедегі қорытындыда қозының 20-күндік жасындағы тірі
салмағыннан туылған кездегі салмағы алып тасталынды.
«Шаруа» шаруа қожалығы жағдайында еділбай қойының өнімділік сапасы, аналық
қойлары мен қошқарлары ірі, қошқарлардың тірідей салмағы 100 кг, ал жасы үлкен ана
саулықтар – 64,5-74,7 кг, алғашқы тумалар – 56,0-58,5 кг болды.
Тұқымдық қошқарлардан қырқылып алынған жүн 2,0-2,8 кг, ал аналық саулықтан – 1,5-
2,0 кг, ал жас төлдерден – 0,9-1,0 кг, ал жуылған жүн шығымы, тиісінше – 66,8; 68,1 және
71,4% болды.
Еділбай қойларының жүнінің морфологиялық құрамы мамық, өтпелі қылшықтан және аз
мөлшерде құрғақ жүннен тұрады. Қошқарлардың жамбасындағы жүні – 56,0-59,0 % мамық,
32-30% өтпелі қылшық талшықтан, 5-10,5% қылшықтан және құрғақ қылшықтан, 2,0% аз өлі
талшықтан, ал саулықта тиісінше – 58-59; 33-34; 9,0% тұрады.
Жүннің жіңішкелігі, мамық талшығы, малдың жамбасында және санында анықталды.
Қошқарда – 20,7 мкм, өтпелі жүн – 27,4-49,4 мкм, қылшық жүн – 93,4-103,2 мкм, ал
саулықттарда тиісінше – 20,1-22,0; 48,5-58,2; 81,0-95,5 мкм болды.
Мал тобын толықтыру яғни олардың санын көбейту жекелеген ерекшелігіне сай және
оларды азықтандыру және бағу жағдайына байланысты.
Біз «Шаруа» шаруа қожалығының қошқарлары мен саулықтарының шағылыстырудың
әр түрлі нұсқауларын қолданып, олардың саны жағынан қанша қозы туылғанына
ISSN 1607-2774
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020
291
байланысты зерттеулер жүргіздік (1-кесте).
Қойдың бас санының көбейуінің себебі 17,8% саулық егіз төлдеді және бұл
шаруашылықта қойлардың төлдеуін сығылыстыру арқылы іске асырылды.
Осы кезде 41 бас ана саулықтан жыл ішінде 2-мәрте төл алынды, ал 15 ана саулық екі
жылда 3-мәрте төл берді. Сондықтан төлдегіштік 117% құрады. Жас төлдердің енесінен
сүттен ажыратқандағы сақталуы 98,3% болды. Жалқы және егіз түрінде туылған
саулықтарды сондай қошқарлармен будандастырғанда орташа төлдегіштігі бойынша ерекше
айырмашылық анықталмады.
Кесте 1 – Әр түрлі нұсқаулар арқылы будандастырғандағы ана саулықтың төлдегіштігі,
%
Саулықтардың туу типі
Туылған қозы саны саулықтардың төлдегіштігі
егіз (n=25)
жалқы (n=25)
орташа
Егіз
129,6
118,4
124,0
Жалқы
129,8
116,4
123,1
Егіз және жалқы қошқарларды егіз түрінде туылған саулықтармен жұптастырып
будандастырғанда саулықтардың төлдегіштігі (129,6-129-8%), сондай қошқарларды жалқы
болып туған саулықтарда қолданғандағы төлдегіштігінен (116,4-118-4%) анағұрлым жоғары
болды.
Саулық бірінші рет егіз қозы бергенде оның кейінгі қозылауында, төлдегіштігі
анағұрлым артық болды. Барлығын қорытындылай келгенде, жалқы және егіз болып туылған
қошқарларды егіз түрінде туылған саулықпен будандастыру саулықтардың төлдегіштігін
жоғарылататын шара болды.
Еділбай қойының сүт өнімділік деңгейін және оның қозысының тірі салмағымен
байланыстылығы зерттелді. Жалқы туылған саулықтың орташа сүттілігі 1,026 кг немесе 120
күн кезіндегі сүттілігі 123,1 кг, ал егіз туған саулықтарда бұл көрсеткіштерінің сәйкестік теңдігі
– 1,156 және 138,7 кг болды (2 кесте).
Кесте 2 – Еділбай тұқымды саулықтарының ай сайынғы сүт маусымындағы орташа
күндік сауылған сүттің өзгерісі (кг)
Сүттену айлары
Аналық саулықтар тобы және тірілей салмағы
63,0
58,0
53,0
орташа
M±m
M±m
M±m
M±m
Жалқылар (п=10)
I
1,426±1,42
1,240±0,94
1,154±0,65
1,273±1,07
II
1,450±1,47
1,342±1,28
1,251±1,25
1,348±1,07
III
1,030±1,47
0,853±1,49
0,722±0,95
0,868±1,06
IV
0,692±1,45
0,602±0,91
0,550±1,03
0,615±0,60
120 күннен кейін орташа
1,149±1,67
1,008±1,88
0,919±1,80
1,026±2,21
Егіздер (п=10)
I
1,592±1,67
1,438±1,50
1,320±1,09
1,4501,34
II
1,550±1,06
1,482±0,74
1,330±0,89
1,454±0,87
III
1,170±1,51
1,293±0,96
0,852±1,02
0,994±1,24
IV
0,834±1,39
0,706±1,11
0,638±1,27
0,726±0,64
120 күннен кейін орташа
1,286±1,04
1,146±0,97
1,035±0,93
1,156±1,86
Сүттің ең көп мөлшері екінші айдағы сүт кезеңінде байқалды, ал келесі 3-ші, әсіресе 4-
ші айда сүт мөлшері едәуір кеміді. Кестеде көрсетілгендей қойлардың салмағы артқан сайын
саулықтардың сүттілігі артатыны байқалды.
Еділбай саулықтарының сүтінде – 7,46% майы, 5,52-5,57% ақуызы, 5,14-5,77% қант,
0,82-0,96% күлі болды, сүттің тығыздығы – 1,029-1,030 г/см және қышқылдығы – 19,0-19,4
0
Т
болғаны анықталды.
Қозылардың дамуы олардың туылғаннан сонау енесінен сүттен ажыратқанша жүреді.
Қозыларды енесінен сүттен ажыратқан кезі - өте маңызды кезең. Қозылардың өсуі және
дамуы туылғаннан бастап, енесінен ажыратқанға дейін, тірілей салмағының және сыртқы
тұлғасының көрсеткішінің өзгерісін байқадық.
Қозының өсуі және дамуы сүт мезгіліне және аналық саулықтың сүттілік өнімділігіне
байланысты болды. Қозылардың қарқынды жылдам өсуі алғашқы сүттілік кезеңнің екі
айлығында болды, ал одан кейін олардың өсу қарқыны едәуір төмендеді (3 кесте).
ISSN 1607-2774
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020
292
Кесте 3 – Жалқы және егіз саулықтардың қозыларының туылғаннан бастап сүттен
ажыратқанға дейінгі тірілей салмағының өзгерісі
Көрсеткіш
Қозылар тобы
жалқы (n=15)
егіз (n=15)
Қозының тірі салмағы, кг
Туылған кезде
4,9±0,3
3,9±0,5
1-айлығында
12,8±0,5
8,8±0,3
2-айлығында
19,2±1,0
13,6±0,4
3-айлығында
24,6±1,1
18,0±1,2
4-айлығында
29,1±1,8
22,3±1,1
Барлық мезгілдегі салмақ, кг
24,2
18,4
Орташа күндік салмақ өсімі, г
1-айдан кейін
263
163
2-айдан кейін
213
163
3-айдан кейін
180
144
4-айдан кейін
150
133
Барлық мезгілдегі күндік салмақ
201
153
Алдыңғы екі айда жалқы қозылардың орташа тірілей салмағы 14,3 кг-ға көбейді, ал егіз
қозылардың салмағы 9,8 кг, ал екеуінікі 19,56 кг көбейді.
Соңғы екі айда қозылардың орташа күндік салмақ қосуы жалпы төмендеп жалқы
қозылардың тәуліктік өсімі 3 айда – 180, ал 4 айда – небәрі 150 г болды. Бұл көрсеткіштер
егіз қозыларда төмендеу болды (144 және 133 г).
Шаруашылықта мал тобын толықтыруын көбейту мақсатында 1,5 жылда екі рет қозы
алу үшін сығымды қоздатуды қолданғанда 126 аналықтан 157 қозы немесе төлдегіштігі 124
% болды, аналықтардың 22,2 % (n=28) егіз қоздады, яғни 2018-2019 жылдарға карағанда 7 %
және 4,4 % көп. Саулықтардың сүт өнімділігін зерттегенде, барлық сүттілік мерзімінде жалқы
саулықтарда және жалқы қозылаудағы күндік сүттілігі шамамен 1,026 кг болды.
Әдебиеттер
1. К.Iskakov, B. Kulataev, G. Zhumagaliyeva, Pere Casanova. Productive and Biological Features of
Kazach Fine-Wool Sheep in the Conditions of the Almaty Region/ Online Journal of Biological Science.2017.
– Vol.17 – Iss.3-P. – 219-255.
2. Mark Rutter S. Review. Grazing preferences in sheep and cattle: – Implications for production, the
environment and animal welfare // Canadian Journal of Animal Science. – 2010. – Vol. 90(3). – P. 285-293.
3. Медеубеков К.У., Нартбаев А., Аязов Г.У.,Ажимбетов Н.Н. Селекция североказахских мериносов на
многоплодие. Воспроизводство и выращивание молодняка в овцеводстве. Сб.науч.тр. КазНИТИО. –
Алма-Ата,1984. – С. 3-20.
4. Мүлік К., Искаков Қ., Шаугимбаева Н.Н., Құлатаев Б.Т. Қазіргі таңдағы шаруашылық жағдайдағы
қойларды азықтандыру мен күтіп-бағу ерекшеліктері // «Агроөнеркәсіп кешенді дамытудың ғылым мен
білімнің басымды бағыттарының жаңа стратегиясы» Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 85-
жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы, 2015.
– Б. 337-340.
ТЕХНОЛОГИЯ ВЫРАЩИВАНИЯ ЯГНЯТ ЕДИЛЬБАЙСКОЙ ПОРОДЫ В ЗАПАДНОМ РЕГИОНЕ
КАЗАХСТАНА
Г.Е. Әбдіғалиева, Б.Т. Кулатаев, К.Х. Нуржанова
Достарыңызбен бөлісу: |