Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет157/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   199
Байланысты:
pub2 167

В статье представлен анализ генетико-селекционных показателей племенных животных 
казахской белоголовой породы. В связи с тем, что наследуемые признаки имеют свои особенности 
и различия, мы используем коэффициент наследуемости. Значение этого показателя 
заключается в отборе признаков в группе животных по признакам наследственных особенностей. 
Более низкое значение наследуемости, напротив, оказывает меньшее влияние при групповом 
отборе животных. Для улучшения стада животных необходимо отбирать по изменчивости 
признаков. При проведении массового отбора молодняка в раннем возрасте повторяемость живой 
массы наблюдается до полного формирования массы тела. 
Ключевые слова: казахская белоголовая, паратипические факторы, коэффициент 
наследуемости, фенотип, генотип, дисперсионный анализ, изменивость. 
INHERITANCE OF SELECTION TRAITS 
S. Tolen, K. Nurzhanova, A. Zamanbekova 
The article presents an analysis of genetic and selection indicators of breeding animals of the 
Kazakh white-headed breed. Due to the fact that inherited traits have their own characteristics and 
differences, we use the heritability coefficient. The value of this indicator is the selection of traits in a group of 
animals based on hereditary characteristics. A lower heritability value, in contrast, has a smaller impact on 
group selection of animals. To improve the herd, animals must be selected based on the variability of traits. 
When conducting mass selection of young animals at an early age, the repeatability of live weight is 
observed until the complete formation of body weight. 
Key words:
kazakh white-haired, paratypical factors, inheritance coefficient, phenotype, genotype, 
variance analysis, variability.
 
 
 
МРНТИ: 68.39.31 
Г.Е. Әбдіғалиева
1
, Б.Т. Кулатаев
1
, К.Х. Нуржанова
2
1
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы қ. 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті 
«ШАРУА» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫҢДА ӨСІРІЛЕТІН ЕДІЛБАЙ ҚОЙ ТӘЖІРИБЕЛІК МАЛ 
ТОПТАРЫНАН АЛЫНҒАН ҚОЗЫЛАРЫНЫҢ ЕТ ӨНІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ 
Аңдатпа: Мақалада қойлардың тірі салмағының өсу әлеуетін ескере отырып, малдарды 
селекциялық іріктеу және одан жұптау жүргізіледі, отарыныңның сапалы түрленуіне ықпал етеді, 
жоғары тірі салмағы бар қалаулы түрдегі мал табындағы үлес салмағын жоғарылатады, 
өндірілетін жас қой етінің сапасын жақсартады.
Ет өнімділіктері бойынша 7 айлық мерзімдерінде барлық көрсеткіштері бойынша жас 
қошқарлардан туылған қозылар ет өнімділіктері бойынша басқа топтардың малдарынан артық 
болатындықтарын көрсетеді. Мысалы, жас қошқарларды саулық қойларына жұптау нәтижесінен 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
287 
туылған І-ші және ІІ-ші топтың қозылары, ІІІ-ші және ІV топтардағы тұстастарымен 
салыстырғанда сойыс алдындағы салмағы бойынша тиісінше 5,6-6,2 және 1,3-1,9 кг, сойыс салмағы 
бойынша тиісінше 3,1-3,5 және 1,0-1,4 кг, ұша салмағы бойынша тиісінше 3,7-4,0 және 1,4-1,7 кг 
басым болған. 
Түйін сөздер: ет өнімділіғі, тірілей салмағы, ұша салмағы, ұша шығымы, сойыс салмағы, 
сойыс шығымы, экономикалық тиімділігі.
Республикамызда қой етін өндіру бағытында, әсіресе арзан және жоғары сапалы қозы 
еті өндірісінің көзі ретінде, жергілікті жерде бұрыннан өсіріліп келінген, байырғы еділбай қой 
тұқымдарын ерекше атауға болады. Етті-майлы қойлар жергілікті жерлердің табиғи-
климаттық ерекшеліктеріне, яғни көбінесе құрғақ далалы, шөлді және шөлейтті болып 
келетін далалы өңірлердің жайылымдық жағдайларына өмір сүруге жақсы бейімделген. 
Олар қарқынды өсіп-жетілу және жақсы май жинау қасиеттеріне ие. Еліміздегі ең жақсы етті-
майлы бағытындағы қой тұқымдарының қатарындағы еділбай қойлары жоғары салмақты, 
мықты конституциялық типті, ерекше төзімділік қасиеттеріне ие және жыл бойына 
жайылымдық жағдайда өсіруге бейімделген болып келеді [1-3].
Осындай маңызды қасиеттерінің бірі ретінде, қазақы қойларының тез өсіп-жетілу 
ерекшеліктерін де айтуға болады. 
Негізінен жұмыстың тәжірибелік бөлігі Батыс Қазақстан «Шаруа» шаруа қожалығында 
жүргізілді. Шаруашылықта мал тобын толықтыру көрсеткіші, аналық саулық және еркек 
қошқарлар жеткілікті дәрежеде ірі, қошқарлардың тірідей салмағы 100 кг, ересек ана 
саулықтар - 64,5-74,7 кг, бірінші тума ұрғашы қойлар – 56,0-58,5 кг болды.
Тәжірибеге сәйкес өнімділік сапасына байланысты саулықтар іріктеп алынып, төрт 
топқа бөлінді, әр топ 25 бастан құралды. Бірінші топта – туу тегі жалқы қошқарлар және 
жалқы саулықтар, ал екінші топта: тегі жалқы қошқарлар және туу тегі егіз саулықтардан, 
үшінші топта тегі егіз қошқарлар және тегі жалқы саулықтардан, ал ақырғы топ тегі егіз 
қошқарлар мен саулықтардан құралды.
Еділбай қойларын өсірудегі негізгі бағыт осы малдардан алынатын ет өнімі 
болғандықтан, олардың мөлшерін арттырумен бірге, сапалық құрамын жақсарту, өзіндік 
құнын төмендету сияқты басты мәселелер назарда ұсталуы қажет [4-5].
Сондықтан қандай мерзімде қозыны сою шаруашылық үшін тиімді болатынын анықтау 
қажеттілігі туындайды. Біздердің жүргізген тәжірибе жұмыстарымызда 4,5 және 7 айлық 
қозыларды сою нәтижесі, топтар арасындағы малдардың жасына байланысты ет өнімділігі 
жөнінде, белгілі бір пікір жасауымызға мүмкіндік туғызады. 4,5 айлық қозылар етінің сойыс 
сапасын сараптау нәтижесінде, І-ші топтың қозылары басқа топтармен салыстырғанда алда 
тұратындықтарын көрсетеді.
Осы топтың қозыларының сойыс алдындағы тірілей салмағы 37,7 кг құрап, ІІ; ІІІ және ІV 
топтың қозыларымен салыстырғанда тиісінше 4,3; 4,9 және 5,0 кг басым болса, сойылғаннан 
кейін де өз тетелестерінен, тиісінше 2,1; 2,4 және 2,5 кг артық ет алынған. 
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында шағындау болып келетін шаруашылықтар 
үшін, неғұрлым аз шығын шығарып, сапалы және көп мөлшерде ет өндіру тиімдірек 
болатыны белгілі.
Осы мәселені айқындау мақсатында 7 айлық қозылардың ет өнімділік ерекшелігі 
анықталды (1-кесте). Зерттеу нәтижесінде 7 айлық мерзімдерінде барлық көрсеткіштері 
бойынша жас қошқарлардан туылған қозылар ет өнімділіктері бойынша басқа топтардың 
малдарынан артық болатындықтарын көрсетеді (1-кесте).
Кесте 1 – 7 айлық қозылардың сойыс сапалары (n=3;Σ
n
=12)
Көрсеткіштері 
Өлшем бірлігі 
Тәжірибе мал топтары 
І 
ІІ 
ІІІ 
ІV 
Тірілей салмағы 
кг 
43,7 
39,4 
38,1 
37,5 
Ұша салмағы 
кг 
21,7 
19,4 
18,0 
17,7 
Ұша шығымы

49,6 
49,2 
47,2 
47,2 
Сойыс салмағы
кг 
18,5 
16,4 
15,4 
15,0 
Сойыс шығымы

42,3 
41,6 
40,4 
40,0 
Май салмағы 
кг 
3,2 
3,0 
2,6 
2,7 
Май шығымы

7,3 
7,6 
6,8 
7,2 
Оның ішінде: құйрық майы 
кг 
2,7 
2,5 
2,2 
2,3 
іш майы
кг 
0,5 
0,5 
0,4 
0,4 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
288 
Мысалы, жас қошқарларды саулық қойларына жұптау нәтижесінен туылған І-ші және ІІ-
ші топтың қозылары, ІІІ-ші және ІV топтардың малдарымен салыстырғанда сойыс алдындағы 
салмағы бойынша тиісінше 5,6-6,2 және 1,3-1,9 кг; сойыс салмағы бойынша тиісінше 3,1-3,5 
және 1,0-1,4 кг; ұша салмағы бойынша тиісінше 3,7-4,0 және 1,4-1,7 кг басым болған.
Ет өнімділік көрсеткіштерін сараптау нәтижелері, жас қошқарларды саулық қойларына 
жұптау (әсіресе 7 айлық мерзімдерінде) жақсы нәтиже беретіндіктерін көрсетеді. 
Зерттеудің экономикалық тиімділігі етті-майлы қой шаруашында ет сатудан түскен таза 
пайда көлемі артуы үшін олардың сапасын жақсартып, өнімділігін арттыру қажет. Сондықтан 
біздердің ізденіс жұмыстарымыздың басты мақсаты, етті-майлы бағытында өсірілетін 
қойлардың тез жетілу ерекшеліктерін пайдалану және оларды күтіп-бағуға кеткен шығын 
көлемін азайту арқылы таза табыс көлемін арттырып, шаруашылықтың экономикалық 
тиімділігін жақсарту болып табылды. Шаруашылықтарда неғұрлым аз шығынмен сапалы ет 
өндірілсе, онда оның рентабельділік көрсеткіші жоғарылап, экономикалық тиімділігі 
артатыны сөзсіз. 
Тәжірибе жұмыстарындағы әр түрлі мал топтарының экономикалық тиімділік 
көрсеткіштері 2-кестеде берілген. Тәжірибе топтарынан өндіріліп алынған ет өнімдерінің 
экономикалық тиімділік көрсеткіштерін сараптай келе (2-кесте) ет өндіруге кеткен шығын 
барлық топтарда 4700-00 теңге, ал оның көтерме сауда бағасы да I, II, III және ІV топтарда 
бірдей баға 1200,00 теңге екенін көреміз. Еттің шығымдылығына байланысты әр топтардағы 
қойлардан түскен орташа таза пайда да әр түрлі – I-ші топта 21340; II-ші топта – 18580; III-ші 
топта – 21600, ал ІV топта – 21240 теңге болған. Сондықтан І-ші топтағы малдан артық 
өндірілген ет көлеміне (ІІІ ші топтан 3,7 кг және ІV-ші топтан 4,0 кг) байланысты, 1 қозыны 
етке өткізуден түскен таза пайда, III-ші топтан 4440 және ІV топтан 4800 теңге көп таза пайда 
алынған. Топтар арасында ет өндірудің экономикалық тиімділігін салыстыру нәтижесінде, 
мұнда ең жоғарғы тиімділік көрсеткіші – 454%, I-ші топтағы малдарда. 
Кесте 2 – 7 айлық қозылардан ет өндірудің экономикалық тиімділігі 
Көрсеткіштер 
Мал топтары 

II 
III 
ІV 
Сойыс алдындағы салмағы, кг 
43,7 
39,4 
38,1 
37,5 
1 қозының ұша салмағы, кг 
21,7 
19,4 
18,0 
17,7 
1 қозыны бағуға кеткен шығын, теңге 
4700-00 
4700-00 
4700-00 
4700-00 
1 кг етті сату бағасы, теңге 
1200-00 
1200-00 
1200-00 
1200-00 
Бір қойдың етінің құны, теңге 
26040 
23280 
21600 
21240 
Бір қойдан түскен таза пайда, теңге 
21340 
18580 
16980 
16540 
Тиімділік деңгейі, % 
454 
395,3 
359,5 
351,9 
Бұл ұсынылған әдісті етті-майлы бағытындағы қойларын өсірудегі қозы етін өндіру 
бағытында пайдалану жақсы нәтиже беретінін дәлелдейді.
Батыс Қазақстан облысы «Шаруа» шаруа қожалығында өсірілетін еділбай қойларының 
өнімділік 
көрсеткіштерін 
арттыру 
бағытында 
жүргізілген 
ізденіс 
жұмыстарының 
нәтижелерінде төмендегідей тұжырымдар жасалды. Ет өнімділіктері бойынша 7 айлық 
мерзімдерінде барлық көрсеткіштері бойынша жас қошқарлардан туылған қозылар ет 
өнімділіктері бойынша басқа топтардың малдарынан артық болатындықтарын көрсетеді.
Мысалы, жас қошқарларды саулық қойларына жұптау нәтижесінен туылған І-ші және ІІ-
ші топтың қозылары, ІІІ-ші және ІV топтардағы тұстастарымен салыстырғанда сойыс 
алдындағы салмағы бойынша тиісінше 5,6-6,2 және 1,3-1,9 кг; сойыс салмағы бойынша 
тиісінше 3,1-3,5 және 1,0-1,4 кг; ұша салмағы бойынша тиісінше 3,7-4,0 және 1,4-1,7 кг басым 
болған. 
Әдебиеттер 
1. Iskakov К., Kulataev B., Zhumagaliyeva G., Casanova Pere. Productive and Biological Features of Kazach 
Fine-Wool Sheep in the Conditions of the Almaty Region./Online Journal of Biological Science.2017. – 
Vol.17 – Iss.3 – P.– 219-255. 
2. Makhatov B.M., Seyitpan K.N., Kulatayev B.T. Improving the gene pool of modern sheep and goat breeds 
of Kazakhstan // Collection of scientific works of the Stavropol Scientific and Research Institute of Livestock 
and Feed Production. 2012. – Vol. 1, – N 5. – Р. 73-76. 
3. Мүлік К., Искаков Қ., Шаугимбаева Н.Н., Құлатаев Б.Т. Қазіргі таңдағы шаруашылық жағдайдағы 
қойларды азықтандыру мен күтіп-бағу ерекшеліктері // Агроөнеркәсіп кешенді дамытудың ғылым мен 
білімнің басымды бағыттарының жаңа стратегиясы» Қазақ ұлттық ғграрлық университетінің 85-


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
289 
жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы, 2015. 
– Б. 337-340
4. Zhumagaliyeva G.M., Kulatayev B.T. Productive and reproductive qualities of sheep of the kazakh fine-
wool breed. NEWS Of the national academy of sciences of the republic of Kazakhstan Series of agricultural 
sciences. – Volume 6, Number 48 (2018), 81-86. 
5. Zhumagaliyeva G. M., Shynybayev D.S., Kulataev B.T., Akimzhan N. Early Preliminary Assessment of 
Breeding Qualities of South Kazakh Merino Sheep Breed. Global Veterinaria 13 (4): 462-466, 2014.
ПОКАЗАТЕЛИ МЯСНОЙ ПРОДУКТИВНОСТИ ЯГНЯТ ОПЫТНЫХ ГРУПП ЕДИЛБАЙСКИХ ОВЕЦ, 
ВЫРАЩИВАЕМЫХ В КРЕСТЬЯНСКОМ ХОЗЯЙСТВЕ «ШАРУА» 
Г.Е. Әбдіғалиева, Б.Т. Кулатаев, К.Х. Нуржанова 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет