Алматы қаласы
Абдулла Розыбакиев атындағы № 153мектеп гимназия Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Ибайдулла Дилясам Абдунабиевна
Әрбір оқушы ертеңгі жас маман, қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін меңгеруді алдына мақсат етіп отыратыны да бізге белгілі. Сол ағылшын тілін оқып-үйрену әліпбиден бастап мектеп қабырғасында
оқытылып, іргетасы осында қаланатынын ескерсек, ағылшын тілін оқытудың әдістерін бүгінгі күн талабына сай етіп, оқушыны ынталандырып, қызықтыра білудің өзі үлкен ізденіс пен шеберлікті қажет ететіні сөзсіз. Осыған байланысты шетел тілін үйретуде түрлі ұтымды әдістерді қолданып, сабақ барысындағы іс-әрекеттерді тиімді ұйымдастыра отырып, оқушының ынтасын арттыру – алдымызға қойылған негізгі мақсат екенін ұмытпаған жағдайда еңбегіміз жемісті болары сөзсіз.
Шетел тілін оқытудың ұтымды әдістерін қолдану нақ бір ғана технологияны бастан-аяқ қолдану деп түсінген дұрыс емес. Әр технологияны немесе сол технологияның қандай-да бір элементтерін сабақ барысында қандай-да бір кезеңінде тиімді қолдану, жандандыру нәтижеге жеткізеді деп ойлаймын. Ойын түрлері әсіресе орта буында өте тиімді, әрі нәтижелі деуге болады. Бұл жерде әрине, оқушылардың жас ерекшеліктерімен психологиялық өзгешеліктерін ескеру өте маңызды. Бесінші сыныпқа қолданған қызықты ойын түрлерін оныншы сыныпта қолдану орынсыз болып көрінуі мүмкін.
Дидактикалық материалды орынды қолдану (дидактикалық материал дұрыс іріктелген болса, шамадан тыс көп болмаған жағдайда бала өткен материалды түсіну, бекіту барысында осыған сүйене отырыпр, тез қабылдайды есте сақтайды);
Жеке баламен жұмыста «деңгейлік оқытудың» элементтерін қолдану өте тиімді. Бұл технологияның маңыздылығы сынып оқушылары жаппай жұмыс істейді, бос отырған оқушы болмайды, әркім өз деңгейін біліп, оны дамытуға талпынады, қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады, өз бетінше ізденіс дағдысы қалыптасады.
Мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдіру жолын іздейді, баяу қабылдайтын балаларға көмектесе отырып, деңгейі жоғары оқушыларға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік алады. Білімді бағалау нақтыланып, жүйеленеді. Деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып, бала өз білімін нақты бағалай алады.Оқушы өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін көріп, өз еңбегіне талдау жасай алады. Дарынды оқушы өз қабілеті мен икемділігін шыңдай түседі. Әлсіз оқушы бойындағы сенімсіздіктен арылады, оқуға ниет білдіреді.
Ең бастысы: оқушы жетістіктеріне қуанып, оқып-үйренуге құштарлығы артады. Бұл әдістің негізі оқушының тақырыпты толық меңгеруіне бағытталады. Ағылшын тілінен оқушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктер деңгейлеп оқыту
технологиясында жүйелі әрі үзіліссіз дамытуды көздеген төмендегідей жұмыстар құрылыммен іске асады.
Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра отырып ұғындыру әрекеті. Жалпы білімді игертудегі деңгейлік тапсырмалар түрлері (І, ІІ, ІІІ деңгей) Тест тапсырмалары
Өзіндік жұмыс Қатемен жұмыс
Көп деңгейлік бақылау жұмысы
Рейтинг, мониторинг арқылы білім деңгейін сараптау
Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы – оқушылардың білім сапасын арттырудың негізгі кепілі. Оқушыға қабілеті жететін саласынан дарынын ашуға жағдай жасалады.
Оқытудың үш өлшемді жүйесінің педагогикалық технологиясы оқытуды іздендіру мен демократияландыру жағдайында өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиеленуші тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
деңгейлік тапсырма бойынша: ережелерді жатқа білу, сын есімнің шырайларын мәтіннен тани білу, оларды теріп алып, топқа бөлу.
деңгейлік тапсырмада оқушылар берілген тапсырмалар бойынша сын есімдерді қажетті формасына қоя білу, топқа білу, талдау, алған білімдерін жүйеге келтіру.
деңгейлік тапсырма бойынша алғын білімдерін өздері жеке ситуацияда қолдана алу мүмкіндіктері қарастырылады.
Жұптық жұмыстың да шетел тілін үйретудегі алатын орны ерекше. Балалар белгілі бір тақырып бойынша диалог құра отырып, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытады.
Топпен жұмыс оқушылардың бойында жауаптылық, еңбексүйгіштік қасиеттерін дамыта отырып, оқушыларды өзара көмекке, бірлесе ізденуге дағдыландырады.
Оқытудың ұтымды әдістері оқушылардың шетел тілін оқуға қызығушылығын, сауаттылығын арттыруға, ауызекі сөйлеу дағдысын дамытуға, сөздік қорын байытып қана қоймай, баланың бойындағы мақсаткерлік, дербестік, адамгершілік, белсенділік тағы басқа да жақсы қасиеттерді дамытатыны
сөзсіз.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім-біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады.
Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптары орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып қарастырдық да, практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасадық:
оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады; қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;
оқушылардың танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор; қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады.
Сапалы білімді қамтамасыз етуде қазіргі қолданылып жатқан әдіс-амалдар өте мол, оқушылардың қызығушылығын арттыруда жаңа технологиялар да артуда, тек әр ұстаз өз оқушыларына ыңғайлысын қолдана білсе, ұтады.
Достарыңызбен бөлісу: |