Басқару ұғымына тұжырымдама беріңіз


Кәсіпорындағы ұйымдастыру іс-әрекетін түсіндіріңіз



бет6/32
Дата22.05.2022
өлшемі96,39 Kb.
#144681
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Жауабы сонгы
Сайдалиев.С 1апта алеуметтану, 10 сын тжб 4
Кәсіпорындағы ұйымдастыру іс-әрекетін түсіндіріңіз

Менеджментте ұйымдастыру қызметі келесі мəндерде болады:
1) ұйым мүшелері арасында оның құрылым (өкілеттіліктердің өзара қатынасы) шегінде өзара қатынастарын орнату ретінде, көзделген жоспарды жүзеге асыру, қойылған мақсатқа жету бойынша мектеп басшыларының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару ор- гандары мен басқалардың қызметін реттеу ретінде. Функцияның осы тарапына қатысты кейбір жағдайларда «ұйымдастырушылық жасау» терминін қолданады.
2) ұйымдастырушылық құрылымды қалыптастыру ретінде, яғни мақсаттары мен стратегиясына сəйкес ұйымды бөлімшелерге бөлу. Ұйым функциясының осы аспектісін жиі департаменттендіру деп атайды. Бірінші мағынада ұйымдастыру қызметі мұғалімдер, балалар, ата-аналар, қоғамдық өкілдер сияқты нақты адамдар атқаратын жоспарланған əрекеттерді атқаруға бағытталған. Сондықтан кез кел- ген істі ұйымдастыру кезінде, оны адами факторының мүмкіншіліктері қалай қолданылады жəне жүзеге асырылады деген көзқарас жағынан қарастыру маңызды. Ұйымдастырушы атқарушыларды алдын ала іріктеу, олардың жұмыс орындары, уақыт бойынша, ұжымдық іске кіру кезектігі бойынша бөлу сияқты сұрақтарды шешеді. Алдағы қызметтің мазмұнының түрлері мен əдістерін іріктегенде, оларды нақты жағдайлармен жəне атқарушылардың мүмкіндіктерімен сəйкес келтіру керек [94].
Ф. Тейлордың ғылыми басқару мектебінен бастап, басқаруға деген əртүрлі көзқарастардың негізгі идеялары қызметкерлердің жəне еңбек ұжымдарының қызметін ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталуына назар аудару қажет («Менеджменттің ғылыми теория ретінде қалыптасуы» тарауын қараңыз). Ұйымдастырудың əдістері бір-бірінен сипаты, əрекет ету жəне өзара байланыс тəсілдері бойынша ерекшеленеді: – əкімшілік (ұйымдастырушылық-өкімдік), – экономикалық, – əлеуметтік-психологиялық болып келесі топтарға бөлінеді Əкімшілік əдістер – бұл тікелей ықпал ету əдістері жəне билік, мəжбүрлеу, жауапкершілік, тəртіп сияқты əлеуметтік механизмдерге негізделеді. Осы əдістерде құрастырылған өзара əрекеттесу директив- тік, міндетті сипатта болады. Екінші, ұйымдастырушылық-өкімдік əдіс- тер – синонимиялық термин, оларды 2 топқа бөлуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылық əдістердің қатарына ұйымдастырушылық жобалауды, регламенттеуді, нормалауды жатқызады. Ұйымдастырушы- лық регламенттеудің мəні мекеме қызметінің мазмұнын жəне тəртібін анықтайтын ережелердің (білім беру мекемесінің жарлығы, ережелер, нұсқаулар, құжаттық рəсімдер, есеп ережелері жəне т.б.) əзірлеуін жəне құжаттық рəсімделуін көздейді. Бұл əдістердің, көбінесе, мүмкін типтік жағдайға бағдарланғандықтан болар өзіндік сипаты жоқ жəне осы əдістердің жүзеге асырылуына ықпал ететін құжаттарда уақыттық байламның жоқтығы олардың ерекшеліктеріне жатады (В Қосымшасын қараңыз: «Педагогикалық кеңес қызметінің типтік ережелері…»). Ұйымдастырушылық нормалауға нормалар мен мекеменің қызмет үдерістерінің нормативтері жатады. Ұйымдастырушылық əдістер, əдетте, өкімдік əдістер үшін негіз бо- лады. Өкімдік əдістер көбінесе орын алып жатқан нақты жағдайларда қолданылады. Бұл əдістер – бұйрық, қаулы, өкім, нұсқаулық жəне басқалары – нақты атқарушылардың жəне əрекет мерзімдерін көрсетуін көздейді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет