Дайындық кезеңі. Бұл кезеңде психолог-кеңесші клиентпен алдын ала жазылған жазбалар бойынша танысады. Психолог-кеңесшінің дайындық кезеңіндегі жұмыс уақыты 20-30 минутты құрайды.
Клиентті дайындау кезеңі. Бұл кезеңде психолог-кеңесші клиентпен кездеседі, танысады және дайындайды. Бұл кезең 5-7 минутты құрайды.
Диагностикалық кезең. Бұл кезеңде психолог-кеңесші клиенттің әңгімесін тыңдайды және осының негізінде оның проблемасын анықтайды. Бұл кезеңнің негізгі мазмұны клиенттің өзі және проблемасы туралы әңгімеден, психодиагностикадан құралады. Кезеңнің уақыты клиент проблемасының сипатына және оның даралық ерекшелігіне байланысты. 4 сағаттан 6-8 сағатқа дейін созылуы мүмкін.