Бағыт беру кезеңі. Психолог-кеңесші клиент және оның проблемасы туралы қажетті ақпараттардың барлығын жинап, клиентпен бірге оның проблемасын шешудің жолдарын анықтайды, нақтылайды. Бұл кезеңнің уақыт
Бағыт беру кезеңі. Психолог-кеңесші клиент және оның проблемасы туралы қажетті ақпараттардың барлығын жинап, клиентпен бірге оның проблемасын шешудің жолдарын анықтайды, нақтылайды. Бұл кезеңнің уақыты 20-30 минут.
Процедура психологиялық кеңес берудің нақты кезеңдерімен байланысты.
Бірінші кезеңде ереже бойынша ешқандай арнайы процедура қолданылмайды.
Екінші кезеңде клиентпен кездесу, кеңес жүргізуге клиентті жалпы, эмоционалды-жағымды бағыттау, психолог-кеңесші мен клиенттің арасында психологиялық алшақтықты жою процедуралары қолданылады.
Үшінші кезеңде эмпатиялық тыңдау, одан ары клиенттің ойлауы мен еске сақтауын белсендіру, бекіту, ойын анықтау және психодиагностикалық процедуралар белсенді жұмыс жасайды.