Бастауыш мектепте бейнелеу өнерді оқытудың теориясы мен технологиясы



бет77/98
Дата12.09.2020
өлшемі1,01 Mb.
#63663
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   98
Жұмыстың құралдары: бастауыш мектеп бейнелеу өнер пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты, 4 сыныпқа арналған бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, 4 сыныптың >-әдістемелік құралдары, ұсыныстар, мүсін өнер бұйымдарының альбомы, бұйымдардың нақты үлгілері, материал(саз, пластиллин, ақ ұнтақты қоспалар: гипс, бор), темір сымдар, стектер, сызба құралдары(сызғыш, қалам, кетіргіш) мен техникалық аспаптар(қысқыш), көмекші қондырғылар және т.б...

Жұмысты орындауға нұсқау.
4 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнын тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес білім беру мазмұнын негізгі нормативті құжаттармен салыстыру керек. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып және оқу бағдарламасынан анықталынады. Тақырып мазмұнына сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды оқушыға қалыптастыру қажетті оқу материалдарын іріктеп, сабақтың тиімді және қолайлы формасын, әдістерін, құралдары негіздей таңдайды. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын құрастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, қосу, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушының білімі мен іскерлігін жүйелеу мен қорытындылауға қажетті оқу материалының элементтерін анықтайды. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсетіп, теориялық білімі мен практикалық іскерлігі ұстамды қалыптастыруға арналған қолданбалы дидактикалық тапсырмалар жасап, оқыту құралдарының функцияларына негізделе, оларды алдын – ала айқындайды. Қажет болса оқушының орындайтын практикалық жұмыстың объекті үлгісін жасап, көрнекіліктегі тиімді тәсілдерін белгілейді. Бұл объектіні оқушының сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшерін тексеріп алады. Оның қажетті нақты қолайлы материалдары мен аспаптары да анықталуы тиіс.

Келесі кезеңде оқушының теориялық білімі мен қолданбалы іскерлігінің жүйеленуі мен қорытындылануына тән бақылау формасы мен әдістерін белгілей қажетті құралдарын дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық құрастыруға кіріседі. Оның үлгісі қосымшада көрсетілген. Сабақтың барысындағы оқыту мазмұнының әдістемесі көлемі, нақты анық және кең ашылған түрінде орындалады. Сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген уақыт мөлшеріне сәйкестігін дәл анықтау міндетті орын алады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада немесе жетекшінің көмегімен талқылай түзете отырып, мұғалімнен рұқсат ала тәжірибеде (мектепте) тиімдігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, оның қанағаттанарлық бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысын орындалуы туралы оқытушыға есеп беріп жұмысын тапсырады.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет