Бастауыш мектепте бейнелеу өнерді оқытудың теориясы мен технологиясы


Тапсырма №1 Тақырып: Ою - өрнек түрлерімен танысайық(2 сағат)



бет75/98
Дата12.09.2020
өлшемі1,01 Mb.
#63663
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   98
Тапсырма №1
Тақырып: Ою - өрнек түрлерімен танысайық(2 сағат).
Ою - өрнек қазақ халқы қолөнерінің кең тараған түрі болып табылады. Ою -өрнек атаулыны екі топқа бөліп қарауға болады: бірінші топқа ою - өрнектің тікелей өзіне қатысты түрі жатады; екінші топқа ою - өрнек қолданылатын әшекейлі бұйымдар жатады. Ою - өрнек не нәрсеге ұқсастығына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

  1. Ай, күн, жұлдыздарға, көк әлеміне байланысты ою - өрнектер. Олар: айшық, жұлдыз, т. б.

  2. Малға, малдың дене мүшелеріне байланысты ою - өрнектер. Олар: қошқармүйіз, түйетабан, т. б.

  3. Аңға, аңның дене мүшелеріне байланысты ою - өрнектер. Олар: арқармүйіз, бұғымүйіз, т. б.

  4. Құрт – құмырсқаларға, яғни жәндіктерге байланысты ою - өрнектер. Олар: көбелек, жыланбас, жұлдызқұрт, т. б.

  5. Құстарға байланысты ою - өрнектер. Олар: құсмұрын, құсқанат, т. б.

  6. Жер, су, өсімдік бейнелі ою -өрнектер. Олар: төртқұлақ, бесжапырақ, бұтақ, т. б.

  7. Құрал – жабдықтарға байланысты ою - өрнектер. Олар: балта, тарақ, балдақ, т. б.

  8. Геометриялық денелер тектес ою - өрнектер. Олар: тұмар, сынықмүйіз, т. б.

Бұл ою - өрнек түрлерімен сендер біртіндеп 1 – сыныптан бастап танысып келесіңдер.

Қазақ халқының өрнекті әшекеймен істелетін қолөнерінің түрлер өте көп. Соның ішінде ою - өрнекке айрықша мән берген. Оның түрлері де, атаулары да аз емес, онымен сендер алдағы сыныптарда толығырақ таныса аласыңдар.

Сонымен ою - өрнек – қазақ халқының тұрмыс – тіршілігінде кеңінен қолданылып, ежелгі заманнан бері ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрінің бірі. Оның элементтерін қазақ халқы қолөнерінің қай түрінен болса да кездестіруге болады. Оны әсіресе үй жиһаздарынан, киім – кешектерден, зергерлік бұйымдардан, халықтық музыка аспаптары мен қару – жарақ түрлерінен жиі көреміз.

Ою - өрнек өнерінің белгілі бір халыққа тән мәнерлеу ерекшеліктері сол халықтың тұрмыс – тіршілігімен, бейнелеу өнерімен, ұлттық қолтаңбасымен тікелей сабақтасып жатады.

Халық арасынан шыққан ісмер, шебер, зергерлердің заман талабына сай шығармашыық ізденістері нәтижесінде ою - өрнек өнері де жаңа мазмұнға ие болып отыр.

Қай халықта болса да әсемдік талғамның артуына байланысты өрнек түрлері де үнемі дамып отырады. Әрбір халытың ісмер – шеберлері өздерінің көрген ою - өрнектерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңалық енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атайды да, оларды «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп бағалайды.

Енді ою - өрнектіңкең тараған біраз түріне сипаттама беріп өтейік.

Жұлдыз өрнегі аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.

Қошқармүйіз қошардың екі шекесіне иіріле біткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап, т. б. киіз бұйымдарда жиі кездеседі.

Сынықмүйіз – сынақ жасап барып мүйізді бейнелейтін өрнек. Ол көбінше шым шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.

Балта – атына сай балтаға ұқсас немесе баспа «Г» әрпі тәріздес өрнек. Кесте мен өрмек өнерінен жиі кездестіруге болады.

Тышқаніз – тышқанның ізіне ұқсас өрнек. Ол көбінесе әже, апаларымыз киетін кимешектің жағында зер арқылы өрнектеледі.

4 – сыныпта сендер қазақ ою - өрнектерінің қанша топқа бөлінетінін білдіңдер. Оның әрқайсысының өзіндік алатын орны бар, себебі әрбір бұйымға әшекейленетін өрнектер дәстүрлі ерекшелікке байланысты таңдап алынады. Мысалы, қыз балалардың киімдеріне гүл, құс тәрізді өрнектер, ал текемет, сырмақтарда қошқармүйіз, сыңармүйіз, қосмүйіз, қырықмүйіз тәрізді мүйіз өрнек түрлері жиі қолданылады, т. б. Бұл қазақ халқының мал шаруашылығына бейімдігін көрсетеді.

Жалпы ою - өрнекті оның пайда болу ерекшелігіне байланысты дәстүрлік және сәндік деп екі топқа бөлуге болады.

Дәстүрлік өрнек – ежелден пайда болған халықтық өрнек.

Сәндік өрнек – бір нәрсені әшекейеп сәндеу үшін қолданылатын өрнек.

Өрнек - әшекейлерді бояудың түсіне қарай ойластырудың мәні зор. Әрбір түс белгілі тәртіппен кезектесіп келгенде қарама – қарсы түстер бірін – бірі ашады. Сондықтан ою - өрнектердің түстік бояуының ретпен орналасуына баса назар аудару керек.

Түркі халықарының туыстық жақындығымен қатар ою - өрнектерінде де ұқсастықтар аз емес. Дегенмен әрбір халық ою - өрнектерінің өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, ұйғыр халқының ою - өрнектері көбінесе көкөніске байланысты болып келеді. Олар: гүлбадан, шәддә, анаргүл, бадам, т. б.

Өзбек халқының ою - өрнектері көбінесе гүлді өсімдіктер түрінен құралады. Ол ою - өрнектер шаршы тәріздес немесе жолақ тәріздес үлгідегі композициялық құрылымынан тұрады. Өрнектері өте ұсақ және жиі орналасу арқылы көркемдік сипатқа толы болып келеді. Өзбек елінің көркем бұйымдарындағы ою - өрнектер әсем, ашық түсті бояулармен көз тартады. Сондықтан әр ұлт ою - өрнегіндегі бояу түрінің өзіндік ерекшелігі бар.

Республикамызды мекендейтін көп ұлтты халқымыздың басқа өнерімен қатар ою - өрнектеріне де айрықша назар аудару керек. Мұндағы түркі халықтарының тақия өрнегіне қарап ұлтын тануға болады.

Практикалық сабақта оқушыға көлемді бұйымды қағаздан жасата, оның пішіні мен түсіне сәйкес ою-өрнек түрлерін таңдап, бұйым бетінде оның композициясын дұрыс орналастыруға тапсырма орындату.
Тексеру сұрақтары.


  1. Тақырыптық оқу материалы мазмұнының өзгеру дәрежесі болды ма?

  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?

  3. Оқушының өзбетімен жұмыс орындауға іскерлік күйі қандай?

  4. Ою - өрнек қандай қолданбалы өнер түрінен алынды?

  5. Ою - өрнек түрлерінің барлығы қамтылды ма?

  6. Ою - өрнектің қандай мазмұнына көңіл бөлінді?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (4 - сынып). Оқулық. -Алматы, 2004 ж.

  2. Аубакирова Р. Ж. и др. Изобразительная деятельность (методическое пособие). -Алматы, 2003 ж.

  3. Афонькин С. Ю. Орнаменты народов мира. -С – ПБ., 1998 ж.

  4. Әміргазин Қайрат. Қазақ қолөнері. -Алматы, 1986 ж.

  5. Барадулин В. А. Основы художественного ремесла. -М., 1979 ж.

  6. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.

  7. Болатбаев К.К. Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы(4 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  8. Жеделов К. О. и др. Бейнелеу өнері (Әдістемелік құрал – 12 жылдық). -Алматы, 2003 ж.

  9. Кажгалиұлы А. Органон орнамента. – Алматы, 2003ж.

  10. Кузин В. С. Изобразительная искусства и методика его преподавания в школе. -М., 1998 ж.

  11. Кузин В. С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1 – 3 классах. -М., 1983ж.

  12. Ростовцев Н. Н. История методов обучения рисованию. -М., 1982 ж.

  13. Шорохов Е. В. Методика преподавания композиции на уроках изобразительного искусства в школе. -М., 1972 ж.

  14. Хворостов А. С. Декоративно – прикладная искусства в школе. –М.,1995 ж.

  15. Чебан В. Узоры и орнаменты для мастера. -Ростов – на – Дону, 2002 ж.

  16. Фокина Л. В. Орнамент. -Ростов – на – Дону, 2005 ж.

Лабораториялық жұмыс №7




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет