Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Орта мектепте шет тілін үйретудің неше кезеңі бар?
2. Оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығы әр түрлі болады. Олар неге байланысты?
3. Бастауыш кезеңде шет тілін үйретуде сөйлеу іс-әрекеттерінің қай түріне көп көңіл бөлінеді?
4. Әр түрлі екі автордың «Мұғалімге арналған оқулығын» алып 5-сыныптың бірінші сабақтарын салыстырып қараңыз.
5. 5-сыныптың бірінші сабағына өз сабақ жоспарыңызды құрыңыз.
Әдебиеттер:
Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М., «Просвещение» 2000
Тақырыбы: Шет тілін оқытудың мақсаттары және мазмұны. Шет тілін оқытудың әдістемелік қағидаттары (принциптері) және құралдары.
Мақсаты:
— Шет тілін оқытудың мақсаттары туралы жалпы түсінік.
— Тәрбиелік мақсат
— Білім беру мақсаты
— Дамыту мақсаты
— Әр сабақтың негізгі және қосалқы мақсаттары
— Окытудын мазмұны - әдістеменің негізгі мәселесі
Лингвистикалық компонент
Психологиялық компонент
Әдістемелік компонент
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады.
Оқу бағдарламасында пән атаулары мен такырыптары, сағат саны белгіленеді, бұл оқытудың негізгі құжаты болып табылады. Бұл құжат оқулықпен салыстыру барысындағы өзгерістердің, толықтырулардың көрінісі. Сондықтан мұғалім өзінің оқыту-тәрбие жұмысын осы бағдарламаларға сүйене отырып жоспарлап, жүзеге асыруы тиіс. Бағдарламаның түпкі және қосалқы мақсаттарын ажырата білу керек, себебі әр сабактың негізгі және қосалқы мақсаттары болады.
Негізгі және қосалқы мақсаттардың қатынасы, кезектері, байланысы мұғалім үшін айқын болуы керек.
Оқытудың негізгі үш түрі бар:
1) тәрбиелеу
2) ағарту
3) дамыту
Оқыту мақсатының төрт түрі бар:
1) тәрбиелік
2) дамыту
3) ағартушылық
4) тәжірибелік (практикалық)
Оқытудың тәрбиелік мақсаттары. Оқушылардың көпшілігі ағылшын тілін оқуға үлкен қызығушылықпен кіріседі. Олар ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді ғана айтса да, соған қуанады. Олар амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын білгісі келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас екі жақты болуы керек, ол тындай білуге, сұрай білуге үйретеді. Мәдениетті сөйлей білуге шет тілі арқылы қол жеткізуге болады. "Адам адамға — дос, жолдас, бауыр" деген моральдық кағиданы есте ұстаған жөн.
Оқушылар оқуға үйренеді, кітап оқи білудің тәрбиелік маңызы зор. Ағылшын тілінде оқуды үйрету оқу мәдениетін көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттілігін көрсетеді. Оқу арқылы интеллектуалды еңбекті де дамытуға болады.
Балаларды оқи білуге, акыл-ой еңбегінің тәсілдеріне үйрету керек, ол жазбаша және ауызша жаттығулар жасау үшін қажет. Оқушылар оқулықты, сөздікті және анықтамалыктарды пайдалана білуі керек, оқулық белгілерін түсіне білуі керек. Оқыту эстетикасы талғамды да қалыптастырады.
Ағылшын тілінде білім алу мен тәрбие «education» деген бір сөзбен беріледі, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |