Ұзындық (Длина) - егер тетік сызбада бірақ көрінісімен кескінделген болса, оның үзындығының сандық мәнінің алдына "L" деген таңба қойылады. Ұзындығы 200 мм бұрыштықтың сызбасы көрсетілген.[1] Ұзындықтың Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі — метр [6].
(сурет-1)
См- ұзындықты өлшеу бірлігі . Кесіндінің ұзындығын өлшеудің мән-мағынасын ашу және өлшеудің үлгісі ретінде сантиметрді қолданудың ерекшелігімен таныстыру және соның көмегімен кесіндінің ұзындығын анықтауға үйрету. Заттың ұзындығын салыстыру тәсілдерін еске түсіріп , солардың жиі қолданылатын құралы ретінде шартты өлшеуіштің көмегімен заттардың ұзындықтарын өлшеу және шыққан нәтижелерді салыстыру тәсіліне назар аудару . Шартты өлшеуіштің үлгісі ретінде ұзындығы 1 см жолақшаны таңдап алу және соның көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеудің мән-мағынасын ашу . Екі қарындаштың ұзындықтарын салыстыру . Ұзындығы 1 см жолақшаны әр қарындашты бойлай біртіңдеп салу. Оның неше рет салынғанын білдіретін сандарды салыстыру . Сантиметр жайында мағлұмат беріп , соның көмегімен сызғыштың ұзындығын өлшеудің үлгісімен таныстыру .
Дм – ұзындық өлшеуіші дециметр , оның мәні , белгіленуі туралы түсініктер қалыптастыру . 1 см жолақшаны бір-біріне жалғастыра 10 рет кесіндіні бойлай салып немесе ұзындығы 9 см –ден 1 см артық кесіндінің ұзындығы 10 см болатыны , 10 см математикада дм деп аталаты,ны түсіндіріледі. Әрі қарай дециметрдің көмегімен әр түрлі ұзындықты өлшеуге машықтандыру жүзеге асырылады және осы өлшеу бірлігінің тұрмыстық қажеттігінен және мұқтаждықтан туындап отырғандығы аңғартылады . Сантиметр немесе дициметр сияқты бірліктермен өлшенген ұзындықтарды қосу және азайту сәйкес сандарды қосу және азайту амалдарын орындаумен жарыстыра қарастырылады , түрлендіруде 1 дм =10 см орындалуы мүмкін .
Метр – күнделікті тұрмыста жиі кездесетін ұзындықты өлшеудің бірлігі. Метрмен және оның көмегімен ұзындықты өлшеудің мән-жайымен оқушыларды таныстыру , ұзындықтың бірліктері метр , сантиметр дәне дециметрлердің ара қатынасын ажырату , ұзындығы 1 дм жлақшаны 10 рет салып , жаңа ұзындық өлшеуіш метрмен таныстыру . 1 м =10дм .1 м=100 см қатынастарын түсіндіру .
Км – ұзындықтың жаңа бірлігі жайында түсінік беру және оның метр , сантиметр , дециметрмен ара қатынасын айқындау ; өмірден алынған мысалдарға сүйеніп түсіндіру , өткеді ( см, дм, м) қайталау . Екі ауылдың , екі қаланың , өзенінің арасын метрмен өлшеу тиімсіз екенің , м –ден үлкен бірліктің қажеттігін ұғындырып , км ұғымымен таныстыру . 1 км =1000 м.
Мм – сызғышты пайдаланып , кесіндінің ұзындығын ұзындық өлшем бірліктері арқылы өлшеуді үйрету , Ұзындықтың өлшем бірлігі – миллиметрді пайдалану және оны басқа өлшем бірліктеріне айналдыруды үйрету. Өткенді қайталау ( см, дм, м, км,) арасындағы қатынасты қарастыру . Сыныпқа шеге әкеліп ұзындығын өлшету . Балалар 1 см және 3 кішкене бөлік шықты дейді . Мұғалім : - Балалар 1 см және 3 кішкене бөлік шықты дейді . Мұғалім : - Балалар осындай ұзындығы қысқа нәрселерді миллиметрмен өлшейді . 1 см-де 10 мм бар . Сызғыш бойынан көрсету . 1 см 10 кішкене бөлікке бөлінгеннін , оны миллиметр деп атайтынын түсіндіреді [7,8].
(схема - 2)
Көптеген мыңжылдықтар бойы әр елдің өзіндік ұзындық өлшемдері болды, тіпті ел ішінде бір атаумен өлшенетін шаралар әр түрлі болды. Өйткені, бірдей адамдар болмағандықтан, шынтақ, көрпе, фатомдар бірдей емес. Өлшем бірліктеріндегі алшақтық ғылым мен техниканың дамуына кедергі келтіріп, мемлекеттер арасындағы сауданы қиындатты. Сондықтан барлық елдер үшін қолайлы бірыңғай шаралар жүйесін енгізу қажеттілігі туындап отыр.
XVIII ғасырдың аяғында. "барлық ғасырлар үшін, барлық халықтар үшін"бірыңғай шаралар жүйесін құруға алғашқы әрекет жасалды. Сол кездегі ұлы математиктер Дж. Лагранж, П. Лаплас және басқалары қатысқан Франция үкіметі тағайындаған Комиссия қарапайым және ыңғайлы шаралар жүйесін жасады. 1799 жылы 10 желтоқсан метрикалық шаралар жүйесінің туған күні болды. Метрикалық шаралар жүйесінің негізі метр қабылданды – Париж меридианының Қырық миллион бөлігі. ("Метр" сөзі ежелгі гректің "метрон" сөзінен шыққан, "Өлшем"дегенді білдіреді.). Меридианның өлшемдері негізінде метр эталоны дайындалып, Франция Республикасының мұрағатына сақтауға тапсырылды. 1872 жылы халықаралық шаралар конференциясы метрикалық шаралар жүйесін халықаралық деп таныды. 1889 жылы метрдің дәлірек халықаралық стандарты жасалды. Бұл сілтеме платина мен иридий қорытпасынан жасалған және "X"түрінде көлденең қимасы бар. Оның көшірмелері метр стандартты ұзындық бірлігі ретінде танылған елдерге сақтауға берілді. Бұл эталон әлі күнге дейін Халықаралық салмақ өлшеу және өлшеу бюросында сақталады, дегенмен оның бастапқы мақсаты бойынша көп қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |